Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.44 Mb.
Pdf просмотр
бет38/70
Дата22.12.2016
өлшемі7.44 Mb.
түріСборник
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70

Пайдаланылған деректер тізімі: 

 

1.

 



ГУЛАГ:  Экономика  принудительного  труда.  -  Москва:  Российская  политическая  энциклопедия 

(РОССПЭН); Фонд Первого Президента России Б.Н. Ельцина, 2008. – 320 с. 

2.

 

История  Сталинского  ГУЛАГА.  (конец  1920  –х  –  первая  половина  1950-х  годов):  Собрание 



документов: В 7 т. Т.1. – М.: «Российская политическая энциклопедия» (РОССПЭН), 2004. - 728 с., 

82 б. 


3.

 

Дильманов С. Исправительно-трудовые  лагеря на  территории Казахстана (30-е – 50-е годы XX 



века). Автореферат диссертации на соискание д.и.н. Алматы, 2002. 

4.

 



Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағаты (әрі қарай - АО ММ), 529-қор, 2-тізімдеме, 43-іс, 184-п. 

5.

 



АО ММ, 529-қор, 2-тізімдеме, 43-іс, 184-п. 

6.

 



АО ММ, 529-қор, 2-тізімдеме, 31-іс, 54-п.  

7.

 



АО ММ, 529-қор, 2-тізімдеме, 47-іс, 2-14-пп 

8.

 



АО ММ, 529-қор, 2-тізімдеме, 47-іс, 2-14-пп 

9.

 



АО ММ, 282- қор, 1- тізімдеме, 2-іс, 18-19-бет. 

10.


 

АОММ, 529-қор, 2-тізімдеме,43-іс, 184-Б 

11.

 

Земсков  В.Н.  ГУЛАГ  (историко-социологический  аспект)//  Социологические  исследования. 



1991. -  

№6. - С.10-16. 

12.

 

 



АОММ, 529-қор, 2-тізімдеме, 31-іс, 54-Б 

13.


 

 

АОММ, 529-қор, 2-тізімдеме,47- іс, 2-14-Б. 



14.

 

 



АОММ, 529-қор, 2-тізімдеме, 11-іс, 55-Б. 

15.


 

 

АОММ, 529-қор, 2-тізімдеме, 15-іс,12-21-Б. 



16.

 

 



Сборник  законодательных  и  нормативных  актов  о  репрессиях  и  реабилитации  жертв 

политических репрессий. – М.: Республика, 1993. – 245 с. - С.71 . 

17.

 

 



История  Сталинского  ГУЛАГА  (конец    1920–х  –  первая  половина  1950-х  годов):  Собрание 

документов в 7 томах. Т.6. - Москва: «Российская политическая энциклопедия» (РОССПЭН), 2004. - 

682 с., С.606. 

18.


 

 

Земсков В. ГУЛАГ (историко-социологический аспект)// Социологические исследования. 1991. - 



№6. 

 

263 


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА КҮШТЕП 

ҚОНЫС АУДАРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР 

 

А.Ж. Оразбақов  

т. ғ.к., доцент  

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 

(Қызылорда, Қазақстан) 



 

Қазіргі  Қазақстан  Республикасы  өзінің  териториясы  жағынан  әлемде  9-шы  орынды 

алады,  ал  халқы  жағынан  62  орында  тұр.  Халқы  аз  болғанымен  Қазақстанда  140  этнос 

өкілдері  тұрады  [1-9  б.].  Мұншама  этнос  өкілдерінің  қазақ  жерінде  шоғырлануы  негізінен 

ХІХ ғасырдың екінші жартысында, Столыпиннің аграрлық реформасы дәуірінде, Ұлы Отан 

соғысы қарсаңында және соғыс жылдары Кеңес басшылығына ұнамаған халықтарды күштеп 

Қазақстанға,  Сібірге,  Орта  Азияға  қоныс  аудару  және  тың  жерлерді  игеру    нәтижесінде 

болды. 


Ұлы  Отан  соғысы  қарсаңында  Қазақстанның  этно-демографиялық  жағдайы  үлкен 

өзгерістерге ұшырады. 30-шы жылдардың басында аштық қырғыны Қазақстан халқын біраз 

күйзеліске  ұшыратып,  санын  азайтып  тастаса,  соғыс  алдындағы  репрессия,  ұлттық 

интеллигенцияны жоқ қылды деуге болады, ал басқа халықтарды күштеп Қазақстанға көшіре 

бастау, онсызда қиналып жатқан халықты одан сайын күйзеліске түсірді.  

Ұлы  Отан  соғысы  қарсаңында  Кеңес  үкіметі  басшыларының  КСРО-ның  шекара 

аймақтарын  негізгі  отаны  КСРО-дан  тыс  жерлерде  орналасқан  халықтардан  тазарту 

жұмыстары  нәтижесінде  Қазақстанға  Карелиядан  8423  финдер,  Қиыр  Шығыстан  98  454 

кәрістер,  КСРО-ның  батыс  шекараларынан  28  580  немістер,  35  739  поляктар  көшірілді. 

Бұларға  қоса  Кавказдың  шекаралас  аймақтарынан  1121  армян  және  курт,  2010 

ирандықтардың  жанұялары  көшірілді,  бір  жанұяда  5  адам  деп  есептесек  Кавказдан  орта 

есеппен  15  655  адам  көшірілген  екен.  1939  жылы  Польша  Германиямен  КСРО  бөлінісіне 

салынғансын тағы 60 667 поляк Қазақстанға көшірілді. 

Бұл тізімге әлеуметтік жағдайы мен саяси көзқарастарына байланысты жекелеп сотқа 

тартылып  Қазақстанға  қоныс  аударылғандармен  түрмеге  жабылғандар  кірген  жоқ.  Соғыс 

алдында немістер шекаралас аудандардан көшіріліп, 1939 жылы Германиямен келісім-шарт 

жасасқасын немістерді қудалау тоқтатылғанымен, немістер туған жерлеріне қайтарылмады. 

Ал, Ұлы Отан соғысы басталған соң жағдай күрт өзгерді.  

1941 жылы Қазақстанның жағдайы да қиын болды. Қазақстанда өнеркәсіп орындары аз 

болғандықтан Қазақстан халқы  «сыпырылып» әскерге жіберіліп жатты деуге болады. Ұлы 

Отан  соғысы  жылдары  Қазақстаннан  әскерге  толық  емес  мәліметтер  бойынша  1366  мың 

адам  алынған  екен,  бұлардың  ішінде  1938,  1939,  1940,  1941  жылдары  соғыс  қарсанында 

әскерге алынғандарда бар. Осылардың 600 мыңы ұрыс далаларынан Қазақстанға оралмады. 

Қазақстанның  ұрыс  далаларындағы  адам  шығыны  соғыс  өрті  әрлі-берлі  өткен  Украина, 

Белоруссия,  Ресейден  кейін  төртінші  орында  тұр  [2,18  б.].  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі 

халықтардың депортациясы  қатаң  түрде,  мыңдаған  адамдардың  өлімінің  арқасында  жүрді. 

1937-

1944  жылдары  бір  адамына  дейін  қалдырмай  толық  көшірілген,  мемлекеттік  белгісі, 



автономиялық  құрылымдары  жойылған  12  халық  бар  екен.  1941  жылдың  12  тамызында 

Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағының  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  және  БКП 

(б)  Орталық  Комитетінің  бірлескен  №  2060-935сс  «Волга  бойы  аудандарында  тұратын 

немістерді  көшіру  туралы»  қаулысы  қабылданды.  Волга  бойындағы  немістердің 

автономиялық  республикасындағы  немістерді  көшіретіндігі  туралы  республика  немістері 

алдын ала білген болатын [3,38 б.].   

1939  жылғы  санақ  бойынша  КСРО-да  1  427  222  неміс  ұлтының  өкілі  тұрған  екен. 

Оның  92  мыңы  Қазақстанда  қоныстанған  [4,172  б.].  1941  жылдың  күзінің  соңына  қарай 

Қазақстанға,  Орал  өңіріне,  Сібірге  1120  мың  немістер  көшірілді.  Бұл  1939  жылғы  санақта 

көрсетілген немістердің 84 пайызы еді [5,36 б.]. Жоспар бойынша 1941 жылдың 25 қазанына 



 

264 


дейін  Қазақстанға  467  мың  немісті,  оның  15  мыңын  Қызылорда  облысына  көшіру 

белгіленді,  бірақта  мұрағат  деректері  бойынша  Қазақстанға  420  мыңнан  -  444  005  неміс 

ұлтының  өкілі  қоныстандырылды.  Олардың  3145-і  Қызылорда  облысының  Арал  және 

Қазалы аудандарына орналастырылды, Арал ауданына 1291, Қазалы ауданына 1854 неміс.  

1941 жылы Қазақстанға көшірілген немістермен бірге Севастопольден 15-20 гректер де 

әкелінді.  Олар  Ақмола  облысына  қоныстандырылды.  1942  жылы  сәуір-қазан  айларында  4 

мыңға  жуық  гректер  Краснодардан  Қазақстанға  әкелінді.  Краснодардан  әкелінген  гректер 

Қостанай,  Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан,  Қызылорда,  Ақтөбе,  Ақмола,  Қарағанды 

облыстарына  қоныстандырылды.  1942  жылы  Майкоптан  көшірілген  гректер  Қазалыға 

жайғастырылып, Қызылорда облысына қоныстанды. Олардан кейін 1944 жылы Қырымнан 

1240  грек  Гурьевке  әкелініп,  Казнефтекомбинат  өндіріс  орындарында  қоныстандырылды. 

Олар  қарапайым  сөзбен  айтқанда,  еңбек  майданына  алынды.  Осылай  әскер  қатарына 

алынғандар есебінен туындаған жұмыс қолының жетіспеушілігі жойылды. 

Солтүстік  Кавказ  халықтарының  ішінде  алдыңғылардың  бірі  болып  депортацияға 

ұшыраған  қарашай  халқы  болды.  Көптеген  деректерде  қарашай  халқының  репрессияға 

ұшырауының  себебі  ретінде  немістер  өңірді  басып  алғанда  қарашайлардың  бір  князі 

немістерге,  Гитлерге  атап  «бізді  большевиктерден  азат  еткені  үшін»  -  деп  ат  сыйлаған 

делінген[6,  203  б.].  Негізгі  себеп  осыма,  басқама  1943  жылдың  12  қазанында  Кеңестік 

Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қарашай автономиялық 

облысы  жойылып,  14  қазанда  Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағы  Халық 

Комиссарлар  Кеңесі  қарашайлықтарды  тұрғылықты  жерінен  көшіру  туралы  жасырын 

қаулысы  қабылданды.  Автономиялық  облыстан  14774  жанұя,  69267  адам  көшірілді. 

Қазақстанның  Жамбыл  және  Оңтүстік    Қазақстан  облыстарына  олардың  11711  жанұясы, 

45529  адамы  жайғастырылды.  Қазақ  жеріне  қоныстанушы  қарашайлар  мүмкіндігінше  бір 

қарашай  колхозы  болып,  толығымен  бір  қазақ  колхозына  я  совхозына  қосылып  отырды. 

Оларға бос колхоз ғимараттары берілді, немесе қазақтардың үйіне кіргізілді. 

Үйлерді  жөңдеу,  келгендерге  үй  салу,  тіпті  Солтүстік  Кавказдан  өткізіп  келген  үй, 

малымен-құсының орнына басқасын беру жергілікті жердегі басшыларға тапсырылды. Бұл 

дегеніміз  үкімет  көшіп  келушілер  мәселесін  толығымен  сол  кезде  негізінен  ауыл  халқын 

құраған қазақтардың басына салды дегеніміз. Алайда жергілікті колхоздар мен совхоздарға 

бұның қиын болатындығын түсінген болуы керек, үкімет көшіп келушілерге 7 жылға 5000 

сомнан несие беруге шешім қабылдады [7,232-236 п.]. Бұл қаржы үй салуға я сатып алуға 

бөлінді. 

Сталиндік зұлмат жылдары тағдырдың ауыр тәлкегі тиген келесі бір халық қалмақтар 

болды.  1943  жылғы  28  қазандағы  Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағы  Жоғарғы 

Кеңесі  мен  Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағы  Халық  Комиссарлар  Кеңесі 

қаулысына  сәйкес  99252  қалмақ  ұлтының  өкілі  Кеңестік  Социалистік  Республикалар 

Одағының  шығыс,  солтүстік  аудандарына  қоныс  аударылды.  Олардың  2268  адамы 

Республиканың  орталық  мұрағатының  деректеріне  сай  Қызылорда  облысына 

қоныстандырылды [8,8-10 п.].Алайда Республикалық мұрағаттардың деректері көп жағдайда 

облыстық  мұрағат  деректерімен  сай  келмей  жатады.  Себебі    облыс  мұрағаты  мәліметтері 

бойынша  Қызылордаға  әкелінген  қалмақтардың  1160  жанұясы  3861  адам  тұтастай  Арал 

ауданына  жайғастырылды    [9,11п.].  Біздің  ойымызша  1160  қалмақ  жанұясы  облысқа 

орналастырылды деген облыстан алынған мәлімет шындыққа жанасады деп ойлаймыз.  

Соғыс  кезінде  тағдыр  тауқыметін  тартқан  келесі  халықтар  шешендер  мен  ингуштар 

болды.  Ұлы  Отан  соғысы  басталғанда  шешендерден  атты  әскер  дивизиясы  жасақталып 

майданға  жіберілген  болатын.  Алғашқы  шайқастарда  оларды  неміс  танкілеріне  қарсы 

қойды. Қылыштарымен танкілерге қарсы олар не істесің, командирлердің сауатсыздығы мен 

қатыгездігіне  қарсы  еш  шара  болмай  көптеген  шешендер  тарапынан  майданнан  үйлеріне 

қашу фактілері көп болды. Бұған қоса немістер Шешенстанды басып алғанда немістермен 

бірлесе жұмыс істеген шешендерде шықты. Осы сатқындарды аулап, жазалау орнына Берия 

проблеманы бүкіл шешен-ингуш халқын жер аудару арқылы шешті. 



 

265 


1944 жылдың 31 қаңтарындағы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешіміне сәйкес 

шешендер  мен  ингуштарды  Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасына  және  Қырғыз 

Кеңестік  Социалистік  Республикасына  көшіруге  шешім  қабылданды.  Әр  жанұяға  өзімен 

бірге 500 кг зат алуға рұқсат етілді. Шындығына келгенде халықты асықтырып, қарсылық, 

наразылық білдіргендерін аяқ астында атып тастап отырды. Бірінші эшелондар Қазақстанға 

1944  жылдың  наурыз  айының  ортасында  келді.  Қазақстанға  жіберуге  344589  адам 

жоспарланған [10,6-10 п.]. 

Бұған қоса майдандағы шешен және ингуш халқының ер азаматтары туыстары тұрып 

жатқан аудандарға жіберілді. 1944 жылы Қазақстан ХК төрағасы Н.Ундасыновтың БКП (б) 

хатшысы  Г.М.Маленковқа  жіберген  хатында  Қазақстанда  420  мың  шешен  мен  ингуш  бар 

делінген [11,13 п.]. 

Қызылорда  облысы  бойынша  арнайы  қоныс  аударылғандарды  шаруашылықтарға 

жайғастыруға жауапты бөлім басшысы Хвораттың мәліметіне сәйкес 1944 жылдың ақпан-

наурыз  айларында  Қызылорда  облысына  6191  шешен  мен  ингуштардың  жанұясы  26  924 

адам төмендегі кестеге сай қоныстандырылды.  

 

Кесте 1. Шешендер мен ингуштардың  аудандарға орналастырылуы 



 

Қоныстанған ауданы 

Жанұя 

саны 


Адам 

саны 


Жұмысқа тартылғандар саны 

Ерлер 


Әйелдер 

Жасөспірімдер 

Арал ауданы 

323 


1381 

296 


173 

 

Қазалы ауданы 



790 

3932 


724 

863 


261 

Қармақшы ауданы 

852 

3863 


1626 

728 


125 

Жалағаш ауданы 

785 

3885 


656 

128 


 

Тереңөзек ауданы 

751 

3684 


735 

671 


717 

Сырдария ауданы 

868 

2867 


519 

833 


313 

Шиелі ауданы 

1076 

4182 


714 

744 


463 

Жаңақорған ауданы 

746 

3130 


659 

784 


89 

 

6191 



26924 

 

 



 

       


 

Бұл  26  924  адамның  5311  ер  азаматы,  4865  әйелі  және1524  жасөспірімі  еңбекке 

жарамды деп танылып жұмысқа тартылды. 

1944  жылдың  8  сәуірінде  Кремльде  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Кабардино-Балкар 

Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасында тұратын балкарларды күштеп қоныс 

аудару  қаулысына  қол  қойылды.  Бұл  заң  негізсіз  балкар  халқын  қудалаған  заң  болды. 

Шындығына  келгенде  бұл  заң  шыққан  1944  жылдың  8  сәуірінде  балкар  халқын  қудалап 

басқа жерге көшіру іс шараларына 1 ай өткен болатын, ал бұл заң істелінген заңсыздықтың 

артын жауып қою үшін қабылданды. Балкарлардың көбісі Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне 

қоныстандырылды [12,39 б.]. 

Бұлардың  артынан  2467  кабарда  ұлтының  өкілі  «немістермен  тығыз  байланыста 

болғандардын»  жан  ұялары  Берияның  тікелей  ұсынысымен  Оңтүстік  Қазақстан  және 

Жамбыл облыстарына жіберілді. 

Жаңа  жерлерде  бос  үйлердің  болмауына  байланысты  балкарлар  мал  қораларда  жер 

кепелерде  тұрды.  Еңбекте  бәрімен  бірге  жұмыс  істеді,  оларға  орден  мен  медальдер 

бермеседе, осылардың арқасында марапатталғандар көп болды. Мысалы 1945 жылы Люба 

Сальникова  Социалистік  Еңбек  Ері  атағын  алды,  ал  Любаның  звеносында  тек  балкарлар 

жұмыс істегені туралы ештеме айтылған жоқ. 

1944  жылдың  бірінші  қарашасына  дейін  Қызылорда  облысындағы  күштеп  қоныс 

аударылғандар ішінен  3451 адам қайтыс болды, бұлардың басым көпшілігі шешендер мен 

ингуштар  болды.  Баста  облысқа  26924  шешен  мен  ингуш  әкелінсе  1945  жылдың  10 

қаңтарына  дейін  22214  адамы  қалған.  Олардың  10  пайыздан  астамы  бір  жыл  өтпестен 



 

266 


қайтыс болды. Әсіресе көп қайтыс болғандар Қазалыда – 585 адам, Қармақшыда – 678 адам, 

Тереңөзекте – 639 адам болды. 

 

Кесте 2. 1944 жылы  қайтыс болған жер аударылғандар саны. 



 

№ 

Ауданы 



Қайтыс болғандар 

саны 


№ 

Ауданы 


Қайтыс болғандар 

саны 


1.

 

 



Арал  

206 


5. 

Тереңөзек  

639 

2.

 



 

Қазалы  


585 

6. 


Сырдария  

64 


3.

 

 



Қармақшы  

678 


7. 

Шиелі  


347 

4.

 



 

Жалағаш  

696 

8. 


Жаңақорған  

239 


 

Қайтыс болғандардың көп болуының негізгі себебі жаппай эпидемиялық аурулардың 

орын алуы болды. Бірінші кезекте сүзек ауруы және дистрофия яғни адам ағзасының нашар 

тамақтануына  байланысты  әлсіреуі  нәтижесінде  болды.  Сырдария  ауданында  өлім 

фактілерінің  төмен  болуы  ауданның  елді-мекендерінің  қала  айналасында  болуымен  және 

осыған  байланысты  медициналық  көмекті  алуға  мүмкіндігінің  басқа  аудандарға  қарағанда 

қол жетімді болуымен байланыстыруға болады. 1944 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстанға 

көшіп келгендер үшін 1638 үй салынып берілді, 10858 үй босатылып берілді, оның 6355-іне 

күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Алайда  1943-1944  жылдары  Қазақстанға  көшірілген  халықтарды  баспанамен 

қамтамасыз  ету  үшін  55900  үй  салу  керек  болды,  оның  2900  үйі  қиын  жағдайда  тұрып 

жатқандарға 1944 жылы салыну керек болды. Ал 1944 жылы жоғарыда айтылғандай 1638 үй 

ғана салынды.  

Қызылорда  облысына  қоныс  аударылған  3403  қалмақ,  шешен,  ингуш  жанұялары 

тұрақты пәтермен қамтамасыз етілді. Олардың 1093 жанұясы өндіріс орындарына жұмысқа 

алынып, өндіріс орындары есебінен пәтермен қамтамасыз етілсе, 2310 жанұясы жергілікті 

колхоз тұрғындарынан сатып алынған я босаған пәтерлермен қамтамасыз етілді. Бұған қоса 

үкімет  тарапынан  облысқа  қоныстанушыларға  үйлер  салып  алуға  1820  мың  сом  есебінде 

несие  берілді.  1945  жылдың  1  қаңтарына  дейін  бұл  несиенің  1485  мың  сомы  игерілді. 

Несиенің  көп  бөлігі  Қармақшы  ауданына  -  255000  сом,  Жалағаш  ауданына  –  260000  сом, 

Жаңақорған ауданына – 245000 бөлінді. Алайда 1944 жылдың соңына дейін несиені толық 

игерген тек Сырдария, Жалағаш, Арал аудандары болды. 

Қазақстан  колхоздарына  жайғастырылған  68969  жан  ұялардың  60429  жанұясы 

колхоздарға  қабылданды.  Қызылорда  облысы  бойынша  ауылды  елді  мекендерге 

орналастырылған қоныстанушылардың 2857 жанұясы колхоздарға орналастырылды.  

 

Кесте  3.  Қызылорда  облысы  колхоздарына  қабылданған  шешен,  қалмақ,  ингуш 



жанұялары және бақша егуге жер телімін алған жанұялары саны. 

 

№ 



Ауданы 

Колхозға қабылданған жанұялар 

саны 

Бақша егуге жер алған 



жанұялар саны 

1.

 



 

Қазалы  


364 

460 


2.

 

 



Жалағаш 

488 


455 

3.

 



 

Сырдария 

89 

110 


4.

 

 



Жаңақорған 

376 


13 

5.

 



 

Қармақшы 

248 

180 


6.

 

 



Тереңөзек 

521 


79 

7.

 



 

Шиелі 


769 

599 


  

    


Колхоздардағы  жағдайда  мәз  болмады.  Бірақ  жергілікті  тұрғындармен  бірлесіп 

қоныс аударушылар өлместің күнін жасап, колхоздан алған жұмыс күнінің кішкентай еңбек 



 

267 


ақысы  мен  азық-түлігі  арқасында  бірлесіп  күн  көріп,  еңбек  етті.  1943-1945  жылдары 

эвакуацияға келгендер азат етілген аудандарға көшіп кетуіне байланысты олардың жерлері 

жер  алуға  тілек  білдіргендерге  беріліп  отырды.  Осының  есебінен  1945  жылдың  көтеміне 

қарай  еңбек  етіп  бақша  егемін  дегендер  толықтай  жермен  қамтамасыз  етілді.  Қызылорда 

облысындағы  шешен,  ингуш,  қалмақтарға  облзаготзерно  мекемесінің  мәліметінше  493,4 

тонна астық берілді.Адам басына бөлгенде  17,5 келіден келген [13,12 п]. 

Бұған  қоса сүтпен, етпен, жүнмен өздерін-өздері қамтамасыз ету үшін ет, сүт өндірісі 

Халық  Комиссариаты  есебінен  87521  сауылмалы  сиыр,  Совхоздар  Халық  комиссариаты 

есебінен  10600  сиыр,  14000  қой  арнайы  қоныстанушыларға  берілді.  Осының  арқасында 

арнайы  қоныстанушылардың  жағдайы  күрт  өзгеріп,  енді  олар  тұрған  жерлерінде 

жағдайларын  өз  қолдарымен  жөндеп  мал  қора  салуға,  шөп  шабуға  тағы  басқа  ауыл 

шаруашылық жұмыстарға, колхоз-совхоздардағы жұмысынан бос кезде, кірісіп кетті. Көшіп 

келген  арнайы  қоныстанушылардың  бұндай  еңбекке  араласуы  өзінің  және  жанұясының 

жағдайын  өздері  жасауы  жұмыссыз  жүргендерді  азайтып,  қылмысқа  жол  бермеуге  еңбек 

етуге итермеледі.  

Қызылорда  облысындағы  шешен,  ингуш,  қалмақтарға  мал  беріліп  жағдайларын 

жақсартуға  жағдай  жасалды.  Мұрағат  құжаттары  бойынша  оларға  1945  жылдың  10-

қаңтарына дейін төмендегі кестеге сай мал берілді. 

 

Кесте 4. Шешен, ингуш, қалмақтарға берілген мал басы саны [13,12 п.]. 



 

 

Аудандар 



Ірі қара саны (бас) 

Ұсақ мал саны (бас) 

 

 

Арал  



124 

537 


 

 

Қазалы  



243 

193 


 

 

Қармақшы  



36 

76 


 

 

Жалағаш  



148 

1971 


 

 

Тереңөзек  



133 

1806 


 

 

Сырдария  



183 

1026 


 

 

Шиелі  



120 

1324 


 

 

Жаңақорған  



38 

1145 


           

Барлығы  

1025 

8088 


    

Бұл мал облыстағы 2902 жанұяға ғана берілді. Малды бергендегі сүтін ішіп, жүнін 

пайдаланып, мал санын көбейтеді деген үкімет мекемелері басшыларының ойын, көптеген 

ашынған  қоныстанушылар  назарға  алмай,  малды  сойып,  тамаққа  пайдаланған.  Ондай 

жағдайдың көп болуына байланысты облыстық партия комиттеті арнайы шешім қабылдады. 

Қазақстанның  суығы  шешен,  ингуш,  қалмақтарға,  түріктерге  қиынға  түсті.  Қысқы 

мезгілде  жұмысқа  шықпау  фактілері,  жұмысқа  шыққанның  өзінде  үсіп  қалу,  суық  тию 

фактілері  көбейді.Осы  кезде  көмекке  Қызылордалықтар  келді.  Майдан  мұқтажы  үшін 

жинаған жылы киіміне қоса, күштеп қоныс аударылғандар үшін киім-кешек, азық-түлік, аяқ-

киім  жинап  берді.  Мысалы  Қармақшы  ауданының  тұрғындары  өздеріне  жетпей  жатса  да, 

қоныстанушылар жағдайын көріп 152 пар аяқ-киім, 360 түрлі киім, 25 келі жүн, 150 литр сүт 

берді.  Ал  Қармақшыдағы  Мехзавод  осында  жұмыс  істеп  жатқан  қоныстанушылар 

мұқтажына  698  метр  мата  бөлді.  Жалағаш  ауданының  тұрғындары  7  пальто,  313  пар  аяқ-

киім, 202 кг жүн, 20 шалбар, 4500 сом ақшалай жинап берді. Аралдықтар 57 телогрейка, 6 

мақта шалбар, 53 пар пима, 39 пар бәтеңке, 3 пар резина етік жинап берді. Бұндай көмекті 

арнайы қоныстанушыларға қаланың «Челюскинец» артелі сияқты мекемелерде көрсетті.   

1944  жылдың  13  сәуірінде  «Қырым  Автономиялы  Кеңестік  Социалистік 

республикасының  жерін  Кеңес  үкіметіне  қарсы  элементтерден  тазарту  туралы»  Берияның 

бұйрығы шықты. Бұл бұйрық Қырым түбегі азат етіліп жатқан кезде қабылданды. Жоспар 

бойынша  1944  жылдың  1  маусымына  дейін  140-160  мың  қырым  татары  Өзбекстанға 

көшірілу  керек  болды.  Кейінгі  жағдайлар  көрсеткендей  Қырым  татарларының  бәрі 

Өзбекстанға  қөшірілген  жоқ.  4501  адамы  Қазақстанға  жайғастырылды.  Қазақстанға 



 

268 


қоныстандырылған қырым татарлары Өскемен, Зыряновск, Аякөз, Глубоковдный, Күршім, 

Ұлан, Урджар аудандарына және Қарағанды облысына қоныстандырды [14]. Осы операция 

кезінде  Қырым  толық    таза  болсын  деген  болу  керек.  7  мың  болгарлар  мен  гректерде 

Қырымнан көшірілді [15, 8-10 п.]. Қырымдағы татарлар туралы естелікті мүлдем жою үшін 

Ресей  Кеңестік  Федеративтік Социалистік Республикасының  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумы 

жариялауға  жатпайтын  «Қырым  ауылдық  кеңестерінің  аттарын  өзгерту  туралы»  -  өкімі 

шықты.  Бұнымен  қоса  сол  жақта  тұратын  Қырым  татарларының    ауылдарының  аттарыда 

өзгертілді.Қырым 

татарларының 

Қазақстанның 

қай 

облысына 



нақты 

қоныстандырылғандығы туралы  деректер жоқтын қасы. Соғыстан кейінгі жылдары Қырым 

татарлары деген ұғым Қазақстанда бірті-бірте жойылып Қырым татарлары жергілікті татар 

этносымен бірге саналып мәліметтерде бірге айтылатын болды.1944 жылдың қарашасында 

Орта  Азия  мен  Қазақстанға  Грузия  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  Месхетияның 

220-


елді  мекенінен    110  мың  адам  көшірілді  [16,256  б.].  1944  жылдың  31  шілдедегі 

Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің қаулысымен Қазақстан басшылығына Қазақстан жерінде 

Грузиядан  көшірілген  40  мың  адамды  қоныстандыру  тапсырылды  [11,8  п.].  Қазақстанға 

6309  түрік  жанұясы  –  27833  адам,  Өзбекстанға  10756  жанұя  -53127  адам  көшірілді. 

Грузиядан  қөшірілген  түріктер  Қазақстанның  5  облысына  жайғастырылды:  Алматы 

облысына - 2544 жанұя - 11004 адам, 

Жамбыл облысына - 822 жанұя - 3415 адам,Қызылорда облысына - 373 жанұя - 1826 

адам,Талдықорған облысына - 337 жанұя - 1441 адам,Оңтүстік Қазақстан облысына - 2233 

жанұя - 10147 адам. 

Қызылорда  облысы  бойынша  арнайы  қоныс  аударылғандарды  шаруашылықтарға 

жайғастыруға  жауапты  бөлім  басшысының  мұрағат  құжаттарында  сақталған  мәліметі 

бойынша  Солтүстік  Грузиядан  көшірілген  месхетия  түріктерінің  356  жанұясы  (1857  адам) 

Қызылорда облысының 6 ауданына орналастырылды [9,11-12 п.].   

 

Кесте 5.Түріктердің  облыс аудандарына орналастырылуы. 



 

Қоныстанған ауданы 

Жанұя саны 

Адам саны 

Шиелі ауданы   

61 жанұя 

327 адам 

Арал ауданы  

72 жанұя 

354 адам 

Қазалы ауданы 

53 жанұя 

327 адам 

Қармақшы ауданы 

65 жанұя 

324 


адам 

Сырдария ауданы 

49 жанұя 

250 адам 

Жаңақорған ауданы 

56 жанұя 

275 адам 

Барлығы  

356 жанұя 

1857 адам 

    

Алдыңғы  мәлімете  Қызылордаға  көшірілген  түріктердің  жанұясының  саны  373  деп, 



кейінгісінде  356  деп  көрсетілген,  шындығына  келгенде  алдыңғысы  дұрыс-ау,  себебі  1945 

жылдың  10  қаңтарындағы  мәліметте  облыс  жеріндегі  түрік  жанұяларының  саны  366  деп 

көрсетілген, мүмкін бұлар кейін әкелінгендер болар, я жағдайдың қиындығына байланысты 

бір  үйден  бөлінген  жанұялар  қайта  қосылған  шығар.  Қазақстан  жеріне  көшірілген  Қырым 

татарлары  мен  Грузиядан  келгендер  басқа  депортацияланған  халықтар  сияқты  ауыр 

жағдайға дұшар болды.  

Депортацияға ұшырағандар негізінен колхоздар мен совхоздарға орналастырылу керек 

болды,  алайда  үйдің  болмауынан,  жұмыстың  болмауынан  кей  жағдайда  оларды  өндіріс 

орындарынада алып отырды. 

Оны  Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің 

төрағасы Ундасыновтың және Қазақстан К(б)П ОК хатшысы Боршовтың Молотовқа жазған 

хатынан  көруге  болады.  Оған  сәйкес  Қазақстанға  көшірілген  109339  арнайы 

қоныстанушылар жанұяларының 62436 жанұясы колхоздарға, 46903 жанұясы совхоздармен, 

өндіріс орындарына орналастырылды[11,5 п.]. 



 

269 


Сөйтіп,  депортациялауға  ұшыраған  халық  колхоздарда,  совхоздарда,  транспортта, 

өндіріс орындарында жұмыс істеді. Қазақстанға депортацияланған халықтар арасында адам 

өлімі  өте  жоғары  болды.  Осы  себепке  байланысты  Қазақстанға  көшіріліп  келгеннен  кейін 

көшірілген халықтардың саны түрлі деректерде түрліше, көбінесе саны төмендетіліп береді. 

1945 жылғы мәлімет бойынша қоныс аударушылар арасындағы туу көрсеткіші 8039 адамды 

құраса, өлгендер саны 89659 адамды құрап, табиғи өсім минус 81620 адамды құраған [17,34 

б.].  Соғыс  біткеннен  кейін  жағдай  біршама  жақсарғанымен,  депортацияланған  халықтар 

көпке дейін өзінің соғысқа дейінгі деңгейіне жете алмады.  

«Бәрі  майдан  үшін,  бәрі  жеңіс  үшін»  деген  ұран  көтеріліп  ер  азаматтар  майданға 

кеткенде, депортацияланған халықтардың азамматтары тылдағы еңбек майданына жіберілді. 

Осыған сәйкес Қазақстан жерінде 700 мың адам мобилизацияланды. Олардың 50670 неміс 

ұлтының  өкілі.  Осылай  Кеңес  үкіметі  немістерден  майданның  ақысын  тылда  алды.  Кей 

мәліметтерде  «Еңбек  майданындағы»  Қазақстандықтар  саны  750  мың  -  деп  көрсетілген 

[18,277  б.].  Бірақ  бұлардың  бәрі  депортацияланған  халық  өкілдері  болмаған,  олардың 

қатарында  200  мың  қазақ  ұлтыныңда  өкілдері  болған.  Еңбек  майданы,  соғыс  майданынан 

кем  болмаған  неміс  ұлт  өкілдерінің  статистикасынан  көруге  болады.  Ұлы  Отан  соғысы 

кезінде Қазақстанға көшірілген 420 мыңнан астам немістен соғыстан кейін 330 мыңы ғана 

тірі  қалған  [19,321  б.].  Еңбек  майданына  сәйкес  құжаттарды  көріп  отырып,  кеңес  үкіметі 

тегін жұмыс күшін көбейту үшін депортацияны әдейі ойлап тапқан ба деген ой келеді. Не 

болғанда  да  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  депортацияланған  халықтар  -  сотталған  халықтар 

тағдырын тартты деуге болады. 

 


Каталог: data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
data -> Байдалиев Д. Д
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Бағдарламасы бойынша ескертпе (сайтқа орналастыру үшін)
data -> РеспубликалыҚ оҚу-Әдiстемелiк ЖуРнал мазмҰны содеРЖание Ө. Шеденов., а аРна
data -> Литература Межрегиональной олимпиады школьников «Высшая проба» по праву для учащихся 10 классов
data -> Урок русского языка в 11-м классе по теме: "Сложные предложения с различными видами связи"


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет