Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


Пәнге қатысты лексика мен терминология -тілдік мақсатта



Pdf көрінісі
бет12/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70

Пәнге қатысты лексика мен терминология -тілдік мақсатта:

Қазақша


Орысша

Ағылшынша

Ерітінді

Раствор


Solution

Ерігіштік

Растворимость

Solubility

Еріген зат

Растворенного

вещества

Solute


Еритін

Растворимый

Soluble

Ерімейтін



Нерастворимый

Insoluble

Қаныққан

Насыщенный

Saturated

Қанықпаған

Ненасыщенный

Unsaturated

Еру

Растворение



Dissolution

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:  Белсенді  оқыту әдісі,  проблемалық оқыту,  топпен

жұмыс, эксперименттік әдістер.



Үй тапсырмасын  сұрау:  Алюминий .Алюминий қосылыстары.  (Сұрақтардың

жауаптарын оқушылар үш тілде жауап беру)

1.Алюминийдің

периодтық

жүйедегі 

орны \3-период,3-топ,реттік  номері

-

13,атомдық массасы - 27,негізгі топша элементі\



2.Алюминийдің тотығу дәрежесі \+3\

3.Корундтың химиялық формулас ы\AI

2

O

3



\

4.Алюминийдің балқу температурасы \660◦\

5.Сынап пен алюминий құймасы \Амальгам\

6.Қазақстанда  алюминий  алатын  Павлодар  электролиз  зауыты қай  жылдан  бері

жұмыс істей бастады?\2007\

7.Алюминий мен кремний құймасы \Дюралюминий\

8.Магналий қандай салада қолданады\ұшақ,көлік,кеме жасауда қолданады \

9.Ересек адамға күніне алюминийдің қанша мөлшері қажет \30-50 мг\

10.Алюминий қандай қышқылмен әрекеттеспейді \Азот қышқылымен \

11.Өнеркәсіпте алюминийді алуға қолданылатын шикізат \боксит\

12.Металдардың ішінде таралуы бойынша алюминий нешінші орында тұр \1\

Негізіг сабақ:Ерітінділер— кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы

өзгермелігомогенді (біртекті) жүйелер . 

Ерітінділергазтәрізді,сұйық жәнеқаттыболуы

мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе,

сулы ерітінділер. Сондықт ан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-

дисперстік 

жүйелерді 

айтады. 


Ерітінділердің 

құрамы


құрамдас 

бөліктердің

конценрацияларымен  сипатталады. Ерітінділер қаныққан , қанықпаған  және  аса қаныққан

деп  бөлінеді.  Берілген  температурада  жақсы  еритін  заттардың ерігіштігінің де  шегі  бар.

Еріген  заттың концентрациясы белгілі  бір  мөлшерден  асқанда,  оның артығы  ерімей,

ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе -теңдік жағдайда болады.



Растворы— гомогенные  меняющихся  компонентов,  в  составе  не  менее  двух

(однородных)  систем.  Растворы  газообразных,  жидких  и  твердых.  Из  них  всесторонне

исследуется  популярное  жидких  и,  особенно,  водных  растворов.  Растворы  в  быту,

поэтому,  что,  в  основном,  в  жидком  виде  молекулярно-дисперсных  систем  говорят.

Состав  компонентов  растворов  характеризуется  конценрацияларымен.  Растворы

насыщенные,  ненасыщенные  и  насыщенные  особо  выделяются.  Как  предел  стремления

молодого  суверенного  веществ  хорошо  растворимые  при  температуре  подачи.  В

определенной мере концентрация растворенного вещества превышает его ерімей излишки

раствора с легких веществ на дно. Растворрастворенноговеществаиприэтомравновесие.

Solutions— homogeneous-changing  components,  consisting  of  not  less  than  two

(homogeneous) systems. The fluids gaseous, liquid and solid. Of them thoroughly examines the

popular and liquid, especially aqueous solutions. Solutions in everyday life, so that, in General,

in liquid form molecular disperse systems say. The composition of the components of solutions

is  characterized  by  konzertierte.  The  solutions  are  saturated,  unsaturated,  and  saturated

highlights. As the limit of aspiration of young sovereign of substances soluble at the temperature

of the feed. To a certain extent, the concentration of the solute exceeds its Erma excess solution

from light substances to the bottom. The solution of the solute and the equilibrium.

2. еріген зат ерітінді, еріткішті сәйкестендіру

What is happening here?

Where would you use this?

Why is it useful?

Soluble

Dissolves well in liquid



Insoluble

Does not dissolve well in liquid

W=  толық сыныппен  жұмыс  жасау  G  =  топпен  жұмыс  I  =  жеке  жұмысЕ=  оқушы

тәжірибесі

D=  мұғалімнің демонстрациясы  F= қалыптастырушы  бағалауға  мүмкіндік  беретін

әрекет


= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес

W =  whole class teaching G = group work I = individual work Е = learner experiment

D = teacher demonstration f = supports formative assessment

 =


safety advice

(Е) I Оқушыларға үш сынауыққа 5 мл су құйып үстіне аздаған мөлшердегі ас тұзы,

бор ұнтағыын салу  және үшіншісіне  2мл -дей өсімдік  майын құйып  шайқап  суда қай

заттардың ерімейтіндігін ал қай заттардың ерімейтіндігін байқайды.

заттардың epігіштігі туралы видео фильм:

httpy/www.youtube.com/watch?v=XJa237cA2NY

(Е) Оқушыларға Бертолле (VII) тұзының ерігіштік қисығын құрастырады

(Е)Учащиеся составляют кривую растворимостибертолетовой соли (VII)

(Е) Learners plot the solubility curve of potassium chlorate(VII)

f) 


(G)

Оқушыларға

epiгіштіктіңбасқақисықтарынберужәнеолардан

«

...°Сжағдайындасуда



...қаншаериді?»дегенсауалғажауапүшінқисықтардыпайдаланудысұрау

f)  (G)  Предоставить  ученикам  другие  кривые  растворимости  и  попросить  их

использовать  такие  кривые  для  ответов  на  вопросы,  такие  как  "Сколько  ....  будет

растворяться в воде при ...°С

f) (G) Provide learners with other solubility curves and ask them to use them to answer

questions such as 'How much… will dissolve in water at.. .°C?"

.Үй тапсырмасы: (берілген есепті үш тілде қорғау)


VIII. Бағалау:

Bronze:  Be  able  to

describe  the  solubility 

of

common types of compounds



Silver:  Be  able  to

explain  how  precipitates  are

formed

Gold: 


Be 

able 


to

analyse 


precipitates 

using


balanced  symbol  equations

with state symbols



Қорыта айтқанда,  көптілді  білім  беру  бағдарламасы  аясында үштілді  меңгеру

тәжірибесін  жинақтап, әлемдік деңгейде  көтерілуіміз  керек.  Көп  тілді  меңгерген  адам

әуелі өз  тілінде  ой қортып, өзге  жүртпен  бәсекеде өзін ұстай  білсе,  түрлі  мәдениетті

санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға

болып жетілері анық. Химиядан үш тілде осындай сабақ өту үлгісі тиімді. Оқушылар үш

тілді толық, жетік меңгере отырып, сабаққа белсенді атсалысады



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына

Жолдауы  «Жаңа әлемдегі  жаңа Қазақстан »,  «Тілдердің  үштұғырлығы»    мәдени  жобасы.

2007 жылғы 28 ақпан.

2.Балғабаева  А.П.,  Колбаева Ұ.А., Қожантай Ұ.М.,  Масалимова  Б.Қ. Химияны

оқытуда  оқушылардың сыни  тұрғыдан  ойлау  тиімділігін  арттыру әдістері/«Заманауи

әлемдегі ғылым мен білім» Халық . ғыл. -прак.конф.матер. Қарағанды. 2016. Б.62 -64.

3.Жолдыбаева  Г.Б.  Тілді  оқытуда  инновациялық технологияларды қолданып  білім

беруді  дамыту/«Қазақстан -2050»  стратегиясы – жоғары  оқу  орындарында  педагог

кадрларды  кәсіби  даярлауды

қалыптастыру  концепциясының

негізі»  Халық.ғыл. -

прак.конф. матер. Шымкент. 2014. Б.26-27.


2 СЕКЦИЯ

БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ

БИОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

ҚЫЗЫЛОРДА АЙМАҒЫНДА МЕКЕН ЕТЕТІН СҮТҚОРЕКТІЛЕРДІҢ

БИОАЛУАНДЫЛЫҒЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

Сырымбетов С.Т., Іздікбаева Н.Қ.



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ақтөбе қ. Қазақстан.

ssssserim@mail.ru

Қызылорда облысының алуан  түрлі  табиғи  жағдайы,  сонымен қатар  жануарлар

миграциясының жолында орналасуы, осы аймақтың жануарлар дүниесінің шығу тегі мен

түр құрамын  анықтайды. Қызылорда  облысының  өткен  және қазіргі  териофаунасын

салыстырғанымызда түрлік құрамы мен сандық мөлшерінде елеулі өзгерістер бар. Бұрын

облыс  аумағында  кездеспеген  жаңа  түрлер  пайда  болды,  олар;  аме рика қара  күзені,

құндыз, ондатрлар [1].

Қызылорда аймағында  мекен  ететін  сүтқоректілердің негізгі  ядросын  шалғынды -

далалы  шөпқоректілер, әр  түрлі  шөптер  және  жалпақ жапырақты  дақылдармен

қоректенетін тік қанатты жәндіктер (қара қанатты және ақ жолақты шег ірткелер, кішкене

ала  бүйілер  т.б.),  кәдімгі  және үйірлі  сұр  тышқандар  (шығыс  аудандарда),  саршұнақтар

(үлкені  батыс  бөлігінде, қызыл ұртты  шығыс  бөлігінде),  дала  суыры құрайды.  Шөп

қоректі  жәндіктер  мен  кеміргіштердің көптігіне  байланысты  жыртқыштар  саны да  көп,

олардың арасында  кәдімгі  түлкі,  дала  күзені,  жайылым  және  дала  ителгілері,  кәдімгі

бөктергі, кәдімгі жамансары, саз үкісі. Әртүрлі шөпті -дақылды далада әдеттегі далалықтар

(үлкен қосаяқтар,  дала  алақоржындары, ұсақ атжалмандар,ақ  қанатты  және қара

қанатты


боз  торғайлар)  аз,  олар  көбінесе  дақылды өсімдікті құрғақ, биік  телімдерде,  сортаң

жерлерде, көл маңындағы сорларда немесе жайылымдар мен жол жиектерінде мекендейді.

Ұсақ сүтқоректілер арасында тышқан түріне жататын кәдімгі сары сұр тышқандары және

қоңыр  тісті  жертесерлер;  ылғалды  жерлерде үнемді  сұр  тышқан  және  ашық жерлерде

үйірлі  сұр  тышқандар  көптеп кездеседі.  Дала  балғын  бұталарына  тән  жануарлар қояндар

мен  тұяқтылар қыста  ағаштар  мен  тал -шіліктердің  қабығы  және  балауса  бұтақтарымен

қоректенеді [2].

Қызылорда

аймағының территориясының көп  бөлігін  далалық

зона  алып

жатқандықтан,  бұнда  сүтқоректілер  кең

таралған.

Қазіргі  кезде  облысымызда

сүтқоректілер  фаунасының  51

түрі  бар .Олардың ішінде:  бунақденеқоректілердің,

қолқанаттылардың,

қоянтәрізділердің, 

кеміргіштердің,

жыртқыштардың,

жұптұяқтылардың түрлері мекендейді.

Қазақстан Республикасында  жануарлар әлемін қорғау  көптеген  мәселелермен,

соның ішінде адамдардың іс -әрекетімен байланысты. Қазіргі кезде табиғатта мекен ететін

жануарлар әлемінің түрлеріне    антропогендік  факторлардың, экологиялық дағдарыстың,

браконьерлердің  әрекеттерінің нәтижесінде  олардың азаюы  байқалуда.    Ондатрлардың

саны  браконьерліктің салдарынан  күрт  азайған  болатын, қазіргі  кезде  оларды қорғауға

арналған  шаралар дың нәтижесінде  саны өсуде. Қызылорда  аймағында  бетпақдала

популяциясының өкілі -киік-сайгак- Saiga tatarica мекен етеді.

Қызылорда аймағында  мекендейтін  негізгі  сүтқоректілер    кеміргіштер  отрядының

өкілдері:олар орташа және майда жануарлар. Кейбір түрлерін ің терісі бағалы болып пайда

келтіреді.  Кемірушілердің арасында  ауыл  шаруашылығына  зиян  келтіріп,  түрлі  жұқпалы



ауру  тудыратын  түрлері  бар.  Негізгі  тұқымдастары: қосаяқтылар,  соқыр  тышқандар,

тышқандар, ондатралар т.б. [3].

Кезінде Арал  теңізіндегі  Барсак елмес  аралына  Түркменстаннан әкеліп  8 құлан

жіберілді.  Одан  кейінгі  жылдары  бұл  жабайы  жылқының

саны

өсіп,  оны



республикамыздың басқа аудандарына қайта жерсіндіру мүмкіндігі туды.

Сонымен қатар Қызылорда  аймағында  Арқар - Шиелі  мен  Жаңақорған  тұсында

мекендейді.  Оны  мазалайтын  себептер  болмаса,  бұлар  негізінен  отырықшы өмір  сүреді,

алуан  түрлі  шөптермен қоректенеді.Орқоян  және  жабайы  шошқалар  түрлерінің

жағдайлары  бір қалыпты.Оларды ң таралуына  теріс  факторлардың  әсері  мардымсыз.

Сүтқоректілердің бұл түрлеріне күзгі маусымда аңшылық рұқсат етілген.

Қазіргі кезде  суды  бөгеу, қар  жамылғысының аз  болуы,  жауын -шашынның

жаумауы 


салдарынан 

және 


антропогендік 

факторлардың

зиянды

әсерлеріне н



сүтқоректілердің саны  азаюда.  Сүтқоректілердің түрлік,  сандық көрсеткіштерін  сақтап

қалу үшін мемлекет және сүтқоректілерді аулауға тиым салуда және халық арасында және

жергілікті  оқу  орындарында  табиғатты қорғап қалуға  және қалпына    келтіруге

бағытталғ ан үгіт- насихат  жұмыстары жүргізілуде [4].

Қазақстан құланы,  гепард,  тұран  жолбарысының жойылуы, Қаратау  арқары,

Қызылқұм қойының,  қарақұйрық пен қарақалдың жойылу қаупінде  тұруы,  шағыл

мысығы,  шұбар  күзеннің азайып  кетуі  себепті өңіріміздің жануарлар дүниесін қорғап,

сақтап қалу  кезек  күттірмейтін  күрделі  мәселелердің бірі  болып  отыр.  Сүтқоректілер

түрлерін  сақтап қалу  және қалпына  келтіру үшін,  антропогендік  факторлардың зиянды

әсерін шектеу қажет және заңсыз жануарларды аулауға тиым салу керек (1 -диаграмма).

Диаграмма 1 - Қызылорда облысы сүтқореқтілерінің түрлерінің пайыздық көрсеткіші

Әдебиет


1. Шапшанов Қ., Нұрғызарынов А. «Арал өңірі экологиясы». -1996.

2. Әлиев  Ш.,  Бекенов  А., Қыдырбаев  Х.  «Сирек  кездесетін  хайуанаттарды қорғау». –

Алматы: «Қайнар», 1975.

3. Қыдырбаев  Х.,  Бекенов  А.  »Қазақстанның хайуанаттар әлемі». –Алматы:  «Қазақстан»,

1977.

4.  Балтаев Қ.Б.,  Сауытбаева  Г.З.,  Т.Айдаров  О.  «Қызылорда  обыысының табиғаты». -



Алматы, 2000

ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ СУЛЫ -БАТПАҚТЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰСТАРЫНЫҢ

БИОАЛУАНДЫЛЫҒЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

Сырымбетов С.Т., Сатен А.Ж.



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ақтөбе қ. Қазақстан.

ssssserim@mail.ru

Қазақстан

екі  маңызды:  Орталық Азиялық -Индиялық және Батыс  Азиялық-

Африкалық көші -қон  жолының  қиылысында  орналасқан.  Жыл  сайын  миллиондаған

құстар  оның аумағынан ұшып өте  отырып,  түлеу  және  демалу үшін  тоқтайды.  Мысалы:

Ырғыз-Торғай  көлдерінің жүйесі  көші -қон  кезінде  біржарым  миллионға  дейінгі  суда

жүзетін құстарды қабылдайды.  Бүгінгі  таңда Қазақстанда  ел  аумағының  5,5%

басты

орнитологиялық аумақ бөлінген .



Ақтөбе  облысының аумағында  жалпы  көлемі  890  мың га  жуық  4 басты

орнитологиялық аумақ орналасқан,  бұл  облыс  көлемінің шамамен  3% құрайды.  Олар:

Доңызтау  шыңы,  Жағабұлақ

орманы,  Мұғалжар  және  Ырғыз -Торғай  көлдері.

Маңыздылығы    төмен

өзендерге    Темір,

Қарғалы,

Ұлқаяқ


және    т.б. өзендерін

жатқызуға  болады.

Ақтөбе аймағының орнитофаунасының түрлік құрамы 250 жуық түрі кездеседі. Су

қоймаларында құстың 14 0-тан астам түрі кездесуі мүмкін, оның 50 ұя салады. Ұя салатын

кезде  көл  шағаласы,  ақ  қанатты  және қара қарқылдақ шағала, қасқалдақ. Суда  жүзетін

және  судың  қасында  жүретін құстардың негізгі өріс  аударатын  жолдары  Елек,  Жем

өзендерінің жайылмалары,  Ырғыз -Торғай,  Ойыл,  Темір өзендерінің аралықтары  арқылы

өтеді, құстар  олардың сулылықтарына қарай  мамырдың аяғына

– маусымның ортасына

дейін осы жерлерде кідіріп қалуы мүмкін [ 1].

Сулы-батпақты  жерлердің  құстар өкілдері  ерекше  орын  алады,  бұлар Қазақстанда

тіркелген қанаттылардың жартысынан көбі. Ал саны жағынан бұл топтың құстарына тең

келетін  ешқандай  топ  жоқ, көптеген  түрлерінің  өкілдерінің саны  жүз  мыңдап  және

миллиондап  есептелінеді.  Жазда  суқоймаларында құс  тіршілігі қайнаған қызық  өмір

үстінде  болады.  Көп теген  су  және  сумаңы құстары  осында ұялайды,  оданда  көбі ұшып

келу-кету  кезеңдерінде  дем  алады, қоректенеді,  жазғы  түлеу өтеді. Үлкен  көлдерде,

Қазақстанның кең байтақ жерлерінде, ұялайтын,  сол  сияқты  Африка,  Оңтүстік  және

Оңтүстік -шығыс Азияда қыстайтын қ ұстардың миграция жолдары түйіседі.

Бұл құстардың ішіндегі  ең  “сушылдары”

– су құстары,  бұларға  маймаққаздар

(гагаралар),  сұқсырлар,  бірқазандар,  суқұзғындары,  тақтатұмсықтылар  (аққулар, қаздар

мен үйректер), қасқалдақтар  жатады.  Бұлардың барлығы  да  жақсы

жүзеді  және  сүңгиді,

бұл  ерекшеліктер  олардың дене  пішініне  де әсерін  тигізген:  денесі  сопақтау, қанаттары

салыстырмалы түрде қысқа әрі жіңішке, қауырсындануы тығыз әрі қатты. Саусақтарының

арасында жүзу жарғақтары болады, олар ескек қызметін атқарады. Құ ймышақ безі жақсы

дамыған,  оның бөліндісімен  (секреті) құстар қауырсындарын  майлап,  оларды  су өтуден

қорғайды. Қорегін су қабатынан немесе оның бетінен ұстайды.

Сумаңы құстарына құтандар,  дегелектер, қоқиқаз,  шағалалар  мен қарқылдақтар,

шалшықшылар,  майда сутартарлар,  кейбір  көкқарғатәрізділер  (зымыран),  жыртқыштар

(балықшы  тұйғын,  сазқұладыны)  және  торғайтектес құстар  (сушылқаралар,  наурызектер,

айқабақтар,  шырылдақтар  және  басқалары)  жатады.  Сумаңы

құстарының пішіні

алуантүрлі болады, бірақ олардың барлығ ы да су жағалауларында немесе суда қоректенеді

және ұялайды [ 2].

Құстардың 32 түрі сирек және жойылуға қалған санатқа жатқызылып, ҚР  «Қызыл

кітабына»  енгізілген.  Олар: қызғылт  бірқазан,  бұйра  бірқазан,  кіші  аққұтан,  жалбағай,

қарабай, қара  дегелек  немесе ләйлек, қоқиқаз,  бидайық, реликті  шағала, қара  бауыр

бұлдырық, балшықшы тұйғын, тұрымтай, үкі, бақалтақ қыран, сұңқылдақ аққу, кіші аққу,


мәрмір  шүрегей, қара  тұрпан,  ақбас үйрек,  дуадақ, безгелдек,  жорға  дуадақ, аққұйрық

тарғақ, тарғақ, орақ тұмсық, кіші шалшықшы, дала қыраны, қарақұс, ителгі, көкқұс.

Маңызды  орнитологиялық территориялар  (МОТ) – Халықаралық  құстарды қорғау

Одағы  (BirdLife)  мен  оның серіктестері  бүкілдүние  жүзінде  көп  жылдардан  бері  IBA

(Important  Bird  Areas)  бойынша  жүргізіп  келе  жатқан  ха лықаралық бағдарламаның

орысшадан  аударғандағы  (ключевые  орнитологические  территории)  аты.  МОТ  (IBA) –

құстардың, әсіресе сирек кездесетін және жойылып кетуге қауып төніп тұрған түрлердің,

мекендеуіне  ең маңызды  телімдер.  Бұлар  тек құстар үшін ғана үлкен  р оль  атқарып

қоймайды, сол сияқты табиғатты тұтастай қорғауда да зор маңызға ие.

Құстардың маңызы өте зор. Олардың көпшілігі ауыл және орман шаруашылығына

әртүрлі өсімдіктер зиянкестерін жойып өте үлкен пайда келтіреді.Кейбір түрлері әуесқой

және  кәсіптік аңшылық нысаналары  болып  келеді.Көптеген құстардың этикалық және

эстетикалық маңызы үлкен.  Ал  кейбір  түрлері  шектен  тыс  пайдаланғандықтан  сандары

күрт  кемуде.    Адамның шаруашылық  әрекеттерінде құстардың алуан  түрлі  және үлкен

маңызы  бар.  Жабайы құстардың

- ауыл,  орман,  балық шаруашылығында,  аң аулау

кәсібінде және денсаулық сақтауда маңызы зор.

Қазіргі кезде, Қазақстанда  кездесетін құстардың  488 түрі  (дүние  жүзіндегі

кездесетін құстарының  5  %)  18 отрядқа  біріктірілген.  Олардың барлығы  да, қырлы  төсті

құстарға жатады. Қазақстан құстарының 488 түрін 208 туысқа, 60 тұқымдасқа, 18 отрядқа

жатқызуға болады.

Темір ауданының құстар ішінде сулы -батпақты өлкені мекендеушілер - 7 отрядқа,

15  тұқымдасықа  бөлінеді. Қызыл  кітапқа  енген - 15- түр.Темір өзенінің сулы -батпақты

құстарының ең жиі  тараған  түрлеріне Қазтәрізділер  отрядының  өкілдері    жатады.    Бұл

отрядтың  8 түрі ұя  салатын    және ұшып өтетін    түрлері  болып  саналады. Қазтәрізділер

отрядының ең жиі кездесетін түрі: сұр қаз не қоңыр қаз, Greylag Goose Anser anser

[3].

Сұр қаз Қазақстанда кең тараған, жағасы ірі қамысты барлық көлдерде ұялайды,4 -8



жұмыртқа салады. Өсімдік тектес азықпен қоректенеді, күзде егіні жиналған егістіктерде

жиі кездестіруге болады. Жыл құсы, қыста Қазақстанның оңтүстігі мен Каспий теңізінде

қыстайды. Көлемі  ірі  (2-4  кг),  негізінен  сүр  түсті  келеді.  Кеудесі  мен құрсағының

алдыңғы бөлігінде қара дақтары бар, құрсағы мен қүйрығының астыңғы жағы ақ, қаптал

бөліктерінде  көлденең ақ жолақтары  бар,  сүр  түсті  болады.  тұмсығының түсі қызғылт,

үстіңгі жағында  мүйізденген,  ақ тырнақшасы  бар,  аяқтары  да қызғылт  түсті  болады.

Аталықтары  мен  аналықтарының түсі  бірдей  болғанымен,  аналықтары  көлемі  жағынан

кішірек  келеді.  Жалпы, үй қаздарына өте ұқсас  болады.  Жас құстар  ересектеріне ұқсас,

бірақ кеудесінде қ ара дақтары мен қапталында көлденең ақ жолақтары болмайды.

Дегелектер  тәрізділер  отрядының 7  түрі ұя  салатын    және ұшып өтетін    түрлері

болып  саналады.  Тәтрең тәрізділер  отрядының  6 түрі ұя  салатын    және

ұшып өтетін

түрлері  болып  саналады.  Сонымен қатар  келесі  отряд өкілдері ұя  салатын    және ұшып

өтетін түрлері болып саналады: ескекаяқтылар, сұңқартәрізділер отряды, торғайтәрізділер

отряды.

Маңызды  мәселелердің бірі -мекендеу  аймағының тарылуы,өзен  мен  көлдердің



табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен тайыздануы, аумағының тарылуы. Бұл

процесс  басқасымен қатар  жүруде,  бір  жағынан өндір іс  пен  тұрмыс  нысандарына

берілетін  жерлер  көлемі өсуде  (кен  орындары,  тұрғын үй  инфрақұрылымы),  екінші

жағынан  ауыл  шаруашылық жерлері қысқаруда).  Жануарлар әлемі қоршаған  ортаның

ластануынан залалды заттардың шабуылы мен физикалық факторлардың әсерінен ( жарық,

шуыл, қозғалыс)  зиян  шегуде.  Соның  әсерінен  жануарлар үйренген  мекендерін  тастап

кетеді,өрістеу  жолдарын өзгертеді,бұл қауымдалыстың  қысқаруына әкеліп  соқтырады,

сонымен  бірге  техногенді  факторлардан  басқа, құрғақшылық,  қатал қыс,  жұқпалы

аурулардың таралуы сияқты табиғи құбылыстар да жануарлар әлеміне әсерін тигізеді.

Кесте 1


Темір ауданында ұя салатын және ұшып өтетін  негізгі су  және су маңы құстары

Отряды

Тұқымдасы

Түрі

Қызыл кітап



1.Сұқсыртәрізділер

отряды


Podicipediformes.

1.Сұқсырлар

тұқымдасы

Cемейство

Поганковые

Podicipedidae

1.Үлкен  сұқсыр –Чомга

- Podiceps cristatus

2. Кіші сұқсыр (Podiceps

ruficollis )

3. Қызылмойын  сұқсыр

-Красношейкая поганка

-Podiceps  auritus

4. Қарамойын  сұқсыр -

Черношейная поганка -

Podiceps nigricollis

ұя

салатын


және

ұшып


өтетін  түрлері

2.ҚАЗ    ТҮРЛЕС -

ГУСЕОБРАЗНЫЕ -

ANSERIFORMES

2.Қаздар

Гусиные


Anserinae

5.Сыбырлақ аққу

Лебедь-шипун

Cygnus olor

ұя салатын  түр

3.Үйректер

Утиные

Апаtidae


6.Қоңыр қаз

Серый гусь.

Greylag 

Goose


Anseranser.

ұя салатын  түр

7.Италақаз.

Пеганка.


Common

ShelduckTadorna

ұя 

салатын


және

ұшып


өтетін  түрі

8.Барылдауық үйрек

Кряква

Anasplatyrhynchos



ұя 

салатын


және

ұшып


өтетін  түрі

9.Жалпақтұмсықты

үйрек Широконоска

Anasclypeata

ұя 

салатын


және

ұшып


өтетін түрі

10. Алакөз сүңгуір

Белоглазая чернеть

Aythyanyroca

ұя 

салатын


және

ұшып


өтетін 

 

түрі.



Қазақстан

Қызыл кітабына

енгізілген

11.Қасқалдақ

Лысуха Common  Coot

ұя 


салатын

және


ұшып

Fulicaatra.

өтетін түрі

12.Қоңыр үйрек

Серая утка

Anasstrepera

ұя 


салатын

және


ұшып

өтетін  түрі

Әдебиет

1.  Ақтөбе  облысы әкімшілігінің табиғи  ресурстар  және  табиғат  пайдалануды  реттеу



департаменті Қазақстанның қолданбалы экология агенттігі. Ақтөбе облысының жануарлар

әлемін қорғау, Ақтөбе - Алматы 2007

2.  Хроков  В.В.,  Скляренко  С.Л. Қазақстан құстарының  қысқаша  анықтамасы. – Алматы:

Ассоциация сохранения биоразнообразия Казахстана, 2009. - 156 с.

3.

Қазақстан



Қызыл  кітабы  беттерінен.  Омыртқалы  жануарлар.

Құрастырған

А.Ф.Ковшарь:-Алматы, ААҚ « Алмат ы кітап», 2004.-128 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет