Сейтимбетова Айгерим Байдуллаевна Кауымбек Индира Сейтбеккызы Оразбекова Раушан Асансеитовна «Математикалық есептерді шешуге арналған программалық құралдар» пәні бойынша Дәрістер курсы білім беру бағдарламасы


Параметрді келтіру құралдарын пайдалану мысалдары



бет7/14
Дата11.12.2023
өлшемі0,76 Mb.
#137437
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Параметрді келтіру құралдарын пайдалану мысалдары. MS Excel-дің Подбор параметра құралы тәуелді ұяшықта қажетті нәтижені алу үшін осы ұяшыққа кіретін тәуелсіз ұяшықта қандай мән болу керектігін анықтауға жол береді.
1-есеп. 5 жылдың ішінде проект бойынша алынатын пайда:

120 000 000, 200 000000, 300 000 000, 250 000 000, 320 000 000 болады деген болжау бар.А.йналым жылдамдығы 12 % болғанда проектіге кететін алғашқы шығын қандай болу керек?


Шешім:

3.5-сурет - Жылдамдықты есептеу
18
Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы ВСД (значения;предположения) функциясының көмегімен табылады. Берілгендерді енгізу төмендегідей 3.5 суретте көрсетілген терезеде жүргізіледі:

Алғашында проектіні іске асыру үшін кететін шығын мөлшеріне ойдан кез-келген мән бере саламыз (тіпті бұл ұяшықты бос қалдырса да болады).


В13ұяшығына =ВСД(B4:B9) формуласын енгіземіз.


Одан кейін Сервис – Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.6 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз


3.6-сурет – Подбор параметра құралының терезесі


Нәтижесінде біздің шарттарды қанағаттандыратын проектіге қажетті


шығындар мөлшері 3.7 суретте көрсетілгендей есептеліп шығады:




19


3.7-сурет – Бастапқы шығындарды есептеудің нәтижелік терезесі

2-есеп. Сізден танысыңыз 15000 қарыз сұрап, оны төмендегідей тәртіппен қайтарып бермекші: бір жылдан кейін – 3000, екі жылдан кейін – 5000, үш жылдан кейін – 9000. Танысыңыз қарызды қандай проценттік ставкамен алмақшы?


Шешімі:

Бұл есепті шешу үшін ЧПС(ставка; значение1; значение2; ...) функциясын және Подбор параметра құралын пайдаланамыз.

Берілгендерді енгізу терезесі 3.8 суретте көрсетілген.


3.8-сурет – Бірыңғай емес капитал салымын табуға арналған жұмыс беті


Алғашында есептеу үшін жылдық проценттік ставкаға кез-келген мән жазамыз (немесе бұл ұяшықты бос қалдыруға да болады).


В9 ұяшығына =ЧПС(B8;B4:B6) формуласын енгіземіз.


Одан кейін Сервис – Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.9 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:





20


3.9-сурет – Подбор параметра құралының терезесі

Нәтижесінде біздің беретін қарызымыз қандай проценттік ставкамен беріліп тұрғандығын анықтаймыз.


3.10-сурет – Бірыңғай емес капитал салымы табылған нәтижелік бет


21


Қою кестесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет