Сәлем бердім, Алла, Қыдыр Атының сүйікті баласы Жанарыс Жақсылықұлы



Дата30.05.2022
өлшемі9,89 Kb.
#35941

Сәлем бердім, Алла, Қыдыр Ата, Қыдыр Атының сүйікті баласы Жанарыс Жақсылықұлы. Менің, 7 ата бабамның, ата – анамның, бауырларымның, жолдасымның, балаларымның біліп-білмей жасаған күнә-кемшіліктеріміз үшін , шартты бұзған жағдайларымыз үшін , қателіктеріміз үшін басымды иіп кешірім сұраймын..
Менің есімім Сатыбалдина Айнур Гилмановна, Орал қаласынанмын. Атаға алғаш ата анам 2014 жылы барған болатын. Әкем 2014 жылы ақпан айында бір көзі көрмей қалып көзден давление деп қалаға жедел-жәрдеммен келсе де обл.аурухана невролог дәрігеріміз жоқ деп қабылдамай қойған болатын, содан платный МРТ-ға түскенде «Опухоль головного мозга» деп диагнозын айтқанда бәріміз есеңгіреп қалдық. Әкем тек 6 сағат сайын кетанол екпесе ауру шыдатпайтын, төсекке жатып ұйықтай да алмайды, тігінен отырып жарға сүйеніп отыратын. Әкемнің апасы Ақтөбеде Қыдыр Атаға бар деп айтқан соң Атаға баруға билет алғаннан батап ем жүрді, пойызға мінгеннен кетанол ектірмеген, Атаның алдына барғанда Ата «Жазыласың» деген, Атаның құдіретінің арқасында әкем ауруынан құлан таза айықты, 2015жылы қаладан жер алып, үй салып, Оралға көшіп келді. Отбасымызбен Атаның шартын ұстаймыз. Ата әкемді емдеумен қатар жолымызды ашып ойлаған армандарымызды орындауға себепкер боп келеді!
Өзім Атаға 2015 жылы (енеме шыдай алмай, ауыр сөздерін ендігі көтере алмай жолдасымнан кетіп қалған болатынмын) жазда көмек сұрап бардым, Ата «Қатты қиналдың ау» деп күрсінді, емнен шыққанда керемет сезіммен шықтым, жолдасыммен қайта қосылдық, енем де кешірім сұрап келді, қазір менің көңіліме қарап отырады. Атаға барғаннан жолым ашылды, қаладағы беделді мектептердің біріне жұмысқа орналастым. 2016 жылы қалалық мектептер арасындағы жас мамандар сайысынан Атаның қолдауымен 1 орын алдым, далаға шыққанда кезде күн бұлттанып жаңбыр құйып жауды да, мен машинага отырғанда басылды, осы құбылысқа Ата мені құттықтап жатыр деп қатты қуандым. Биыл магистратураға түскім келіп тест тапсырдым, дым дайындалмасам да Атаға сеніп бардым, тест нәтижесінде 86 балл жинап, Атаның себепкерлігімен магистратураға грантқа түсіп, оқып жатырмын. Қыркүйек айынан бастап күнделік жазып жүрмін. Кіші ұлым жөтеле берген соң ем сұрап жазып едім, ұлым құсып, Ата қақырығын түсіріп ем жүргізді. Ұлымның велосипедін подъезден ұрлап кетіп еді, Атадан күнделікке жазып ,елосипедті алдымнан шыгарыңызшы деп тілеп, далага шыксам, ұрлаған кісі алдымда велосипедімізді теуіп кетіп бара жатыр гой, Ата Чудо, Шексіз Құдірет иесі, алғысым шексіз, Аташым.Қаңтар айында жүргізуші куәлігіне тестке бір тапсырғаннан өткізді, вождениеде өзі тапсырып бір тапсырғаннан өткізді Аташым, мен тек 4 ақ рет рултге отырып үйренген адаммын, Ата құдіретімен тапсыруы қиын емтиханнан сүрінбей өткізді!!! Мектепте де Ата беделімді өсіруде, 10 сынып беріп қиын бағдарламаны меңгеруге мүмкіндік беріп, мені шыңдап жатыр, алғысым шексіз!!! Мектеп Атаға тек алғыспен бара берейік!!!
Аташым, Сіздің менің өмірімде бар болғаныңыз үшін алғысым шексіз, үнемі жанымдасыз, қолдап, қорғап жүресіз... Сіз мәңгісіз, Сіз ғажайып тылсым құдіреттің иесісіз!!!Сіздей ерекше тұлғаны өмірге әкелген анаңызға рахмет, жолдасыңыз Алмагүл апа аман болсын, ұрпағыңыз жайқала берсін!!!!! Сіз біздің тіргемізсіз, Аташым!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет