Семинар "Балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру"


Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек



бет6/7
Дата25.01.2023
өлшемі35,57 Kb.
#62854
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Музыкалық қабілетін арттыру үшін, музыкалық аспаптарда ойнаймыз, музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: «Үйде кім тұрады», «Динь-дон», «Қай аспапта ойнағанымды тап» және т.б.
Әр-түрлі дауыстары бар касеталар мен дисктер қолданамыз: үй жануарларының және құстарының дауыстары, табиғаттың әр-түрлі дауыстары, судың дауысы, жаңбырдың даусы, жапрақтардың қозғалған даусы.
Иіскеу сезімдерін дамыту керек. Иістер дене мен сана арасындағы байланыс функциясын атқарады. Бірнеше студенттің ішінде белгі иіс сезу орталығынан, эмоциямен басқарылатын мидың белгілі-бір бөлігіне беріледі.
Ойындар: «Менің жақсы ұнататын иісім», «Гүлдердің жұпар иісі», «Иісті таны» және т.б.
Ұстап сезіну үшін әр-түрлі фактурадағы материалдар (тері, жібек, қағаз т.б.), қолға білінетін әріптер мен сандар. Балалар формасы әр-түрлі заттармен ойнағанды жақсы көреді.
Ойындар: «Қолмен ұстап біл», «Тауып көрсет», «Затты сипатта» және т.б.
В.В. Воскобовичтің ойындары дамытушы ортаға өте жақсы енеді. Қолданатын ойындар: «Екі түсті квадрат», «Мөлдір квадрат», «Ковролин», «Ғажайып пішіндер».
Саусақтар, жүйке импульстары орталық жүйке жүйесіне жіберетін үлкен санды рецепторлардан тұрады және ағза жүйесінің жұмысын жақсартады.
• «Саусақтар сөйлеуге көмектеседі»;
• «Саусақ гимнастикасы»;
• «Баланың сенсорикалық мәдениетін дамыту»;
• «Қызықты гимнастика»;
• «Көзге арналған жаттығу»;
• «Құмнан келген басқа планеталықтар»;



  • Кіші тобында:

танымдық ойыншықтар, қарапайым пазлдар, зерттеушілік қызығушылығын белсендіретін қозғалмалы ойыншықтар, қозғалыс ойындарына қажетті құралдар, соның ішінде ірі және ұсақ моторикасын дамытатын ойын құралдары, жұмсақ модульдер, қауіпсіз табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар.

  • Ортаңғы тобында:

дамытушы ойыншықтар, құрастыруға, сурет салуға арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындармен толықтыру, қол еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар, театрландырылған ойынға арналған жинақтар, саусақ театрының ойыншықтары, рольдік ойындарға арналған жиынтық, дамытушы ойыншықтар, қуыршақтар, түрлі машиналар, зертеушілік қызығушылығын белсендіруге арналған табиғи материалдар, шағын модельдер.

  • Ересек жастағы балалар, мектепалды тобында:

дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар, сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар, боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел-баспа ойындары, ребустар, оқу құралдары, фотосуреттер, балалар энциклопедиялары, планетаның жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалармен толықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет