Семинар. Мәтін лингвистикасы мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарын зерттейтін тіл білімінің саласы



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі21,83 Kb.
#16114
түріСеминар
  1   2   3   4   5

1-Семинар. Мәтін лингвистикасы – мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарын зерттейтін тіл білімінің саласы.

Мәтінге байланысты айтылған ғалымдардың тұжырымдарын аударып, өз ойларыңызбен өрбітіп пікірлесіңіздер. Сөздеріңізді нақты тілдік фактілермен дәйектей құрастырыңыздар.
«Текст как единица коммуникации включен в отношения между говорящими он структурирует деятельность регулирует и планирует отношения между говорящими» (В.П.Белянин).
«Сами по себе языковые знаки проявляются только будучи текстово-связанными, они могут иметь смысл только как связанные единицы, несмотря на то, что они образуют тексты и передают содержание текста. Если мы хотим понять, что есть данное слово и как оно соотносится со своим значением, следует обязательно принять во внимание, что слово в реальном общении включены в предложения, в тексты и в ситуации. При этом семантика слов в тексте может значительно отличаться от семантики изолированных слов, поскольку в тексте слово получает свое основное значение и осмысление» (В.П.Белянин).
«Текст создается ради того, чтобы объективировать мысль автора, воплотить его творческий замысел, передать знания представления о человеке и мире, вынести эти представления за пределы авторского сознания и сделать их достоянием других людей» (Л.Г.Бабенко).

«Текст - идеальная высшая коммуникативная единица, тяготеющая к смысловой замкнутости и законченности, конституирующим признаком которой ... является связность, проявляющаяся каждый раз в других параметрах, на разных уровнях текста и в разной совокупности чистых связей» (К.Кожевникова).
2-Семинар. Мәтін – аяқталған толық мазмұнды білдіретін қарым-қатынастың, әсер етудің ерекше бірлігі.
И.Р. Гальпериннің «Грамматические категории текста: Опыт обобщения» атты еңбегіне құрылымдық-мазмұндық талдау жасау.

Мәтіннің жанрлық түрлеріне мысал келтіріп, мәтін белгілеріне қарай талдау.

3-4 семинар. Лингвистикалық бағыт. Антропоөзектік бағыт.

Қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық бағыттағы зерттеулерге шолу жасаңыздар. Өзіңіз қалаған бір еңбекке құрылымдық-мазмұндық талдау жасаңыз.


Антропоөзектік бағыт дегенге түсініктеме беріңіздер. Қазақ тіл біліміндегі осы бағыттағы еңбектерге мазмұндық талдау жасаңыз.

Мәтін – лингвистикалық нысан. Талдау.

Мәтінді талдаудың негізгі аспектілері. Жоба

Мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен амалдары. Баяндама.

Мәтіннің коммуникативтік аспектісі. Талқылау.

Мәтіннің композициясы. Талдау.

Тақырып және мәтін тұтастығының ерекшеліктері. Материал жинау, талдау

Дискурс - уақыттың мәдени тілдік контексті. Пікіпталас

Дискурстың эмоционалды-экспрессивті тілі Талдау
5- семинар. Қазақ тіл біліміндегі мәтінтанымдық көзқарастар. А. Байтұрсыновтың, Қ.Жұбановтың, С.Аманжоловтың, Т.Қордабаевтың, Б,Шалабаевтың мәтін туралы көзқарастарын талдап, реферат жазыңыздар.
6-7 семинар. Прозадағы және поэзиядағы күрделі синтаксистік тұтастық.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді алып, оны күрделі синтаксистік тұтастық тұрғысынан талдаңыздар.

Абайдың өлеңдеріндегі күрделі синтаксистік тұтастықты ажыратып, тақырыптық -мазмұндық тұрғыдан талдаңыздар.
8- семинар. Мәтіннің тұлға-бірлігі мен категориялары. Осы тақырыпқа қажетті әдебиеттерді пайдаланып, баяндама жасаңыздар.
9-10 семинар. Мәтін тұтасымын құрайтын элементтер.

Қажетті әдебиеттерді пайдаланып, мәтін тұтастығын құрайтын амал-тәсілдерді анықтаңыздар.

Өзіңіз таңдаған кез келген мәтін үзігіне талдау жасау арқылы тұжырым жасаңыздар.

11-12 семинар. Байласымды жүзеге асыратын сөздер тобы. Көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып, мәтін байласымын жүзеге асыратын амал-тәсілдерді анықтаңыздар.

Өзіңіз таңдаған кез келген мәтін үзігіне талдау жасау арқылы қорытынды жасаңыздар.

13- семинар. «Мәтіннің актуалды мүшеленуі» деген тақырыпқа баяндама жасаңыздар. Баяндамада жеткілікті дәлелдер келтірілсін. Осы тақырыпқа қатысты ой тұжырымдарға өз пікіріңізді білдіріңіз.


14- семинар. Етістіктің бірыңғай шақ тұлғасының тұтасымдық қызметі. Көркем прозадан және мақаладан үзінді алып, етістіктің шақ формаларының мәтін тұтастығын жасаудағы қызметіне талдау жасаңыздар.
15- семинар. Бейнелі сөздер мен фразеологизмдердің экспрессивтік- стилистикалық қызметі. Фольклорлық шығармалардан алынған үзіндіге талдау жасап, бейнелі сөздердің және фразеологизмдердің мағыналық түрлеріне және мәтіндегі экспрессивтік- стилистикалық қызметіне талдау жасаңыздар.

С.И. Гиндин, А.И.Новиков. Семантика текста и ее формализация.-М., 1983. Құрылымдық-мазмұндық талдау

Мәтін талдаудың деңгейлері Баяндама

Ж.Манкеева. Этномәдени лексика. А.,2010 Құрылымдық-мазмұндық талдау

Дискурсты когнитивтік парадигмада зерттеуші ғалымдар Жоба

Дискурсты лингвомәдени парадигмада зерттеуші ғалымдар Жоба





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет