Семинар тақырыптары



Дата22.09.2022
өлшемі17,26 Kb.
#39858
түріСеминар
Байланысты:
САӘ семинар


«Сауат ашу әдістемесі» пәнінен семинар тақырыптары:
1 семинар сабағының тақырыбы: Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе» пәнінің нормативтік құжаттардағы құрылымдық- мазмұндық болмысы
Тапсырмалар:

  1. «Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының» құрылымы мен мазмұнына талдау жасау.

  2. «Әліппе» пәнінің мазмұнын кестеге түсіру.

  3. Оқу мақсаттарының жүйесімен танысу.

2 семинар сабағының тақырыбы: Тілдік бірліктер туралы қарапайым түсінік берудің лингвистикалық, психофизиологиялық және әдістемелік ерекшеліктері



  1. Сауат ашу барысындағы тілдік бірліктерге түсінік беру..

2. Суретпен және модельмен жұмыс. Суреттер топтамасын әзірлеу.
3. Дыбыспен жаттығудың маңызы. Хабарлама әзірлеу.

3 семинар сабағының тақырыбы: Сауат ашу үдерісін ұйымдастыру.



  1. Сауат ашуды ұйымдастырудың негізгі формасы

2.«Әліппе» оқулығы мен оқу-әдістемелік кешендер мазмұнына талдау жасау.
3. Жазу дәптерлерімен жұмыс

4 семинар сабағының тақырыбы: А.Байтұрсынұлының «Әліппелері»


Тапсырмалар:
1.А.Байтұрсынұлының әліппелері қай жылдары, қандай атпен жарияланды?
2.А.Байтұрсынұлы «Әліппелерін» одан кейінгі және қазіргі «Әліппелермен» салыстырып талдаңыз.
3. Ғалымның «Әліппелеріндегі» оқушылардың өзіндік жұмыс түрлерін, дидактикалық тапсырмаларды, ойын түрлерін бөлек-бөлек жазып, қазіргі сабақ барысында пайдалануға болатындарын таңдап алыңыз.

5 семинар сабағының тақырыбы: «Әліппе» оқу материалдарын оқу мен оқытудағы А.Байтұрсынұлының дыбыс жүйелі әдістері


Тапсырмалар:
1. А.Байтұрсынұлының талдау-жинақтау әдісінің негізін салушы екенін дәлелдеңіз.
2. «Қай әдіс жақсы» мақаласында не туралы айтылады?
3. «Жалқылаулы – жалпылау әдіс» мақаласына талдау жасаңыз, ондағы әдіс-тәсілдерді қазіргі сабақ процесінде қалай пайдаланып жүргеніңізді көрсетіңізді көрсетіңіз.

6 семинар сабағының тақырыбы: Бастапқы жазуға үйретудегі жазу дәптерлерінің рөлі


Тапсырмалар:

  1. Бірінші сынып оқушыларын жазуға үйрету әдіс-тәсілдері

  2. Жазу дәптерлерінің жазуға үйретуде атқаратын рөлі

  3. Жазу дәптерлерін оқушылардың рефлексивті дағдысын дамыту құралы тұрғысында талдау.

  4. Жазу сабағының үлгісі

7 семинар сабағының тақырыбы: 1-сынып оқушыларының бастапқы оқу дағдысын қалыптастыру


Тапсырмалар:

  1. Оқу және оның түрлері

  2. Бастапқы оқу дағдысын қалыптастыру жолдары

  3. Оқу сабағының үлгісі

8 семинар сабағының тақырыбы: «Әліппе» пәні бойынша күтілетін нәтижелердің кезеңдік ерекшеліктері мен оларды жүзеге асыру жолдары


Тапсырмалар:

  1. «Әліппе» пәнін оқытуда күтілетін нәтижелер

  2. Күтілетін нәтижелерге жету жолдары

9 семинар сабағының тақырыбы: Тілдік бірліктерді таныту жолдары


Тапсырмалар:

  1. Сөйлеу және сөйлем туралы ұғым қалыптастыру

  2. Дыбыс және оның түрлері туралы түсінік беру

  3. Буын туралы ұғым және сөзді буынға бөліп үйрету

10 семинар сабағының тақырыбы: «Әліппе» оқу материалдарын инновациялық тәсілдемелер мен технологияларды қолдану тұрғысынан талдау


Тапсырмалар:
1.«Әліппе» оқулығына инновациялық тәсілдемелер мен технологияларды қолдану тұрғысынан талдау жасау.
2. Инновациялық тәсілдемелер мен технологиялар қолданылған сабақ үлгісін жасау. Көрнекіліктер дайындау.

11 семинар сабағының тақырыбы: Креативті құзыреттілікті қалыптастыру әдістері


Тапсырмалар:

  1. Креативті құзіреттілік ұғымына түсінік

  2. Креативті құзыреттілікті қалыптастыру әдістерін атаңыз.

  3. Креативті құзыреттілікті қалыптастыруға аранлған тапсырма үлгілері

12 семинар сабағының тақырыбы: Әліппе сабақтарын жоспарлау түрлері


Тапсырмалар:

  1. Жоспар және оның түрлері

  2. Әліппе сабағын жоспарлау

  3. Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспардың ерекшеліктері

  4. Бір сабақтың қысқа мерзімді жоспарын жасау

13 семинар сабағының тақырыбы: Әліппе сабақтарын креативті тұрғыдан оқытудағы тапсырмалар жүйесі


Тапсырмалар:

  1. Әліппе сабағын креативті тұрғыда оқыту жайы

  2. Әліппе сабақтарын креативті тұрғыдан оқытуға бағытталған тапсырмалар үлгілерін жасау.

14 семинар сабағының тақырыбы: Тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері


Тапсырмалар:

  1. Тілд дамыту жұмыстары жөнінде түсінік

2.Әліппеге дейінгі кезеңде жүргізілетін байланыстырып сөйлеу жұмыстары. Хабарлама дайындау
3. Әліппе кезеңінде жүргізілетін сөздік, сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс. Бейнеролик әзірлеу.

15 семинар сабағының тақырыбы: «Әліппе» пәні бойынша оқушылардың оқу-жазу жетістіктерін бағалау жолдары


Тапсырмалар:
1. Оқушылардың Әліппе сабақтарында өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалау үдерісін жүзеге асыру. Таныстырылым әзірлеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет