Семинар тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда мектептің әдістемелік қызметтің рөлі Әдістемелік қызметтті ұйымдастыру формалары Мұғалім портфолиосы



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі28,23 Kb.
#12834
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7

9 семинар тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда мектептің әдістемелік қызметтің рөлі

1.Әдістемелік қызметтті ұйымдастыру формалары



2.Мұғалім портфолиосы

1.Әдістемелік қызметтті ұйымдастыру формалары

Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары:
Әдістемелік қызметті қайта өзгертуді тәжірибе арқылы іске асыру, оның өмірмен байланысы, маңыздылығы. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың барысында жаңа жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын және ұстаздар ұжымына жақын мәселелерді есепке алу керек.
Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы. Аудандық деңгейдегі мұғалімдердің мамандығын көтеру жүйесі қазіргі ғылым жетістіктеріне бағыт ұстауы тиіс. 
Әдістемелік жұмыстың жүйелілігі. Жүйенің тұтастығы, мақсат, міндет, мазмұн мен әдістің бірлігі тиімді нәтижеге жетудің көрсеткіші болмақ.
Әдістемелік жұмыстың кешенді сипаты. Мұғалімдердің мамандығын арттырудың барлық жақтарының өзара байланысты негіздерін, бірлігін сақтау керек. (жеке әдістер, дидактика, тәрбие ілімі, психология, физиология, педагогикалық әдеп және жалпы мәдениетті дамыту мәселелері бойынша).
Жүйелік, бірізділік, сабақтастық, үздіксіздік, көпшілдік. Оқу жылының барысында мұғалімдерді оқу түрлерімен толық қамту, әдістемелік жұмысты үздіксіз білім алу жүйесінің бөлігіне айналдыру қажет.
Әдістемелік жұмыстың шығармашылық сипаты, мұғалімдердің зор белсенділігі. Әрбір мектепте мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың өзіндік жеке жүйесін жасау, мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне жағдай туғызу арқылы ынталандыру.
Әдістемелік жұмыстың нақтылығы. Мектеп пен мұғалімнің нақты ерекшеліктерін есепке алу, мұғалімдерге жекелеген амал, әдістер қолдану.
Мұғалімдердің мамандығын арттыруда әдістемелік жұмыстың басты, маңызды бағыттары. Мұғалімдердің мамандығын көтеруде және олармен жұмыс жүргізу түрлерінде маңызды бағыттар мен мәселелерді іздестіру.
Әдістемелік жұмыстың барлық бағытындағы ілім мен тәжірибенің бірлігі. Бұл – бір кезде екі қажетсіз, шектен шыққан мәселеге қарсылық: ілімнің мәні мен маңызын бағаламауға (ең алдымен – психология- педагогика) және әдістемелік жұмыстың орынсыз ілімдік тұрғыда баяндалуына, оқу-тәрбие жұмысында тәжірибе мәселелері мен ілім арасындағы алшақтыққа қарсы болу.
Әдістемелік жұмыстың икемділігі, ептілігі, тез орындалуы. Мектеп жұмысының айқын өзгеріп отыратын жағдайын есепке ала отырып, қажетті жағдайда әдістемелік жұмысты икемді және басқаша құра білу керек.
Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты. Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты - жалпы мектептік, жекелей, міндеттілік пен еріктілік пен әдістемелік түрлері мен мұғалімдердің өз бетімен білім алуын саналы үйлестіру.
Әдістемелік жұмыс пен мұғалімдердің шығармашылық ізденісінің нәтижелі болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау. Материалдық , рухани-психологиялық , денсаулық жағдайлар мен мамандықты көтеру үшін өздігінен жұмыс істеуіне бос уақыттың болуы.

Әдістемелік жұмыстың мазмұны шартты түрде мынадай компоненттерді:



  1. Оқу-әдістемелік жұмыс, оның мақсаты педагогикалық тәжірибені зерделеу және меңгеру, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, жас мамандарды қолдауға үйрету, қолданылатын оқыту әдістері мен әдістердің тиімділігін арттыру болып табылады.

  2. Озық педагогикалық тәжірибе мен инновациялық технологияларды меңгеру, талдау, оларды колледждің білім беру практикасына енгізу (эксперименталды жұмыс барысында), ішкі және сыртқы пайдалану үшін баспа жұмыстарын жариялау, оқытушылық құрамның ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларын ұйымдастыру .

Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі мәселелерді қамтиды: әдістемелік зерттеу, жаңа әлеуметтік сұранысты ескере отырып жұмыстардың бүгінгі жағдайын сараптау, қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қоя білу, жұмыс мазмұнын, түрлері мен әдістерін, мақсатқа жету жолдарын, мұғалімге диагностикалық зерттеудің нәтижелері негізінде нақты әдістемелік көмек беру, оқушының қызығушылығын арттыру, жұмыстардың орындалуын тексеру, бағалаудың және сараптаудың нәтижелерін жоспарлай білу т. с. с.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді:
- Оқу - әдістемелік және педагогикалық - ұйымдастыру құжаттарын дайындау;
- Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
- Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер қызметі;
- Озат тәжірибелі мұғалімдерді анықтау және олардың тәжірибесін зерттеу, жинақтау және таратуды қамтамасыз ету;
- Белгілі тақырыппен жұмыс жүргізетін шығармашылық топ құру және оның жұмысына көмек беру;
- Таңдалған тақырып бойынша теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу, өз білімін көтеруді ұйымдастыру;
- Тәжірибелі мұғалімдер және оқушылардың жұмысын көрме немесе ашық түрде өтетін іс - шаралар арқылы көрсету;
- Алынған мәліметтерді жинақтау және өңдеу (әртүрлі диагностикалық әдістер арқылы);
- Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге мектеп әкімшілігі және әдістемелік бірлестік тарапынан көмек беру;
- Жұмыстың әр деңгейінің орындалуын қорытындылау және жаңа жұмыстарды жоспарлау;
- Мектепішілік әдістемелік жұмыс жүйесінде әртүрлі әдістемелік іс - шаралар нәтижесінде оқу - тәрбие процесіне өзгерістер енгізу;
- Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді марапаттау, мектепте өзара көмектесу, бірлесіп жұмыс жасау, шығармашылық орта қалыптастыру;
- Жас мұғалімнің кәсіптік деңгейін дамыту үшін әдістемелік көмек көрсету;
Мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының құжаттар тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет