Семинар-тренинг тәжірибені арттырады Жуырда күрделі уақытта бағыт-бағдар, қиындықтан шығуды



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.03.2017
өлшемі9,4 Mb.
#10124
түріСеминар
  1   2   3

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

Студенттік 

жылдар – жастар 

өмірінің көктемі

Білім көкжиегі 

кеңеюде

2-бетте


4-5-бетте

8-бетте


«Күз 

ханшайымы» – 

Меруерт

Семинар-тренинг 

тәжірибені арттырады

Жуырда күрделі 

уақытта бағыт-бағдар, 

қиындықтан шығуды 

ғана емес, дамудың 

даңғыл жолын сілтеген 

Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың «Нұрлы 

Жол – болашаққа бас-

тар жол» атты Жол-

дауы жарияланды. 

Қазіргі таңда барша 

жұртшылық еліміз үшін 

маңызды саналатын 

саяси құжатпен жұмыла 

танысуда. 

Қыздар университетінің 

70 жылдық тарихында ерен 

еңбегімен із қалдырған, универ­

ситетте 25 жыл қызмет ат қарып 

«Мектепке дейінгі педагогика» 

кафедрасын 20 жыл басқарған 

профессор А.К.Меңжанованың 

80 жыл дығына арналған конфе­

ренция жұмысына «Өрлеу» БАҰО 

АҚ Басқарма Төрағасының 

Бірінші орынбасары, педагогика 

ғылымдарының докторы, про­

фессор Ж.Қараев, Ресей білім 

академиясының профессоры 

(Мәскеу қа ласы) Наталья Найде­

нова, Қазақстандағы «Step by Step» 

қоғамдық қорының директоры, 

Халықаралық «Step by Step (ISSA) 

Нидерланд Қауымдастықтың 

мүшесі Д.Айджанова, ҚР БҒМ 

ҒК Экономика институты аға 

ғы лыми қызметкері, эконо­

мика ғылымдарының канди­

даты, доцент Н.Бірімбетова, 

Абай атындағы Қазақ ұлт тық 

педагогикалық  уни верси тетінің 

профессоры Зульфия Мовкеба­

ева, Қазақ мем лекеттік қыздар 

педа го гика лық  университе­

тінің педагогика ғылымдардың 

докторы, про фессор Қазына 

Аймағамбетова, соны мен қатар, 

әл­Фараби атындағы ҚазҰУ, 

Абай атын дағы ҚазҰПУ, ТарМ­

П И ,   Қ . Й а с с а у и   а т ы н д а ғ ы 

ХҚТУ­дің мектепке дейінгі білім 

беру мәселелерімен айналы­

сып жүрген алдыңғы қатарлы 

тәжірибелі мамандары мен 

ғалымдары қатысты.

(Жалғасы 6-бетте)

Е

л б а с ы н ы ң   б и ы л ғ ы 



к е з е к т і   Ж о л д а у ы н 

барша тұрғындарға 

жеткізуінің мәні мен маңызы 

зор. «Нұрлы жол» – береке мен 

бірлікті ту еткен еңсесі биік 

елдің ертеңге күнге деген сенімі

халқымыздың жаңа самғауы, 

келешектегі соны даму жос­

пары.  Ертеңіміздің бүгіннен 

де жарқын да бақуатты болуы 

бағытындағы жаңа Жолдау­

да жас буынға, студенттерге, 

жас патриоттарға бағытталған 

көптеген басым дықтар бар. 

Ертеңгі елдің тұт қасын ұстар 

жастар – жарқын болашақтың 

иелері. Жолдаудағы негізгі жеті 

тармақ өскелең ұрпақ игілігі 

үшін жасалып отыр десек те бо­

лады. Жас отбасылар үшін пәтер 

алу мәселесі де экономика­

лық тоқырауға қарамастан оң­

тайландырылмақ. 

Еліміздің ертеңі сараланған 

құжатта сондай­ақ көліктік­

логистикалық, индустриялық, 

э н е р   г е т и к а л ы қ ,   ә л е у м е т т і к 

инфра құрылымдарды  дамыту, 

тұрғын үй коммуналдық шаруа­

шылығы мен су және жылу­

мен қамтамасыз ету желілері 

инфра құрылымдарын  жаңғырту, 

тұрғын үй инфрақұрылымда­

рын нығайту, шағын және орта 

бизнес пен іскерлік белсенділік­

ті қолдау бойынша жұмысты 

жал ғастыру жолдарын ұсынды. 

Осы 7 бағыттың қай­қайсысы да 

ха лықтың әл­ауқатын жақсар­

туға септігін тигізетін негізі ба­

сымдықтар. Баспана, тұрғын­үй, 

ауыз су, жылу мәселелерімен 

қатар, мұнда қоғам үшін ең басты 

қажеттілік – білім мен тәрбиеге 

де көп көңіл бөлініп отыр. 

(Жалғасы 3-бетте)

8-бет 


газетінің «наурыз көжесі»

«Қазақстан жастарының 

Конгресі» қауымдастық 

нысанындағы заңды тұлғалар 

бірлестігі «Жастар ұйымдары 

қызметін қолдау бойынша іс-

шаралар өткізу» жобасын іске 

асырды. 

Жоба аясында 14­15 қара­

шада Л.Гумилев атындағы Еу­

разия ұлттық университетінде 

«Студенттік жас тар ұйымдары 

мен студенттік өзін­өзі бас­

қару органдарының қызмет 

тиімділігін арттыру жөніндегі» 

республикалық семинар­тренинг 

өтті. 


Б ұ л   с е м и н а р ­ т р е н и н г к е 

ҚазМемҚызПУ Жастар саяса­

тын дамыту бөлімінің басшы­

сы М.Ахтаева және «Қазақстан 

Студенттер Альянсы» ұйымы 

шақырылды. Болашақ көш­

басшыларға арналған семинарға 

еліміздің барлық облыстары­

нан келген ЖОО­ғы жастар 

комитеттерінің төрағалары 

мен белсенді өкілдері қатысты. 

Шараның мақсаты – жастар 

саясатының қызметін және жас­

тар ұйымдары мен студенттік 

өзін­өзі басқару органдарының 

өкілдері біліктілігін арттыру.

Семинар­тренингті «Antares» 

білім  орталығының  ди  рек то­

ры Ұ.Балдахов пен осы орта­

лықтың  ассис тенті  «Қа зақстан 

Жастар Конгре сінің» халық­

аралық жастар ұйым дарымен 

жұмыс жасау бөлі мінің менеджері 

Д.Медетов жүргізді. Семинарда 

студенттік жастар ұйымдарының 

қызметін арттыру жолдары және 

көшбасшылық қасиетін дамыту 

тәсілдері туралы сөз қозғалып, 

«2020 жылдағы Жастар сая­

саты» бойынша ұсыныстары 

мен жобалар ортаға салынды. 

Қатысушыларға арнайы сер­

тификаттар, көшбасшылық 

қабілеттерін дамытуға арналған 

кітаптар тарту етілді.

Нұриля ЖҰМАНҚҰЛҚЫЗЫ,

«Студенттер Альянсы» 

ұйымының көшбасшысы

Мектепке дейінгі тәрбие – өзекті мәселе 

№13 (120)

18 қараша

2014 жыл


7 қараша күні Қыздар университетінде оқу орынның 70 жылдығы 

аясында «Қазақстандағы және әлемдегі мектепке дейінгі білім 

беру: тәжірибе, қазіргі жағдайы және болашағы» деген тақырыпта 

мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаған ғалым-ұстаз Айымкүл 

Көпжасарқызы Меңжанованың 80 жылдығына арналған 

халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАР ЖОЛДАУДЫ 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ДАЙЫН

Карина есесін 

жібермеді


2

2

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№13 (120)

18 қараша

2014 жыл

А Қ П А Р А Т



10-11 қараша күндері 

Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық 

университетінде Қытай 

Халық Республикасы 

Хубэй провинциясы білім 

департаментінің білім көрмесі 

болып өтті.

мемлекеттік университетімен қосдипломды 

оқу бағдарламасын іске асырып отыр. 

Бүгін біз ҚХР Хубей провинциясының 

Білім департаментінен келген қонақтарды 

қарсы алып отырмыз. Болашақта осы 

Білім департаментіне қарасты универси­

теттермен тығыз байланыстар орнатамыз 

деген үміттеміз», – деп университеттің 

тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге әзір 

екендігін білдірді.

Көрмеге арнайы қатысқан Қытайдың 

Алматыдағы Бас консулы Ду Дэвэнь ханым 

өз сөзінде: «Білім беру мен маман даяр­

лау – бұл мемлекетті дамытудың басты негізі. 

Қытай Үкіметі білім беруді дамытуға ерекше 

мән беріп, мұны маңызды стратегиялық 

бағыт ретінде ұстанады. Бүгінде Қытайда 

білім берудің ауқымы кең. Мысал келтіре 

кетсем, 2800 ЖОО бар, онда 33 млн. астам 

білім алушы бар. Бұлар Қытай елінің жақсы 

дамуы үшін үлкен үлес қосып отыр. Жал­

пы, Қытай мен Қазақстанның білім сала­

сында ынтымақтастық жақсы дамыған. 

Қазіргі уақытта Қытайда он мыңнан астам 

қазақстандық студенттер, ал Қазақстанда 

1500­ден астам қытайлық студент оқиды», – 

деп айрықша атап өтті.



Үстіміздегі жылдың қазан 

айының 20 мен 31-ші жұлдызы 

аралығында «Әйел Көшбасшылығы 

Қоры» бірлестігі «Әлеуметтік 

кәсіпкерлік бойынша идеялар 

байқауы» атты әлеуметтік жоба-

сы жарияланған болатын. Байқау 

қорытындысы 4 қараша күні Қыздар 

университетінде бірлестік өкілдерінің 

ұйымдастыруымен өтті.

Жобаның мақсаты – сәтті мысалдар 

туралы ақпарат беру арқылы жастар­

ды әлеуметтік кәсіпкерлікке тарту, 

жаңа идеялар ойлап табуға ынтасын 

арттыру, әлеуметтік кәсіпкерлік тура­

лы идеялар қалыптастыру және жоба 

жастардың, оның ішінде жас қыздардың 

әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өзінің 

кәсіби мансабын жасау мүмкіндігі ту­

ралы ақпарат алуға бағытталған. 

Б ұ л   ә л е у м е т т і к   ж о б а   б а й қ а у ы н а 

ҚазМемҚызПУ­дың «Қазақстан Сту­

денттер Альянсы» ұйымы да қатысты. 

«Креативные контейнеры для мусора», 

«Мүгедек студенттерді жұмыспен қамту 

орталығы», «Жеміс­жидек қабықтарын 

қайта өңдеу фабрикасы», «Принтер 

обрабатывающий бумагу и краску», 

«Балалар үйінде футбол командасын 

құру», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды 

қоғамда бейімделуі», «Sms­уведомление 

о театральных постановках для сту­

дентов», «Развитие талантов у детей из 

детских домов», «Конкурс в поддержку 

чистоты окружающего пространства», 

Мобильное приложение «Карта уни­

верситета» сынды тақырыптарда 10 үздік 

жоба ұсынылған.

Республика көлемінде өткізілген 

байқау нәтижесінде «Креативные кон­

тейнеры для мусора» және Мобильное 

приложение «Карта университета» 

атты қос жобасы жүлделі болды. «Әйел 

Көшбасшылығы Қоры» бірлестігінің 

атқарушы директоры Мария Гусей­

нова барша атсалысқан белсенді 

Ал, Хубэй білім беру департаменті 

директордың орынбасары Сун Ваңан мыр­

за Хубэйдің тарихын, орналасқан жерін, 

университеттердің білім сапасын, ондағы 

мамандықтар, тағайындалған стипен­

диялар туралы айтып өтті. Хубэй про­

винциясына Хуанганг педагогикалық 

университеті, Хуажуң педагогикалық 

университеті, Хубэй университеті, Ухан 

тоқыма университеті, Қытай Үш шатқал 

университеті, Шаң жаң университеті, Хубэй 

экономика университеті, Хубэй инжене­

студенттердің шығармашылығына 

табыс тілеп, ыстық ықыласпен бас 

жүлде иегері «Қазақстан Студенттер 

Альянсы» ұйымының көшбасшысы, 

Қазақ филологиясы және әлем тілдері 

факультетінің 3­курс студенті Нуриля 

Жұманқұлқызына планшет тарту етті.

« Ұ я л ы   т е л е ф о н ғ а   а р н а л ғ а н 

қосымша «Университет схемасы» де­

ген жобамыздың мақсаты – бұл 1­курс 

студенттері үшін өте маңызды деп ой­

лаймын. Себебі, университетке жаңадан 

түскен студенттер қолдарына сабақ 

кестесін алған соң, кабинеттерді, спорт 

кешенін, кітапхананы, оқу корпуста­

рын іздеп әуре болатыны белгілі. Атал­

мыш жоба осы қиындықтарды шешуге 

көмектеседі. Ал, екінші «Креативті 

қоқыс жәшіктері» атты жобадағы 

ұстанымыз, қаланы қоқыстан таза­

лау, тұрғындардың қоқысты дұрыс 

бөліп салуға үйрету, қоқысты қайта 

өңдеуші зауыттарға қалдықты жинауға 

көмектесу. Айта кетер ерекшелігі, қоқыс 

жәшіктері үш түрлі: қағазға, пластикке, 

тамақ қалдықтарына арналған болуы 

ринг университеттерімен т.б. оқу орындары 

қарайды. Осы университеттер өз оқу орын­

дары жайлы ақпарат беретін оқу көрмесін 

ұйымдастырды. Көрмеге Көптілді білім 

беруді дамыту орталығына қарасты Қытай 

тілі бөлімі мен Қазақ филологиясы және 

әлем тілдері факультеті Базалық негізгі 

және екінші шетел тілдері кафедрасының 

шақыруымен Алматыдағы ЖОО студенттері 

қатысты. 

Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ

шарт. Сондай­ақ, Сіз көшедегі осы 

жәшіктерді ауыстырып алсаңыз, дыбыс 

(сигнализация) шығады. Яғни, әр қоқыс 

өз орнына келіп түспегенін білдіреді. 

Біз, жастар, қаламыздың ластануы­

нан сақтауға осылай үлес қоса ала­

мыз», – дейді өз сөзінде жоба жетекшісі 

Н.Жұманқұлқызы.

ҚазМемҚызПУ болашақ мұға­

лімдерге тек қана педагогикалық бағытта 

білім беріп қана қоймай, Қазақстанның 

индустриалдық қоғам құруына үлес 

қосып отыр. Олай дейтініміз, заманауи 

білім беру көшінде жаңа технологиялық 

тәсілдер ойлап табу арқылы интеллек­

туалды ұлт қалыптастыруды мақсат 

ете отырып, оқу орны қабырғасында 

ғылыммен айналысуға қажетті мүм­

кіндікті жасап келеді. Студенттердің 

старт­ап жобаларын университеттің 

ішкі рейтингісінде бағалап, озық деп 

танылғандарына қаржылай қолдау 

білдіріп, жүзеге асырылуына септігін 

тигізіп келеді. 

А.ӨТЕЕВА

Білім көкжиегі 

кеңеюде

СТУДЕНТТЕР ЖОБАСЫ 



үздіктер қатарында 

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ 

ЖОЛ ЖОҚ! 

27 қазан күні Қыздар университетінде 

Алматы қалалық туберкулез 

диспансерінің бас маманы Фарида 

Толқынбекова мен оқу орынның дәрігері 

Айман Алдибекова «Туберкулез ауруын 

алдын алу» тақырыбында студенттерге 

дәріс өткізді.

Дәріс барысында мамандар туберкулез 

ауруы, оның таралу жолдары, белгілері, 

формалары мен кезеңдері, туберкулездің 

таралуына септігін тигізетін факторлар, 

аурудың алдын алу жолдары мен сақтық 

шаралары туралы толық мәлімет беріп, 

ауру белгілері байқалған жағдайда тез ара­

да дәрігерге көрінген жөн екендігін атап 

өтті. Сондай­ақ, мамандар осы ауру тура­

лы мәлімет беретін парақшалар таратып, 

қауіпті дерт туралы слайд көрсетті.

« Т у б е р к у л е з ,   я ғ н и   ө к п е   қ ұ р т ы 

ең бір қауіпті аурулардың бірі. Ол ауа 

арқылы таралатын жұқпалы ауру. Оның 

қоздырғышы – туберкулез таяқшалары. 

Біз барлығымыз ауа арқылы тыныс 

алатындықтан туберкулез таяқшалары 

барлық кез­келген жастағы адамдар үшін 

қауіпті. Қауіпті дерт адамның ағзасының 

шаш пен тырнақтан басқа барлық дене 

мүшелерін, өкпе, сүйек, буын, бүйрек 

т.б. зақымдайды. Қоздырғышты ағзаға 

түсуден сақтану үшін бөлмені жиі желдетіп 

отыру керек, арақ­шарап, темекіні 

қолданбау керек, туберкулездің ашық 

түріне шалдыққан адамдармен қарым­

қатынаста болмау қажет және салауатты 

өмір салтын ұстанып, жыл сайын емхана­

дан тексерістен өтіп тұру керек. Аурудың 

алғашқы кезеңінде сырқатты анықтаудың 

ең сенімді жолы флюорографиялық тек­

серу болып табылады. Жүйелі түрде тек­

серуден өту арқылы дертті уақытылы 

анықтап, айналадағы адамдардың ауруға 

шалдығуының алдын алуға болады», – деді 

фтизиатр маман Ф.Толқынбекова.

Кездесу соңында студенттер туберку лез 

тақырыбындағы сауалнамаға жауап беріп, 

туындаған сұрақтарын қойып, кеңес алды.



Н.ЕЛЕУХАН

Хубэй провинциясында орналасқан 9 

жоғарғы оқу орындарының ресми өкілдері 

Қыздар университеті басшыларымен таны­

сып, алдағы уақытта қосдипломды білім беру 

бойынша жұмыс жасауға уағдаласты. Достық 

келісім ретінде Яньцзы университетінің 

халықаралық қатынастар басқармасының 

бастығы Мо Иондонг мырза 2015 жылы 

арнайы Қыздар университетіне бес грант 

берілетіндігін хабардар етті. Хубэй про­

винциясынан келген Білім департаментінің 

17 өкілі университеттің көптілді білім беру 

орталығының қытай тілі бөлімін, «Ақтұмар» 

музейі мен ғылыми кітапхананы және т.б. 

оқу ғимаратындағы арнаулы кабинеттерді 

аралап көрді.

Жиында Қыздар университетінің 

Бірінші проректоры Б.А.Алиев: «Қазіргі 

кезге дейін біздің университет шетелдік 34 

жоғарғы оқу орындарымен тәжірибе алма­

су және студенттердің білімін жетілдіруге 

қажетті түрлі келісім­шарттар жасасып, 

меморандумға қол қойды. ҚазМемҚызПУ 

заманауи білім беруді қолға алып, озық білім 

беру жүйелерін енгізуді жүзеге асыруда. Атап 

айтқанда, LAMS Ұлыбритания университеті, 

Честер университеті мен Миссисипи 



3

3

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№13 (120)

18 қараша

2014 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К



(Басы 1-бетте)

Балалардың мектепке дейінгі білім 

алуы, тәрбиеленуі дұрыс жолға қойылу 

үшін балабақшалар мен мектеп алды даяр­

лайтын мекемелер санының артуы, сапалы 

білім берілуі үшін мектептердің 3 ауысым­

ды емес, қалыпты жұмыс тәртібіне көшу 

керектігін баса айтты. Орта білім беретін 

мекемелердің мақсаты балаларға жақсы білім 

беру ғана емес, олардың денсаулықтарына 

зиян келтірмеу керек екендігі анық. Ол 

үшін мемлекет тарапынан қаржылық қолдау 

көрсетілетін де болады. Ендігі ретте әрбір 

тиынның шашауын шығармай орынды 

жұмсалуына, тындырымдылыққа аса зор мән 

берген дұрыс. Мектептің жайына көңіл бөлу – 

мұғалімнің қамын ойлау. Педагог кадрлардың 

заман талабына сай болуын талап етеді. 

Әрине, Елбасы Жолдауда «Толысқандықтың 

жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса 

білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар 

арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір­

бірімізге тағатты болуымыз керек!» деп атап 

көрсетуі бала күтімінде отырған анадан 

бастап билік тұтқасын ұстаған лауазымды 

тұлғаларға дейін ынтымақта, бірлікте еңбек 

ету керектігін ұғындырады. Осы жолда біз 

жаңа қазақстандық патриотизм рухын­

да кемел келешекке жету үшін кез келген 

қиындыққа төтеп бере алатындай қауқарлы 

болудың әрбір азаматқа жүктейтінін түсінуге 

болады.  

Елбасы алға қойған міндеттер мен 

мұраттарды жүзеге асыруға бір адамдай 

атсалысуға, біздің жастарымыздың ертеңге 

деген сенімін нығайтуға, Отанымыздың 

өркендеуі мен гүлденуі, тұрғындардың баян­

ды бақыты мен болашағымыз – жастардың 

қайғы­мұңсыз өмірі үшін жұмыла еңбек 

етуге шақыратын ҚР Президентінің «Нұрлы 

жол ­ болашаққа бастар жол» атты Жол­

дауы 18 қараша күні Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінде де 

талқыланды. 

Жиынға оқу орынның басшылығы, 

оқытушы­профессорлар құрамы мен 

студенттері, Қыздар университеті жанындағы 

«Ұлағат» бастауыш партия ұйымының 

мүшелері қатысты. 

Қазақстан халқына 19­рет арналып 

отырған кезекті Жолдауды талқылауға 

арналған басқосуда саяси құжаттың мәні мен 

маңызы сөз болып, қатысушылар Елбасының 

биылғы Жолдауы туралы ойларын кеңінен 

ортаға салды. 

«Президент кез келген істі өз бақылауында 

алатындығын осы жолы тағы да бір дәлелдеді. 

Қандай жағдайда да жоғарғы билікте қызмет 

атқарып отырған Үкімет мүшелеріне қор­

даланған мәселелердің нақты шешу жол­

дарын ұсына білетін Ұлт Көшбасшысы 

ре тінде жаһандық дағдарыс алдында жұрт­

шылықты тың ойлар мен қарқынды баста­

малар арқылы серпілтіп алды», – деп сөз 

бастап, шараны ашқан ҚазМемҚызПУ рек­

торы Динар Нөкетаева әлемдік дағдарыстың 

сын­қатерлеріне төтеп беру үшін, ұлттық 

экономиканы тұрақтандыру әрі дамыту үшін 

7 ауқымды бағытқа бөлінген, бас­аяғы жұп­

жұмыр биылғы Жолдау тек 2015 жылды ғана 

емес, алдағы бірнеше жылды қамтығандығын 

ерекше атап, Жолдаудың мән­мағынасына 

тереңнен тоқталып өтті. 

«Білім беру саласының алдыңғы қа­

тарынан көрінген, республикамыздағы 

болмысы дара – Қыздар университеті де 

елдің дамуына өз үлесін барынша қосуға 

дайын», – деген оқу орнының басшысы ин­

теллектуалды ұлт қалыптастыруда Парасат 

мектебінің атқарып жатқан біршама істеріне 

тоқталып, Елбасы жүктеген тапсырмаларға 

сәйкес атқарылатын іс­шараларды тізбеледі.

«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев­

тың «Қазақстан – 2050» Стратегиялық 

бағдарламасында айтылған «Біздің жастары­

мыз оқуға, жаңа ғылым­білімді игеруге, жаңа 

машықтар алуға, білім мен технологияны 

күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға 

тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жа­

сап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз 

етуіміз керек» деген тапсырмасы Қыздар 

университетінің жұмысына толықтырулар 

алып келді. Жастарды ғылымға баулу, ғылыми 

ізденістерді дамыту жұмыстары бұрынғымен 

салыстырғанда біршама үделене түсті.

70 жылдық тарихы бар киелі қарашаңырақ 

ұрпаққа білім нәрін сеуіп, бүкіл ұлтқа тәрбие 

берудің бастауында тұр. Бізге ұлт тәрбиесі 

жауапкершілігі артылған. Белсенді азаматтық 

ұстанымы бар мамандарды даярлау, қазақ 

халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет­ғұрпын 

сақтай отырып, білім­ғылым және инноваци­

яларды интеграциялау бағытын ұстанып, 

қазақ қыздарының жарқын бейнесін наси­

хаттап келеміз.

Қыздар университетінің болашақтағы 

стратегиялық бағыттары мен дамудағы мақсат­

міндеттері – білім берудің сапалылығын 

арттыру, университеттің ғылыми және 

ғылыми­техникалық әлеуетін дамыту, жастар 

саясатын жетілдіру, университетті басқару 

және қаржыландырудың тиімділігін арттыру 

негізінде құрастырылып отыр. Нарық за­

манында білім беруді ұйымдастыра білу, 

қабілетті арттыру, бір мамандықпен шектеліп 

қоймай, бірнеше саладан хабардар болу – 

Қыздар университетінің оқытушыларының 

басты ұстанымы. 

Қыздар университетінің табалды­

рын аттаған әр қыз баланың тәлімі мен 

тәрбиесі ұлттық құндылықтармен өріліп, 

білімі мен біліктілігі заманауи талаптарға 

сай озық технологиялардың негізінде 

қалыптасу жолында игі істер атқарылып 

отыр. Академиялық ұтқырлықты дамыту, 

Болон үдерісі бойынша білім беру жолында 

әлемдік академиялық рейтингтерге ұмтылып 

отырған оқу орнының басты мақсаты – 

Қазақстанның әр аймағына білікті ұстаздар 

дайындау. Сондықтан, Елбасының «Нұрлы 

жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан 

халқына жасаған Жолдауына қолдау білдіре 

отырып, ондағы берілген тапсырмаларды 

орындау үшін жұмыла қызмет атқарайық», 

деген ҚазМемҚызПУ ректоры құрылым бас­

шыларына тапсырмалар берді. 

Одан әрі сөз алған философия ғылымда ры­

ның докторы, доцент Сапар Оспанов Жолдау­

да көрсетілген бағыт тардың жастар үшін қолға 

алынып отырғандығын, оны жүзеге асыратын 

да жастар екендігін атап өтті. «Елбасының осы 

кезге дейін айқын да үлкен үмітпен айтып келе 

жатқан тілегі – жастардың өз Отанын сүюі, 

Атамекеніміз Қазақстанды, кезі келгенде одан 

әрі өркендетіп алып кете алатын құзіреттілікке 

ие болуына деген тілегі. Мен де, жоғарғы 

оқу орны ұстаздарының аға ұрпағының 

қатары на жататын өкілі ретінде Елбасының 

айтқан тілегіне толық қосылатындығымды 

айтпақпын. Ондай келешек ұрпақ болмай­

ынша, осы кезге дейін Елбасының мемле­

кет ісін басқарудың шебері ретінде жасап 

келе жатқан ұйымдастырушылық жоспарла­

рын, өмірдің ең қиын кездерінде де мойы­

май өз қолдарымен, жан­тәндерімен еткен 

еңбектері арқылы жүзеге асырып, еліміздің 

қазіргі әлеуетін құрған орта және аға буынды 

ұрпақтардың еңбек нәтижелері, келешекке 

деген ынтық та ыстық үміттері жүзеге аспай 

қалуы ғажап емес. Қазіргі жастарымыз осы 

айтылғандарды және сол тектес ел бақыты ту­

ралы толғаныстарды терең ойлап, жүректеріне 

тоқып, бойларына қуат етсе Мәңгілік елдің 

көк туы ешқашанда жығылмақ емес», – деп 

жастарды елдің гүлденуі жолында атсалысуға 

шақырды С.Оспанов.  

ҚазМемҚызПУ жанындағы «Ұлағат» 

бастауыш партия ұйымының төрайымы Свет­

лана Акишева еліміздің рухын асқақтатын, 

күш­қуатын біріктіретін, алыс және жақын 

болашағымыздың бағдарларын айқындайтын 

маңызды құжатқа айналған Жолдау­

да қарастырылған мәселелердің маңызы 

зор екендігін айта келіп: «Университет 

жанындағы «Ұлағат» бастауыш партия ұйымы 

да «Нұрлы жол» Жолдауын көпшілікке 

таныстырып, Қазақтан үшін болашаққа 

жасалатын батыл қадам екендігін түсініп, 

Елбасының сындарлы саясатын қолдайды. 

Алдағы уақытта бүкіл университет көлемінде 

барлық факультеттермен, «Жас Отан» Жас­

тар қанатымен конференция, дөңгелек 

үстел, танымдық дәріс, студенттердің 

шығармашылық дарындарын, болашаққа 

сенімін көрсететін презентация жобаларын 

ұсыну жұмыстарын жүргізуді жоспарлап 

отыр. Елбасы Жолдауы – университетімізде 

еңбек жолында жүрген қызметкерлеріміз бен 

білім алып жатқан жас нұротандықтардың, 

барша қазақстандықтардың болашаққа деген 

сенімін нығайта түсуде», – деп, бастауыш 

партия ұйымының жұмыс жоспарымен та­

ныстырды. 

Талқылау отырысында көптеген ұс­

таздармен қатар, студент жастар да жастар 

көзімен өз ой­пікірлерін білдірді. Жастардың 

пікірін білдіру мақсатында мінбеге көтерілген 

Жастар саясатын дамыту бөлімінің бастығы 

Маржан Ахтаева: «Кеңес қылған ел аз­

бас, кеңінен пішкен тон тозбас» дегендей, 

Елбасымыздың биылғы Жолдауы да елдің 

еңсесін көтерген, елдік идеяларға толы 

бірегей сратегиялық тарихи құжат болды. 

Президент кезекті жаңа саяси Жолдауында да 

жаңа экономикалық бағыттардың қозғаушы 

күші ретінде жастарды нақты атап көрсетті. 

Елбасының нұрлы жолын ертеңгі таңның 

арайлы атарына, дара дамыған өркениетті 

елдердің қатарына қосылуына сенім артар, 

Отанымыздың туын көкте желбіретер жас­

тар қашан да қолдайды. Сондықтан да, біз 

құрметті жастар – барлығымыз «Қазақстан» 

деп аталатын кеменің жолаушыларымыз, 

ендеше сол кеменің жүзу барысы сәтті бол­

сын десек, барлығымыз аянбай еңбек етуіміз 

қажет», – деп жастарға ұран тастады.

Жиынды қорытындылаған оқу орын 

басшысы Динар Нөкетаева: «Жолдау­

да көрініс тапқан халықтың әл­ауқатын 

жақсарту, әлеуметтік қолдау жолдары, 

индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй 

инфрақұрылымдарын дамыту бағыттары 

е л   м ү д д е с і м е н   ұ ш т а с қ а н   –   б а қ ы т т ы 

болашағымыздың нұрлы жолына бастағалы 

отыр. Бұл біздің жастарымыздың ертеңге 

деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан дамуындағы 

басты құжатты жариялауда «Біз Жалпыұлттық 

идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, 

тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы 

Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті 

қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда 

бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз 

керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, 

ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақ­

стан – 2050» Стратегиясының ғана емес, XXI 

ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас 

идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық па­

триотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! 

Ол – барша Қазақстан қоғамының осын­

дай ұлы құндылығы» дегенді айтты. Енде­

ше, болашаққа нақты қадам, келешекке 

ұлық сенім ұялататын ұлы миссиямызда 

баршаңызға сәттілік тілеймін! Елбасымыздың 

тапсырмалары мен міндеттерін жүзеге асыру 

үшін, ел ертеңі жарқын болуы үшін универси­

тет ұжымы, ынтымақтасқан түрде бірлік пен 

тірлікте аянбай қызмет етейік. Қазақстан ның 

мәңгілік ел болуына өз үлесімізді қосайық!», – 

деді. 


Қазақстан Республикасы білім беруді 

дамытудың 2020 жылдарға арналған мем­

лекеттік бағдарламасы аясында жастарды са­

палы біліммен қамтамасыз ету басты міндетін 

жүзеге асыру жолында Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінің 

ұжымы білім беру саласында жан­жақты 

іс­шаралар жүргізе отырып, болашақ маман­

дарды дайындауда елеулі еңбек етуде. Универ­

ситет өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті және 

ғаламдық өркениетке бағыт алған мамандар 

дайындауды алдына мақсат қойып, студент­

терге сапалы білім мен ұлттық құндылықтар 

негізінде тәрбие беру арқылы Қазақстанның 

Мәңгілік ел болуына өз үлестерін қосуда және 

алдағы уақытта қоса бермек. 

Рухымызды серпілтіп, қиялымызға қанат 

бітіріп, арманымызды асқақтатқан Жолдау­

ды талқылауға қатысушылар жиын соңында 

еліміздің басты құжаты жүктеген тапсырма­

ларды жүзеге асыру үшін ерекше ықыласпен 

тарқасты. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет