7
7
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№13 (120)
18 қараша
2014 жыл
Р У Х А Н И Я Т
Ес дәптер
Алда жүрген жақсы, алға жүргенде,
алдыартыңды барлап жүрген одан да
жақсы.
***
Сөзі түзудің – өзі түзу, өзі түзудің –
Құдайға көзі түзу.
***
Қазақ – қазақпен ғана бәсекелес,
бақталас, тақталас.
***
Жақындарың жаныңа жалау болсын
десең, ақыл айта бергеннен гөрі, сенім
артып, сынап байқа. Ақылың – ереже,
сенімің – дәреже.
***
Тегіңді сақтау үшін әуелі өзіңді сақта.
***
Байлығы тоналғанда, орманын өрт
шалғанда, көлі суалғанда, дәстүрін
жоғалтқанда есін жиған жұрт – есі
жиылмаған жұрт.
***
Төрт түлігіміздің қадірін асырсақ,
бөтеннің бермесіне беделімізді сатып,
сатынып, телініп, телмірмес едік.
***
Нағыз әйел бола білу – ғалым
атаулының анасы.
***
Жақсы әулетке түскен келін – шұрайлы
жерге себілген дәнмен тең. Келген
жерінен кен тапқан әйелдің ұлдары
текті, қыздары ізетті, дастарқаны
берекелі, берекесі мерекелі!
***
Белгілі болу үшін белгің ерекшеленіп
тұруы керек.
***
Ұлтын ойлаған – жұртын ойлайды,
Ұртын ойлаған – мұртын майлайды.
***
Жақсыға сүйсініп сұқтан, жаманнан
тіксініп сақтан.
***
Өнеріңді өнегеңмен өсіре біл.
***
Өзінікін өзімдікі дей алмаған жұртта
ешқашан өзінікі болмайды.
***
Сұрағаннан құраған дәулет болмайды,
тегі бөлекті телігеннен әулет болмайды.
Ғалия Қайдауылқызының
«1001 түйін» кітабынан
2013 жыл, 19-21 сәуір – ҚР ЖОО
с т у д е н т т е р і а р а с ы н д а ғ ы V I I Ж а з ғ ы
Универсиаданың Атырау қаласында таэквон
додан өткен жарысында, қыздар арасында 53
кг салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен
университеттің 1курс студенті Нұрмаш
Маржан 13 командадан алға шығып, күміс
медальды иеленді.
2013 жыл, 26-27 сәуір – екі күндік
«Қазақстанның кластерліинновациялық
д а м у ж а ғ д а й ы н д а ғ ы т у р и с т і к ж ә н е
географиялық өлкетану» атты халықаралық
ғылымитәжірибелік конференция өтті. Сло
вениядан Т.Михалич, Парламент Мәжілісінің
депутаты, Қазақстан туристік одағының
президенті Е.Тарасенко, ҚР Туризм инду
стриясы комитетінің төрағасы Қ.Танысбаев,
ҚР Спорт және дене тәрбиесі ісі агенттігі
«Казспортинвест» АҚның вицепрезиденті
Е.Никитинский т.б. қатысты.
2013 жыл, 29 сәуір – Бүкіләлемдік би
күніне орай, ҚР Халық әртісі, профес
сор, ұлттық сахналық би өнерінің негізін
салушылардың бірі, қазақ халқының тұңғыш
кәсіби балетмейстері Дәурен Тастанбекұлы
Әбіровтың 90 жылдық мерейтойының
құрметіне арналған еске алу концерті болып
өтті.
2013 жыл, 3 мамыр – «Базалық негізгі
және екінші шетел тілдері» ұйымдастыруымен
Ү н д і с т а н м е м л е к е т т і к Л а к х н а у у н и
верситетінің профессоры, ағылшынпарсы
тілдері бөлімінің бастығы Ариф Аюбий
мырза іскерлік байланыс, тәжірибе алмасу
мақсатында «Аударма теориясының негіздері»
атты дәріс оқып, шеберлік сыныбын өткізді.
2013 жыл, 7 мамыр – Түркияның
Ыстамбұл қ. Топқапы Түркі дүниясы
мәдениет үйінде, «Сана» интеллектуалды
клубының ұйымдастыруымен түркі тілдес
елдердің ұйымдарының жетекшілері мен
мамандары, студенттері қатысқан концертте
ҚазМемҚызПУмузыка бөлімінің магистрант
тары өнер көрсетті.
2013 жыл, 18 мамыр – Халықаралық
музейлер күніне орай, «Ақтұмар» тарихи
этнографиялық музейі Ашық есік күнін
өткізді. Шараға этнолог ғалымдар, мектеп
оқушылары мен Алматы тұрғындары қатысты.
Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш этнолог
ғалым З.Жәкіш «Халық саз аспаптар» музейі
туралы баяндап, тарихынан сыр шертетін
слайдшоуды ұсынды.
2013 жыл, 20 мамыр – «Кәсіби білім
беру жүйесіндегі көркемөнердің мәдени
интеллектуалдық мүмкіндіктері» тақырыбында
халықаралық ғылымитәжірибелік конфе
ренция өтті. Шет елдерден ғалымдар мен
оқытушылар қатысып, «Ғажайып өнер әлемі»
атты көрме ұйымдастырылды.
2013 жыл, 21 мамыр – «Ы.Алтынсарин –
2013» пәндік олимпиадасының «Дарынды жас
тар – болашақ кепілі» атты салтанатты жабылу
рәсімінде университет ректоры Д.Ж.Нөкетаева
мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес
білім беру ұйымының басқарушы директоры
Н.Ш.Манапов ҚР білім беру саласын дамытуға
ықпал ету мақсатында өзара ынтымақтастық
жөнінде меморандумға қол қойды. 21 оқушы
«Ы.Алтынсарин» олимпиадасының жүлдегері
атанды.
2013 жыл, 20 маусым – кітапханатану
және библиография кафедрасының доценті
К.Ғ.Нұрахметованың құрметіне «Ғылымға
салған сара жол» атты дөңгелек үстел
ұйымдастырылды.
2013 жыл, 10 шілде – Қазан қаласындағы
XXVII Бүкіләлемдік жазғы Универсиадасында
Қазақстан қоржыны 3 алтын,11 күміс және
16 қола медальмен толығып, университеттің
студенті Карина Горичева күміс жүлдеге қол
жеткізді.
2013 жыл, 28 тамыз – «Әйелдердің сая
си көшбасшылығы: қоғамның тұрақты
даму құралы» тақырыбында дөңгелек
үстел болып өтті. Қазақстан Іскер әйелдер
қауымдастығының төрайымы Р.Сәрсембаева
гендерлік теңдік стратегиясы бойынша
елімізде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде
баяндама жасады.
2013 жыл, қыркүйек – Қазақстан тари
хы кафедрасы қайтадан ашылып, «Тәуелсіз
Қазақстан тарихы» пәні оқытыла бастады.
2013 жыл, 9-20 қыркүйек – АҚШтың
Монтана штаты университетінің профессоры
И.А.Щепеткин университеттің химия кафе
драсында дәріс оқыды.
2013 жыл, 12 қыркүйек – Отбасы күні
мерекесіне орай, «Отан – отбасынан баста
лады» деген тақырыпта тағылымы мол шара
өтіп, оған ҚР Парламенті мәжілісінің депу
таты Оразкүл Асанғазы, Ахмет Жұбановтың
қызы, Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары
академиясының академигі, биология
ғылымдарының докторы, профессор Ажар
Жұбанова, Мұхтар Әуезовтың немересі – эко
номист Бақтияр Сүтжанов қатысты.
2013 жыл, 21 қыркүйек – Қазақстан
Франция арасындағы ынтымақтастыққа
сәйкес, университет пен Франция мемлекеттік
«Campus France» агенттігінің бас директоры
Антуан Грассэн бастаған Франция делегация
сымен екіжақты ынтымақтастық мәселелері
талқыланды.
2013 жыл, 22 қыркүйек – қазақ тілі
апталығында ақын, М.Мақатаев атындағы
сыйлықтың иегері Оразақын Асқар мен
қоғам қайраткері, Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының төраға орынбасары
Сұлтанәлі Балғабаев қонаққа келді.
(Жалғасы бар)
Болған ИЛЕБАЕВА,
«Ақтұмар» тарихи-этнографиялық
музейінің аға ғылыми қызметкері
БІЗДІҢ ТАРИХ
Сағи Жиенбаевтың жары Уәзипа Әсем
байқызы өз сөзінде: «Сағи шығар маларын
жұмыстан тыс бос уақытында, сенбі
жексенбі күндері, түнделетіп жазатын.
Біздің тауда саяжайымыз болатын, сонда
барған кездерімізде өндіртіп жазған еді.
Расул Ғамзатовты көп аударды. Күніне
жүз бет аударатын, мен «азаздан – 50
беттен аударсаңшы» деуші едім. Өйткені,
қатты шаршап қалатын», – деп ақын
шығармашылығынан естеліктер өрбітті.
С.Жиенбаевтың қазақ әдебиетіне
қосқан үлесі өлшеусіз. Ол «Сыйлық»,
«Қыр гүлі», «Сырлы теңіз», «Қайырлы
таң», «Ақ толқын», «Сол бір көктем
есімде», «Алтын қалам», «Жадымдасың,
жас күнім», «Әлия», «Оймауыт», «Көктем
самалы» сынды еңбектің авторы. Сондай
ақ, өлеңдеріне ән жазылған. А.С.Пушкин,
М.Ю.Лермонтовтың, Р.Ғамзатовтың
өлеңдерін тәржімалаған. Әр ақынның
өзіндік болмыс бітімі болады. Ал, Сағи
да сыршылдық, шынайылық, пәктік,
отансүйгіштік қасиеттер мен мұндалап
тұрады. Әсіресе, соғыс жылдарында
жазылған өлеңдері көзіңе сол кездегі
шақты елестетеді. Ол туралы ғұлама
жазушы М.Әуезов айтпақшы, «бетке
ыстық дем сезіліп кеткендей көрінетін
шыншылдықтың еліктіріп сүйсіндіреді,
тебірентіп толғандырып әкетеді». Бұдан
асқан баға болмас.
Қ а з а қ ә д е б и е т і к а ф е д р а с ы н ы ң
«Назқоңыр» үйір ме сінің өнерлі қыздары
жалынды жырларын оқумен басталған
сырлы да, сазды кеште Сағи ақынға
арналған слайд көрсетіліп тұрды. Сахнаға
солдат киімін киген студенттер «Әлия»
поэмасынан көрініс көрсетті. Универ
ситет ұстазы Т.Дәуітұлы «Қарттарым,
амансау жүрші» әнін домбырамен
күмбірлете шырқаса, әнші Әділ мен Дана
«Қасымдасың сен» әнін шарықтата орын
дады.
Кеш соңында Қазақ әдебиеті ка
федрасының меңгеруішісі С.Ержанова
барша қонақтарға, ақынның жырын сүйіп
тыңдаған көрермендерге алғысын айтып,
университет басшылығы атынан қазақы
салтпен Уәзипа Жиенбаеваға камзол
жапты.
Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ
Сағынышқа айналған
САҒИ АҚЫН
31 қазан күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Сағи Жиенбаевтың
80 жылдық мерейтойына арналған «Сағынышқа айналған Сағи ақын» атты кеш өтті. Кешке
Қазақстан Жазушылар Одағының басқармасының хатшысы, сыншы Бақыт Сарбалаев, жастар
жазушысы Сәбит Дүйсенбиев, ақынның жары Уәзипа Жиенбаева, тәжірибелі ұстаз, Уәзипа
апайдың әріптес досы Дәмелі Даниярова сынды қонақтар арнайы келіп, ақынның өмір жолы,
шығармалары төңірегінде әңгіме өрбітті.
С О Ң Ғ Ы Б Е Т
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
8
№13 (120)
18 қараша
2014 жыл
Карина есесін жібермеді
Қыздар университетінің 1 курс студенті
Айдынгүл Әбдуәлі жуырда Астанада
өткен халықаралық өнер фестивалінен
жүлделі орынмен оралды. Өнер до-
дасында ол жыршы-термешілер сайысы
бойынша 2 орынды жеңіп алды. Қытай
елінің тумасы Айдынгүл қазіргі таңда
Өнер және мәдениет факультетінің
«Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша
білім алуда.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің
ұйымдастыруымен атажұрттан жырақта
жүрген өнерлі жастардың басын қосу, тілі
мен ділін ұмытпай, ата дәстүр мен ұлттық
өнерді ұлықтаған жастардың мерейін өсіру
мақсатында өткен шет мемлекеттерде
тұратын отандастарымыздың халықаралық
өнер фестиваліне 20ға жуық елден 80
нен астам жастар қатысты. Олар ақындар
мүшәйрасы, жыршытермешілер сайысы
және суретшілер көрмесі аталымдары бой
ынша сайысқа түсті.
Өнерпаздардың шеберлігін ҚР Еңбек
сіңірген қайраткері, әнші А.Балажанова,
ҚР Тұңғыш Президент қоры сыйлығының
иегері, халықаралық кон курстардың лау
реаты, әнші Е.Рысқали, ҚР Еңбек сіңірген
қайраткері, Өнертану ғылымының канди
даты, әнші Е.Жанабергенова, ҚР Еңбек
сіңірген қайраткері, әнші К.Төленбаева
сынды өнер қайраткерлері бағалады.
Жеңімпаздар дипломдармен және
ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Фестивальдің салтанатты ашылуында
Халықаралық фестивальға қатысушыларға
арнап ҚР Мәдениет және спорт вице
м и н и с т р і М . Ә з і л х а н о в , ф и л о л о
гия ғылымдарының докторы, профес
сор М.Жолдасбеков, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты О.Асанғазы, Еуропа
қазақтары қауымдастығының төрағасы
Каюм Кеседжи және т.б. өз құттықтауларын
жеткізді. Отандық өнерсүйер қауым мен
шет елдік қазақ диаспораларының өкілдері
қатысты.
Назира ЕЛЕУХАН
Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы
3 алтын, 2 күміс медаль иеленіп, Қытай мен
Солтүстік Кореяға есе жіберіп, 3 орынға
тұрақтады. Қоржындағы 2 күмістің біреуін
Карина Горичева еншіледі. Жастар мен
жасөспірімдер арасында болған жарыстарда
әлеуеті зор, тәжірибесі мол спортшы ретінде
танылып келген Карина ересектер арасында
өткен Әлем чемпионатында болашағынан көп
үміт күттіретін зілтемірші екендігін дәлелдеді.
Жұлқа көтеруде 113 кг салмақты еркін көтерсе,
серпе көтеруде 133 кг зілтемірді бағындырды.
Қос сайыстың нәтижесінде 146 кг көрсеткішпен
кіші күмісті иеленді.
Қайсар, намысты қолдан бермейтін Ка
рина РиодеЖанейрода өтетін Олимпиадаға
қатысуға бел буып отыр. «Тек жеңісті қалаймын.
Жеңіс тұғырында еліміздің байрағын көтеріп,
әнұранымыздың шырқалғанын қалаймын.
Оған тыңғылықты дайындаламын!» – деп сөз
берген К.Горичева Қазақстанның абыройын
асқақтатып, жеңіс жолында көк байрағымызды
желбіретініне сенім мол.
Инчхонда өткен Азия ойындарын
да топ жарған Маргарита Елисеева Әлем
біріншілігінің алғашқы күндері жарыс жолына
шығып, бақ сынады. Бұл жолы туған жердегі
толғаныстан үздік нәтиже көрсете алмаған
Қ а з а қ м е м л е к е т т і к қ ы з д а р
педагогикалық университетінде
айтулы үлкен шара өтті. Бұл –
сағыныштың белгісі сияқты болып,
құпия сырға толы қоңыр күзде ұзақ
күткен Қыздар университетіндегі
«Күз ханшайымы – 2014» байқауы
ның жүлдегерін анықтайтын сәт еді.
Осы жаңа оқу жылының басы
нан бері жатақханалар арасында
өзара жарыстар өткізіліп, ішінен
жеті қыз ақтық сайысқа өткен бо
латын. Ақылына көркі сай сол
аруларымызды атап өтер болсақ,
Студенттер үйінің Жатақхана
Аруы – Меруерт Құрақбай, №7
жатақхана Аруы – Анелья Мельс,
Бағасы келiсiм бойынша.
Таралымы – 1000 дана.
Тапсырыс №1159
Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакция ның
көзқарасын бiлдiрмейдi.
Редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш
компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.
«Қыздар университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп
басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.
ҚҰРЫЛТАЙШЫ
:
Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық
университеті
«Қыздар
университеті» медиа
орталығы
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
К.САРТБАЕВ –
Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы
Қ.МЫРЗАЛИМОВА – Жауапты хатшы
А.ҰЙҚАСБАЕВА –
Ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі
Тілшілер:
Н.ЖҰМАҚҰЛОВА,
Г.БЕКТАСОВА, А.ӨТЕЕВА
А.КЕМЕЛБЕКОВА
Беттеуші:
Н.МӘДЕЛІ
Фототiлшi:
Д.АБДИЛЬДИНОВ
Жетекші-Бас редактор –
Д.СМАЙЫЛ
МЕКЕН-ЖАЙЫ:
050000, Алматы қаласы,
Әйтеке би көшесі, 99-үй
Байланыс телефоны:
8 (727) 279-38-05
Газет «Қыздар университеті» газеті
редакцияның компьютерлік орта
лығында терiлiп, беттелдi.
«Бизнес Информ» баспаханасында
(Төле би көшесі, 108) басылды.
Тел.: 8 (727) 2930909
Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде
16.03.2012 ж. қайта тiркелiп, №12345Г куәлiк берiлген.
ӨНЕРЛІНІҢ
өрісі кең
зілтемірші М.Елисеева жарыс жолынан шығып
қалды. Бапкерлері «тәжірибенің аздығынан
психологиялық қателіктерге бой алдырды»
деп түсіндіріп, ересектер арасындағы сайысқа
алғаш шыққан Маргаританың болашағынан да
көп үміт күтіп отырғандықтарын жеткізді.
Бұл өткен Әлем біріншілігі 69 келі салмақ
дәрежесінде сынға түскен М.Манеза үшін
Лондон олимпиадасынан кейінгі ұзақ үзілістен
соң жарыстың рухын сезініп, қайта күш алу
ына, құлшынысын арттыруына себеп болды.
Серпе көтеруде еш жаңылмаған Майяны жұлқа
көтеруге келгенде 132 мен 133 кг салмақтар
ырқына көнбей, сүріндірді. Ол жалпы есепте 8
орынға тұрақтады.
Қыздар университеті спортшыларының
жарыс жолындағы әрбір қадамы, жеңісі
мен жарыстық ойындары оқу орнындағы
жанкүйерлері үшін де өте маңызды. Әлем
ч е м п и о н а т ы н д а Қ ы з д а р у н и в е р с и т е т і
Спорт клубының басшысы С.Шыңғысбаев
п е н Д е н е т ә р б и е с і ж ә н е в а л е о л о г и я
кафедрасының оқытушылар құрамы мен
студенттер сынға түскен 3 спортшыға және
Қазақстан құрамасындағы сайысқа шыққан
отандастарымызға қызу қолдау білдіріп,
Жанкүйерлер арасында үлкен белсенділік та
нытты.
Қ.ТЕЛЬМАН
Қарашаның 8-16 күндері Алматы
әлемнің 78 елінен 683 ауыр атлеттерін
қабылдап, әлем біріншілігін өткізді.
Дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы,
оның ішінде Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің 3
бірдей тәлімгері – Майя Манеза,
Маргарита Елисеева, Карина Горичева
қатысты.
Студенттер үйінің Аруы – Бикежан
Юсупова, №2 жатақхана Аруы –
Нұрсәуле Жұмағали, №3 жатақхана
Аруы – Амангелді Гауһар, №5
жатақхана Аруы – Кәмшат Нұрлан,
№1 жатақхана Аруы – Тұрғанай
Ибадуллақызы.
« К ү з х а н ш а й ы м ы – 2 0 1 4 »
байқауы «Таныстыру», «Өнерлінің
өрісі кең», «Сұрақ – жауап», «Мен
қазақ қыздарына қайран қалам!», «Би
жарыс» сынды бес кезеңді қамтыды.
Байқауды Тәрбие және әлеуметтік
мәселелер департаментінің дирек
торы Ә.Несіпбаев ашты. Әуелі,
сайыстың шарты бойынша, таныс
тыру болды. Одан кейін «Өнерлінің
өрісі кең» кезеңінде – бірі моно
лог оқып берсе, екіншісі гитарасын
қолына алып, әуелете ән шырқады.
Үкілі домбырамен күмбірлете күй
шертті, актерлік шеберлігін сынап
түрлі көріністер көрсетті.
Интеллектуалды байқау, сән
үлгісі, би жарыстарынан сүрінбей
өткен арулар көрермендер үшін
әсерлі кеш сыйлады. Жүзіктің көзінен
өткендай арулардың арасынан үздігін
анықтау әділқазыларға да оңайға
Жатақхана Аруы, Педагогикапсихо
логия факультетінің 1курс студенті
Кәмшат Нұрлан атанды. Ал, III
орынды №3 жатақхана Аруы, Фи
зикаматематика факультетінің
2курс студенті Амангелді Гауһар, II
орынды №1 Жатақхана Аруы, Жа
ратылыстану факультетінің 1курс
студенті Ибадуллақызы Тұрғанай
иеленді. I орынды №2 Жатақхана
Аруы, Қазақ филологиясы және әлем
тілдері факультетінің 1курс студенті
Жұмағали Нұрсәуле қанжығасына
байлады. Бас жүлде иегері, «Күз
ханшайымы – 2014» байқауының
жеңімпазына Студенттер үйі Аруы
байқауының қатысушысы, Өнер
және мәдениет факультетінің 1курс
студенті Құрақбай Меруерт лайық
деп танылды. Сондайақ, Жастар
саясаты қорының директоры Со
вет Саутұлы өзінің арнайы жүлдесін
Студенттер үйінің Аруы, «Қылықты
қыз» номинациясының иегері Бике
жан Юсуповаға Алматы қаласында
дәстүрлі түрде өтетін қалалық
«University Lady – 2014» байқауына
ешқандай іріктеусіз өтітіндігі
жөніндегі жолдамасын салтанатты
түрде тапсырды.
Жүлдегер қыздарға университет
логотипі салынған естелік сыйлықтар
мен «Avon» және «Сіеl» компаниясы
демеушілері өз сыйлықтарын тарту
етті.
Арай ӨТЕЕВА
соқпады. Өнерлі өнерпаздарға уни
верситеттің Тәрбие және әлеу меттік
мәселелер департамен тінің директо
ры Ә.С.Несіпбаев, Алматы қаласы,
Жастар саясаты қорының директоры
Совет Саутұлы, жас актер Тәуекел
Мүслім, 2011 жылғы «Қазақ Аруы»
байқауының финалисті, «Жас Отан»
Аруы, әнші Айгерім Қалмұратова,
тележүргізуші, жас актер Бауыржан
Сатов сынды азаматтар төрелік етті.
Сұлуларға «Avon» parfum ком
паниясы, «Сіеl parfum» компаниясы
және университетіміздің басшылығы
қолдау көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойын
ша «Өнерлі қыз» – №7 жатақхана
Аруы, Қазақ филологиясы және әлем
тілдері факультетінің 1курс студенті
Анелья Мельс, «Қылықты қыз» –
Студенттер үйінің Аруы, Әлеуметтік
гуманитарлық факультетінің 1курс
студенті – Бикежан Юсупова,
«Көрермендер көзайымы» – №5
Кезекші редактор – Нәзира ЖҰМАҒҰЛОВА