Сенбі, 2 тамыз, 2014 жыл Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады



жүктеу 7.34 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата15.03.2017
өлшемі7.34 Mb.
1   2   3   4   5   6

едіңіз?

– Теріс пиғылды секталардың іс-әрекеті де 

Агенттік  назарынан  тыс  қалып  отырған  жоқ. 

Ресми  түрде  тіркелген  діни  бірлестіктердің 

нақты бақылауда болатыны белгілі. Ал секта-

лық сипаттағы діни ұйым дар көбіне идеоло-

гия түрінде қыз мет етеді. Сондықтан оларға 

қар сы  күрес  те  идеологиялық-ағар ту шылық 

сипатта жүргізіледі. Жоғарыда сана ма  ланған 

Агенттік жұмыстарының әр бірінде дерлік сек-

талық  сипаттағы  діни  ұйымдарға  қатысты 

іс-қимылдар  қам тылған.  Ал  азаматтардың 

денсаулығы мен қауіпсіздігіне, имандылығы-

на нұқ сан келтіретін, отбасының бұзылуына, 

т.б. бүлдіргіш әрекеттерге себеп болған нақ-

ты  жағ дай лар  айқындалғанда  бұған  өз  құ-

зыреттері шегінде құқықтық органдар да ара-

ласып, тиісті шаралар қолданып келеді.

Осы  орайда  мен  Қазақстан  аза мат  тарын 

қырағылық  пен  белсен ділік  таны туға  шақы-

рар  едім.  Сек та лық  сипаттағы  ағымдардың 

қоғамға  тигізген  зардабы  туралы  ауызекі 

әңгімеде көп айтылады, ал азаматтар нақты 

жағдайлар  бойынша  құқықтық  органдарға 

шағым  жасауға  келгенде  енжарлық  таныта-

ды.  Жекелеген  діни  ағымдардың  насихаты 

салдарынан  отбасынан  айырылған,  зайы-

рлы  білім  алудан,  ақы  төленетін  еңбектен, 

медициналық  көмектен  бас  тартқан  және 

соның  кесірінен  зардап  шеккен  жандар  ту-

ралы  олардың  ата-анасы,  ағайын-туыста-

ры,  достары  дер  кезінде  тиісті  орындарға 

хабарлап отыруы қажет. Осы орайда дін са-

ласына  қатысты  барлық  мәселелер  бойын-

ша азаматтардан ақпарат қабылдауға, теріс 

пиғылды  ағымдардан  зардап  шеккендерге 

кеңесшілік-психологиялық  көмек  көрсетуге 

арналған «Қауырт желі – 114» қызметін пай-

далану қажеттігін көпшілік назарына салғым 

келеді.


Бір  ғана  мемлекеттік  органның  мүм кін-

дігі  бәріне  бірдей  жете  бермейді.  Көп  бо-

лып  көтерген  жүк  қашанда  жеңіл  болады. 

Оның үстіне адам тағдыры, азамат тағдыры 

ешбірімізді  бейжай  қалдырмауы  тиіс.  Жеке 

адам  тағдырынан  мемлекет  тағдыры  құра-

лады. Ал мемлекет тағдыры – баршамыздың 

және  әрбіріміздің  тағдырымыз.  Біз  осыны 

есте сақтауымыз қажет.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Самат МҰСА, 

«Егемен Қазақстан».

М. Әзілханов, Дін істері агенттігінің төрағасы:

Айтпай кетуге болмас, 

кентімізде дінге мойын бұрған 

жастан саны күн өткен сайын 

көбейіп келеді. Кентіміздегі 

мешіттің бас имамы Дәулет 

Жалбыр иман бұлағынан сусын-

дауға талаптанған жастарды өз 

айналасына иіріп жететін ілкімді 

істердің ұйтқысына айналып 

отырған діни сауаттылығы мол 

жан. Кент имамы дінге ықыласы 

бар шәкірттері Абылай Күдеров, 

Шыңғыс Болатхандарды «Һи-

батулла Тарази» медресесінде 

оқытуға ниеттеніп отырса, Медет 

Жақыпбековті «НұрАстана» 

медресесіне оқуға аттандырып 

салған.

Дәулет Бәркен Рамазан айын-



дағы Қадір түнін босқа жібермей 

50-ден астам намазхандарымен 

мешітте қарсы алды. Бұл түні 

хадистер уағыздалып, КМДБ 

кітаптары бойынша талғам-

ды насихаттар айтылды. Заң 

қызметкері Жанна Хматқызы өз 

отбасы атынан мұқтаж жандарға 

азық-түлік себеттерін таратып, 

мейірімділік танытты. Бұл кісі өт-

кен жылғы Құрбан айтта мешітте 

құрбандыққа қой шалынып, 

жоқ-жітіктерге таратып берген 

болатын. Қадір түнінің ертеңін-

де кентіміздің азаматы Бөле-

ген Дүзбаевтар отбасы мешіт 

дәмханасында ауызашар жасап, 

жиналғандардың батасын алды. 

Әруақтарға дұға оқытты.

Міне, осындай шапағатты 

істер маңыз алған мешітте 

кент тұрғындары Айбек Сан-

сызбаев, Сабыржан Асхатұлы 

сағынтай немересі, Еркебұлан 

Сатыпалдыұлы, т.б. отбасы-

Мұхтар ДӘУІТОВ

Бармысың аман ораза тұтқан бауырым,

Көрмей өт әркез өмірдің ауыр, дауылын

Кәміл боп иман қабыл боп ниет оразаң,

Бұйыртсын алла ерте-кеш жәннат ауылын

Жолбарыс қажы БаЯзИД.

Исламның  бес  парызының  үшіншісі    –  Рамазан  айында  ораза  ұстағандар  ауыз 

бекітіп,  алла  разылығы  және  мойнындағы  міндетті  орындап  есепсіз  сауап  алып 

жатты.  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.):  «Кімде-кім  алла  жолында  бір  күн  ораза 

ұстаса тәңірім оны тозақ отынан 100 жыл қашықтыққа алыстатады» деген. ораза 

– адам баласын дүниеде жамандықтан сақтайтын, ақыретте жәһаннамның отынан 

қорғайтын маңызды құлшылық. Біркүнгі оразаның сауабы соншалық десек бір айдағы 

ұстаған  оразаның  сауаптылығын  есептей  беріңіз!  Жезділіктер  шілденің  28-жұлды-

зынан бастап үш күн бойы рамазан айтын тойлады.

лары ауызашар дастарханын 

ұйымдастырып, Ораза айында 

ғибадат қылды. Биылғы жылғы 

Ораза айты ерекше өткенді-

гімен де көпшіліктің көңілінен 

шығып отыр. Бас имам Дәулет 

Жалбырұлы мен мұражай ди-

ректоры Зейпін Зікірқызы ортақ 

шешімге келіп, мешіт ауласына 

сегізқанатты боз үйді мұражай-

дан әкеліп, тіктірген болатын. 

Игілікті істің бастамашысы 

болған мұражай ұжымы діни 

мерекенің алғашқы күнінде айт 

шәйін өздері ұйымдастырып

шелпек-бауырсақтарын пісіріп 

әкеп, мол дастархан жайған. 

Кент әкімі Б.Әбдірайымов бір 

топ аппарат қызметкерлерін 

ертіп, әкеп, барша қауымды Айт 

мерекесімен құттықтаған бола-

тын. Мұражайлықтар самаурын-

дарын оттан үзбей, Айт шәйін 

келушілерге ұсынып, халықтың 

батасына бөленді. Ұзақ жыл-

дар бойы мұражайда қызмет 

істеп, Алматы қаласына қоныс 

аударған Алма Бимағанбето-

ва Айт күні бұрынғы ұжымына 

арнайы келіп, дастархан мәзірін 

жасасуға құлшына кірісіп кеткен 

екен. Якуда қажының жұбайы 

Майра Шәкей келіні қонақтарға 

самаурыннан шәй құйып беріп 

отырса, басқа қыз-келіншектер 

де киіз үйге кіргендерді қарсы 

алып, бәйек боп жатты.

Мешітке Сәтбаев, Жезқазған 

қаласынан, басқа да жақтан 

келіп жатқан қонақтар Айт шәй-

дан  дәм татып Дәулет имамның 

оқыған құранына қол жайды. 

Келесі күнгі түс әлетінде ауылы-

мыздың ардақты ақсақалы 

жұбайы мен баласы Қайыржан 

мен келіні Раушанмен үйлерінен 

шәй мәзірлерін дайындап әкеп, 

әруақтарға құран бағыштатты.

Үш күн бойы мешіттегі Айтқа 

келушілер тобы толастамай 

бірінде Якуда қажы, келесі 

кезекте Дәулет имамдар құран 

оқыды. Айттың нағыз қызған 

шағында қонақтарға қызмет көр-

сеткен қыз-келіншектер С.Оспа-

нова, З.Ашықбайқызы, Н.Бектұр 

келіні, т.б. жәмиғаттардың ақ 

алғысына бөленіп, ақсақалдар-

дың баталарын алды. Айттың 

соңғы мерекесі күнінде арқан 

тарту, кір тасын көтеру, т.б. ұлт-

тық ойындар дүбіріне ұласып, 

жеңімпаздар сый-сияпаттармен 

марапатталды.

Қасиетті Рамазан айындағы 

Айттың жалғасын екі ай ара-

лығында келетін Құрбан айтқа 

аман жетуімізге жазсын, ағайын!

ЖЕЗДі кенті.



4

2 тамыз, 2014 жыл 

№31 (5951)

ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ



Кенжебай АХМЕТОВ

Айрандай  ұйып  отырған  бір  жапырақ 

ауыл  кенеттен  алақұйынға  ұрынғандай, 

нілдей  бұзылды.  Нілдей  бұзылған  жоқ-ау, 

албасты  соққандай  алатопалаң  басталды 

да  кетті.  «Албасты  соққандай»  деуіміз  де 

бірден шошытып алмау үшін айтылған сөз 

ғой, әйтпесе, шынында да албасты соққан 

еді...

Ойранның  басы  ойда  жоқ  жерден,  ой-



дағы үйден шықты. Сонымен...

*     *     *

Бұл  ауыл  әу  баста  екі  бөліктен 

құралған  еді.  Қырдағы  ауыл,  ойдағы 

ауыл  болатын.  «Қырдағы»,  «ойдағы»  деп 

аталғаны  болмаса,  жіктеліп  кеткен  түгі 

жоқ,  абыр-сабыр  араласып,  ағайынды-

қарындас,  құдандал-жегжат,  нағашы-жиен 

болысып,  шым-шытырық  туысып,  мидай 

сапырылысып  жататын.  «Ана  атадан 

туамыз»,  «мына  атадан  шығамыз»  деп 

жіктеліп,  жіліктелу  әнеубір  жылдары, 

«сапқоз»  тарап,  ортақ  дүниені  бөліске 

салған жылдары, шымшымдап кіре бастады 

да,  біртіндеп  арғы-бергіні  тергіштеп,  оның 

арты араздық, алауыздыққа ұласып, ақыр-

соңында  ауылдағы  бірталай  жұрттың 

алдыңғы саптағылары облыс орталығына, 

ортаңғы  қатардағылары  аудан  басына, 

кейінгі  лектегілері  «ағайын-туысшылап» 

көршілес  ауылдарға  көшіп  кетуімен 

тынған-ды.  Ал  енді  ауылда  қалғандары 

ауылдан  көшіп  кеткендердің  босап 

қалған  үйлеріне  қоныстанып,  «көшіп-қону 

дәуірін»  алақандай  ауылдың  өз  ішінде  де 

жалғастырып  әкеткен.  Анықтап  айтқанда, 

ескі  үлгіде  салынған  «ойдағы  ауылдың» 

жайпақ үйлеріндегілер «қырдағы ауылдың 

шатырлы  үйлеріне»  қоныс  жаңартқан. 

Сол  тұста  шатырлы  үйлерден  шаңырақ 

бұйырмай,  ойда  қалып  қойған  жалғыз  үй 

бар еді. Ал оның иесі Оязбек болатын. 

«Сәбет  заманында  «Оязбек»  деп  ат 

қойып жүрген қайсы екен?» – деп ойланып 

қалсаңыз, оны да айта кетейік. Бұл жерде 

оның өзінің де, өз әкесінің де кінәсі жоқ, әлгі 

атты қойып жүрген әкесінің әкесі еді. Сірә, 

ол  шал  «сәбет  заманының»  өзінде  «ояз 

билігін»  іштей  аңсап  жүрген  болуы  керек. 

Жарайды,  бұл  енді  оның  өз  шаруасы,  біз 

өз хикаямызға көшейік. Сонымен, Оязбек...

*     *     *

Оязбек  ерте  оянуды  ұната  қоймайтын. 

Өйткені бітпей жатқан шаруа жоқ. Қорадағы 

төрт-бес  қой-ешкі  мен  жалғыз  сиырды 

жайғастыратын  «қатын»  бар.  Оның  да 

жайғастыратындай  ештеңесі  жоқ,  ертерек 

тұрып, қораның есігін ашып қойып, өзі сәл 

әріректегі әжетханаға бет түзесе болды, ар 

жағын төрт аяқтылардың өздері де біледі. 

Ауыл  сыртына  кетеді,  оттайтынын  оттап, 

ішетінін  ішіп,  кешкісін  қайтып  оралады. 

Міне, бар шаруаңыз осы. Соған бола жылы 

төсекті тым ерте суытудың не қажеті бар? 

Ә, иә.., сонымен, Оязбек...

...Оязбек  сол  күні  де  асықпай  оянған. 

Қашандағыдай  жанында  жан  баласы 

жоқ,  жалғыз  жатыр  екен.  Әйелінің  орнын 

сипалап еді, әлі суи қоймапты. «Е, бұл да 

жаңа тұрған екен ғой», – деп ойлады, – Қой-

ешкісін  шығарып,  шәйнегін  сылдырлатып 

жүрген шығар. Әлде шәйін қамдап қойып, 

мені  күтіп  отыр  ма  екен?»  Ауыз  үйдің 

тықыр-тықырына құлақ түре қоймақ болып, 

көрпесін  кеудеге  дейін  түсіре,  ысырып 

қалып  еді,  әлдебіреу  үстіне  мұздай  су 

құйып  жібергендей,  тұла  бойы  дір  ете 

түсті. «Ищ-щай!.. Мына үй азынап тұр ғой!» 

–  деп,  жылы  көрпенің  астына  қайтадан 

сүңгіп кеткен. Көрпесін тас бүркенген күйі: 

«Қатынға  айтып,  пеш  жаққызу  керек»  – 

деген  түйін  жасады.  Әлі  де  жата  тұрғысы 

келіп еді, бірақ аса маңызды бір шаруасы 

ойына  түсіп  кетіп,  қабырғада  ілулі  тұрған 

аумағы  тегенедей  дәу  сағатқа  көрпе 

астынан  сығалай  көз  салды.  Өзін  өзі 

қамшылағандай: «Енді тұрмасақ, болмас», 

– деп сыздана күбірледі де, көрпенің етек 

жағынан  сол  аяғын  шығарып,  әрлі-берлі 

жыбырлатып,  әлдене  іздей  бастады. 

Іздегені  «қалаға  қаңғып  кеткен  ұлдан» 

қалған,  әбден  ақжемі  шыққан  джинсі 

шалбар  екен,  онысына  өкшесі  тиісімен, 

оң  аяғын  да  жып  еткізе  шығарып,  қос 

аяқпен қысып алды да, көрпе ішіне сүйреп 

кіргізді.  Көрпе  астында  қолымен  аударып, 

төңкеріп  отырып,  ышқыр  тұсын  тауып 

алған соң, шалбар кию қиынға соға қойған 

жоқ.  Белден  төменгі  жақ  жабылған  соң, 

қалғанына  Оязбек  қатты  алаңдамады. 

Аяқ-қолды  қатар  сермеп,  көрпені  ысырып 

тастады  да,  орнынан  көтерілді.  «Әкемнен 

қалған  көз  ғой»,  –  деп  үй  ішінде  үстінен 

тастамайтын  көк  шапанды  жастығының 

астынан алып шықты да, иыққа ілді. Жалаң 

аяқ қалпынша, ышқырын қыса ұстаған күйі 

ауыз үйге беттеді. 

Күнтай  ауыз  үйде  отыр  екен.  Күйеуінің 

тыпыр-тыпыр  тіршілік  белгісін  естіген 

бойда шәйнегін қайтадан қоса қойса керек, 

ол  жарықтық  қақпағын  тепкілеп,  буын 

бүркіп, бұрқылдап тұр. 

Оязбектің  көзі  Күнтайдан  бұрын,  төрт-

бес  тілім  нан,  кесеге  жартылай  салынған 

құмшекер,  алақандай  тәрелкенің  бір 

шетінде  ғана  жатқан  екі-үш  қасықтай  май 

қойылған  үстел  үстіне  түсті.  «Маладес-ей 

өзі!» – деп әйеліне іштей риза боп қалды. 

Күнтай  да  осыны  сезгендей:  «Кебісіңді 

сүртіп  қойғам»  –  деп  үн  қатқан.  Жымың 

еткен  Оязбек  кебісін  киіп,  сәл  тұрды. 

«Ауыңды  түймелемейсің  бе,  біреу-міреу 

көріп  қалса,  ұят  болар...»  –  деп  Күнтай 

тағы  сөз  қосқан.  Енді  үнсіз  қалуды  жөн 

санамаған Оязбек: «Кім көрер дейсің? Таң 

атпай кім келе қоюшы еді? Сосын...» – деп 

немқұрайдылау  жауап  қайырған.  Неге 

екенін  өзі  де  анық  түсінбестен,  осы  сәтте 

көңілі көтеріліп қоя берді.

Тоқ  көңілмен  дәліздің  есігін  итеріп,  әрі 

қарай  өте  шықпақшы  еді,  қас  қылғандай, 

қап-қатты  бірдеңе  тура  тілерсектен 

оңдырмай 

соғып, 


табалдырықтан 

екпіндеп  аттай  берген  Оязбек  етпетінен 

құлай  жаздады.  Шалынып,  сүрініп  жүріп, 

аядай  дәліздің  қарсы  қабырғасындағы 

қолжуғыштың қақпағын салдырлатып, суын 

шашыратып, әзер тоқтады. «Ат-таңа нәлет! 

Бұл  не  пәле?!»  –  деп  арт  жағына  адырая 

қараған. Көргені – жайшылықта аяқ астында 

жалпасынан жайылып жататын көне тулақ. 

Шеттері  қайқиып-қайқиып  тұр  екен.  «Ат-

таңа нәлет!..» – деп тістене сөйледі де, бір 

тепті.  Теуіп  қалғанда  пытыр-пытыр  еткені 

болмаса,  көне  тулақ  ештеңеге  қатысы 

жоқтай,  еш  айыбы  жоқтай  болып,  шеттері 

қайқия қайрылып жата берді. 

Оязбек  сыртқа  шықты.  Айналаны 

қырбық  қар  басыпты.  Бетке  болмашы 

аяз  лебі  ұрған.  «Е-е,  үйдің  ызғып  кеткені 

осыдан  екен  ғой...»  –  деп  түйді.  Әппақ 

қарға үйрене алмай тұрған көзі жасаураған 

күйі  үй  төңірегін  шолып  өткен.  Қораның 

артына барып қайтқан әйелінің ізінен басқа 

із көре алмады. «Малды неге шығармаған? 

– деп сәл ойланып тұрды да, – Бір білгені 

бар шығар?..» – деп қоя салды.

Алғашқы қар жаңартып өткен таза ауаны 

жақтырмай  қалғандай,  мұрны  тынымсыз 

жыбырлап  кетті  де,  ақыры  шыдамаған 

Оязбек 

түкірігін 



бүрке, 

жан-жағын 

жаңғырта,  дауыстай  түшкірді.  Шапанының 

жеңімен бет-ауызын сипап өтті де, кебісін 

тырп-тырп басып, әйелінің ізіне түсті...

Оязбек  оралған  кезде  Күнтай  қара 

шайды  сыздықтата  ішіп  отыр  еді.  Бұған 

қарап,  «Жайғаса  бер!»  –  дегенді  көзбен 

ұқтыра, төрді меңзеді. «Күте тұрса не етер 

еді!?» – деп іштей шамырқанып қалса да, 

Оязбек  үндемеді.  Ішкі  ызасын  аңдатқысы 

келгендей,  текеметтің  көрпе  төселмеген 

тұсына әдейі отыра кетті. Әйелі қараған да 

жоқ. Сөйлеу керек болды.

– Бүгін де қара шай екен ғой?..

– Сүт таусылғалы қашан, қара сиыр бұ-

заулағанша күтеміз енді.

– Біреу-міреуден сұрап алмадың ба?

– Кім беруші еді?!. Бәрі: «Ақша! Ақша!..» 

–  деп  жалаңдап  отырған  жоқ  па?!  «Мә, 

саған, мә, маған»-ның заманы ғой бұл!..

Оязбек  үндемеді.  Үндеуге  болмайтын. 

Ақша  мәселесі  ең  жанды  жері  еді.  Әйелі 

көздемей-ақ  дөп  тигізді.  Оязбектің  көкірек 

тұсы дыз ете түсті. 

Неге екенін, не екенін өзі де түсінбейді, 

әйтеуір, соңғы кездері жанын қарып түсер 

бірдеңе  естісе,  яки  бірдеңе  көрсе,  кеуде 

тұсын  от  қарып  өткендей,  түсініксіз  бір 

сезімді  бастан  кешетін  боп  жүр.  Сондай 

сезім қазір де белгі беріп өткен. Бұған бой 

алдырмай,  әңгіменің  бетін  бұру  қажеттігін 

Оязбек ішкі түйсігімен сезінді.

–  Қара  шәй  да  дұрыс  шығар.  Әлсен 

білгіш: «Қара шәй қан айналымына жақсы» 

– деп жүр ғой.

– Әлсенің соға береді. Пайдалысы – көк 

шәй. Телевизордан айтқан.

«Тәшкенде  нағашысы  отырғандай,  көк 

шәйшілін  мынаның!  Көк  шәйдің  пайдалы 

екенін  мен  білмей  жүргендей!  Оны  кім 

бере  қоймақ?!»  Қайта-қайта  тосыла 

бергеніне  шамданған  Оязбек  қолындағы 

кеседен  қаттырақ  ұрттап  жіберген.  Ыстық 

шай  ауызын  күйдіріп,  өңешін  тіліп  өтті. 

Көзінен жас та ыршып кеткендей еді. Күн-

тай аңдап қалған екен, мырс етті. Әйелінің 

бұл қылығы мұның шара таппай қалғанын 

біліп, мазақтап, кекетіп, кемсітіп тұрғандай 

көрінді.  Іштей  қорланып  қалған  Оязбек 

есесін  жібергісі  келмей,  енді  басқа  тұстан 

қиялады. 

– Малды неғып шығармағансың? 

Әйелі абыржи қоймады. Ауызына салып 

үлгерген  нанды  асықпай  шайнап,  бір 

ұрттам шәймен шылап, ішке жөнелткен соң 

ғана тілге келді:

–  Аяздың  беті  қайтқанша,  қорада  бол-

сын дегенім ғой...

«Қораң  жетісіп  тұр  ма  еді?!»  –  дегісі 

келген,  бірақ  айта  алмады.  Әйелі  мұның 

өзіне  бассалатынын  білетін.  Шамалы 

үнсіз отырды да, әдейі сөз бағытын бұрып 

жіберді.


– Ана қыз бүгін тиетін шығар.., – деген.

Күнтай  бірден  түсінді.  Бұл  жолы  іліп 

әкетті.

–  Қайдам?..  Әнебіреу  қыстырылысып 



жүр ғой.

– Осылардікі не өзі? Адам жетпегендей, 

бірінікіне бірі таласып, бір шаруаны бітіре 

алмай қояды, әйтеуір...

–  Е,  кино  емес  пе?  Созу  керек,  сосын 

созбақтай береді ғой...

Екеуара  әңгіме  осымен  тынды.  Қара 

шайды  сораптай  берер  ме  еді,  кім  білсін, 

бірақ  екеуінің  де  іштей  күтіп  отырған 

уақыты  жетті  де,  апыл-ғұпыл  «аллау 

әкпарын» айтып, әлденеден құр қалардай, 

орындарынан  жарыса  көтерілді.  Күнтай 

дастарханның  бір  шетімен  нанның  бетін 

жауып үлгерді...

*     *     *

Бұл  үйдің  ең  құрметті  жері  төргі  бөлме 

болатын.  Әзелден  қалыптасқан  дәстүр 

бойынша,  төргі  бөлме  үш  шаруаға  ғана 

пайдаланылатын.  Оның  біріншісі  және 

анда-санда  атқаратын  міндеті  –  бірер 

сағаттық  қонақ  күту  бөлмесіне  айнала 

тұру,  екіншісі  –  «қалаға  қаңғып  кеткен  екі 

ұл»  келе  қалса,  солардың  алаңсыз  ұйқы 

соғуына  жайлы  орын  болу,  ал  үшіншісі 

және  ең  негізгі  шаруасы  –  Оязбек  пен 

Күнтайға сериалхана қызметін көрсету.

Міне,  сол  бөлме  қазір  де  өзінің  негізгі 

парызын өтеп жатқан еді. Осы мақсат үшін 

бұл  бөлмеде  бір  диван,  бір  теледидар 

және 


Күнтайдың 

төркінінен 

келген 

«алматинский  кілем»  қызмет  көрсететін. 



Бүгінгідей  асығыс  келіп  қалмаса,  қос 

көрермен  астарына  көрпе  төсеген  болар 

еді.  Бірақ  бүгін  ондай  жайлы  жағдай 

жасап жүруге уақыт мүмкіндік бермеген-ді. 

Сондықтан  Оязбек  пен  Күнтай  теледидар 

тұрған  қабырғаға  қарсы  беттегі  диванға 

арқаларын  тіреп,  тықыр  кілемге  отыра 

кеткен. Олар сериал қараған кезде диванға 

отырмайтын.  Әрине,  қазақылықтарын 

сақтауды қатты құнттағандықтан емес, сәл 

қозғалса, әлгі диван шиқылдап, сықырлап, 

киноны дұрыстап көруге мүмкіндік бермей, 

жүйкеге тиетіндіктен, оны тек арқа тіреуге 

ғана пайдаланатын. Сонымен...

Сонымен,  мына  жігіт  ана  қыздың,  ол 

қыз  әнеубір  жігіттің,  ол  жігітіңіз  мына 

жігіттің  бәденділеу,  сұлулау,  дәулеттілеу 

шешесінің  соңынан  жүгіріп,  махаббат 

жолында сүрлігіп жүруінен тұратын, сөйтіп 

жүргенде  алғашқы  айтқан  мына  жігітімізге 

ана жігіттің өгей шешесі ғашық боп қалып, 

не  боп  кеткенін  әлгілердің  өздері  де 

түсінбей,  әбден  шатысып  қалатын  кезекті 

сериалдың  кезекті  сериясын  Оязбек  пен 

Күнтай  тапжылмай  көріп  отырды.  Әлгінде 

шай  үстінде  екеуін  де  мазалап,  ойларын 

алаңдатқан  аса  мәнді  мәселе  –  «Ана 

қыздың күйеуге тию-тимеу жайы» бүгін де 

шешілмей қалды. Оның есесіне, мына жігіт 

үздігіп жүрген ана қыздың шешесімен әлгі 

жігітіміздің  әкесі  бір  кездері  әуейіленген 

бе,  әйтеуір,  сондай  бірдеңелердің  шеті 

шығып, жігіттің әкесі осы жәйтті баласына 

айтуға  оқтала,  оның  бөлмесінің  есігін 

аша  бергенде,  әйелі  шыға  келіп,  қолынан 

ұстай  қалды  да,  бүгінгі  серия  да  ештеңе 

шешілместен аяқталды.

Ерлі-зайыпты  екеу  біріне-бірі  меңірейе 

қарасты. Дәл осы кейіптері әлдебір қу бала 

қолдарындағы  тәттісін  алдап  алып  қойған 

аңқау  балалардың  түрін  елестетер  еді. 

Әуелі ес жиған Күнтай болды.

– Қой, құрысын... Малымды өріске жібе-

рейін, – деп орнынан қиқалақтай көтерілді.

Әлдебір  маңызды  істің  шешімін  таба 

алмағандай,  теледидарға  ойлана  қарап, 

отырып қалған Оязбектің:

–  Әй,  қатын,  тұра  тұр!  –  деген  дауысы 

оқыс шықты.

– О не?


–  Менің  бір  түсінбейтінім  мынау:  осы-

ларда  жұмыс  жоқ  па?  Қашан  көрсең  де, 

бірін-бірі қуалайды да жүреді ғой...

– Құдай-ай, сол ма еді!.. Бұлар да өзіміз 

сияқты  шығар.  Біз  де  отырған  жоқпыз  ба, 

бір-бірімізді аңдып...

«Бұл  итке  дауа  жоқ.  Айналдырып 

әкеп,  өзіңе  тіреп  қояды»,  –  деп  өз  ішінен 

наразылана  күңкілдеген  Оязбек  те 

жерден көтеріліп, шапанының етегін қағып 

жіберді  де,  ауыз  үйге  тіке  тартты.  Пеш 

жанында  жұмарланып  жатқан  тоқыма 

шұлығын, одан соң ұлдан қалған бәтеңкені 

асықпай  киді.  Қабырғаға  сойдия  қағылған 

шегелерге  ілінген  киімдердің  арасынан 

қалыңдау  жемпірін  алды,  оның  сыртынан 

көк  шапанын  жамылды.  Құлағы  артқа 

қайырыла  байланған  құлақшынды  да 

ұмытпады.

Әлгінде «Малды өріске жіберем», – деп 

ширақтық  танытқан  Күнтай  бұл  сәтте  әлі 

шашылып жатқан төсек пен сол бөлмедегі 

басқа  да  бірдеңелерді  жинап,  «Бала  жоқ, 

шаға  жоқ,  осы  үйдің  іші  қалай  ыбырсып 

кетеді?!.» – деп өзіне өзі күңкілдеп, қолына 

іліккендерін  орын-орындарына  қойып 

жүрген...

Оязбек  үйден  шықты.  Шым-шым 

аязға  серіктесе,  қар  қылаулап  тұр  екен. 

Аз  уақыттың  ішінде  әлгіндегі  өздерінің 

іздерінен белгі де қалмапты. Жерге түсуге 

де  ерінгендей,  баяу  қалқи  кеп,  қонып 

жатқан  әппақ  қарға  сүйсіне  қарап:  «Күн 

тамаша  екен!»  –  деді  де,  сергек  көңілмен 

айналаға  көз  жүгірте  бастады.  Әппақ 

дүниені  көзбен  шарлай  келіп,  қырдағы 

ауылға  жанар  тіктеді.  Қырдағы  тірлік  қызу 

сияқты.  Жұрттың  бәрі  қауырт,  асығыс  си-

яқты.  Әлденендей  жаңалықты  бір-біріне 

жеткізуге  асыққандай,  жолдары  тоқайла-

са  қалса,  сәл  ғана  аялдайды  да,  тез-тез 

адымдап,  әрі  қарай  кетеді.  Бір-екеуі  ғана 

емес, бәрі солай. Бірақ солардың бірде-бірі 

бұл  жаққа,  ойдағы  үй  жаққа  бұрылып 

қарар емес. Тіпті ойдағы үйде тірі жан бар 

екенін ұмытып кеткендей. Сол сәт миының 

қараңғылау түпкірінен: «Әлде бұлар әдейі 

ұмытқансып  жүр  ме  екен?!»  –  деген  суық 

күдік сумаң ете түскен. Кеуде тұсы әлдекім 

ине сұғып алғандай тыз ете қалды. Өзін өзі 

іштей сабырға шақырған Оязбек: «Қой, не 

де болса, бара көрейін», – деп ұйғарды да, 

қырға қарай бет түзеді.

Бұл  кезде  Күнтай  төсек-орынды 

біршама реттестіріп, енді ас үйді тәртіптеп 

қоюды ойлап тұрған. Өйткені ол да қырдағы 

ауылға барып қайтуға аңсары ауып, үйден 

біржола  шығуды,  малды  өріске  сол  кезде 

бағыттап жіберуді жөн санап қойған еді. 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет