Септеу категориясы және септік жалғаулары. Септеу категориясының даму ерекшеліктері



бет1/5
Дата09.06.2022
өлшемі23,19 Kb.
#36622
  1   2   3   4   5
Байланысты:
зат е


Септеу категориясы және септік жалғаулары. Септеу категориясының даму ерекшеліктері. Түркі тілдерінің V-VIII ғ. ескерткіштері тіліндегі септік жалғаулары кейінгі XI-XV ғ.ескерткіштері тіліндегі сондай категориямен грамматикалық қызметтерінің жіктелуі жағынан да, қолданылу тұрғысынан да бірдей емес. V-VII ғ. Көне түркі тіліндегі кейбір септіктер екі не үш түрлі грамматикалық мәнде қолданылған, яғни ол тілде септіктердің диффузиялық күйі байқалады. Онда , сонымен қатар, септік жалғауларының шылаулар жетегінде айтылуы да енді қалыптаса бастаған құбылыс ретінде ғана көрінеді. Қазіргі түркі тілдеріндегі септік жалғаулары басты екі топқа – грамматикалық септіктер мен көлемдік септіктерге жіктелетіні белгілі. Көне түркі тілінде де нақ осы із бар. Ал септік жалғауларының тілдің даму процесінде семантикалық жіктелуі осы ек ітоптың әрқайсысының өз ішінде болған құбылыс.
Септік жалғауларының морфологиялық және семантикалық дамуы екі түрлі грамматикалық категориямен тығыз байланысты: тіл құрамында жалғаулардың пайда болып, молаюы және етістіктердің меңгеру қабілетінің өзгеріп, кеңеюі.
Негізгі септелетін сөздер – зат есімдер. Алайда қазіргі тілде субстантивтенген кез келген сөз септік жалғауларын қабылдайды. Осы із түркі тілдерінің тарихында жаңа емес, дегенмен, қазіргі тілдегідей етек алмаған.
Атау септік. Атау септік тұлғасы ескі жазбалар тілінде мынандай қызметт ежұмсалған: Атау септік тұлғасы өзінің тура мағынасында қолданылған: Аганияз ер ағыр бедісміс (М). «Аганияз қою (әдемі) оюлады: Ілкі сен барғыл» (МҚ) «Алдымен сен бар». Зат есімдер де, есімдікте де атау тұлғасында жұмсалып, сөйлем бастауыш қызметінде келген. Ілік септік қызметінде жұмсалуы: Білге Тонықұқ бен өзүм табғач іліңе қылынтым (Т). «Данышпан Тонықұқ мен өзім табғачтың еліне қол арттым». Кімі ічре олдуруп, Іле сувын кечтіміз, ұйғыр таба башланып, мыңлақ елін ачтымыз (МҚ). «Кемеге отырып, Іленің суын кештік, ұйғырға дейін барып, Мыңлақ елін аштық». Табыс септік орнына жұмсалуы: ічін, ташын адынчығ бедіз уртуртым, таш тоқытдым (ҚТ). Іш-тысынайрықша өрнектеттім, тасты қойғыздым. Мұндай факт атау септік пен табыс септіктің тұлғалық омонимиясы, белгілі бір синтаксистік қызметте – тура толықтауыш болып жұмсалуы өте архаикалық құбылыс екенін көрсетеді. Жатыс септік орнында қолданылуы: Өтүкен иір олурып арқыш-тіркіш ысар, нең буңуғ йоқ. Өтүкен йыш олурсар, бенгі іл тута олуртачы сен, түрк будун, тоқ (КТ). «Өтукен жерінде отырып, керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. Өтукен қалыңында отырсаң, мәңгі тұтас боласың сен, түрік халқы, тоқ боласың».Қазақ тілінде атау тұлғасының жатыс септік орнына қолданылуы кездеспейтін факт. Құралдық септік мәнінде қолданылуы: Тоқуз йаңыңа сү йорылым (М) . Айдың тоғыз жаңасында әскермен шабулға шықтым. Құралдық септік қызметінде қолданылуы V- ІХ ғ. Жазбаларында жиі кездеседі. Бірақ бұл қолданыс ХІ-XV ғ. Ескерткіштері тілінде байқала бермейді. Барыс септік орнына қолданылуы: «Бабурнаме» тілінде атау тұлғаның барыс септік орнына қолданылуы кездеседі. Бұхара барды – Бұхараға барды. Мен бу тарап келдім – Мен осы маңға келдім. Атау тұлғасы шығыс септік орнына жұмсалуы да кездесіп отырады: Көгмен аша қырқыз йіріңе тегі сүледіміз. Көгменнен асып қырғыз жеріне дейін шабулдадың (КТ). Иол азылды – жолдан азды (МҚ).
Көне түркі тіліндегі атау тұлғасының көп функциялылығы жалпы септік жалғауларының бір-бірінен ара жігін айқындамауының,түгелдей жіктелмеуінің нәтижесі деп қана қараған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет