Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері



бет8/83
Дата07.01.2022
өлшемі5,18 Mb.
#18637
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83
4.2 Газ тұтыну нормалары
4.2.1 Елді мекендерді газбен қамту мәселелерін шешу кезінде газды пайдалану келесілерге қарастырылады:


  • халықтың жеке-тұрмыстық қажеттіліктері: тағамды, ыстық суды, жеке тұрғын жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жылытуды дайындау, ал ауылдық елді мекендер үшін үй жағдайында жануарларға азық дайындау және су жылыту үшін;




  • тұрғын үй және басқа да қоғамдық ғимараттарды ыстық сумен қамтамасыз ету, жылыту және желдету үшін;




  • өндірістік және коммуналды –тұрмыстық тұтынушылардың қажеттіліктері және жылыту үшін қарастырылады.

4.2.2 Әрбір тұтынушы санаты үшін жылдық газ шығынын газ тұтынушылар – объектілерінің даму болашағын ескере отырып, есепті кезең соңында анықтау қажет.


Есепті кезең ұзақтығы газ тұтынушылар – объектілерін дамыту келешекті жоспары негізінде белгіленеді.
Халықтың тұрмыстық мүдделеріне газды тұтыну көлемін анықтау кезінде ұжымдық (жалпы үйлік) есептеу құрылғыларымен газды тұтыну көлемін өлшеу нәтижесінде алынған мәліметтердің болуы кезінде ұқсастық әдістер немесе есептік әдіс қолданылады. Егер де, ұжымдық (жалпы үйлік) есептеу құрылғыларымен газды тұтыну көлемін өлшеу нәтижелері болмаса.

6


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
4.2.3 Тұрғылықты халықтың (жылытуды есептемей), халыққа тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, қоғамдық тамақтану, нан және кондитерлік бұйымдар өндіру кәсіпорындары, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдарының жылдық газ шығынын А қосымшада берілген жылу шығынына нормалары бойынша анықтау ұсынылады.


  • қосымшасында көрсетілмеген тұтынушылар үшін газ шығыны нормасын басқа отын түрі шығыны нормалары бойынша немесе пайдаланылатын отынды ПӘК ескере отырып газдық отынға ауыстыру шығындары бойынша анықталады.

4.2.4 Қалалардың және басқа да елді мекендердің бас жоспарлары жобаларын жасау кезінде іріленген газ тұтыну көрсеткіштерін қолдануға болады, газдың жану жылуы 34

МДж/м (8000 ккал/м ) болғанда 1 адам тұтынатын м /жыл газ:


  • орталықтанған ыстық сумен қамту бар болған жағдайда - 120;




  • ыстық сумен газдық су жылытқыштардан қамту кезінде - 300;




  • ыстық сумен қамту түрлері болмаған жағдайда - 180 ( ауылдық елді мекенде 220 ).

4.2.5 Сауда кәсіпорындарының, өндірістік емес сипаттағы тұрмыстық қызмет


көрсету орындарының қажеттіліктеріне жұмсалған жылдық газ шығынын тұрғын үйлер қосынды жылу шығынының 5% мөлшерінде қабылдау керек.
4.2.6 Өндірістік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қажеттіліктеріне жұмсалған газ шығынын осы кәсіпорындардың отын (жылу) шығыны технологиялық нормалары жылу тұтыну (газдық отынға ауысу кезінде ПӘК өзгерісін ескере отырып) мәліметтері бойынша анықтайды.
4.2.7 Жылыту, желдету және ыстық сумен қамту қажеттіліктеріне жұмсалатын
жылдық немесе есепті сағаттық жылу шығыны ҚР ҚНжЕ 4.01-41,
ҚР ҚНжЕ 4.02-42, ҚР МНЖ 4.02-02 нұсқауларына сәйкес анықтайды.
4.2.8 Жануарларға азық дайындау және су жылыту үшін жылдық жылу шығынын 1
кесте бойынша анықтау ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет