Шара ашық тәрбие сағатының тақырыбы



бет1/2
Дата05.05.2023
өлшемі19,7 Kb.
#90400
түріСабақ
  1   2

ТӘРБИЕЛІК ІС-ШАРА


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Кедейшілікті жою» тақырыбы бойынша Отбасы Банк қызметкерімен кездесу.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге қалай ерте баспаналы болу жолдарын көрсетіп, кедейшілікті азайту мақсатында оларға кеңес беру.
Өткізілетін күні: 06.04.2023
Өткізілетін уақыты: 13:00-14:00
Өткізілетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті, 321 аудитория.
Сабақ формасы: ашық тәрбие сағаты
Топ: 1 курс қазақ тобының студенттері.


17 қазан Халықаралық кедейшілікті жою үшін күрес күні. Дүниежүзілік банктің есептеуінше, әлемдегі халықтың жартысына жуығы негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыра алмай отыр.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, кедейлік – бұл негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру, қоғамда қолайлы деп саналатын өмір сүру деңгейін ұстап тұру мүмкіндігінің болмауы. Сонымен қатар, материалдық қиындықтар әлеуметтік ортаға, өзін-өзі қабылдауға және адамның көзқарасына әсер етеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус пандемиясы 100 миллионнан астам адамды кедейлікке ұшыратты және төрт миллиардтан астам адамды әлеуметтік қолдаусыз қалдырды, – деп мәлімдеді.
Дүниежүзілік банктің биылғы жылғы есебіне сай, әлем елдері Сovid-19 пандемиясының әсерін сезінуді жалғастырды. Бұл дағдарыс салдары бойынша бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті, оның белгілері денсаулық сақтау жүйелеріне шамадан тыс жүктеме, «локдаунның» кең таралуы, мектептердің жабылуы, азық-түлік жеткізіліміндегі үзілістер және кірістердің азаюы болды. Мұның бәрі кедейлерге, әйелдерге, қарттарға, экономикадағы бейресми қызметкерлердің және халықтың басқа да осал топтарына ерекше ауыртпалық әкелді.
Пандемия кедейлікті азайту саласында бірнеше онжылдықтар ішінде қол жеткізілген прогресті жоққа шығарды және осы дағдарыстық жағдайды едәуір қиындықпен еңсеретін көптеген ел қарыз дағдарысы қаупіне тап болады. Елдер пандемияның медициналық, экономикалық және әлеуметтік салдарымен күресуді жалғастыруда және осы жағдайларда халықаралық ұйымдардың, экономикасы қуатты елдердің көмегін айқын түрде қажет етеді. Кедейшілікке ұшыраған халықтың басым бөлігі Оңтүстік Азия және Сахараның оңтүстік жақ бөлігінде тұрады. Бұл елдерде кедейшілік деңгейі онсыз да жоғары болатын. 2021 жылы бұл сан 143-163 млн адамға жетеді деген болжамдар бар. Бұл «жаңа» кедейлер тұрақты кедейшілік шегінде тұратын 1,3 млрд адам қатарын толықтырады.
Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде жалпы халықтың әл-ауқат деңгейі 2012 жылдан бастап жағымды динамиканы көрсетіп, кедейлік деңгейі төмендеді. Бірақ, коронадағдарысқа байланысты бүкіл әлемде, соның ішінде осы аймақтарда кедейлердің саны 20 жылда алғаш рет айтарлықтай өсуі мүмкін.
Күніне 3,20 доллардан аз (шамамен 1362 теңге) өмір сүру табысы орташа деңгейден төмен елдердегі кедейлік шегінің орташа деңгейін көрсетеді, ал күніне 5,50 доллар (шамамен 2341 теңге), бұл табысы орташа деңгейден сәл төмен елдердегі стандарттарды көрсетеді. Яғни, кедейшілікті бақуатты өмірден ажырататын шек әртүрлі қоғамдарда әртүрлі жолдармен өтуі мүмкін: бай елдерде кедейлік деп саналатын нәрсе кедей елдердегі өмір сүрудің лайықты деңгейіне айналуы мүмкін.
Орталық Азияны зерттеу институтының мәліметтеріне сәйкес, Орталық Азияда табысы орташадан жоғары елдерге Қазақстан, ал орташадан төмен елдерге Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан жатады. Институт сарапшылары мемлекеттік биліктің 2000-2010 жылдары жүргізген саясатының арқасында экономикалық өсудің жоғары қарқыны сақталды және басындағы нашар бастапқы жағдайлар болғанына қарамастан, іс жүзінде Ресей деңгейіне жеткен Қазақстандағы жағдай неғұрлым қолайлы болып табылады. 1,9 доллар шығындармен өлшенетін тақыр кедейлік 2019 жылы республика аумағында іс жүзінде болған жоқ, ал соңғы жылдары халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейі айтарлықтай өсті. 5,5 АҚШ доллары есебінен жан басына шаққанда Қазақстанда кедейлік деңгейі 2011 жылғы 65%-дан 2017 жылы 8,5%-ға дейін төмендеді.
Шынымен де, Қазақстан 2002 жылдан бастап кедейлікпен күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген болатын. 2002 жылы елде кедейлік деңгейі 28%-ды құраса, ал 2009 жылға қарай ол 2%-ға дейін төмендеді. Үшінші мыңжылдықтың бірінші онжылдығында кедейлік деңгейінің төмендеу қарқыны жылына 4 пайыздық тармаққа төмендеді, содан кейін ел табысы төмен елдерге қолданылатын көрсеткіш бойынша кедейлікті іс жүзінде жойды (күніне $3,2). Елде күніне $1,9 халықаралық кедейлік көрсеткішімен өлшенетін төтенше кедейлік дерлік жойылды. Дегенмен, Қазақстанда кедейлік деңгейі төмендей берсе де, төмендеу қарқыны айтарлықтай баяулады, – деп атап өтті Дүниежүзілік банк сарапшылары. Дегенмен, көптеген проблемалар шешілмеген күйінде қалып отыр, бұл республиканы экономикалық дағдарыстарға осал етеді. Олардың ішіндегі ең елеулі екеуі 2005 және 2013-2016 жылдары тіркелген, нәтижесінде көптеген қазақстандықтар кедейлік шегінен төмен жағдайда болған.
Статистикалық деректер өткен кезеңдегі қоғамның даму деңгейін көрсетеді. Осы мәліметтерге сәйкес, 2021 жылы елдегі кедейлік деңгейі нашарлады. Қазақстандағы барлық үй шаруашылықтарының ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (34,3 мың теңге) төмен кедейлердің үлесі 2021 жылғы 1 тоқсанда 4,5%-ды құрады. Салыстыру үшін, өткен жылы дәл осы кезеңде бұл көрсеткіш 4%-ға тең болды. Бұл ретте қалаларда кедейшілік күшейе түсті – кедей үй шаруашылықтарының үлесі 2,4%-дан 3,2%-ға дейін өсті. Ал ауылдық жерлерде жағдай тұрақты жоғары болып қалуда – 6,3%.
Егер 2021 жылдың 1-тоқсанындағы ең бай және ең кедей үй жан басына шығынын салыстыратын болсақ

  • орташа алғанда, кедей үй шаруашылықтарында жан басына шаққанда бар болғаны 26,8 мың теңге,

  • ал ең бай үй шаруашылықтарында – 156 мың теңге жұмсалады.

Бұл 5,8 есе айырманы құрайды. Бұл ретте кедей үй шаруашылықтары бай шаруашылықтарға қарағанда орташа 5 есе аз жұмсайды.
Табысы 34,3 мың теңгеден төмен үй шаруашылықтарының ең көп үлесі Түркістан облысында тіркелген (9,1%). Сондай-ақ, мұндай үй шаруашылықтарының үлесі өте жоғары: СҚО – өңірдегі барлық үй шаруашылықтарының 6%-ы, Маңғыстау облысында олардың үлесі 5,8%-ға жетеді.
Ал ең үздік көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Мұнда үй шаруашылықтарының тек 1,6%-ы 34,3 мың теңгеден аз алады. Сондай-ақ, төменгі көрсеткіштер келесі аймақтарда сақталады: Қарағанды облысында үй шаруашылықтарының 2%, Атырау облысында – 2,8%-ы кедейшілік шегінен төмен дейгейде өмір сүреді.
Мемлекет табысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетеді дегенге келсек, жан басына шаққанда табысы 24 012 теңгеден төмен отбасыларға атаулы мемлекеттік көмек көрсетіледі. Бұл сома ең төменгі күнкөріс шегінің 70 пайызы. Яғни, осы сомадан аз табыс болса мемлекеттің қолдауына мұқтаж болып саналады.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрілігінің мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтер бойынша 816 мыңнан астам қазақстандық 122.8 млрд теңге көлемінде атаулы көмек алған.
Қазақстандық жетекші «Nur Otan» партиясы өзінің алдағы 5 жылдықтағы басты міндеті ретінде – тұрғындардың жұмыспен қамтылуын сақтау және табысын жоғарылату деп санайды.
Партияның Қоғамдық саясат институтының зерттеулеріне сәйкес, қазақстандықтарды толғандыратын топ-5 қатарына келесі мәселелер жатқан:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет