Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы Тұрар бейнесі



бет1/4
Дата02.05.2023
өлшемі20,94 Kb.
#88856
  1   2   3   4

Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе » романындағы Тұрар бейнесі
Матлап Меруерт ,Шымкент Университеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-ші курс студенті.
Ғылыми жетекші:Белгібаева Гүлнұр п.ғ.к.,магистр-аға оқытушы
Шерхан Мұртазаның кең құлашты эпикалық шығармасы –Қызыл жебе романы. Бұл роман қоғам қайраткері Тұрар Рұсқұловтың өмірі мен қызметін , 20-шы ғасырдың басында өткен қиын –қыстау заманның қасіретті де тартысты шындығын бейнелейді.Ол 5 бөлімнен тұрады1-ші кітабы Рұсқұл (1978 ж) ,2-ші кітабы Тұрар(1980ж),3-ші кітабы Жұлдыз көпір (1984ж),4-ші кітабы Қыл көпір (1991ж) және 5-ші кітабы Тамұқ(1994ж)жылдары жарық көрді. Бұл роман-эпопеяны жазу үшін қаламгер өз ғұмырының 30-жылын сарып еткен. Шығармада Тұрар тағдырын ғана емес , қазақ елініңде басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерді қамтиды. Шерхан бұл шығарманыТұрар рухына тамсана отырып, түс көре отырып,бар күш –жігерін сарып етіп,жан дүниесімен жазып шығады.Қазақ елінің азаматтары-рухты екенін өз оқырмандарына ұқтырғысы келгендей. Қызыл жебе романы әлсіреген рухты жігерлендіретін,өн бойын қайсарлыққа жетелейтін дүние.
Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан.Тұрар жайлы жазылған шығарманың 1-ші томы «Оян Тұрар»деп басталады.Бұл жалынды үнмен автор Оян Тұрар емес, «Оян қоғам»деп тұрғандай көрініс табады.Автор Тұрардың жас шағынан бастап,өскен ортасын,көрген түйгенін ,алған әсерін жан-жақты кең суреттейді.Жастайынан қиыншылық,аянышты тіршілік,қатал тағдырды көреді.
Әкесі Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай деген болысты атып өлтіреді.Өлтіруінің бірден-бір себебі –Қызыл жебе болатын. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деген қауіппен ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң,әкесінің туысы Қырғызбайдың қолында тәрбиеленеді. Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды.Бала әкесін сағынып –Аласапыра тауларынан әкесін іздейді.Темірдің даусы шықса кісендеулі әкесі келгендей елегзиді. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады. Тұрардың екнші бір есімі-«Қызыл жебе» болатын.Қатарластары үнемі алдында жүйрік болғандығы үшін солай атап кеткен. Тұрар бірде жаяу жарысып озып, мәреге бұрын жеткенде қос қолын көтере сермеп: «Мен Қызыл жебемін!» - деп айғай салған-ды. Жалғыз кінәсі заманның хас жүйріктігі боп, қарау заманның қабан қанжарына шалынып кете барғандығы .Мектепке барып хат таныған соң Бронников пен Наташаның көмегімен әр нәрсеге зер салып ,зерек болып өседі.Тұрар, екінші кітапта қоғамдық-әлеуметтік іске бірте-бірте араласа бастайды. Әулие-Атада уақытша үкіметті құлатушылардың алдыңғы шебінен көрінген болатын. «Жұлдыз көпір» – «Қызыл жебе» роман-хамсасының үшінші кітабы. Бұл шығармаға жазушы «Азаптардан – жұлдызға жол» деген латын сөзін эпиграф етіп алады. «Жұлдыз көпірде» жазушы Тұрардың жасындай жарқылдаған, жұлдыздай жарқыраған кезі, яғни Түркістан кеңестік автономиялық республикасы басшыларының бірі болған кезін, 1918-1920 жылдардағы қазақ елінің өмір-тынысын суреттеген. Шындығын айтқанда, осыған дейін Т. Рысқұловтың революциялық бейнесі әдебиетте көрінген емес. Романда Рысқұловтың азаматтық, бет-бейнесін таныта түсетін, жан-жақты ашып, толықтыратын оқиғалар табиғи өрбіп отырады. Сол оқиғалардың ішінен жазушы кейіпкер мінезін дәл танытатын, айқын ашатын тартысты тұстарын талғаммен үйлестіре біледі. Әсіресе, Түркістан республикасының тағдырына, болашағына байланысты ойлары мен сол жолдағы ірі істерге үмтылысы, азаматтық тұрғысының беріктігі оның кесек тұлғасын, табандылығын танытады.Жазушы Тұрар әрекеттерін бар шындығымен, бар қайшылығымен барынша табиғи көрсетуге күш салады.Тұрар Рұсқұлов кешегі социалистік және ревалютциялық қоғам туған халқының болашағына қызмет етуге негізделген көпарналы, көптартысты іс-әрекеттерінің уағынан да, ірісінен де кеңінен аңғарылады. «Қызыл жебе» роман-эпопеясының төртінші кітабы «Қыл көпір» деп аталады. Шығарма ауқымына Т.Рысқұлов өмірінің ең шешуші тұстары – мемлекеттік қайраткерлік өрлеу кезеңі алынған. Ұлттардың өзін-өзі басқару, революция жеңістерін орнықтыру, социалистік жолдарын нығайту мен өркендету, ұлттық республикалардың экономикасын арттыру жоспары, қазақ халқының жұт пен аштыққа ұрынған кездегі зобалаңы мен өлшеусіз трагедиясы тәрізді мәселерді шешу барысындағы Т. Рысқұловтың азаматтық-қайраткерлік орасан тұлғасы оның ширыққан-шиеленіскен тағдырының драмалық кезеңдері арқылы кеңінен әрі мейілінше нақты іс-әрекеттер үстінде көрсетіледі. Осы арада атап айту керек, суреткер Шерхан Мұртаза Т. Рысқұловтың халық перзенті ретіндегі қаһарман ерлігінің бүкіл әлеуметтік-тарихи мазмұнын, қыл-көпір температурасын сол шынайы қалпында яғни не асқындырмай, не әлсіретпей мейілінше байыппен бейнелеген.Жалпы бұл шығармада Абай жолы секілді Т.Рұсқұловтың қиындықтарға мойымай сатылай көтеріліп келе жатқанын көруге болады.Оның жасаған жақсылықтары өте көп.Ол марксизм –ленинизм ілімін жан-жақты жете меңгерген коммунист. Бұл романның 5-ші кітабы – «Тамұқ»деп аталады. Ең алдымен бұл шығарманың атауына назар аударсақ.Тамұқ-діни түсінік бойынша кінәлі жандардың өлгеннен кейінгі о дүниедегі жазаланатын орны .Діни ұғымда шайтандар әулетін ,көр қорқынышын, тозақ отын бейнелейді.Бұл романның тамұқ аталуы да жайдан-жай емес .Сол заманның басшылары, яғни Сталин мен Галащекин жазықсыз адамдарды аяусыз өлтіргендері үшін о дүниеде жауап береді деген мақсатта қойылған. Тамұққа -дін жолынан тайған дінбасылардың айтқанын орындамағандар барады-мыс.Бұл бөлімде Тұрардың өмірінің соңғы жақтары суреттеледі.Әйелі Әзизамен бақытты дәурен сүріп жүрген сәтінде тағдыр кенет оның ағысын өзге арнаға бұрып жібереді.Күтпеген жағдайлар орын алады,дәлелсіз,негізсіз жала жабылады.Тіптен ұлы Ескендірді де айдауға жібереді.Оны естіп Тұрар барлығын айтамын сендер менің соңғы арманымды орындаңдар деп өтінеді.Тура өзінің балылық шағында болған дүниелер өз баласының да басынан өтеді.Түрмеде баласы екеуі 10-күн бірге болады.Өмірінің соңғы сәтінде ол күдерін үзіп, өмірмен қош айтқысы келмеді.Адам өз өмірінің жартысын үміттенумен өткізетін секілді.Шығармада басты кейіпкер бәлкім атпас деген үміпен ақырсоңында қаза болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет