«Шетел тілі: екі шетел тілі» ббб



бет1/2
Дата06.12.2022
өлшемі1,09 Mb.
#55290
  1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ
Педагогика кафедрасы

2022/2023 оқу жылындағы
6В01703 – «Шетел тілі: екі шет тілі» БББ
2 курс студенттері
оқу «Педагогикалық (Тәрбие жұмысының практикасы)» іс-тәжірибесінің
01.09.2022-10.12.2022 жж. аралығында өткізген
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША
ЕСЕБІ

Орындаған: Жаксыгалиева Гүлназ .,
«Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ 222 топ студенті
Жетекшісі: Акпарова Ж.М.,
п.ғ.к., доцент

Бағасы:
______________________

Жетекші қолы:____________

«_____»_________ 2022ж.


Алматы, 2022


Топ тізімі
6B01703: Шетел тілі: екі шетел тілі
Эдвайзер: Серікбай Мөлдір Молдағалиқызы
222-топ: ағылшын-түрік


1. Абдыгали Ұлар Ұланқызы
2. Аманбек Әсел
3. Аяпбергенова Гаухар
4. Байзақ Назым
5. Байқоныс Мерей
6. Әбдуәлі Дана
7. Жаксыгалиева Гүлназ
8. Жақсылық Балжан
9. Жаныс Шарапат
10. Ізбасар Қасиет
11. Қайырғалиқызы Гүлназ
12. Лұқпанов Мирас
13. Макен Жанбота
14. Маликжан Аяжан
15. Мамырова Алина
16. Нуралиева Сымбат
17. Сансызбай Алтынай
18. Сапарғалиқызы Аяла
19. Тоқтарқан Алина
20. Турысбеков Алиби
21. Уразбек Ақбаян


«Тәрбие жұмысы» іс-тәжірибесі бойынша
жетекші мен практикант жоспары

01-02.09.22ж.- 10.12.22ж. аралығына





Мерзімі

Жұмыс мазмұны

Практикантқа тапсырма

1-ші жеті
01-02.09.22ж.

Жетекшімен кездесу.
Бекіту конференциясы.
Жұмыс жоспарын және кездесу (онлайн) кестесін беру.

Бекіту конференциясына қатысу, жетекшімен танысу, жұмыс жоспарын және кездесу (онлайн) кестесін алу.

2-ші жеті
05-09.09.22ж.

Практиканттарды іс-тәжірибе бағдарламасымен және жұмыс жоспарымен таныстыру.
Тақырып 1. «Тәрбие және оның ерекшеліктері» тақырыбын қарастыру, түсіндіру.

«Мектептегі тәрбие жұмысы» атты баяндама жазу, қорғау.



3-ші жеті
12-16.09.22ж.

Тақырып 2. «Мектептің тәрбие жұмысы және оның жоспары» тақырыбын қарастыру, түсіндіру.

Мектептің тәрбие жұмысы жоспарын жасау, қорғау.

4 -ші жеті
19-23.09.22ж.

«Сынып жетекшісі және оның міндеттері» тақырыбын қарастыру, түсіндіру.

Сынып жетекшісінің нормативтік құжаттары тізімін жасау

5-ші жеті
26-30.09.22ж.

Тақырып 3. «Сынып жетекшісі және оның тәрбие жұмысының жоспары» тақырыбын қарастыру, түсіндіру.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарын жасау, қорғау.

6 -ші жеті
03-07.10.22ж.

Тәрбиелік-тақырыптық, мектепішілік, мерекелік «Ұстаз жолы-дара жол!» - атты іс-шараға дайындық

Іс-шараны дайындауға белсенді қатысу

7 -ші жеті
10-14.10.22ж.

Тәрбиелік-тақырыптық, мектепішілік, мерекелік «Ұстаз жолы-дара жол!» - атты іс шараны өткізу

Іс-шараны өткізуге белсенді қатысу

8-ші жеті
17-21.10.22ж.

Мектептің тәрбие жұмысы және жоспары үлгісімен таныстыру

Мектептің тәрбие жұмысымен танысып, тәрбие жұмысы жоспарын жасау

9-ші жеті
24-28.10.22ж.

Сыныптың тәрбие жұмысы және жоспары үлгісімен таныстыру

Сыныптың тәрбие жұмысымен танысып, тәрбие жұмысы жоспарын жасау

10-ші жеті
31-04.11.22ж.

Сынып сағаты және оның түрлері, құрылымы

Тақырыптық 1 сынып сағатының сценарийін дайындау

11-ші жеті
07-11.11.22ж.

Сынып сағатын өткізу

Топпен дайындап 1 сынып сағатын сабақта онлайн немесе оффлайн өткізу

12-ші жеті
14-18.11.22ж.

Мектептен тыс тәрбиелік жұмыстар

Театрға бару, «Мұғалім» спектакльін көру, талдау

13-ші жеті
21-25.11.22ж.

Сыныпқа мінездеме үлгісімен таныстыру

Сыныпқа мінездеме жазу

14-ші жеті
28-02.12.22ж.

Оқушыға мінездеме үлгісімен таныстыру

Оқушыға мінездеме жазу

15-ші жеті
05-09.12.22ж.

Іс тәжірибе бойынша құжаттарды қабылдау, тексеру, бағалау.
Іс тәжірибе бойынша қортынды конференциясын өткізу (онлайн)

Іс тәжірибе бойынша құжаттарды жинау, жетекшіге тапсыру. Іс тәжірибенің қортынды конференциясына қатысу (онлайн)

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті



Тақырыбы:«Мектептегі тәрбие жұмысы»

Баяндама



6В01703 – «Шетел тілі:екі шет тілі»









Орындаған:

222 топ студенті Жаксыгалиева Гүлназ









Қабылдаған:

Акпарова Ж.М

Педагогикалық теория мен тәжірибе мектептегі тәрбие жұмысы арқылы құрылды. Тәрбие мақсаты — неғұрлым толық культуроемкое адам дамуы, қабілетті, рухани және физикалық өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі жетілдіру. Тәрбие мақсаты– педагогиканың ең маңызды мәселесі. Тәрбие мақсаты– ол педагогикалық процесс пен қоғамдылық қажеттілігіне, қоғамның бетбұрысына қарай өзгеріп отырады және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығы мен тәрбиеленушінің көздеген мұратына қол жеткізуіне байланысты келеді.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар- мақсатты құрастыру, оны белгілі заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Тәрбиенің мақсаты- нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі. Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді.
Тұлғаның жан –жақты және үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист- педагогтарының еңбектерінде кездеседі. Түрлі тарихи кезеңдерде жан-жақты және үйлесімді даму ұғымына әр түрлі түсініктер берілген.Тәрбиенің мақсаты нақты тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді.
«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» тәрбиенің мақсаты: ата-анасын қадірлеп, қастерлейтін, туған жерін, Отаны Қазақстанды сүйетін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты, халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке бейім боп келеді
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметтік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай қашан өзгерту қажетігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды. Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Үлгі ретінде философ В.А.Штофтың пайымдауын алайық, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысын атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуан, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын қайта қарауды талап етеді.
Мектептегі іс-шаралардың маңызы ерекше. Мектепте ұйымдастырылатын іс-шаралардың мақсаты оқушылардың дүниетанымын дамытып, қалыптастыру, өмір жайлы түсінігін жетілдіру, мектептегі іс-шаралар оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, мектепке деген жағымды эмоция қалыптастыруы тиіс. Мектептік іс-шаралар дарынды, жігерлі, оқушылардың өзін-өзі көрсетуіне, өз орнын түсінуге, ерік жігерін шыңдауға бағытталуы керек. Оқушыларға жалықпай еңбектенсе, оның нәтижелі болатынына сенім қалатын осындай іс-шаралар арқылы олардың көзін жеткізуге болады. Мектеп оқушыларының үлгілі-өнегелі болуы немесе тәртіп бұзуы тәрбие жұмысының сапасына байланысты.
Мектептегі оқу-тәрбие істерінде іс-әрекеттің барлық түрлері кешенді түрде іске асырылады. Әр оқушы өз таңдауымен, қалауымен, еркімен атқаратын қоғамдық істерді таңдайды. Мұғалім әр оқушының ішкі қажеттілігін ескереді.
В.А Сухамлинский оқушылардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: “Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін”, - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптен өзгеруде : оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көз қарастары, олардың өзара қарым – қатынасы , сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім –оқушы – ата- наға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшілік –командалық жүйеде ендігі жерде келмеске кетті. Бүгінгі мектептің ата-аналармен жұмысның кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орнымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесіне олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы – оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбіршілігі, белсенділігі, іскерлігі, жауапкершілігі.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес.
Менің ойымша, қазіргі мектептегі тәрбие жұмысы барлығы осы ашық сабақтар, сынып сағаттар, қосымша сыныптан тыс баланың ойлау және тағыда басқа қабілеттерін шыңңдауға , дамытуға арналған сабақта курстар өткізу өте маңызды. Баланың еркін болуы үшін ұстаз бен ата-ананың байланысы болуы шарт,және екі жақтан да қысым болмауы,қолдауды сезінуі алғашқы орында тұруы керек деген оймен өз баяндамамды аяқтағым келіп отыр.

Сынып жетекшісінің нормативтік құжаттары тізімі


1-тарау. Нормативтік құжаттар
*Сынып жетекші туралы ереже
*Лауазымдық міндеттер
* оқушылар үшін ішкі тәртіп ережелері
* қауіпсіздік ережелірі нұсақулықтар
* ҚР Білім туралы заңы
* ҚРҮздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы БжҒМ 2009 ж. 16 қараша № 521 бұйрығымен бекітілген
* Барлық білім беру ұйымдарында тәрбие компонентін күшейтудің типтік кешенді жоспары ҚР Үкімет қаулысымен 29 маусым 2012 жылы № 873 бекітілген.
* ҚР Бала құқығы заңы
* Бала құқығы Конвенциясы
* Неке және отбасы Кодексі 26.12.2011ж
*Әкімшілік Кодексі
*CӨС 2008-2016 ж арналған бағдарлама
*Құқықтық білім беру тұжырымдамасы
*Жастар саясаты туралы ҚР заңы
*Кәмелетке толмағ.құқықбұзуш. алдын алу 2004.9.04.№591
*Еңбек кодексі 2015ж. өзгертілген
* Оқуш-дың функ-дық сауат.дамыту жөніндегі 2012 – 2016 ж.арналған ұлттық іс-қимыл жоспары ҚРҮ2012 ж.25.06 № 832 қаулысы
*Тіл заңы

2-тарау. Сынып жетекшінің сынып оқушыларымен жұмыс жоспары
* Сыныптың тәрбие жоспары (бағдарламасы)
* Тәрбие бағыттары бойынша сыныптың жылдық жоспары
* Сынып жетекшінің жұмыс циклограммасы
* Оқушылармен жеке жұмыс кестесі,жоспары
* Алдын алу шаралар жоспары (темекі шегу, зиянды әдеттер, ЖҚТБ, АҚТҚ,ПБЗ т.б)
* Сабақтар мен қоңыраулар кестесі
* Жылдық кезекшілік кестесі (мектеп, асхана бойынша)
3-тарау. Сыныптық әлеуметтік-педагогикалық паспорты

*Сынып ұжымына мінездеме
*Сыныптың әлеуметтік картасы
*Балалардың санаттар бойынша тізімі, тұрмыс актілері (азқамтылған, көпбалалы,мүгедек,толық емес,жетім, оралман, ауған соғыс ардагерлері отбасынан,өгей әке-шешесімен т.б)
*Пәндер мен пән мұғалімдері туралы деректер
*Денсаулық картасы ( денсаулығы бойынша мониторинг,есепте тұруы, диогноз)
*Оқушылардың жетістіктері мониторингі (тоқсан б-ша)
*Сыныптан тыс қамтылу кестесі (үйірме, БШҮ, спорт мектебі т.б
*Сынып белсенділері.Сыныптағы қызметтері мен жүктелген міндеттері,оның қорытындысы.

4-тарау. Каникул кезіндегі сынып оқушыларының бос уақытын ұйыдастыру жоспары

*Өткізілген шаралар әзірлемесі,фото
*Басқа да қатысқан шаралары туралы ақпарат (спорттық, интеллектуалдық т.б)

5-тарау Қортынды және есеп беру құжаттары

*Тәрбие жұмысының қортындысы бойынша жартыжылдық, жылдық сараптама
*Сабақты босатқан оқушылар б-ша есеп, талдау (себепті, себепсіз, өтініш, сабаққа кешігуі)

6-тарау.Ата-аналармен жұмыс
*Ата-аналар туралы толық ақпарат (жұмысы, білімі)
*Ата-аналар комитеті
*Ата-аналармен жұмыс жоспары (кәсіптік бағдарлау,жеке қабілеттері,ерекшеліктері, қзығушылығын арттыру,тәрбиелеу)
*Ата-аналар жиналысының тақырыптары,хаттамасы,қолданылған құжаттар( кеңес, слайд,мақала т.б)

7-тарау. Жетістіктер мониторингі

*Психолог,тәлімгер т.б мамандармен бірлескен жұмыс қорыт
*Мадақтама, грамота, сертификаттар(слайд,фильм т.б)
*Оқушылардың түрлі сайыс,байқау, конкурстарға қатысу белсенділігінің мониторингі,тәрбие деңгейі, рейтинг

8- тарау. Әдістемелік материалдар
* Бағыттар б-ша сынып сағаттарының,шаралардың әзірлемесі.
* Әдістемелік журналдар,біліктілікті арттыру материалдары


9- тарау.Сынып жетекшінің күнделігі
*Күнделікті,апталық,жедел т.б шаралар мен ақпараттар кестес
тарау. Тәртіптік және жеке әңгімелесу журналы
*Сыныптағы, мектептегі, тыс тәртіпбұзушылық жағдайларын тіркеу:Жеке заттарын жоғалту не ұрлату жағдайларын тіркеу
*Ата-ана, оқушымен жеке жүргізілген коррекциялық жұмыстарды, әңгімелесуді тіркеу
Тәрбиелік-тақырыптық, мектепішілік, мерекелік
«Ұстаз жолы-дара жол!» - атты іс-шараға дайындыққа және өткізуге белсенді қатысу жайлы ақпарат






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет