Шиеленіс тудыратын себептер және оларды шешу жолдары



бет1/3
Дата18.10.2023
өлшемі3,43 Mb.
#118906
түріПрезентация
  1   2   3

«Патологиялық анатомия және гистология»кафедрасы Презентация Тақырыбы: Вегетативті ганглийлер.

  • Орындаған:Аманбай.Қ,
  • Тобы: В-ПҚБ-01-22
  • Қабылдаған:
  • Шымкент-2023ж

Жоспар

Кіріспе

  • Организмнің висцералды: ас қорыту жүйесі мүшелерінің моторикасы мен секрециясы, канның кысымы, тер бөлу, дене кызуы, зат алмасу үдерістері және т.б. тәрізді кызметтерін кадағалаушы жүйке жүйесінің бөлігін автономды (вегетативті) жүйке жүйесі деп атайды. Өзінің физиологиялык ерекшеліктері және морфологиялык белгілеріне байланысты автономды жүйке жүйесі симпатикалык, және парасимпатикалық деп бөлінеді. Көпшілік жағдайда екі жүйенің екеуі де мүшелерді жүйкелендіруге бір мезгілде қатысады. Автономды жүйке жүйесі, бас миынын және жұлынның ядроларынан кұралған — орталык және жүйке бағандарын, түйіндерді (ганглийлерді) және жүйке өрімдерін біріктіретін шеткері бөліктерден тұрады.
  • Автономды жүйке жүйесінің орталык бөлігінің ядролары орталык және сопақша мида, сондай-ак, жұлынның кеуделік, бел және сегізкөздік сегменттерінің бүйірлік мүйіздерінде орналасады. Симпатикалык жүйке жүйесіне жүлынның кеуде және жоғарғыбел бөліктерінің бүйірлік мүйіздерінің автономды ядролары, ал парасимпатикалыкка — бас сүйек жүйкетерінің III, VII, IX және X жұптарының автономды ядролары және жүлынның сегізкөздік бөлігінің автономды ядролары жатады. Орталык бөлік ядроларының мультиполярлы нейрондары автономды жүйке жүйесінің рефлекторлыкдоғаларының ассоциативті нейрондары болып табылады. Олардың нейриттері орталык жүйке жүйесінен жүлынми жүйкелерінің алдыңғы түбіршектері немесе бас сүйек жүйкелері арқылы шығып, шеткері автономды түйіндердің бірінің нейрондарында синапстармен аяқталады. Бұл автономды жүйке жүйесінің преганглионарлық талшықтары, әдетте олар миелинді болып келеді. Симпатикалык және парасимпатикалык автономды жүйке жүйесінің преганглионарлык талшықтары холинергиялық болып келеді. Олардың терминалдарында ашыктүсті синапстык көпіршіктер (40—60 нм) және жекелеген ірі күңгірт везикулалар (60—150 нм) аныкталады.
  • Автономды жүйке жүйесінің шеткері түйіндері мүшелерден тыс (симпатикалык паравертебралды және превертебралды түйіндер, бастың парасимпатикалык түйіндері), сонымен бірге, ас қорыту жолдарының, жүректің, жатырдың, куыктың т.б. интрамуралды жүйке өрімдерінің кұрамында, мүшелердің кабырғаларында да орналасады.
  • 1.Симпатикалық ганглийлердің құрылысы
  • Паравертебралды түйіндер омыртқаның екі жағында орналасып, өздерінің біріктіруші бағандарымен симпатикалык тізбектерді кұрайды. Превертебралды түйіндер кұрсактық колканың және оның басты тармақтарының алдына карай кұрсак өрімін түзейді, кейінгінің кұрамына құрсактык, жоғарғы шажыркайлык және төменгі шажыркайлык ганглийлер кіреді.
  • Симпатикалык ганглийдің нейрондарының цитоплазмасында катехоламиндер болады, ол үсак түйіршікті көпіршіктердің болуымен, және Фальк әдісімен формальдегидпен өнделген препараттарда олардың перикарионынын және өсінділерінің, оның ішінде постганглионарлык талшыктар түрінде сәйкес мүшелерге енетін аксондарының да, флюоресциялануының денгейінің әр түрлі болуымен де дәлелденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет