Соңғы ми,аралық ми,ортаңғы ми,сопақша ми топографиясы Сопақша ми



бет1/5
Дата11.12.2023
өлшемі28,67 Kb.
#137672
  1   2   3   4   5

16.Соңғы ми ,аралық ми ,ортаңғы ми,сопақша ми топографиясы
1. Сопақша ми(myelencephalon)– жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы – сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5–3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.
2.Аралық ми(diencephalon) – ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек-қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.


3.Ортаңғы ми(mesencephalon)– артқы ми мен аралық мидың арасына орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір-бірімен жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттіңтүзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.Құрамына :ортаңғы мидың төбесі,ми аяқшалары кіреді .Олардың арасында ортаңғы ми қуысы -су құбыры орналасады.
Төбесі Төрт төмпешіктен тұрады:екі жоғарғы,екі төменгі .
Жоғ.төмпешігі көру рецепторларын тітіркенуіне байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық
Төменгі төмпешігі естуге қатысады.Олардың қатысуымен бас дыбыс шыққан жаққа қарай бұрылады .
4)Соңғы ми (telencephalon)үлкен ми (cerebrum)мен оның дәнекерлерінің түзілу көзі болып табылады . Құрылысы: адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған. Алдыңғы миды кейде соңғы ми деп те атайды. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады. Ми қыртысының қалыңдығы шамамен 2–3 мм, ондағы жүйке жасушаларының пішіндері мен мөлшері әр түрлі. Ми қыртысында мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және қозғалтқыш жасушалар болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет