Шығармашылық білім беру саласы Аппликация



бет1/12
Дата06.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#11957
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Шығармашылық білім беру саласы Аппликация


Кіші топ

(2 жастан 3 жасқа дейін)

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.



Мақсаты балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, дербес тəжірибелік жəне шығармашылық əрекетті дамыту болып табылады.

Міндеттері:

 

  • бейнелеу өнеріне, музыкаға, əн айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;
  •  
  • қағазбен, қарындашпен, қылқаламмен, бояулармен, сазбалшықпен таныстыру;
  •  
  • желімсіз жапсыру техникасын жетілдіру;
  •  
  • бейнелерді қағаз парағына толық орналастыруды, дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелеуге үйрету;
  •  
  • суретшілердің суреттерімен таныстыру;
  •  
  • материалға ұқыпты қарап, дұрыс қолдана білуге үйрету;
  •  
  • балаларды музыкалық шығармашылыққа, жақсыны сезінуге тəрбиелеу.


І-жартыжылдық

Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға жəне құрастыруға үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру жəне орналастыру;

2) фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа орналастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет