Ф.Қ. Омарбекова, Т.В. Шумаева, Г.Қ. Бектұрова
АППЛИКАЦИЯ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасы бойынша бірінші
кіші топ (2-3 жас) педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2018
2
Омарбекова Ф.Қ. және т. б.
Аппликация. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы бойынша бірінші кіші топ (2-3 жас) педагогтеріне арналған
/Ф.Қ.Омарбекова, Т.В. Шумаева,
Г.Қ. Бектұрова
. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018.
23 бет.
© Омарбекова Ф.Қ., Шумаева Т.В., Бектұрова Г.Қ., 2018
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018
3
Түсініктеме
«Аппликация» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес
дайындалған.
1.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен
бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және
мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды.
2.
1 жастан 6 (7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы (
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген).
3.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499
бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің
контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
Оқу әдістемелік кешенді (бұдан әрі қарай ОӘК) дайындаудың негізгі мақсаты –
педагогтерге «
Аппликация»
ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа
педагогтік тәсілдерді жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар береді.
ОӘК-ге:
- әдістемелік нұсқау;
- балаларға арналған Үлестірмелі материалдар кіреді.
Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективалық жоспар және 9 ҰОҚ-не
арналған үлгі жоспарлар берілген.
ҰОҚ-нің құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады:
• бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоционалдық көңіл күй
қалыптастырып, ҰОҚ-не ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған ҰОҚ-нің
тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет);
• екінші кезең – негізгі кезең, бұл үдеріс барысында зерттеліп отырған мәселе
түсіндіріліп, балалардың бәрі ҰОҚ-не белсенді араласады;
• үшінші кезең – рефлексия, бұл кезеңде жаңадан алған білім игеріліп, реттеледі,
баланың жеке біліміне айналады.
Педагогке көмек ретінде балалармен жұмыс істеуге арналған үлестірмелі
материалдар әзірленген. Бұл материалдар баланың білімін жүйелендіруге, ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша түсінігін нығайтуға мүмкіндік береді. 2-3 жастағы балаларға арналған
тапсырмалар Бағдарламаға сәйкес жүйелендірілген және балаларды келесі сатылардағы
білім беру жүйесіне дайындауға көмектеседі.
Ұсынылған
үлгі
жоспарлар
балалардың
жапсыру
қызметіне
деген
қызығушылықтарын, оқыту әдістері мен тәсілдерін қамтиды.
Аппликация – балалардың бейнелеуші қызмет түрлеріндегі сүйікті істерінің бірі:
балаларды қағаздың ашық түсі, пішіндердің ырғақты, сәтті орналасуы қуантады.
Қағазбен қарым-қатынас баланың жалпы дамуына да елеусіз ықпал көрсетеді: оның ұсақ
моторикасын нығайтады; сенсорлы әсері байытылады – сезіну деңгейінде ол фактураны,
тығыздықты, қағаз түсін таниды.
Аппликацияның кішкентай балалар үшін де қолжетімді болуы үшін, оқу қызметін
олардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізу қажет.
Екі жастан үш жасқа дейінгі балаларды аппликация техникасына үйрету кезінде
жұмыстың қарапайым тәсілдерін: жұмсартуды, қағазды жыртуды пайдалану ұсынылады.
4
Аппликацияға арналған пішіндер көлемді болуы тиіс, бұл балалардың олармен жұмыс
жасау кезінде қолайлы болуы үшін қажет.
Ұйымдастырылған оқу қызметі үшін ерте жастағы балалардың тәжірибесіне жақын
сюжеттерді таңдау қажет. Аппликация сюжеттерін ойыншықтар көмегімен жүргізген
дұрыс.
Алғашқы
кіші жастағылар тобындағы аппликация бойынша жұмыстарды
ұйымдастыра отырып, осы жас кезеңіндегі балалардың жоғары эмоциялық қозғыштығын
ескеру қажет. Балалармен жұмсақ сөйлесу, нұсқауларды ұсыныс түрінде беру қажет, қатаң
талап ретінде ұсынбау керек. ҰОҚ балаларға қуаныш сыйлауы тиіс. Мазмұны
толықтырылып жазылған үлгі жоспар және үлестірмелі материал осы ОӘК-ді ата-аналар
үйде қолдануына көмек болады. Әр деңгейдегі тапсырмалар ерте жастағы балаларға
отбасында және жаңа түрдегі мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс барысын
ұйымдастыруын қамтуға мүмкіндіктер береді.
«Аппликация» бойынша білім беру саласы балалардың жан-жақты дамуы мен ҰОҚ-де
туындайтын көптеген сұрақтардың шешуін табуға көмек болады деп сенеміз. Еңбектеріңіз
жемісті болсын.
Сіздерге құрмет көрсетіп, серіктестік
қарым-қатынаста болатындығымызға
сенім артамыз, авторлар.