Тақырыбы: Адъективтену және адвербиалдану құбылыстары Орындаған: Рахметқали Гүлдана



бет1/3
Дата11.12.2023
өлшемі20,26 Kb.
#137313
  1   2   3

Тақырыбы: Адъективтену және адвербиалдану құбылыстары
Орындаған: Рахметқали Гүлдана

А. Ысқақов сөздердiң морфологиялық және синтаксистiк тәсiлдердiң комбинацияға түсуi арқылы жасалатындығын айта- ды. Ондай сөздерге: ендiгiәрi (ендiгiден әрi), екiншәрi (екiншiден әрi), яғни шығыс септiктегi есiмдер мен шылаудың тiркесуiнен пайда болған сөздердi, септiк жалғауының түпкi мағынасынан қол үзуi нәтижесiнде пайда болды деп болжап келген зорға, босқа, бiрге үстеу сөздерiн жатқызады, сонымен бiрге кенеттен, тосыннан, ежелден, бiрден үстеулерiнiң дербес сөзге айналуын жеке қарастырады. Бұлардың түп негiзiнде бiр сөз табынан екiншi бiр сөз табына ауысу процесi жатыр, айталық, өзге сын есiмi барыс септiк тұлғалы зат есiмнiң адъективтенуi, яғни сын есiмге көшуiнiң нәтижесi саналады. Сол сияқты кейбiр сөз- дер етiстiктiң, есiмдердiң прономиналдануынан, яғни есiмдiкке ауысуынан жасалған. Қазақ тiлiнде сөздердiң бiр категориядан екiншi бiр категорияға ауысуы сөз таптарына қарай әртүрлi терминдермен аталады:


1) субстантивтену – зат есiмге айналу (заттану);
2) адъективтену – сын есiмге айналу (сындану);
3) прономиналдану – есiмдiкке айналу (есiмдену);
4) адвербиалдану – үстеуге айналу (үстеулену);
5) вербалдану – етiстiкке айналу (етiстiктену).
А. Ысқақовтың көрсетуiнше, кейбiр сын есiмдер етiстiктi де анықтап, үстеудiң қызметiн атқарады. Мысалы: Семiз сөйлеп арық шыққанша, арық сөйлеп, семiз шық (мақал). Мұндай қызмет атқаратын сын есiмдерге: жа- ман, жақсы, ұзын, қатты, таза, қызық, толық, т.б. сын есiмдер жатады. Осылайша, кейбiр сын есiмдер әрi адъективтiк, әрi адвербиалдық қызмет атқарады.
Конверсия туралы түркі синкретизміне, лексикалық-семантикалық тәсілге, оның ішінде семантикалық амалға байланыстырып ғалым С. Исаев жазған. С. Аманжолов, Н. Оралбай, А. Ысқақовта конверсия сөздердің заттануы, сындануы, т.б. тұрғысынан түсініктеме беру кезінде аталады, бірақ конверсия болу белгілері нақтыланбайды.
Қазақ тіліндегі конверсия туралы бірнеше мақала жазып, орыс тілді еңбектерді қарастырып, өз тұжырым берген зерттеуші ретінде Ж. Сарбалаевты атауға болады. Ол бұл мәселеде тұжырымдары мен ұсыныстарын ғылыми мақалалық жинақ түрінде берген. Конверсия туралы мақалалық зерттеуі жинақтың екінші бөлімінде, екі дәріс жинағында берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет