Шоттар жүйесі және екі жақты жазу



бет1/5
Дата08.12.2022
өлшемі0,73 Mb.
#55965
түріЛекция
  1   2   3   4   5

Шоттар жүйесі және екі жақты жазу


Лекция 4

Қарастырылатын сұрақтар:

  • Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны.
  • Активтік және пассивтік шоттар.
  • Шоттардың түрлері.
  • Екі жақты жазу жүйесі.
  • Типтік шоттар жоспары, оның құрылымы.
  • Айналым ведомосы, оның мәні және құрастырылуы.

1 Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны


Бухгалтерлік шоттар – кәсіпорын мүлкінің және олардың құрылу көздерінің құрамында болып жататын өзгерістерді ағымда есепке алу үшін арналған шоттар.
Өзгерістер екі түрлі болады: көбею және азаю. Сондықтан шоттар шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің құрамындағы көбеюі және азаюы жеке есепке алуға болатындай етіп құралған.
Шоттың сол жағы «дебет», ал оң жағы «кредит» деп аталады. Олар латын сөздерінен шыққан «debet» - берешек, «kredit» - сену деген сөздерінен шыққан.
Шоттарды активтің, міндеттемелердің және капиталдың, сонымен қатар табыстар мен шығындардың әрбір түріне ашады.
Сондықтан шоттар активтік және пассивтік болып екіге бөлінеді.

Активтік шоттарға баланстың активінде көрсетілетін баптары жатады, олар әр түрлі құндылықтардың көбеюін немесе азаюын көрсетеді және шаруашылық құралдарының құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған.

  • Активтік шоттарға баланстың активінде көрсетілетін баптары жатады, олар әр түрлі құндылықтардың көбеюін немесе азаюын көрсетеді және шаруашылық құралдарының құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған.

Активті шоттың құрылысы

Пассивтік шоттарға баланстың пассивінде көрсетілетін қаржыландыру қорларын есептеуге арналған баптар жатады. Пассивтік шоттар шаруашылық құралдарының құрылу көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған.


Пассивті шоттың құрылысы

Ай бойында әрбір шотта дебеті мен кредиті бойынша көптеген әрекеттер жазылуы мүмкін. Ай соңында әрбір шотта жиындары саналады.

  • Ай бойында әрбір шотта дебеті мен кредиті бойынша көптеген әрекеттер жазылуы мүмкін. Ай соңында әрбір шотта жиындары саналады.
  • Белгілі бір мерзімдегі шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің жағдайы жөніндегі шоттардағы мәліметтер қалдық немесе сальдо (итальянша есеп айырысу, қалдық деген мағынаны білдіреді) деп аталады.
  • Ай бойы жүргізілген әрекеттердің жазуларының жиынтық сомасы айналым деп аталады.
  • Шоттың дебеті бойынша есепке алынған айналым дебеттік, ал кредиті бойынша есепке алынған айналым кредиттік деп аталады.
  • Активтің шоттары бойынша ай соңындағы қалдықты анықтау үшін бастапқы қалдыққа дебеттік айналымды қосып, кредиттік айналымды алып тастау керек және алынған қалдықты шоттың дебеті бойынша жазамыз:
  • Қ = Қ + Д - К (1)
  • Қ - ай соңындағы қалдық;
  • Қ - бастапқы қалдық;
  • Д - дебеттік айналым;
  • К - кредиттік айналым.
  • Пассивтік шоттар бойынша ай соңындағы қалдығын анықтау үшін бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып, дебеттік айналымды алып тастау қажет, алынған қалдықты шоттың кредиті бойынша жазу керек:
  • Қ = Қ + К - Д (2)
  • Қ - ай соңындағы қалдық;
  • Қ - бастапқы қалдық;
  • К - кредиттік айналым.
  • Д - дебеттік айналым;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет