Сыбайлас жемқорлық көріністеріне әсер ететін негізі факторлар



бет1/3
Дата20.10.2022
өлшемі0,82 Mb.
#44342
түріПрезентация
  1   2   3

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне әсер ететін негізі факторлар


Орындаған: Ермаханбет Ерзат
Группа: AAJ-211
Тексерген:

Презентация мазмұны

  • Сыбайлас жемқорлық
  • Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы
  • Сыбайлас жемқорлықтың тарихы
  • Сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне әсер ететін факторлар
  • Сыбайлас жемқорлықтың салдары
  • Сыбайлас жемқорлықты шешу жолдары
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Сыбайлас жемқорлық


Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлық тарихы


Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға – дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр). Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемкорлык іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиiс екенi көрсетiледi: «§ 5. Егер судья iстi талқылап, шешім шығарып, мөрi бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істегі талап сомасын жиырма есе етiп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынан қуылуы тиiс және ол орнына кайтып келiп, сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиiс. § 6. Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар онын колынан ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуi тиiс>> Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі II ғасыр мен біздің эрамыздағы II ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырған Ману заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткiшiн, брахманизмнің діни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және қоғамдық өміріндегі мінез құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды. Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндiрiсiнiң қағидаларын басшылыққа алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын есте сақтауды ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет