Сыңғырла, күміс қонырау Мақсаты



бет1/13
Дата30.08.2023
өлшемі87,46 Kb.
#105693
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сыңғырла, күміс қонырау
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар! Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Нұржан:
Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Нұрсұлтан:
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.
Ақнұр:
Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.
Диас:
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.
Аяна:
Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!

ҚР Мемлекеттік әнұраны

Аслан:
Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Жанель:
Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!
Сүйікті апайымыз Майра Мырзагелдіқызына құрметті сөз кезегін ұсынамыз!

Құттықтау сөз

Бекасыл:


Рамазан:


Әбілмансур:


Даниял:
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйкімді баламыз! «Балабақша» әнін қабыл алыңыздар!

Ән «Балабақша»

(Көңілді музыкамен Күлдіргіштер бір - бірімен сумен атылатын пистолетпен атысып (немесе майда түрлі - түсті доптармен) ойнап келеді)
1 - Күлдіргіш: О! Мұнда балалар көп екен! Жақсы болды!
2 - Күлдіргіш: Келіңдер балалар, қызы - ы - ық ойын ойнайық!
2 - Күлдіргіш: Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар?
1 – Күлдіргіш:Бүгін – білім күні ғой! Үлкен мереке! Біз енді ойынды азайтамыз, көбірек оқитын боламыз.
2 - Күлдіргіш: Солай деңдер?! Ал көп оқып миды ашытып керегі не?


Нұрым: Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Інжу: Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет