Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс



Дата26.12.2023
өлшемі19,27 Kb.
#144043

  • Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс.

  • Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады.

  • Тоқ ішектін құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Тоқ ішектің кілегейлі қабықшасында бүр болмайды. Оның бездері құрамында ферменттері аз, ал кілегейлі заты көп сөл түзеді, осындай кілегейлі зат арқасында қорытылмаған ас қалдықтары ілгері жылжып, организмнен оңай шығарылады. Тоқ ішекте бактериялар көп болады. Олар астың қорытылуына жәрдемдеседі, бактериялардың қатысуымен кейбір витаминдер түзіледі. Бір мезгілде К витамині және В тобы синтезі іске асады. Тік ішектің дефекациясы - күрделі рефлекторлық акт, яғни бұл кезде диафрагма (көкет) мен қарын бұлшық етінің қабырғасы жиырылады. Бұл рефлекстің орталығы жұлынның құйымшақ бөлімінде орналасып, оның әрекетін бас миы реттейді.



Сөл бөлінуінің реттелуі
Адам денесіндегі бездер екі үлкен топқа – сыртқы және ішкі сөл бездеріне бөлінеді. Сыртқы сөл немесе экзокриндік бездер сөлін дененің қуыс мүшелеріне, сыртқы ортаға шығарады. Бүл бездерге сілекей, асқазан, ішек, тер және т.б. бездер жатады.
Эндокриндік немесе ішкі сөл бездері деп сөлін жасуша арқылы қан мен лимфа тамырларына шығаратын бездерді айтады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары, қалқанша, қалқанша маңы, айырша, үйқы, бүйрек үсті, жыныс бездері кіреді. Ішкі сөл бездерінің денедегі орналасуы: мида -гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары; мойында жөне кеуде қуысында – қалқанша, қалқанша маңы және айырша бездер; іш қуысында – үйқы және бүйрек үсті бездері; жамбас қуысында -жыныс бездері орналасқан. Сонымен бірге қазіргі замандағы зерттеулер бойынша ас қорыту жолының бойындағы жөне тыныс мүшелеріндегі бездер ішкі секреция бездерінің қүрамына кіреді.
Ішкі секреция бездерінің сөлін «гормон» дейді. Гормон гректің һогтпао – қоздыру деген сөзінен алынған. Гормондар биологиялық белсенді заттар. Олар өте аз мөлшерде пайда болады. Гормондардың биологиялық әсері:

  1. денені сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне икемдейді;

  2. дененің қызметін реттейді;

  3. ішкі ортаның тепе-тендігін сақтайды, мысалы, қандағы
    глюкозаның мөлшері азайғанда бүйрек үсті безі адреналин
    гормонын көптеп шығарып, бауырдағы гликогенді глюкозаға
    айналдырады, оның қандағы мөлшері қалыптасады;

  4. эндокриндік бездер жүйке жүйесімен қатар зорығу (стресс) жағдайында икемделу реакцияларын қамтамасыз етеді;

  5. қорғаныс денелерін жинақтауда маңызы зор, атап айтқанда дененің түрлі бөгде заттардың өсеріне төзімділігін арттырады. Гормондар дененің өсуіне, психиканың дамуына, зат алмасуына, жыныстық жетілуіне, жүректің қызметіне тікелей өсер етеді. Гормондар денедегі зат алмасуы нөтижесінде күрделі өзгеріске үшырайды, олардың бір бөлігі несеп-зөр шығару жүйесі арқылы сыртқы ортаға шығады.

Эндокриндік бездер гормондарын қалыпты жағдайда аз немесе көп шығаруы мүмкін. Бүл жағдайда денсаулықтың ауытқушылығы, ауру пайда болады. Егер эндокриндік без гормонды көп бөлетін болса,онда ол бездің «гиперфункциясы», аз бөліп шығаратын болса «гипофунция» деп аталады. Эндокриндік бездер қызметі мен орналасуына байланысты орталықтағы жөне шеткерідегі болып бөлінеді. Орталықтағыларға: гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары кіреді. Шеткерідегілері гипофизге тікелей бағынатын қалқанша, бүйрек үсті және жыныС бездері кіреді. Эндокриндік бездерінің анатомиялық қүрылысы бір-біріне үқсав Олардың қүрылысындағы безді кілегейдің маңызы зор. кілегейдің өзегі болмайды. Бездер қан тамырларына өте өрбір безде қан тамырларының торы болады. Оларды «сину деп атайды. Эндокриндік бездер даму сатысында үрықтың өртүрлі жапырақтарынан пайда болады. Гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті безінің ми қабаты үрықтың эндодерма жапырағынан, қалқанша, қалқанша маңы бездері, айырша безі, үйқы безінің эндокриңдік» бөлігі эктодермадан, ал бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты, жыныс бездері мезодермадан дамыған.
Астың қуыстық және мембраналық қорытылуы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет