Синапстар. Синапстардың құрылысы



Дата23.03.2023
өлшемі329,55 Kb.
#75800

Синапстар. Синапстардың құрылысы.


Синапс (түйіспе) деп өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қызмет атқарушы жасушасы түйіскен жерінде серпін-істерді өткізетін арнайы ұласуды айтады. Синапс ұғымын физиологияға енгізген ағылшын физиологы Ч.Шерингтон.
Синапс
Ұласқан жасушалардың түріне қарай
Нейронаралық (нейронейрональдық)
Ет-жүйкелік (мионевральдық)
Әсеріне байланысты
Тежейтін
Қоздыратын
Қозуды өткізу әсееріне қарай
Химиялық (медиатордың қатысуымен)
Электрлік (эфапстық)
Синапс
Пресинапстық мембрана (түйіспеге дейінгі)
Постсинапстық мембрана
Түйіспелік саңылау
Түйіспе саңылауы алдындағы жүйке бүршігінде медиаторға толы көпіршіктер мен митохондрийлер болады.Осы бүршіктің басқа жүйкемен не миоцитпен түйіскен бетін жабатын мембрана пресинапстық боп саналады, ал постсинапстық мембрана түйіспе саңылауынан кейінгі жүйке бүршігі не ет жасушасын қаптайды.Бұл жерде миоцит мембранасы жасушасының ішіне қарай майысады да шұңқырға айналады.Шұңқыр түбіндегі мембрана ет-жүйкелік түйіспенің постсинапстық мембранасы.Осы екі мембрананың арасындағы түйіспелік саңылау жасуша аралық не плазма тәрізді сқйықтыққа толған.Саңылау диаметрі шамамен 20-50 нм-дей.

Медиатор


Медиатор - қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады. Ол нейрон денесінде түзіледі де нейрофибрилдердің бойымен жылжи отырып, жүйке ұшына жеткен жерде шоғырланып үлбіреген көпіршік қабымен қапталады. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы белок - қабылдағыш орналасқан. Түйіспе медиаторы ацетилхолин болса, оның постсинапстық қабылдағышы холинорецептор.
Бірыңғай салалы етте адреналин де медиатор рөлін атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда постсинапстық мембрана қабылдағышы адренорецептор.

Қозудың ет-жүйкелік түйіспе арқылы өтуі


Орталық жүйке жүйесінен шығып эфференттік жүйке талшығының ұшына жеткен серпініс пресинапстық мембрананың Na+, K+ иондарына деген өткізгіштігін өзгертеді. Бұл иондар концентрациялық және электрлік градиентіне байланысты мембранадан өте бастайды. Na+ ионына мембрананың өтімділігі жоғары болғандықтан оның жүйке ішіне қарай өтуі пресинапстық мембрананы деполяризациялайды. Мұнымен бірге кальций каналдары ашылып айналадағы түйіспе саңылауынан жүйкенің ішіне қарай Са2+ катионының өтуі шапшаңдайды. Са2+ ионының жүйке ұшына өтуі нәтижесінде іші ацетилхолинге толы везикулалар жылжып пресинапстық мембранадан түйіспе саңылауына өтеді, өтер алдында әдетте везикулалар жарылады да ацетилхолин босап шығады. Ол серпініс санына, оның күшіне қарай будақ-будақ болып түйіспелік саңылауға өтеді. Бір жеке серпіністің әсерінен миллионға жуық ацетилхолин бөлінеді. Постсинапстық мембранаға жеткендері ондағы холинорецеп-торлармен әрекеттесіп, постсинапстық мембрананың Na+ ионына деген өтімділігін күшейтіп, мембрананы деполяризациялайды.

Постсинапстық мембранада қозудың өтуі


Постсинапстық мембранада жергілікті ток — постсинапстық қоздыру потенциалы (ПСҚП) пайда болады. ПСҚП мөлшері тікелей ме­диатор деңгейіне байланысты. ПСҚП өзінің аумалы шегіне жеткен сәтте иондардың оң зарядтан теріс зарядқа қарай жылжуына байла­нысты постсинапстық мембранаға жақын жатқан миоцит мембранасында (бұларда холинорецепторлар жоқ) әрекет потенциалы пайда бо­лады. Бұдан соң деполяризация ет талшығының бойымен және миоцит ішіндегі мембрананың Т өсіндісі арқылы жылжи отырып, миоцитті тұтас қамтиды да оны қоздырып жиырылтады. Келесі серпіністің түйіспе арқылы өту-өтпеуі ацетилхолиннің ыдырауына және оның холинорецептордан босап шығуына байланысты. Ацетилхолинді ыдырататын фермент - холинэстераза, ал адреналин медиаторын ыдырататын фер­мент – моноаминоксидаза.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет