Сыныбы: 5А, 5Ә, 7Ә сыныптар Сайыстың тақырыбы



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі39,79 Kb.
#132376
  1   2   3

Сыныбы: 5А, 5Ә, 7Ә сыныптар
Сайыстың тақырыбы: «Қызықты математика»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, ұжымшылдық қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үлестірмелер, нақыл сөздер, бағалау парағы.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі “Қызықты математика” атты 5А, 5Ә, 7Ә cыныптар арасында өткізілгелі отырған математикадан интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Білім күшімізді сынау үшін «Қызықты математика» атты сайысқа жиналып отырмыз. Бұл сайыста екі топтың білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық. Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.
Сайыстың өту барысы:
1-кезең. “Бәйге”. Бұл кезеңде әр топ сұрақтарға жауап береді.
2-кезең. «Математикалық хоккей». Топ ойыншылары жеке-жеке тақтаға есеп шығарады.
3-кезең. “Жалғасын тап!”. Сандарға байланысты мақал-мәтелдердің жалғастыру.
4-кезең. “Сандық ребустар”
5-кезең. “Жорға”. Математикалық жұмбақтар шешу.
6-кезең: “Теңге алу”. Адасқан әріптерді табу.
7-кезең. Қатесін тап! Қысқаша көбейту формулаларының қатесін табу.


1-кезең. “Бәйге”
І топқа:
1. Жарты түзу? (сәуле) 2. Үш сызықтан пайда болған фигура ? (үшбұрыш) 3. Шеңбер сызуға арналған құрал? (Циркуль) 4. 1/10 санының кері саны ? (10) 5. Тік бұрыштан кіші бұрыш? (сүйір)
6. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)
7. Ең үлкен ортақ бөлгіші 1-ге тең сан? (өзара жай сан)
8. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (бұрыс бөлшек)
9. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
10. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
11. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
12. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
13. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)
14. Тақ цифрларды ата. /1, 3, 5, 7, 9/
15. Бір жазықтықтықта қиылыспайтын екі түзу? (параллель түзулер)


ІІ топқа:
1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
2. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (квадрат)
3. Бұрышты өлшейтін құрал... (транспортир)
4. 640 саны 5 –ке бөліне ме? (иә)
5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
6. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
7. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
8. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
9. ОУ осі қалай аталады? (ордината)
10. 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін сандар? (жай сандар)
11. Шеңбердің радиусы 6см. Диаметрі қанша? /12см/
12. Жұп цифрларды ата.
13. Ең үлкен екі таңбалы сан? /99/
14. 1 сағатта қанша минут бар? /60 минут/
15. Тік бұрыштан үлкен бұрыш /доғал бұрыш/




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет