Сынып жетекшісі: Адбрахманова М. П. Сынып практиканттары



бет1/2
Дата10.03.2023
өлшемі27,59 Kb.
#73065
  1   2
Байланысты:
Қонаев ұлы тұлға


Сыныбы: 9 «Г»

Уақыты:

Сынып жетекшісі: Адбрахманова М.П.
Сынып практиканттары:
Нұрсеитова Ж.А.
Нұрмахан Н.Е.

Күні







Сынып сағатының
тақырыбы:

«Қонаев ұлы тұлға»

Сынып сағатының

- Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
-Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

мақсаты:

Сынып сағатының түрі:

«Ашық микрофон» әдісі арқылы өтетін еркін сабақ

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Интерактивті тақта,презентация, Д. А. Қонаевтың суреттері,

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама - қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Д. А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Алматыдағы №14 мектепті үздік аяқтаған соң, Мәскеудегі түсті металдар институтын 1936 жылы тау - кен инженері мамандығы бойынша аяқтап, Балқаш, Риддер «Алтай полиметал» кәсіпорындарында қарапайым инженерден бастап барлық еңбек баспалдақтарынан өте отырып, кәсіпорын басшылығы қызметтерін атқарған.
1960 - 1962, 1964 - 1986 жылдар аралығында Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің І хатшысы қызметін атқарды. Ол басшылық жасаған жылдары Қазақстанда Ақтау, Текелі, Шардара, Арқалық т. б. жетпістен астам үлкенді - кішілі қала салынып, Балқаш пен Жезқазған тау - кен комбинаты, Ақтөбе химия комбинаты, Қаратау фосфор зауыты, Соколов - Сарыбай тау - кен комбинаты т. б. көптеген алып индустриялық құрылыстар жүзеге асырылды. Д. А. Қонаев 20 жыл бойы Орталық Комитеттің саяси бюросының толық мүшесі болды. Ел алдындағы оның еңбегі ерекше бағаланып, Еңбек Ері атағымен, көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған. Сонымен қатар, Д. А. Қонаев ғылымға да үлкен еңбек етіп, жүзден аса ғылыми еңбектері жарық көрген.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сұңғақ бойлы,ақсары өңді,жылы жүзді,нар тұлғалы кісі болатын.


Дінмұхамед атамызды ел көзі тірісінде – ақ құрмет тұтып, Димаш атап кеткен. Димаш атамыз 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін,1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу түсті металлургия институтына оқуға жібереді.1936 жылы институтты ойдағыдай бітіріп,тау кен инженері мамандығын алған Д.. А.. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып,онда бұрғылау станогының машинисі ,цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болады. Он бес одақтастас республиканы Мәскеу басқарып тұрған қиын да күрделі заманда, Қонаев атамыз Қазақстанды жиырма жеті жыл бойы басқарған.  Әділетті, турашыл, қарапайым басшы болды. Ол кісінің алдына елдің бәрі кіріп, жұмысын айтып шыға алатын. Қонаев басқарып тұрған кезде Қазақстан он бес одақтас республиканың ішінде екінші орында тұрды. Бірінші – Ресей, екінші Украина мен Қазақстан қатар тұрды. Бұл Қонаевтың Қазақстан үшін қаншалықты еңбек сіңіргенін көрсетеді.
Ел ең алдымен Қонаевтың кішіпейілдігі, мәдениеттілігі жайлы тамсана әңгімелейді. Димаш атамыз Академик болған. Академик дегеніміз – жан-жақты білімді, өте сауатты, бәрін білетін адам. Академиктерге сол кезде ай сайын үш жүз сомнан артық ақша төленетін болған. Сол ақшаны Қонаев атамыз ай сайын балалар үйіне беріп отырған. Бұл да Дінмұхамед атамыздың Ұлылығының бір белгісі.
Д.А.Қонаев –Ұлы отан соғысынан әбден күйзеліп артта қалған Қазақстанды толассыз көркейтіп дамытқан,оны алдыңғы қатарлы индустриялы – аграрлық республика дәрежесіне жеткізген –xx ғасырдағы қазақ халқының дара перзенті,қазақ мемлекетінің ұлы қайраткері.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел басқарып тұрған кезде Қазақстанда қырықтан аса қала салынды. Ол қалалардың бәрінде атамыздың айрықша еңбегі болды. Міне, осы істердің бәрі Қонаев атамыздың «Ұлы тұлға» екеніне жеткілікті дәлел бола алады.
Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Еңбек жолдары:

-1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау - кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937 - 1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.


-1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
-1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
-1942 - 1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды.
-1955 - 1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
-1960 - 1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
Біз Қонаевты білеміз бе.?
1. Д.А.Қонаевтың туған жылы ,айы ?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет