Сыр – Анам, Қаратау – Панам! 11 Наурыз сенбі 2017 жыл



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата31.03.2017
өлшемі12,87 Mb.
#10734
1   2   3   4

Бақытжан ИСМАТОВ,

орман қорғау инженері.



ТІЛСІЗ 

ЖАУҒА 



ТЕГЕУРІНДІ 

ТОСҚАУЫЛ


Туберкулез 

қалай жұғады?

Туберкулездің 

негізгі жұғатын көзі 

туберкулез микроб-

тарын тарататын 

науқас адам. Науқас 

адам сөйлегенде, 

жөтелгенде, 

түшкіргенде, ән 

айтқанда түкірікпен, 

қақырықпен әлденеше 

миллиард туберкулез 

микробтарын бөліп 

шығарады және олар 

1,5 метрден 5 метрге 

дейін шашырайды, ең 

қауіптісі ол бөлмедегі 

ауада таралып, бір 

сағаттан көп уақыт 

сақталады. Науқас 

адамның жерге не-

месе еденге түкірген 

қақырығы бірте-бірте кебеді де, ақырында шаңға арала-

сады, шаң ауаға көтеріледі, дем алған кезде сау адамның 

өкпесіне енеді.Туберкулезбен ауыратын малдың сүтін 

шикілей ішкенде немесе тауықтың жұмыртқасын пісірмей 

жегенде жұғады. 

Туберкулез қандай ауру? 

Туберкулез өте қауіпті жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін 

түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас 

адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реакциясын 

қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде неме-

се флюорографиялық байқаудан өткенде табылады. 

Туберкулездің белгілері: 

– әлсіздік, тез шаршау.

– жүдеу,асқа зауқы соқпау.

–3 аптадан аса жөтеліп жүру.

– түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу.

– дене қызуының 37 градусқа дейін әсіресе кешке 

қарай көтерілуі.

– түстен кейінгі мезгілде бейжай болуы. 

Осындай белгілер білінсе міндетті түрде дәрігерге 

көрініп қақырықты үш күн қатарынан үш рет “Кох 

таяқшасына” тексеру керек. Қазіргі жағдайда туберкулез-

бен ауырған жанды емдеп жазуға болады. 

Науқас адам туберкулезін жұқтырмау үшін не істеу ке-

рек? 


Туберкулезді жұқтырмай жүру мүмкін емес! Алдын-ала 

тексерілу мүмкін нәрсе! 

Әсіресе балаларды сақтандырудың барлық шарала-

рын мұқият қараған абзал. Оларды қолына алып сүюіне, 

бір ыдысты ортақ пайдалануына, бір бөлмеде ұйықтауына, 

бәрінен бұрын төсекте бірге жатуына болмайды. Науқас 

адамның меншікті ыдыстары, заттары, төсек орны болуы 

тиіс, олар жанұяның басқа мүшелерінен оқшау сақталады.

Науқасқа үйдің күн жақ бетінен жеке бөлме берген дұрыс. 

Науқас қақырықты қалта түкіргішіне түкіруі тиіс, ол екеу 

болғаны жөн, біреуін науқас пайдаланған кезде, екіншісі 

залалсыздандырылады. 



Туберкулезді анықтау әдістері.

Туберкулездің алдын алу үшін профилактикалық ша-

ралар жүргізу, барынша туберкулезді ерте табу (енді 

басталғанда), жеңіл түрі болса тез емделеді. Ол үшін: 

1) Балаларға Манту сынамасы қойылады. Бұл әдіспен 

туберкулездің жұққанын анықтаймыз, балалар үшін манту 

сынамасын қойғызу (алу) керек 

2) Жасөспірімдермен ересектер жылына бір рет 

флюроографиялық тексеруден өтулері қажет, бұл әдіспен 

өкпенің ауруларын анықтаймыз, олар: туберкулез, пневмо-

ния, рак, т.с.с. 

3) Бакскопия-қақырықты микроскоп арқылы тексе-

ру, әртүрлі уақытта үш реттен Кох таяқшасына тексеру, 

егер де туберкулез таяқшасын тапқан жағдайда, бірден 

туберкулездің ашық түрі деген диагноз сол сәтте (микро-

скоппен) қойылып науқас ауруханаға оқшаулануы керек. 

Қазіргі уақытта туберкулезді анықтау үшін 

микробиологиялық  әдістері қолданылуда.Олар:

1.BAKTEK- туберкулез микробактериясы сезгіштігін же-

дел анықтау тәсілі.

2.HAIN-тест туберкулездің молекулярлық-генетикалық 

диагностикалау.

3.G-xpert- туберкулезді 1-2 күн ішінде анықтау.

Туберкулезге тексерілу,емдеу Қазақстан Республика-

сының азаматтарына тегін!

Ерғабит ИЛЬЯСОВ, 

облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы 

шипажайы мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері.

ТУБЕРКУЛЕЗ – 

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ

3

11 наурыз, 2017 жыл

ҚЫРЫҚ КҮНДІК АСҚА ШАҚЫРАДЫ

Әулеттің  үлкені  болып  бауырлары-

на  қамқор  аға,  дос-жаранына  сыйлы, 

ағайын-туысқа  абыройлы  бола  білген  аб-

зал әкеміз Қуаныш Жақсылықұлы Қазиевтің 

қазасы  қабырғамызды  қайыстырып  кетті. 

Қамшының  сабындай  қысқа  ғұмырында 

қанға  сіңген  қарапайымдылығымен,  шы-

найы  жанашырлығымен  өзінен  кейінгілерге 

үлгі  өнеге  көрсете  білді.  Әрдайым  адал 

еңбек етіп, алты баланың арқа сүйер абзал 

әкесі және отбасында адал жар болды. Алла 

әкеміздің    алдынан    жарылқасын,  иманын 

жолдас, жәннаттың төрін нәсіп етсін.

Үміт бәлкім жүрген шығар үзілмей,

Жүруші едің, арамызда күлімдей.

Түсімізде сырласамыз өзіңмен,

Көзді ашсам қаласыз-ау көрінбей.

Мәңгі есте сенің нұрлы дидарың,

«Өлді» деуге жан әкемді қимадым.

Ол жақта да мекен-жайың жұмақ боп,

Мәңгілік жолдас болсын иманың!

Ардақты ағайын,  құда-жекжат, тума-туыстар!

Сіздерді ардақты әкеміздің рухына арналған қонағасы 23 наурыз күні, және 

қырық күндік асына 24 наурыз күні Кеңес ауылындағы қара шаңыраққа келіп, 

Құран ішінде болуға шақырамыз.



Еске алып асқа шақырушылар: ата-анасы Жақсылық, Әсемкүл, 

жары – Жанар, ұл-қыздары және Қазиевтер әулеті.



Қазақстан Республикасының «Нотариат» туралы 

заңының 60-бабы негізінде қайтыс болған Раматуллаев Иба-

дулладан, Абенова Алмагулдің, Зұлпықарұлы Тынысбектің, 

Абуов Кадирдің, Конратбаева Бибитайдың, Ким М атвей 

Семеновичтің атындағы қалған мұралық мүлікке мұраның 

ашылғандығы туралы өтініш түсуіне байланысты мұрагерлері бо-

лып танылатын туыстары мұрагерлік куәлік алу үшін Жаңақорған 

ауданының нотариусы Әлайдар Әбушахма Өсербайұлына өтініш 

беруіне болады. Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі №134.

МҰРАГЕРЛІК КУӘЛІК

Қазақстан Республикасының «Нотариат» туралы 

заңының 60-бабы негізінде қайтыс болған Султанов Азимбай 

Калдыбековичтың, Абуталипов Абеннің, Садыкова Асияның 

атындағы қалған мұралық мүлікке мұраның ашылғандығы туралы 

өтініш түсуіне байланысты мұрагерлері болып танылатын туыстары 

мұрагерлік куәлік алу үшін Жаңақорған ауданының жекеше нотариу-

сы Ержанова Ботагоз Таженовнаға өтініш беруіне болады. 

Жақында  аудан  әкімдігінің  мәжіліс  залын-

да  игі  бастаманың  алғышарттары  жасалып,  та-

раптар  меморандумға  қол  қойды.  Бірінші  кезек-

те, аудан басшысы Ғалым Әміреев тарихи мәміленің 

маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, ауданның аграр-

лы салаға бейім екендігін айта келе, Кеңестік кезеңнен 

«мұра» қалған техникалар көп өнім жинауға қауқары 

жетпейтінін айтқан аудан әкімі салаға жаңа техноло-

гия мен техниканы ендіре отырып, сапалы, мол өнім 

алуға қол жеткізуге болатынын тілге тиек етті. 

–  Өздеріңіге  белгілі,  аграрлы  салаға  инвести-

ция  тартуға  көп  жұмыс  жасалуда.  Өйткені,  жаңа 

технология  мен  техникасыз  жоғары  өнімділік 

алу  мүмкін  емес.  Сондықтанда  біз  ең  бірінші  ке-

зекте,  бұл  бағытта  жергілікті  бюджет  есебінен 

ауылшаруашылығы  техникаларын  сатып  алуды  жөн 

көрдік.  Бүгінгі  меморандумның  мақсаты  –  ауданда 

ауылшаруашылығы  саласын  бұдан  әрі  дамыту  және 

ашықтық және тиімділік қағидаларындағы негіздерді 

қалыптастыру  бойынша  бірлескен  іс-қимылдарды 

жүзеге  асыру.  Ал,  негізгі  мәні  –  ауылшаруашылығы 

өнімдерін  өндіру,  өндеу  және  техникалық  қызмет 

көрсету.  Сондай-ақ  ауылшаруашылығын  дамы-

ту  саласындағы  өзара  мүддені  білдіретін  же-

дел  ақпаратпен  алмасу  бойынша  тараптардың 

ынтымақтастығы  болып  табылады.  Осы  орайда, 

технологияны  үйлеструші  ретінде  жергілікті  инве-

сторды  таптық.  Ол  –  «Тасболат»  ЖШС.  Серіктестік 

құрылтайшысы  –  Бақытжан  Тасболатов.  Бұл  сала-

да ұзақ жылдарғы тәжірибесі бар. Ертеңгі күні сатып 

алынатын  техникаларды  басқаруды  сенімгерлікке 

бере  отырып,  осы  серіктестіктің  де  біршама  техни-

касын  пайдалануға  мүмкіндік  жасауда  –  деді  Ғалым 

Махмұтбайұлы. 

Айта  кету  керек,  жергілікті  бюджеттен  255  млн. 

теңгеге  18  техника:  5  дана  тұқым  сепкіш,  5  дана 

трактор,  экскаватор-тиегіш,  7  дана  экскаватор-

жоспарлағыш сатып алынады. Ал, инвестор тарапы-

нан ортақ мақсатта пайдаланатын 20 дана ауыр тех-

ника ұсынылып отыр. Сондай-ақ, әкім сөзінен белгілі 

болғандай, сатып алынған техника 9 ауылдық округ-

ке  ортақ  мүлік  болады.  Яғни,  Екпінді,  Сунақата, 

М.Нәлібаев, 

Қыркеңсе, 

Қожакент, 

Келінтөбе, 

Қаратөбе,  Аққорған,  Жаңарық  ауылы  диқандарынан 

керек-жарағына жарайтын болады.

Бәтуәлі  басқосу  барысында  аудан  әкімі  Ғалым 

Махмұтбайұлы,  аталмыш  9  ауылдық  округ  әкімдері, 

«Тасболат»  ЖШС  директоры  Бақытжан  Тасболатов, 

және  Кәсіпкерлер  палатасының  аудандық  филиа-

лы директоры Марлан Нұртазаев ауылшаруашылығы 

саласындағы  кейбір  мәселелері  жөнінде  өзара 

ынтымақтастық  туралы  меморандумға  қол  қойды. 

Тарихи  сәттің  нәтижесі  алдағы  уақытта  өз  жемісін 

көрсететін  болады.  Әзірге  ауыл  шаруалышығы  са-

ласын  кезең-кезеңімен  жаңғыртуға  негізделген 

бастаманың алғашқы қадамы ғана бұл. 

Ендігі 

кезекте 


тараптарға 

жүктелген 

ынтымақтастықтың  қай  бағытта  жүзеге  асатынына 

тоқталсақ. 

Меморандум  аясында  аудан  әкімдігі  өзіне 

жүктелген міндет бойынша; агроөнеркәсіп кешенінің 

тиімділігін  арттыру  және  пайдаланылмайтын  жер 

алқаптарын  азайту  мақсатында  мемлекеттік  қолдау 

шараларын көрсетуді жүзеге асырады; Заңнамаларға 

сәйкес  өкілеттік  шеңберінде  инвесторларға  қолайлы 

инвестициялық  ахуал  жасайды;  Жергілікті  бюджет 

қаражаты  есебінен  алынған  техникалардың  тиісті 

уәкілетті  органмен  инвесторға  заңдылығына  сәйкес 

келісім  бойынша  тиімді  пайдаланылуын  бақылап, 

қамтамасыз  етеді.  Сондай-ақ  Заң  нормаларына 

сәйкес ауданның резерв қорынан 1500 гектардан кем 

емес  мөлшерде  жер  телімінің  инвесторға  уақытша 

пайдалануға берілуін ұйымдастырады.

Оған  қоса,  инвесторғада  жүктелген  міндет  те 

жеңіл емес. Бұл жөнінде біз «Тасболат» ЖШС дирек-

торы Бақытжан Сағындықұлынан білдік. 

–  Аудан  әкімі  Ғалым  Әміреевтің  бастама-

сымен  қолға  алынып  жатқан  бұл  жоба  аграр-

лы  салада  мол  өнім  алуға  үлкен  мүмкіндік  ашады. 

Біздің  серіктестіктің  бұл  бағытта  үлкен  тәжірибесі 

бар.  Өз  кезегінде  біздер    ауылшаруашылығы 

өнім  өндірушілеріне  ауылшаруашылық  өнімдерін 

өндіру,  қайта  өндеу,  сақтау  және  өткізу  барысын-

да  жаңа  үлгідегі  ауылшаруашылық  техникалары-

мен техникалық қызмет көрсетеді және жаңа техно-

логиялармен    жұмыс  жасауға  үйретуді  қамтамасыз 

ететін  боламыз.  Әкімдік  тарапынан  сатып  алынған 

техникадан  бөлек,  серіктестікке  тиесілі  20-жуық 

техниканы  ортақ  мақсатта  жұмыс  істейтін  бола-

ды.  Оған  қоса,  сервистік  қызмет  көрсету  нысанда-

рын салуға тиісті инвестицияларды тарту бағытында  

жұмыс  жасаймыз.  Және  де  жаңадан  ашылған  жерге 

егілген күріштің  өнімділігін 60  центнерден кем емес 

мөлшерде жинауға және дихандарының тұқымдарын 

өнімділігі жоғары сорттарға ауыстыруын қамтамасыз 

етеміз. Сондай-ақ аудан дихандарына егін егу мерзімі 

кезеңінде  тыңайтқыш  сатып  алуға  көмек  көрсетеді 

және  алынған  өнімді  өткізуге  көмектесетін  бола-

мыз.  Бүгінде  базада  тұқымның  жаңа  сорттары  бар. 

Қызығушылық танытқан шаруалардың алуына әбден 

болады  –  деді  серіктестік  директоры  Бақытжан  Тас-

болатов. 

Ал, Марлен Нұртазаев жетекшілік ететін аудандық 

Кәсіпкерлік  палатасы  кәсіпкерлік  саласындағы 

заңдылықтың  бұзылуын  болдырмау  және  осын-

дай  бұзушылықтарға  себепші  болатын,  кәсіпкерлік 

субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру 

бағытында құқықтық қызмет көрсететін болады. 

Тараптар  ортақ  мәмілеге  келгеннен  кейін 

аудандық  ауыл  шаруалышығы  бөлімінің  басшысы 

Қаржыбек  Бүркітбаев  2017  жылдың  көктемгі  дала 

және  егу  жұмыстарының  дайындық  барысы  жайлы 

аз-кем баяндама жасады. 

Сала  басшысының  айтуынша,  көктемгі  егіске  ау-

дан  бойынша  2170  тонна  «Маржан»  сортты  тұқымы 

құйылған. Алайда жоғары сортты сұранысқа ие күріш 

сорттарын өндіру мақсатында «Маржан» сортты сыр 

салысының  80  пайызын  жоғары  сұрыпты  «Лидер» 

сортына  ауыстырылып,  870  тонна  I-репродукциялы 

«Лидер» тұқымы сатып алынған. Сондай-ақ бекітілген 

егіс  көлеміне  сәйкес  биыл  көктемгі  дала  жмыста-

рын  жүргізуге  1990  тонна  арзандатылған  дизель 

отыны,  оның  ішінде  наурызға  490  тн,  сәуірге  685 

тн,  мамырға  айына  815  тн  болып  белгіленген.  Ал, 

бөлінген жанар-жағар  майды жеткізіп беру үшін ау-

дан  операторлығына  «Қызылорда  Нефть  Транс» 

ЖШС жауапты. Оған қоса, бөлім басшысы Қаржыбек 

Тәжібайұлы егін шаруашылығы бағдарламасы бойын-

ша берілетін субсидиялар жөнінде айтып өтті. 

Ал, мекеме басшысы Әбдімәжит Ахметов биылғы 

көктемгі  егіс  науқынында  диқаншы  қауым  су-

дан  тапшылық  көрмейтінін  жеткізді.  Жәнеде  ең 

жақын  арада  «Келінтөбе»  су  тоспасының  құрылысы 

аяқталып, іске қосылатынына сендірді. 

Осылайша,  аудан  үшін  маңыздылығы  зор  мемо-

рандум  алдағы  уақытта  өңірдергі  аграрлы  саланың 

өнімділігін  еселей  түсуіне  өзіндік  үлесін  қосары 

айқын. Бұл әзірге жарқын жобалардың бастауы ғана. 

Сәтін салса, атакәсіпті арқау еткендердің саны артып, 

ауданның  ауыл  шаруашылығы  саласында  серпіліс 

туғызары сөзсіз.

МАҢЫЗДЫ МӘМІЛЕНІҢ 

МАҚСАТЫ АЙҚЫН

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Аудандық ардагерлер кеңесінің кеңсесіне материалдық тұрғыда 

демеу көрсеткен өндіріс ошағының бұл бірінші қолдауы емес. Бұған 

дейінде сауапты да жауапты шаралардың басы-қасынан табылып, ізгі 

істерге ұйытқы болып жүр. Әлфараби Кенжебеков басшылық ететін 

«Қызылқұм»  ЖШС  аудан  ардагерлері  тарапынан  келген  ұсынысты 

қолдап, серіктестік атынан компьютер мен қағаз шығаратын прин-

тер  сыйға  тартуға  шешім  шығарады.  «Қос  тойың  қабат  болсын, 

екі  дүниең  абат  болсын»  демекші,  бұл  күн  «Алғыс  айту»  күніне 

сәйкес  келді.  «Ордакент»  ардагерлер  және  жастар  ресурстық 

орталығында  орналасқан  ардагерлер  кеңсесіне  «Қызылқұм»  ЖШС 

бас  директорының  орынбасары  Пернебай  Өтебаев  серіктестіктің 

сыйға  тартқан  компьютері  мен  принтерін  ел  ағасы  Зинабдин 

Шермағамбетовке табыстады. 

–  Қарияларға  құрмет  көрсету  қашанда  ізгі  іс.  Бұл  тұрғыда 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес компаниясы «Қызылқұм» 

ЖШС-і    үнемі  ардагерлер  мен  тұрмысы  төмен  отбасыларға 

материалдық  тұрғыда  қолдауын  аяған  емес.  Серіктестіктің  бас  ди-

ректоры  Әл-Фараби  Кенжебеков  мұндай  әлеуемттік  бастама-

ларды  назардан  таса  қалдырмайды.  Соның  айқын  бір  дәлелі  – 

бүгінгі  ақпараттық  технология  дамыған  заманда  компьютерлік 

құрылғыларсыз  іс  бітпейді.  Сондықтанда  сіздерге  жасаланып 

отырған бұл қолдау алдағы уақыттада өз жалғасын табатын бола-

ды – деді Пернебай Өтебаев. 

Өз  кезегінде  ардагерлер  атынан  ел  ағасы  Зинабдин 

Шермағамбетов серіктестік ұжымына ақ батасын беріп, ризашылығын 

білдірді. 



Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

ИГІЛІКТІ 

ІСТІҢ ИІРІМІ

Үлкенге ізет 

көрсеткен дана 

халық: «Қариясы 

бардың – 

қазынасы бар» 

деген қанатты 

сөз қалдырған. 

Бұл үлкенін 

ізеттейтін, кішісін 

құрметтейтін 

елге ғана тән 

құбылыс. Осы 

орайда, «Бере-

ке – үлкендерде» 

деген аталы сөзге 

арқа сүйеген 

аудандағы 

өрісті өндіріс 

ошағының  бірі 

– «Қызылқұм» 

ЖШС қариялар 

қауымына құрмет 

көрсетті. 

«Жәннат  –  ананың  табанының  астын-

да».  Әрине, бұл менің сөзім емес, қасиетті 

хадистен  үзінді.  Осы  бір  киелі  сөздің 

астарына  үңілген  сайын  анаға  деген 

қошеметіміз  еселене  түсетіні  анық.  Осын-

дай ілтипатпен Бесарық ауылдық окургінде 

жыл  сайын  дәстүрлі  түрде  думанды  кеш 

өткізіліп келеді. Құшағы гүлге, жүрегі нұрға 

толған ауыл аналарының қуанышына бізде 

куә болған едік...

Бесарық  клуб  үйінде  ауыл  тұрғындары 

белгіленген уақыттан бұрын жинала баста-

ды. Жаймашуақ күні қуанышпен қауышқан 

жандар түрлі тақырыпта әңгіменің тығынын 

ағыта бастады. 

Кенет  тұғырдың  шымылдығы  түріліп, 

ел  назары  сахнаға  ауды.  Ауыл  әкімі 

Әлібек  Абдуллаевтың  асыл  аналарды  төл 

мерекесімен  құттықтады.  Ауыл  тіршілігінің 

жандануына  ер  азаматтармен  бірге  иық 

тірестіре  жұмыс  жасап  жүрген  нәзік 

жандылардың  еңбегін  бағалап,  марапат 

мінберіне шығарды. Тарқатып айтсақ, Майра 

Бекмырзақызын,  Дамира  Бекмырзақызын, 

Айман 

Кенжебекқызын, 



 

Жадыра 


Әшірбайқызын  аудан  әкімінің  «Алғыс  ха-

тымен»  және  бір  топ  қызметкерлер  ауыл 

әкімінің  «Алғыс  хатымен»  марапаттады. 

Марапат  соңы  ауыл  жастарының  ұсынған 

концерттік  бағдарламасына  ұласты.  Ана 

тақырыбын  арқау  еткен  қойылымнан  соң 

ауылдағы ақ жаулықты аналар ақ тілектерін 

жеткізді. 

Шара барысында 160 алтын және күміс 

алқа  иегерін,  өзге  ұлт  өкілдерінің  қыз-

келіншектерін,  ауылдық  мекемесінің  тізгін 

ұстап отырған алты әйел басшысына ауыл 

әкімінің арнайы сый-сияпаты жасалды. 

Кештің 


соңында 

ауыл 


әкімі 

І- 


топтағы  мүмкіндігі  шектеулі  жан  Ұлтуған 

Асқарованың,  жүз  бірінші  көктемін  қарсы 

алған  Тұрғанкүл  Қарымбаеваның  және 

100  жасын  тойлағалы  тұрған  Жәміш 

Есенқұлованың  үйіне  бас  сұғып,  арнайы 

әзірлеген сыйлығын табыстап, қарттардың 

ақ батасын алды.

Мақпал МАРҚАБАЙҚЫЗЫ,

Жаңақорған-Бесарық-Жаңақорған.

ӘЛЕМДІ 

ӘНМЕН 



ТЕРБЕТКЕН

Көктемнің  алғашқы  мерекесі  8-нау-

рыз  халықаралық  әйелдер  мерекесі  күнін 

байкенжелік ағайын жоғары деңгейде атап 

өтті. Алғашқы кезекте ауылдық округ әкімі 

Жұмаділла  Өткелбай  қыз-келіншектер 

қауымын төл мерекемен құттықтап, мерейі 

тасыған бір топ анаға аудан әкімінің «Алғыс 

хатын» табыстады. 

Мұнан  кейін  «Қызылқұм»  ЖШС  бас 

директорының    жалпы  істер  жөніндегі 

орынбасары Пернебай Өтебаев  серіктестік  

бас  директорының  тікелей  тапсырмасы-

на  сәйкес    осында  отырған  ақ  жаулықты 

аналарды  төл  мерекесімен  құттықтап, 

ақжарма  лебізін  жеткізді.  Әрі  алтын 

құрсақты  28  «Батыр  ана»  мен  «Алтын 

алқа»  иегерлеріне  серіктестік  атынан 

мерекелік сый-сияпатын үлестірді.  

«Байкен – U» ЖШС бас директорының 

орынбасары  Талғат  Рамазанов  24  көп  ба-

лалы анаға мерекелік марапат жасады. 

– Айтулы мереке қарсаңында ауылмен 

іргелес  орналасқан  өндіріс  орындарының 

аналар  қауымын  құрметтеп,  сый-сияпат 

көрсетіп  жатқанына  алғысымыз  зор. 

Серіктестік  ұжымы  ауданның  әлеуметтік 

–  экономикалық  әлеуетін  арттыруда  та-

бысты  жұмыс  тілейміз.  Қашанда  істеріңіз 

оңға  басып,  ілкімді  істерге  ұйытқы  бола 

беріңіздер–деді  «Батыр  ана»  Майданкүл 

Сәрсенова. 

Мерекелік  шара  соңында  жергілікті 

өнерпаздар  ән-мен  күйден  шашу  шашып, 

жиылғандарға  көтеріңкі  көңіл  күй  сыйла-

ды.


Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

БЕРЕКЕ – 

ҮЛКЕНДЕРДЕ



ҮЙ САТЫЛАДЫ

Тез арада Жаңақорған кентіндегі Уалиханов көшесі 

№37 үй сатылады. Суы кіріп тұр. мал ұстауға қолайлы 

жер, алдында сарайы, мал қорасы бар. Бағасы келісім 

бойынша.

Хабарласу телефоны: 87756357315. Машрап.



***

Төменарық ауылы, Нажимов көшесі №10 үй саты-

лады. Үй 5 бөлмелі, су келіп тұр. Есік алдында жаңадан 

үлкен сарай салынған. Бағасы келісім бойынша.

Байланыс телефоны: 87751771855

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жаңақорған» 

шипажайы АҚ 

директорлар 

кеңесінің отырысы 

наурыз айының 15-ші 

жұлдызында шипа-

жай Мәжіліс залында 

сағат 10.00-де өтеді.

ТАПСЫРЫС 

ҚАБЫЛДАЙДЫ

Жалюздің алуан түрлері 

бар. 4 терезе жалюзиге 1 

терезе жалюз сыйлыққа 

беріледі. Тапсырыс 2-3 күнде 

орындалады. Өлшеу, орна-

ту тегін.

Хабарласу телефоны: 

87028707078, 87076877525.


Меншік иесі:

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Бас директор



Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Жаңақорған аудандық

«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы

Бас редактордың міндетін атқарушы



Нұрлат БАЙГЕНЖЕЕВ

Телефондар:



Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -21-4-35

Бас редактордың орынбасары -21-9-71

Жауапты хатшы -79-1-35

Тілшілер -22-2-44

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде 

19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.

«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009

«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді 

және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті 

көзқарасын білдірмейді.

Газет редакцияның компьютер орталығында

теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4 А. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы 

бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-

на хабарласуға болады.



       

        Таралымы 6502             Тапсырыс № 314

Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru



СЫР

МЕДИА

Нөмердің кезекші редакторы: 



Әбдісамат ӘБДІШ.

ЕЛ АҒАСЫНЫҢ 

ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ

4

11наурыз, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет