Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет1/5
Дата31.03.2023
өлшемі65,87 Kb.
#78145
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бейімдік лекция


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

1 дәріс
Емдік дене шынықтыру негіздері.

Дәрістің мақсаты – науқас организміне дене жаттығуларының физиологиялық және терапевттік әсерін оқып білу. Дәрістің жоспары: 1. Емдік гимнастиканың даму тарихы. 2. Жаттығулар жиынтығының сипаттамасы мен классификациялары. ЕДТ формасы мен әдістері. 3. Емдік жаттығулар жиынтығының қолдану кезеңдері. 4. Қимыл-қозғалыс режимдерінің медициналық реабилитациядағы кезеңдері. Емдік гимнастиканың даму тарихы Емдік гимнастика – қазіргі заманда кең тараған ұғым. Ол емдеу әдістерінің тиімді түрлерінің бірі. Біздің елде ол негізінен советтік дәуірде ғана дамыса да өзінің түп-тарамын осыдан бірнеше ғасыр бұрын, сонау ықылым заманнан бастайды. Емдік гимнастиканың шығу және даму тарихына арналған ғылыми еңбектер көптеп саналады, әсіресе емдік жаттығулардың денсаулыққа әсерін анықтауға П.Ф. Лесгафт, И.М. СаркизовСеразини, В.М. Мошков, Д.Ф. Шпаковский, т.б. сияқты ғылымдар үлкен үлес қосты. Әр ғасырдың өзіне тән емдеу әдісі және соған сәйкес дене тәрбиесі болған. Мысалы, бойындағы дерттен арылу үшін, адам табиғаттың сыйы – суды, жарық сәулені, әр түрлі қимылқозғалысты пайдаланған. Мәселен, Қытай, Үнді елдерінде жаттығуларды біздің дәуірімізге дейінгі 3000-1800 жылдары кең пайдаланған. Олар ішкі ағзалар ауырғанда, буындар зақымданған кезде тыныс мүшелері арқылы дұрыс дем алуды мұқият қадағалаған. Сол сияқты массаж, ырықсыз қозғалыстар, қарсыласу қимылдарын пайдаланған. Емдік гимнастика ежелгі Греция елінде де үлкен қарқынмен дамыған. Оған мол үлес қосқан атақты ғалым – медициналық атасы – Гиппократ (біздің дәуірімізге дейінгі 400-370 жыл) еді. Ежелгі Рим медицинасында емдік гимнастиканың пайда болуына ықпал жасаған, үлкен еңбек сіңірген, атақты ғылымдар Целий, Цельс, әсіресе, белгілі рим дәрігері Гален болды (біздің дәуірімізге 200-130 жылдар шамасы). Целий өз туындыларында көптеген созылмалы ауруларға қарсы, міндетті түрде, дене тәрбиесін қолдану керектігін атап көрсеткен. Әсіресе сал, нерв жүйесі ауруларын жазуда емдік гимнастика мен массаждың айрықша пайдалылығын дәлелдеген. IX – X ғасырларда ғұлама ғылым, әлемге аты әйгілі ұлы дәрігер Авиценна (Әбу-Әли Ибн Сина) осы салада үлкен еңбек жазып шыққан. Ол өз қағидасында күн сәулесін, ауаны және дене тәрбиесін әр адамнаң жасына байланысты ұтымды пайдалануды ұсынды. Орта ғасырда дін ықпалы басым болғандықтан, медицина керенаулап, оған қоса емдік гимнастика да тоқырап қалды. Ғылым мен өнердің жаңарып қайта өрлеген дәуірінде дәрігерлік гимнастика туралы туындылар қайтадан шыға бастады. Атақты ғалым Тисонның бірнеше еңбектері, Гофманның «Ортопедия туралы трактаты», Меркуриалистің «Гимнастика өнері» атты ғылыми анықтама кітабы жарық көрді. XVI – XVII ғасырларда Россияда медицина саласында аурудың алдын алу шаралары қолға алынып, өскелең келешек ұрпақ үшін ең қажет нәрсе қимыл-қозғалыс, оның ішінде дене шынықтыру жаттығулары деп тапты (М.В. Ломоносов, А.П. Протасов). XVIII – XIX ғасырларда емдік қасиеті бар жаттығулар туралы пікірлер көбейе бастайды. Европада Лингтің швед гимнастика жүйесі кең тарады. Көптеген емдік гимнастикалар шведтік гимнастика жүйесінің бір тарауы болғанымен педагогикалық әскери және эстетикалық гимнастика болып есептеледі. Линг гимнастикасының негізгі мақсаты – буындарды зақымдайтын ауруларға қарсы емдік жаттығулар қолдану еді. Осы кезде орыс терапия мектебінің негізін қалаушы М.Я. Мудров және көрнекті хирург Н.И. пироговтың емдік гимнастикасын ішкі ағзалар ауырғанда, жарақаттанып жараланғанда қолдану өте қажет деген тұжырымы кең тарады№ Емдік гимнастиканың кең таралуына үлкен ықпал жасаған ғалым П.Ф. Лесгафт. Ол анатомиялық-физиологиялық құбылысты негіздей отырып, дене тәрбиесін аурудың алдын алу ісінде өте жоғары қойды. Орыс ғалымдары А.И. Полунин, С.п. Боткин, П.И. Дьяконов, В.В. Горниевский т.б. өз туындыларында емдеу гимнастикасына материалистік көзқарас тұрғысынан келді. Дегенмен патша өкіметі тұсында Россияда емдік гимнастика қанат жайып дами алмады. 1921 жылы Демалыс үйлерін ашу туралы Халық комиссарлар Советі қаулы қабылдады. Онда елімізде дене тәрбиесін дамытуға, оны халық игілігіне айналдыруға ерекше көңіл бөлді. Дене тәрбиесінің денсаулық сақтау ісінде алатын орны белгіленді. Сондай-ақ осы сала қызметкерлері алдына жаңа міндеттер қойылды. Демалыс үйлерінде тынығушылар үшін арнайы жаттығулар лайықталып алынып, олардың мөлшері, методикасы аурулардың әр тобына арналып құрастырылды. 1923 жылы алғаш рет емдік гимнастика туралы оқу құралы жарық көрді. Ол Қызыл Армия санаторийлерінде, әскери медицинада қолданыла бастады. Емдік гимнастика емханада, ауруханаларда әр түрлі күрделі операцияға дейін, одан кейін де, акушерлік және гинекология нерв жүйесі салаларында, т.б. ауруларды емдеуге қолданылатын болды. Тұңғыш рет Москвада (1928ж.) және Ленинградта (1932ж.) дене шынықтыру институттарында емдік гимнастика кафедрасы ашылды. Сол сияқты мұндай кафедра Медицина институтында да ашылды, сондай-ақ арнайы мамандырылған ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылды. Олар емдік гимнастикасының негізгі мән-мағынасын, әр түрлі ауруларға қолдану әдістерін, тигізетін әсерін айқындаумен шұғылданды. Бұған атсалысқан танымал Ғалымдар, білікті мамандар: И.М. СаркизовСеразини, В.Н. Мошков, А.А. Лепорский, Е,Ф, Древинг, В.В. Горниевская, В.К. Добровольский болды. Осы ғалымдардың әрқайсысы-ақ емдік гимнастикасының қандай сырқатқа қолданатынын ашып көрсетіп берді. Мәселен, жүрек-қан тамыр ауруларында, ішкі ағзалар зақымданғанда қолданатын жаттығуларға И.м. Саркизов-Серазини мен В.Н. Млшков өз еңбектерінде тиянақты түсініктеме берсе, Е.Ф. Древинг, В.В. Горниевская омыртқа, буын ауруларына қолдану әдісін көрсетті, ал В.К. Добровольский іш құрылысына операция жасалғаннан кейін қандай жаттығулар қолданылатынын айтып берді. Ал Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық госпитальдарға күрделі емдеу әдісінің құрамына міндетті түрде дене тәрбиесі немесе гимнастика енгізілді. Соның көмегімен қатарға қосылған жауынгерлер де аз емес. Соғыстан кейінгі жылдары емдік гимнастика тәсілін кеңейтіп өкпе, жүрек қан тамырларына операция жасағанда, жүйке зақымданғанда, күйіп қалғанда т.б. еркін қолдана бастады. Совет ғылымдары емдік гимнастиканы жеке дара пән ретінде қарамай, оны комплексті емдеу әдістерінің бір тарауы деп қарады. Сонымен бірге, олар ғасырлар бойы әр елдің дәрегерлері қолданған емдік гимнастикасының үлгілеріне жан-жақты талдау жасады. Қазіргі емдік гимнастиканың тағы бір артықшылығы – ол тек жеке адамды ғана емес, жалпы көпшілік қауымды қамтиды. Денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған басты міндет – аурудың алдын алу, жаппай диспансерлік тексеруден өткізу, еңбекшілердің жалпы хал-жағдайын жақсарту. Осындай күрделі міндетті орындауға емдік бағыттағы гимнастиканың қосар үлесі аз емес. Ол тек аурудың алдын алып қоймай, оны емдеуге де үлкен ықпал жасайтыны белгілі. Емдік гимнастиканың физиологиялық негізі Емдік гимнастика – медицинаның дене тәрбиесіне қатысты үлкен бір саласы. Оның теориялық негізі медициналық-биологиялық және педагогикалық ілімдер. Сондықтан оның зерттеу әдістері физиологиялық, клиникалық және педагогикалық ғылымдардың негізінде құрылған. Мұның өзі әртүрлі жаттығулардың адам денесіне тигізетін әсерін, нәтижесін, тиімділігін анықтауға жол ашып береді. Сол сияқты емдеу гимнастикасының жаңа методикасын айқындауға мүмкіндік туады. Дене жаттығулары – емдік гимнастиканың басты құралы. Адам өмірінде маңызды рөль атқаратын бұлшық еттердің қызметі осыған негізделген. Организм біртұтас дүние екенін барлығымыз білеміз, ішкі ағзалар мен сыртқы бұлшық еттер тығыз байланысты болса, жоғарғы нерв жүйесі (ми қыртысы) бәрін қадағалап бір жобаға салып отырады. Сондықтан қимыл-қозғалыстық тапшылықтығы (гиподинамия) әр түрлі аурудың пайда болуына әкеп соқтырады. Қазіргі ғылыми-техника жетістігі адамдарды ауыр жұмыстан, қарапайым үй тіршілігінде қимыл-қозғалыстан (шөп шабу, отын жару, жер қашау) қол үздіріп отыр. Өндірісті автоматтандыру мен шаруашылықты механикаландырудың кеңінен орын алуы адамдардың ой еңбегінің артуына, дене еңбегінің кемуіне душар етті. Күнделікті өмірде транспорттың көбеюі, лифтінің пайда болуы және теледидар алдында ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру да организмге зиянды әсер етеді. Ол дағдыға айналып кеткен соң, оған, тіпті, мән де берілмейді. Адамның аз қимылдауы – бұлшық еттердің дәрменсіз қалуы, қан айналысының нашарлауы, ішкі ағзалардың қызметі төмендеп, зат алмасуы бұзылды деген сөз. Қимыл-қозғалыстың тапшылығынан жүйке-тамырға, жүрекке айтарлықтай күш түседі. Мәселен, қан айналымы әлсіреп, жүрек-тамыр аурулары байқалды, буындардың қозғалысы кеміп, омыртқалар арасындағы шеміршек жұқарып, семіп, остеохондроз және т.б. ауруларға шалдығуға мәжбүр етеді. Гиподинамия зардабын болдырмай, аурудың алдын алып, денсаулықты нығайтып, адамның күш-қуатын арттырып, көңіл-күйін көтеріп, жұмыс қабілетін өсіру үшін ең қажетті нәрсе – денені шыңдап, жаттығулар жиынтығын кеңінен қолдану керек. Емдік гимнастиканың басқа емдеу әдістерінен ең үлкен айырмашылығы – науқас оны барлық сана сезіммен, зор ықыласымен белсенді түрде орындайды. Қолданған емнің қандай да оған шын көңілмен сеніп қабылдаса, оның шипа болуына күмән жоқ. Емдік гимнастиканың механизмі Қандай ауру болмасын, алғаш басталғанда, адамның еркін алып, күнделікті қалыпты өмір тіршілігін өзгертеді. Жұмысқа деген қабілеттілік азайтып, бойды немқұрайдылық пен самарқаулық билеп алады. Ал жұқпалы індетке тап болса, адамның ыстығы көтеріліп, жүрегі жиі соғып, бас ауруы жиілеп, берекесі кетеді. Осындай кезде, әлбетте, науқас адамды жылы төсекке, тыныш жеке бөлмеге жатқызып қояды. Өйткені індет асқынып кетуі ықтимал, организмнің ауруға қарсыласуы, төзімділігі кенет төмендеп кетуі мүмкін. Дегенмен ұзақ уақыт төсекте қозғалтпай, қимылдатпай жатқызып қоюдың өзі де жақсылыққа апармайды. Қимылсыз жатқан денеде неше түрлі жағымсыз жағдайлар болады. Содан бойды аулақ ұстау үшін, сырқат адам әлі келген кезде біртіндеп тыныштық пен қимылдың арасын жақындату керек. Бұл науқастың жағдайына, жасына, аурудың түріне, кезеңіне байланысты шешілетін мәселе. Емдік гимнастика, дұрыс қолданса, денені жылдам сергітіп, ауруға төзімділігін арттырып, қорғаныс қабілетін нығайтып, сырқаттың жылдам айығуына ықпал етеді. Емдік гимнастика адам денесіне әсер еткенде уүрделі құбылысқа сүйенеді. Ол – жоғары нерв жүйесі мен гуморальды (денедегі сұйық зат) реттеуші күштер және моторлы-висцералдық рефлекстер. Негізінде емдік гимнастиканың төрт механизмі бар: денені сергіту, қоректенлдіру, орнын толиыру, бірыңғайлы немесе бұрынғы қалпына келтіру. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Әлдендіру механизмі Арнайы тағайындалған жаттығулар нерв жүйесінде тежеу немесе қоздыру процестерін өзгерте отырып орталық күштің жұмысын реттейді. Мұның өзі оның басшылық қызметін арттырып, ішкі бездердің жұмысын жақсартады, зат алмасуын үдетеді. Бұл бұлшық еттер мен ішкі ағзалар арасындағы рефлекстің байланысынан туады. Үлкен бұлшық еттер неғұрлым көбірек қозғалса, әлдендіру әсері соғұрлым көбірек болады. Жаттығумен айналысқан адамның көңіл-күйі көтеріліп науқастан құлан-таза жазылатынына сенім пайда болады. Ал сенім неге болса да тиімді әсер етеді. Сондықтан әрбір жаттығуды сеніммен, шын көңілмен жасаса, әркімнің де толық жазылуға мүмкіндігі мол. Қоректендіру механизмі Буындардан жоғары нерв жүйесіне баратын сезімдер (проприоцептік импульс) вегетатвитік нерв жүйесінің, ішкі құрылыстың қызметін өзгертеді. Ал буын қимылдарынан денедегі зат алмасуы, қышқылдану-тотығу, қайта түлеп қалпына келу процестері жүзеге асады. Жұмыс істеген бұлшық етте ұсақ қан тамырлары кеңейіп, өттегі көбейіп, керексіз заттар көк тамырмен керісінше ағындап кетіп жатады. Қан айналымы үдеп, лимфа (ткань аралығындағы түссіз сұыйқ зат) айналымы жаңарады. Осының салдарынан дене қоректік затпен қамтамасыз етіліп, ауруға шалдыққан жер тез жазыла бастайды. Мәселен, сынған мүше жетіліп, қабынған организм басылып, тыртық болған тері бастапқы қалпына келе бастайды. Сөйтіп, қоректендіру механизмі денені семіп қалудан сақтайды. Орнын толтыру механизмі Дене тәрбиесі, әр түрлі жаттығулар аурудың салдарынан солып қалған мүшені, бұлшық еттерді қалпына келтірді. Орнын толтыру механизмі рефлекторлы механизмге байланысты. Жаттығулар екі (пар) мүшенің біреуі зақымданып қалған кезде екіншісін шыңдай отырып, барлық жүктелген қызметін толық атқаруға мүмкіндік жасайды. Мәселен, екі бүйректің біреуі істен шықса, екінші бүйректің күшін жаттығулар арқылы арттырып, организмге ауырлық түспеуін бақылайды. Сол сияқты өкпе ауруларында, әсіресе туберкулездің (құрт ауруы) асқынған түрінде немесе рак болғанда бір өкпенің бөлігін, әйтпесе бір өкпені толығымен операция арқылы алып тастауға тура келеді. Сонда организмге кажетті оттегі қалған өкпе арқылы келеді. Бірақ оны толық меңгере алмауы мүмкін. Осы кезде дене шынықтыру жаттығулары көмекке келеді. Арнайы жаттығулар арқылы қалған өкпенің көлемін үлкейтіп, денеге қажетті оттегі мөлшерін толық жеткізуге мүмкіндік жасайды. Орнын толтыру механизмі уақытша және тұрақты болып екіге бөлінеді. Біріншісі (уақытша) ауру басталған кезде болады да, жазылған шақта жоқ болып кетеді. Ал екіншісі науқас адам бір мүшесінен айырылған кезде қолданылады. Мәселен, қолдың нерв жүйесі жарақаттанғанда ол қимылдаудан, бір нәрсені ұстаудан қалады. Сол кезде нерв жүйесіне «жандандыру» өте қиын болғандықтан, қолдағы барлық бұлшық еттерді шынықтырады. Мұның өзі қолдың иілуіне, әр түрлі қимылдар жасауына көмектеседі. Міне, орнын толтыру механизмі деген осы. Қалайда науқастың организмін қалпына келтіру оған өз мүмкіндігің сезіндіру. Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі Қандай науқастан болмасын құлан таза айығын кету әркімнің арманы. Бірақ анатомиялық құрылысы қалпына келгенмен, кейбір мүшелердің қызметі бірыңғай болмайды. Міне, осы функционалдық қасиетін деңгейіне келтіру үшін барлық аурудан кейін дене жаттығуларымен айналысу қажет. Тек сонда ғана, жоғарғы нерв жүйесінің басқару қызметінің басқа органдармен, буындармен ішкі ағзалармен байланысты түзеледі. Бірінсіз бірінің күні жоқ. Тек осындай байланыс қалпына келсе ғана, адам толық жазылады, ауруынан айығады деуге болады. Жоғарыда айтылған емдік гимнастикасының механизмдері бір-бірімен тығыз байланыста. Солардың әсерінен емдік гимнастиканың бірнеше қыры мен сырын ашуға болады. Олар: біріншіден, бүкіл денеге әсер ететін өзгеше терапиялық қасиеті; екіншіден, аурудың асқыну процестеріне жол бермейтін патогендік қасиеті; үшіншіден, денедегі әр мүшенің қызметін, іс-әрекетін қатарға қосып, қалпына келтіретін функционалды қасиеті; төртіншіден, кемтар болған мүшеге сүйемелдеу, соған бейімделу, науқастың көңілін көтеру қасиеті; бесіншіден, емдік-педагогикалық қасиеті – ол ауру адамның алдына бір мақсат қойып, барлық ынта-жігерімен, сана-сезіммен жаттығуларды орындауында. Осындай дене гимнастикасының жан-жақты әсерінен сырқат адам толығымен қатарға қосылады. Оның ой-өрісі, еңбекке қабілеті артып, өз мамандығын меңгеретін, әлеуметтік, экономикалық қажетке жарайтын бағалы қызметкер болуына мүмкіндік туады. Емдік гимнастикасының тәсілдері Емдік гимнастикасының тәсілдеріне жаттығулар жиынтығы және табиғат факторлары (ауа, су, күн сәулесі) жатады. Бұлардың ішінде негізгісі жаттығулар жиынтығы. Олар гимнастикалық, спорттық-қолданбалы, ойын түрлері болып үшке бөлінеді. Гимнастикалық жаттығулар анатомиялық белгілеріне (қол, аяқ, дене бұлшық еттеріне), белсенділігіне (жылдам, ақырын, күшпен), ерекшелігіне, түр-сипатына (тыныс алу, дайындау, реттік санау, түзету, үйлестік лақтыру, тепе-теңдік, қарсыласу, асылу, тіреу т.б.), жабдықтандыруға (снарядпен, снарядсыз, арнайы аппараттармен) байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Жаттығулар жиынтығын барлық денеге бірдей әсер ететін жалпылама немесе тек бір ғана мүшеге әсер ететін арнайы жаттығулар ретінде қолданады. Бұл жаттығулардың арақатынасы аурудың түріне, кезеңіне, жынысына, жасына қарай өзгеріп отырады. Спорттық-қолданбалы жаттығулар. Бұған жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, жер бауырлап жоғарлау, шаңғы тебу, туризм, коньки тебу, экскурсия, серуендеу, тұрмыстық еңбекке бейімделген қимылдар, қайықта ескек есу т.б. жатады. Осы көрсетілген спортты қолданбалы жаттығулардың әрқайсысы-ақ организмге тиімді әсерін тигізетіні белгілі. Әрбір жаттығу жай жүруден басталады. Көбінде жаттығумен өз бетінше айналысатын адамдар (жүрек-қан тамырларымен ауырғандары семіздікке ұшырап, тыныс жолдары зақымданғанда, буындар мен ішек-қарын ауырғанда) ақырын аяндап жүруден бастайды. Қазақ халқында ежелден келе жатқан әдет, қатты ыстығы көтеріліп ауырған шақта бірер күн төсекте жатқызып қояды, ал ыстығын қайтару үшін көк шөпке жалаңаяқ жүргізеді. Көбірек қимылдаса, жерана ауруды тартып алады деген ұғым да бар. Ал жүгіру болса кейінгі кезде ел арасында жиі қолданып жүрген әдіс. Ол ішкі ағзаларға, жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді. Сондықтан оны көбінде санаторий-курорттарда қолданады. Аурудың жазылып келе жатқан кезеңінде, ал кейбір аурулардың жаңа басталған шағында ақырын жүгіртеді. Емдік гимнастикада жүгіру мен жүру алма-кезек ауысып отырады. Секіру жаттығулардың қарқынды, үдемелі түрі. Ол организмге айтарлықтай күш түсіреді. Секіру арқылы адамның қимылдары үйлестіріледі, жылдамдығы артып, буын қимылдары реттеледі. Бұл мектепке, жоғары оқу орындарында арнайы медициналық топтағы балаларға тағайындалады. Сол сияқты емханалармен санаторийларда ересек адамдарға жіптен секіру не өкшені көтеріп селкілдеу ретінде беріледі. Лақтыру – кішкене резина доптарды арнайы межеге лақтырады немесе үлкен доптарды әріптестер бір-біріне әрқилы жағдайда лақтырады (басынан жоғары, кеудеден, белден, сырт айналып оң не сол жағынан т.б.) Мұндай жаттығулар бұлшық еттерін жетілдіріп, буындардың қимылқозғалысын, дененің сезімталдығын арттырып, жүріс-тұрысын, тепе-теңдік қалпына келтіреді, көңілкүйді көтереді. Емдік гимнастикасының бұл түрі арнайы немесе жалпы сырқаттың жағдайына байланысты қолданылады. Әсіресе, құлақ-мұрын ауруларында, гипертония, нерв жүйесі зақымданғанда (вестибуляр аппараты) адам түзу жолмен жүре алмай, бір жағына қисайып сыңар езу аттай «қабырғалап» кететін жәй кездеседі. Міне, сондай кезде емдік гимнастикасының осы тәсілін қолданады. Өрмелеу – көлденең жазықтыққа, тік биіктікке, беткейге, сатыға, арқанға т.б. өрмелеу. Мұның барлығы дененің, әсіресе, аяқ-қолдың бұлшық еттерін ширатып, шынықтырып, қимылқозғалысын арттырады, тепе-теңдік қалыпты сақтайды. Емдеу гимнастикасының бұл түрін ортопедтіктравмотологиялық, неврологиялық ауруханаларда кеңінен қолданады. Еңбектеу не бауырмен жылжу – омыртқа жотасының қимылын жақсартады. Дене бір жағына қисайып кеткенде, сынғанда, асқазан-ішек, гинекологиялық аурулармен ауырғанда үй ішінде еңбектеп жүру өте пайдалы. Шаңғы тебумен санаторий, профилакторийларды, өз бетімен спортпен шұғылданған адамдар жиі айналысады. Бұл денедегі ең үлкен, кесек өттерге әсер етеді. Барлық организмнің нығаюына, нерв жүйесінің түзілуіне барынша ықпал жасайды. Жүзу – дененің жылуын бірқалыпты ұстауға, шынықтыруға ықпал жасайды. Оны жүрек-қан тамыры, тыныс мүшелері ауырғанда, зат алмасуы бұзылғанда, дененің мүсіні қалыпты жағдайдан ауытқығанда қолдануға болады. Серуендеу, экскурсия, туризм терренкур (мөлшерлі жоғары жүру) – курорттарда аурудың қалған әсерін біржолата жою үшін қолданылады. Мұның бәрі өкпе-жүрек, нерв жүйесінің ауруына шалдыққандар үшін өте пайдалы. Ойын – адамдардың көңіл-күйін көтеріп, қимыл қозғалыстың үйлесімділігін, назарын, ілтипат-ықыласын арттырып, жылдамдықты шыңдайды. Ойын бір орында қозғалмайтын, жылдам жүгіріп ойнайтын және спорттық ойын болып үшке бөлінеді. Спорттық ойындар волейбол, баскетбол, бадминтон, теннис және т.б. Табиғат факторлары – ауа, күн сәулесі, су – адам денесінің ауруға қарсылығын арттырып, төзімділігін үдетеді. Ол науқасқа да, сауға, үлкенге де, кішіге де түгел пайдалы. Тек қандай тәсіл болса да ептеп, мөлшерімен қолданған жөн. Емдік гимнастиканың осындай тәсілдерін дұрыс пайдалану үшін оның түрлерін, кезеңдерін, негізгі нұсқауларын немесе методикасын, қозғалыс режимдерін білу қажет. Оны емдеу профилактикалық орындарда арнайы мамандар жетік біліп, қалыпты мөлшерде қолданады. Сондықтан көпшілік қауымға емдік гимнастиканың құпияларын түгел айтуды емес, аурудың түріне қарай қандай емдік гимнастика қолданылады, оны үйде өз бетінше қалай орындауға болады, міне, осы мақсат еттік.

1

2 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет