Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы және Smart city тұжырымдамасы бойынша 2018 жылы аймақта 37 жоба жүзеге асырылуда. Қызылорда облысы Ақылды басқару бағытында пилоттық аймақ ретінде таңдалды. Жоғарыда аталған жобалар 8 бағыт бойынша, оның ішінде 5 негізгі жоба Smart City аясында: білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, көлік және қауіпсіздік салалары бойынша жүзеге асырылатын болады,-деді Евгений Ким.
Өнеркәсіп саласы
Сонымен қатар, өнеркәсіп саласын цифрландыру бойынша Интеллектуалды кен орны цифрлық технологиясын енгізу бойынша жұмыс басталды. Нәтижесінде мұнай өндіруді 1-2%-ға, күрделі жөндеу мерзімін 700 күнге дейін арттыру, операциялық шығындарды 10%-ға дейін төмендету және басқару шешімдерінің тиімділігін 20%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Уран өндіру өнеркәсібінде: Байкен-U ЖШС кәсіпорны Қазатомөнеркәсіп-Сайран ЖШС-нің тазарту цехында дайын бұйымдарды жинау блогының роботтық кешенін енгізу тәжірибесі бойынша зерттеулер жүргізуде. Роботтық кешенді енгізу қолмен жұмыс істеуден босатып, өнімді тасымалдау-орауға қатысты барлық алгоритмді автоматтандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
аймақтағы білім беру мекемелерін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы компьютермен қамту бойынша шаралар қабылданды. Жылдың аяғына дейін барлығы 293 мектеп жоғары жылдамдықты Интернет және Wi-Fi желісімен жабдықталады. Сондай-ақ, аймақтағы 293 білім беру мекемесі Күнделік электронды журнал жүйесіне қосылған.
Денсаулық сақтау саласы бойынша өңірдегі 80 пайыз медициналық мекемелерде кеңжолақты интернет желісі іске қосылған. Медицина мекемелерін қағазсыз айналымға көшіру бойынша жұмыс басталды. Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметті жақсарту мақсатында Облыстық медициналық орталықта интеграцияланған операциялық жүйені орнату жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба отаға дайындық уақытын 20%-ға дейін қысқартып, өлім қаупін азайтады, сондай-ақ, жылына 3000-ға дейін операция өткізуге мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік секторын цифрландыру шеңберінде 5 жоба жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда ІІД жедел басқару орталығында 272 бейнебақылау камерасы және 8 жол қозғалысы ережесі бұзылуын тіркейтін жүйе жұмыс істейді. 2022 жылдың соңына дейін Қызылорда қаласында 3200 бейне камераны орнату және 31 жол қозғалысы ережелері бұзылуын тіркейтін жүйені іске қосты.
Ауыл шаруашылығында азық-түлік тауарлары саудасын жүйелеу мақсатында Агробиржа жобасы іске асырылуда. Осы жобаны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілерінің кемінде 30%-ын электронды сауда-саттық жүйесіне тартуға, азық-түлік бағасын кем дегенде 10% тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта Автоматтандырылған жылыжай құрылысы жобасын іске қосу жоспарлануда.
Ауылшаруашылығында 2018 жылы жоспарланған өнім 600 тонна болса, одан кейінгі жылдары 900 тоннаны құрайтын болады