Соңы 5-бетте Баспасөз — 2017 Құрметті оқырман! «Заң газеті»



жүктеу 4.98 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата24.03.2017
өлшемі4.98 Mb.
1   2   3   4   5   6

Шадияр МЕКЕНБАЙҰЛЫ,

«Заң газеті»

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ     



ОСЫДАН  ЕКІ­ҮШ  ЖЫЛ  БҰРЫН  АТБАСАР  ҚАЛАСЫ  МЕН 

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ 

БОЛҒАН  СУ  ТАСҚЫНЫН  ЖҰРТШЫЛЫҚ  ӘЛІ  ҰМЫТА  ҚОЙҒАН 

ЖОҚ. 

Сол  тұста  біраз  үй  суға  кетіп,  адамдар  баспанасыз  қалған 

еді. Облыстық, республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, үйсіз 

қалғандарға үй берілді. Десе де, апаттың зардабы тек баспаналары 

мен жиған­терген мүліктерінен айырылған адамдарға ғана емес, 

жергілікті  бюджет  қоржынына  да  айтарлықтай  салмақ  салған 

болатын. Содан болар, жыл сайын Ақмола облысында көктемгі су 

тасқынына дайындық ерте басталып, сақтық шараларының бәрі 

жасалады.

Өткен жазда Бұланды, Шортанды, Целиноград аудандарының 

аумағынан  өтетін  өзен  жағалаулары  биіктетіліп,  су  арналары 

кеңейтілген  еді.  Атбасар  қаласының  жанынан  өтетін  Жабай 

өзенінің  жағалауы  биіктетіліп,  өзен  ішіне  шығып  кеткен  қамыс 

пен  тал  кесілді.  Сондай­ақ,  Зеренді,  Атбасар  аудандарының 

аумағында 13 су босататын тоспалар жасалды. 

«Қазгидромет»  РМК  мамандарының  болжамдауынша,  биыл 

көктем солтүстік өңірде ерте шығады. Наурыздың басында күн 

күрт  жылынып,  қар  ери  бастамақ.  Биыл  өткен  жылдардағыдан 

екі есеге жуық көп қар жауғандықтан, су тасқыны қаупі де мол 

болатын  түрі  бар.  Қаңтар  айында  облыс  әкімдігі  «2017  жылғы 

көктемгі су тасу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» қаулы 

қабылдап,  сақтық  шараларын  жасауға  ерте  бастан  қамданған. 

Осы  орайда,  өзен­көлдің  жағалауында  орналасқан  қауіпті 

аумақтардағы  елді  мекендерде  жиналған  қарды  тасымалдау 

жұмыстары  қыс  бойы  жүргізілді.  Ауыл  ішіндегі  қарды  шығару 

жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы техникалар бөлініп, бұл 

жұмыс үзбей атқаралып келеді. 

Төтенше жағдайлар департаментіне су тасқыны қаупінің алдын 

алу шараларын жасау үшін облыс бюджетінен 48 миллион теңге 

қаржы бөлінді. Маман сарапшылар өзендердің бетін жапқан мұз 

қабығының қалыңдығын, өзен арналарының жайын, апат қауіптері 

жағдайларын  анықтауда.    Қазіргі  күні  көктемгі  су  тасқынының 

алдын алу жұмыстарына 1009 инженерлік техника бөлініп, 11 мың 

тонна инертті материал, елу мыңға тарта қап, 176 тонна жанар­

жағармай дайындалып отыр. 

Наурыздың басында күн жылынып, қар көбесі сөгіле бастады. 

Енді  бірер  аптадан  соң  жаппай  еру  басталатын  сияқты.  Өткен 

жылдар тәжірибесі «сақтықта қорлық жоқ» деген халық даналығын 

естен шығармау қажеттігін еске салады. Осы шаруамен тікелей 

айналысатын «Қазақ су шаруашылығы» РМК күн сайын құзырлы 

органдарға апат қаупіне байланысты мәліметтерді жіберуде. Апат 

қаупі мол аумақтағы тұрғындармен әңгіме өткізіліп, су тасқыны 

бола қалған жағдайда жедел қауіпсіз жерге көшірілу жұмыстарына 

дайындық та жасалып жатыр. 



Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ 

Апат қаупі күшті

Төтенше жағдай



1 наурыз, яғни, Елбасы Жарлығымен тойлана бастаған Алғыс айту күні 

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Қазығұрт 

ауданына барып, орталық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. 

Ондағы мақсат ауыл тұрғындарымен көзбе­көз сөйлесе отырып, елде болып 

жатқан құқық бұзушылық пен қылмыстық ахуалдың жай­жапсарымен танысу, 

жаңа заңнамаларға орай насихат жұмыстарын жүргізу болатын. 

3

zangazet@maiI.ru



№18 (2943) 

7 наурыз 2017

ҚОҒАМ

Бүгінгінің бас тақырыбы



(Соңы. Басы 1-бетте)

Мәселе


Құрмет

ЕРКЕЛЕЙТІН 

КҮНДЕРІҢІЗ 

КӨП БОЛСЫН!

Ал дәл осындай ғылымның жетістігін 

біздің елге тұңғыш жеткізген, бес мыңнан 

аса сәбидің өмірге келуіне себеп болған 

биология  ғылымдарының  докторы, 

эмбриолог  Салтанат  Байқошқарова 

ханым.  Осыдан  жиырма  жыл  бұрын 

тыңнан түрен салып, бала сүю бақыты 

бұйырмаған аналарға үміт отын сыйла­

ған да осы кісі. 

Батыр  ана  атағын  алуға  әбден 

лайық Салтанат Байқошқарова сол бір 

жылдарды былай еске алған еді: 

«Иә, бұрын­соңды елімізде болмаған, 

тіпті  көз  көріп,  құлақ  естімеген  меди­

цинаның  тың  жетістігін  Қазақстанда 

ашу  оңай  болған  жоқ.  Бұл  өз  алдына 

бір тарих. Көп адамдар бізді түсінбеді. 

1990  жылдары  заманауи  медициналық 

құрал­жабдықтар былай тұрсын, қара­

пайым медициналық қолғап пен аяққа 

киетін  бахилла  дегеніңіз  қол  жетпес 

арман  болатын.  Ал  алғашқы  сәби 

жайлы айтар болсақ, оның өмірге келуін 

ұмыту  мүмкін  емес.  Ол  сәби  біздің 

бар  еңбегімізді,  бастан  кешкен  түр­

лі  қиындықтарымызды  бір­ақ  сәтте 

ұмыттырып, зор қуанышқа бөледі. Содан 

бері,  міне,  жиырма  жылдан  асыпты. 

Тұңғыш  қызымыз  Англияда  оқиды. 

Өзі  алғыр,  бір неше  тілді  меңгерген. 

Осы жаңа жылда сол қызымды көрдім. 

Бойшаң, әдемі қыз болып өсіпті. Соңғы 

рет он жасында көрген едім. Жалпы, әр 

баланың  өмірге  келуі  мен  үшін  үлкен 

қуаныш.  Бірақ  сол  аналардың  көбі 

бала көтергеннен кейін бізден қол үзіп 

кетеді. Бәлкім, өздері әрең қол жеткізген 

сәбилерін қызғанатын шығар. Көз тиеді 

деп қорқатындары да бар. Қалай болса 

да, өз басым, бір бала аман­есен өмірге 

келгенін естісем, төбем көкке жетердей 

болып  қуанып  отырамын.  Солар дың 

тілеуін тілеймін. Қазір бес мыңнан аса 

баламыз  бар.  Олар  тек  Қазақстанның 

түкпір­түкпірінде ғана емес, алыс­жақын 

елдерде де өсіп жатыр. 



Дағдарысқа 

қарамастан, 

орталықтарымыз 

көбеюде

Бүгінде  ЭКО  ұғымына  халықтың 

құлағы  үйренген.  Тіпті  жасанды  жол­

мен  ұрпақ  өрбітуге  ниеттілердің 

қатары  айтарлықтай  артқан.  Алайда 

бүгінгі  дағдарыстың  салқыны  бедеу­

лікті  емдейтін  орталықтарды  айналып 

өтпегенін  ескерсек,  Салтанат  Бай қош­

қарова жетекшілік еткен орталық та біраз 

АЛИМЕНТ десе, көзімізге

«қашқын әкелер» елестейді

Ө

з  баласын  асырап  бағуға  қажетті  қаражатты 



төлемеу  заңға  да,  адам гершілік  қағидаға  да 

қайшы әрекет. 2016 жылы ҚР «Отбасы неке және 

ерлі­зайыптылық туралы» кодекске өзгертулер енгізіліп, 

алимент төлеуден жалтарғандарға қарсы заң талаптары 

тағы  қатайды.  Мәселен,  егер  адам  жұмыссыздықтан 

алимент  төлемей  жүрген  болса,  ол  өзінің  тұрғылықты 

жері  бойынша  «Жұмыспен  қамту»  орталығына  тіркелуі 

тиіс.  Бұдан  кейін  орталық  оған  жалақысы  50­140  мың 

теңге  аралығында  жұмыс  табуға  әрекет  жасайды.  Ал 

жұмыс табылған жағдайда борышкер одан бас тартпағаны 

абзал.  Өйткені  мұндай  ұсыныстан  үш  рет  бас  тартқан 

алимент  төлеуші  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылады. 

Сондай­ақ  елден  шығуға  тыйым  салынып,  жүргізуші 

куәлігінен  де  айырылуы  мүмкін.  Банктегі  есепшоттары 

бұғатталып,  түрлі  мүліктік  операциялар  жасалады. 

Бұл  шаралар  борышкерге  әсер  етпесе,  іс  қылмыстық 

сотқа  кетеді.  Нәтижесінде,  борышкердің  белгілі  бір 

жылдарға бас бостандығынан айырылуы да ғажап емес.   

Сосын бүгінгі таңда алимент төлемей қашып жүргендерге 

қатысты  сот  шешімдерінің  орындалуын  жүзеге  асыру 

жеке  сот  орындаушыларына  жүктелген.  Ал  алимент 

тағайындау  сот  арқылы  шешіледі.  Оның  көлемі  бала 

санына  қарай  жалпы  кіріс  мөлшерімен  есептеледі. 

Сонымен қатар, алимент ата­аналардың келісімі бойынша 

өндіріледі. Алименттің көлемі тараптардың отбасы немесе 

материалдық жағдайының өзгеруіне орай көбеюі немесе 

азаюы мүмкін. 

Сондай­ақ алиментті мүлік түрінде де ұсынуға немесе 

бір реттік ақшалай түрінде де беруге болады. Тағы бір айта 

кетерлігі, егер бала кәмелетке толғанымен оқып жүрсе, 21 

жасқа дейін алимент алуға құқылы.

Г.БАИРБЕКОВА,

Алматы облысы Қарасай мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ 

сылтау емес

С

оңғы  үш  жылда  шаңырақ  көтергендер  мен  ажырас қандардың 



есебін  шығарған  ҚР  Статистика  агенттіктің  мәліметтеріне  көз 

жүгіртсек,  жылына  шама мен  150  мың  жас  отау  қатарға  қосылса, 

шаңырағы шайқалғандардың саны 50 мыңнан асып жығылыпты. Ал енді осы 

ажырасқандардың арасында қанша баланың толыққанды отбасында өмір сүру 

құқығы бұзылғандығын есептеудің өзі қорқынышты. Орта есеппен ажырасқан әр 

отбасында екі бала бар десек, жыл сайын 100 мың баланың тағдыры тәлкекке 

түседі екен.

Ажырасу жөніндегі талап­арызға төрелік ететін судьялар да неке бұзу ісінің ең 

қиын әрі күрделі кезеңі балаға қатысты шешім шығару екенін жиі айтады. Өйткені 

көп жағдайда таразының бір басындағы бала құқығынан, екінші басындағы ерлі­

зайыптылардың ажырасу құқығы басым түсіп жатады.  Мұның сыртында балаға 

алимент өндіру мәселесі де ушығып тұр. 

Ресми  деректерге  сенсек,  бүгінгі  күні  елімізде  350  мыңнан  астам  бала 

нәпақадан қағылып отыр. Өткен жылғы есеп бойынша алименттік берешектің 

көлемі  6  миллион  долларға  жеткен.  Осылайша,  қазақстандықтардың  бала 

алдындағы  берешегі  миллиардтаған  теңгені  құрап,  өз  баласына  алимент 

төлемей жүргендердің саны 25 мыңнан асыпты. Рас, алимент туралы сөз бола 

қалса,  көз  алдымызға  қашқын  әкелер  келеді.  Бәлкім,  бұл  елімізде  отбасын 

асырап  отырған  жалғызбасты  аналар  санының  көптігінен  болар.  Нақтырақ 

айтқанда,елімізде  450 мыңға жуық жалғызбасты ана бар. 

Мамандар  баласына  қарыздар  азаматтарды  үш  топқа  бөледі.  Біріншісі, 

себепті жағдайларға байланысты қарызға батқан ары таза борыш керлер болса, 

екінші  санаттағылар  өз  міндетінен  қасақана  жалтарып  жүр гендер.  Соңғысы, 

үмітсіз  борышкерлер.  Оларға  жұмыс сыздар,  маскүнемдер,  нашақорлар 

жатқызылған. Қыл мыстың көбеюіне де осы соңғы топтағылар ықпал етуде. 

Дейтұрғанмен,  топқа  бөлу  үрдісі  борышкерлерді  өз  міндетін  орындаудан 

босатпайды.  Керісінше,  заң  шығарушы  органдардың  сан  мәрте  сүзгісінен 

өткен  алиментке  қатысты  баптар  бүгінгі  таңда  айтарлықтай  қатайған.  Тіпті 

қолданыстағы  заңдарымызда  баласын  күтіп­бағуға  қажетті  ақыны  төлеме­

гендерді бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.



А.ИХЛАСБАЙҚЫЗЫ,

Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының судьясы

Көзқарас


Б

едеулік бұл санғасырлық тарихы бар үлкен мәселе. 

Адамзатқа ортақ проблема. Бұрын бір перзентке зар 

болған жандар ел кезіп, әулие-әмбиелерді аралап, аузы 

дуалы деген адамдардан бата алып, жаратқанға жалбарынып 

бала тілесе, қазіргі таңда медицинаның көмегіне көбірек 

жүгінеді.

БЕС МЫҢ БАЛАНЫҢ АНАСЫ

қиындықты  бастан  өткеріпті.  «Әрине, 

бастапқы  кезде  дағдарыс  бәрімізді 

есеңгіретіп  тастады.  Қарапайым  дәрі­

дәрмектен  бастап,  соңғы  үлгідегі 

заманауи медициналық қондырғыларға 

дейін  шетелден  сатып  аламыз.  Бар­

лығымен  доллармен  есептесуге  тура 

келеді.  Ал  енді,  есептеп  көріңіздер, 

орта лыққа  керек­жарақтың  бізге  қан­

шалықты  қымбатқа  түскенін.  Қазір 

жағдай  бірқалыпты.  Девальвациядан 

кейін  орталыққа  келушілердің  саны  30 

пайызға төмендеп кеткен болатын. Бұл 

жағдайды  біз  ғана  емес,  алыс­жақын 

елдердегі әріптестеріміз де бастан кешіп 

отыр. Дейтұрғанмен, уақыт бір орында 

тұрмайды ғой. Кері шегінуге болмайды. 

Қазір  біз  орталықтарымызды  еліміздің 

бірнеше  өңірінен  ашып,  мейлінше 

халыққа  жақын  болуға  әрекет  жасап 

жатырмыз.  Өйткені  бедеулік  бір  күнде 

емделетін  ауру  емес.  Сонау  шалғай 

облыстардан Алматыға немесе Астанаға 

келу  халыққа  оңай  тимейтіні  тағы 

түсінікті.  Осы  себепті,  бүгіннің  өзінде 

өңірлердегі  ірі  орталықтарымыздың 

санын  төртке  жеткіздік.  Дағдарысқа 

қарамастан, Астана, Алматы, Шымкент, 

Атырау  қаласында  үлкен  орталық 

аштық.  Бірақ  бүкіл  бір  клиниканы 

мынадай  дағдарыс  қысқан  заманда 

ұстап тұру бізге оңай соғып жатқан жоқ. 

Мүмкіндігінше халыққа қолжетімді етуге 

тырысамыз.  Мемлекет  те  соңғы  кезде 

осы мәселені қолға ала бастады. 



Квотадан үміттілер 

әлі де көп

Алғаш мемлекет тарапынан жасанды 

жолмен бала көтергісі келетін әйелдерге 

жыл  сайын  100  квота  бөлінсе,  өткен 

жылы  ол  800­ге  жетті.  Әрине,  бұл 

еліміздегі  бала  сүйе  алмай  жүрген 

әйелдердің  санымен  салыстырғанда 

соншалықты көп емес. Бірақ осыған да 

шүкір. Себебі өздеріңіз білесіздер, ЭКО 

қызметі қымбат және мұндай қызметтің 

ақысын  көтеру  кез  келген  мемлекетке 

а з   с а л м а қ   т ү с і р м е й д і .   К в о т а д а н 

үміттілер  көп.  Бұл  мемлекет  үшін 

де,  біз  үшін  де  үлкен  жауапкершілік. 

Қыруар ақша желге ұшпай, аналардың 

а р м а н ы   о р ы н д а л с а   е к е н   д е й м і з . 

Бірақ  ЭКО  ешкімге  жүз  пайыз  балалы 

боласың  деп  кепілдік  бермейді.  Бәрі 

бір  Алланың  қолында.  Біз  тек  себепші 

ғанамыз.  Сондықтан  квотаға  әйелдер 

қатаң  талаппен  іріктеледі.  Бұл  жерде 

кімнің  жасанды  жолмен  бала  көтеруге 

мүмкіндігі  зор,  соның  квотаға  ілінуге 

мүмкіндігі  басым.  Әрине,  көптеген 

әйелдер  ренжіп  жатады.  Оларды  да 

түсінеміз. Алайда амал қанша...



Жасанды түсік 

жасағандар 

бармақ тістеп 

қалуда

–  Жалпы  алғанда,  ана  болу  бақы­

т ы н а н   а й ы р ы л ғ а н д а р д ы ң   б а с ы м 

көпшілігі  суықтату  салдарынан  жатыр 

түтікшелері  бітеліп  бедеулікке  ұшыра­

ғандар.  Елімізде  бала  көтере  алмай 

жүрген  әйелдердің  отыз  пайызы 

жасанды  жолмен  ұрықтануды  қажет 

етеді.  Яғни,  бұл  олардың  соңғы  үміті 

деуге  болады.  Сондай­ақ  бедеулікке 

әйелдердің жасы, жасанды түсік жасату, 

экологияның  да  әсері  көп  әсер  етуде. 

Әсіресе,  ертеректе  жасанды  түсік 

жасағандар  «бармақ  тістеп»  қалуда. 

Сондықтан  бойжеткендер  жағы  мұны 

мықтап  естерінде  ұстаса  екен  деймін. 

Аналар  да  қыздарына  осындайды 

қатаң  ескеріп  жүрулері  тиіс.  Өмірге 

келген  кез  келген  қыз  балаға  әуелі 

ол  болашақ  ана  деп  қарау  керек.  Осы 

жағынан оның денсаулығына көп көңіл 

бөлінсе  екен  деймін.  Құдай  басқа 

салмасын,  ешкім  еріккеннен  ЭКО­ға 

келмейді.  Бәрінің  арманы  бір  перзент 

болғанымен,  әр  қайсысының  тағдыры 

сан  алуан.  Барлығына  көмектескің 

келді.  Бірақ  тағы  да  айтам,  бәрі  бір 

Алланың қолында.  

Бұл  осы  уақытқа  дейін  бес  мың 

шаңыраққа  шаттық  сыйлап,  бес  мың 

әйелдің  ана  атануына  себепші  болған 

Салтанат  Байқошқарованың  сөзі. 

Бес  мың  баланың  «анасы»  атанған 

маманның  алдағы  жұмысы  да  жемісті 

болғай. 

К.ЫСҚАҚОВА,

«Заң газеті»

Тарихта талай төгілген ананың жасын, бабаның қанын айтпағанда, 

тәуелсіздікке  қан  төгіссіз  қол  жеткізгенімізді  жиі  сөз  қыламыз. 

Солайы  солай  шығар.  Бірақ  қиындықсыз  келген  жоқ.  Басқасын 

былай қойғанда, тұрмыстық қиындықтың өзі сол жылдары жұртты 

титықтатып тастағаны әлі есте. Сонда бала­шаға қамы үшін ала дорба 

арқалап,  базар  жағалап  кеткен  әйелдер  қаншама.  Қазақ  аналары 

отбасы үшін отқа да, суға да түсуге дайын екенін осылайша қай кезде 

де дәлелдеп келеді. 

Өкініштісі, соңғы жылдары бүкіл қасиеті, құдыреті үш­ақ әріпке 

сыйған  ана  деген  ұлы  атқа  сызат  түсірген  жағдайлар  жанымызды 

жабырқатқаны  бар.  Меңзеп  отырғанымыз,  сәбиін  туа  салып 

жол  бойына,  қоқысқа,  дәретханаға  тастап  кеткен  тас  бауырлар. 

Олардың шырылдап балапанын қорғайтын торғай екеш торғайдың 

қарекетін қайталай алмауы жағамызды ұстатты. «Бірдің кесірі мыңға» 

дегенімізбен,  әлгіндей  жекелеген  тас  бауыр  жас  «мамалардың» 

қылығы  Ана  деген  қастерлі  есімге  көлеңке  түсіре  алмасы  анық. 

Оның үстіне, бұл мәселеде сондай қадамға барғандарды біржақты 

кінәлауға  тағы  болмас.  Себебі  мұның  ар  жағында  қоғамымызға 

дендеп енген қандай да бір «дерт», тәрбиеден кеткен қателік секілді 

ортақ олқылықтар жатпасына кім кепіл. Олай дейтініміз, ана – ұлттың, 

қоғамның айнасы іспетті. Қамқорлық, құрмет, аялы алақан жеткілікті 

болса, аналарымыздың жүзінде шаттық орнайды. Бесігін тербетіп, 

ұрпақ тәрбиесімен алаңсыз айналысады. Ал ондай ананың мейіріміне, 

тәрбиесіне қанығып өскен ұл ұятты іске бармас еді, жатырын жарып 

шыққан тіршілік иесін жолға лақтырып кететін қыз болмас еді. Ендеше, 

қыз қылықты, келін ибалы, ана ардақты болуы белгілі бір деңгейде 

оған берілген мүмкіндікке, жасалған жағдайға байланысты. Қазақтың 

«еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек» деуі де сондықтан болса 

керек. 


 Біз бүгін көктем мерекесіне орай сөз арнап отырған әйел заты 

жайлы ой толғамай кеткен тұлғаларымыз кемде­кем. «Әйел адам – 

гүлмен  тең»  дейді  ақын  Абай  немесе  «Әйел  ашуланса  –  жеңіледі, 

еркелесе – жеңеді» дейді классик жазушы Ғабит Мүсірепов. Олардан 

асырып не айта аламыз. Еркелейтін күндеріңіз құтты һәм көп болғай!

Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті» 


4

№18 (2943) 

7 наурыз 2017

zangazet@mail.ru



таразы

Бағдар


Кәсіп түбі – нәсіп

Айтарым бар

Мемлекет басшысы өз Жолда-

уында осы уақытқа дейін жекемен-

шікті  қорғауға,  құқық  үстемдігіне 

және баршаның заң алдында теңді-

гін қамтамасыз етуге бағытталған 

реформалар  жүргізілгенін  атап 

өтіп,  алдағы  уақытта  жекеменшік 

құқығын  қорғауды  күшейтуге  қа-

тысты  заңнамаларды  қайтадан 

қарап, құқықтық базаны жетілдіру 

керектігін назарға салды. бұл жұ-

мысты үкімет «Атамекен» ҰКп-мен 

және  азаматтық  қоғамдастықпен 

бірлесіп жүргізетін болады.

сондай-ақ  елімізде  жазаны 

ізгілендіру  мәселесі  күн  тәртібі-

нен  түскен  емес.  бұл  Жолдаудан 

да  өзекті  мәселе  көрініс  тапқан. 

президент  құзырлы  орындарға 

әкімшілік және қылмыстық заңна-

маны  ізгілендіріп,  әкімшілік  айып-

пұлдардың  әділетті  және  құқық 

бұзу деңгейіне сәйкес болуын қа-

дағалап, заңдық тұрғыда реттеуді 

тапсырды.  Шынында  да,  жазаның 

қатаңдығы,  айыппұл  көлемінің 

жоғарылығы  халықтың  билікке 

деген  сенімін  төмендетеді.  Қара-

пайым  халық  мемлекетті,  прези-

дентті өзінің қорғаны, қамқоршысы 

санайды.  Қауіпсіздігінің,  ертеңгі 

өмірінің кепілі деп есептейді. Осын-

дай жағдайда көпшіліктің биліктен 

сапалы заң, көңілге қонымды жаза 

талап етуі қалыпты жағдай. әрине, 

жазаны қатаңдатып, айыппұлдарды 

өсірудің де өз себебі болды. біз бү-

гінгідей  жетістіктерге  қатаң  талап 

пен темірдей тәртіптің арқасында 

жеткеніміз шындық. 

Құқықтық  мемлекет  құруды 

мақсат  еткен  алғашқы  жылдары 

Шындығында халық жаңалыққа 

құмар, жақсылыққа құштар. Ал бұл 

Жолдауда  көпшіліктің  көкейінде-

гісін  тап  басып  танып,  көңілінен 

шыққан  тетіктер  аз  емес.  Алдағы 

күні  орындалар  реформалардан 

жұртшылықты құлағдар етіп, Жол-

даудың  негізгі  ұстанымын  таныс-

тыру, керек тұсын түсіндіру біздің 

міндетіміз.

бұл Жолдаудың бұрынғы Жол-

даулардан  ерекшелігі  жазбаша 

жариялануында.  содан  болар, 

құжаттың қағаз нұсқасы шыққанға 

дейін көпшілігімізді «бұл жолы қан-

дай мәселеге маңыз берілер екен, 

қандай түйткілдерді шешуге назар 

аударылмақ?» деген сұрақтардың 

мазалағаны  рас.  Жолдаумен  та-

нысқаннан кейін бұл стратегиялық 

жоспардың  бұдан  ілгері  жылдары 

қолға  алынған  Ұлт  жоспарына 

негізделгенін,  100  нақты  қадам-

ды  сәтті  орындау  арқылы  жаһан-

дық  бәсекедегі  көрсеткішімізді 

көтеруді  мақсат  тұтқанымызды 

аңғардық.  «Қазақстанның  үшін-

ші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге 

қабілеттілік» деп құжаттың аты ай-

тып  тұрғандай  үшінші  жаңғыруға 

баспалдақ  жасайтын  тапсырма-

лар қазір көпшілік арасында қызу 

талқылануда.

«Экономиканы  жаппай  цифр-

ландыру тұтас саланың жойылуына 

және  мүлде  жаңа  саланың  пайда 

болуына  алып  келеді.  біздің  көз 

алдымызда болып жатқан ұлы өз-

герістер  –  әрі  тарихи  сын-қатер, 

әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. бүгін 

мен Қазақстанды үшінші жаңғырту 

жөнінде  міндет  қойып  отырмын. 

Елдің жаһандық бәсекеге қабілет-

тілігін қамтамасыз ететін экономи-

калық  өсімнің  жаңа  моделін  құру 

қажет», – деген Елбасы алдағы күні 

сүйенер негізгі бағыттарды айқын-

дап берді. стратегиялық жос парға 

сай  мемлекетіміз  бәсекеге  қабі-

летті елдер қатарына қосылу үшін 

іс-қимылын  бес  бағытқа  сәйкес 

үйлестіруі керек. 

бірінші басымдық – экономика-

ның жеделдетілген технологиялық 

жаңғыртылуын  көздейді.  Яғни, 

Мемлекет  басшысының  тапсыр-

масымен  ендігі  кезекте  цифрлық 

технологияны  қолдану  арқылы 

құрылатын  жаңа  индустрияларды 

өркендету  мақсат  етілмек.  Екінші 

басымдыққа  сәйкес  бизнес-ор-

таны  түбегейлі  жақсартуға,  өрісін 

кеңейтуге  қадам  жасалады.  Ол 

үшін  елдің  ішкі  жалпы  өніміндегі 

шағын және орта бизнестің үлесін 

2050  жылға  қарай  кем  дегенде 

50  пайызға  жеткізу  жоспарланып 

отыр.  үшінші  басымдық  –  мак-

ро экономикалық  тұрақтылықты 

қам тамасыз  етуге  бағытталса, 

төр тінші басымдық – адами капи-

тал  сапасын  жақсарту  қажеттігін 

қаперге  салады.  Ал  Жолдаудың 

бесінші  басымдығы  институцио-

налдық өзгерістерге, қауіпсіздікке 

және  сыбайлас  жемқорлықпен 

күреске негізделген. 

Жолдау  жасалды,  меже    бел-

гіленіп,  міндеттер  айқындалды. 

Енді оның қаншалықты сәтті орын-

далары  Қазақстан  тұрғындарына 

байланысты.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
2015 -> Jaguar 11 / jaguar 24 Котлы для отопления и горячего водоснабжения
2015 -> Профессия моей мечты
2015 -> Сочинение «Профессия моей мечты»
2015 -> Программа по русскому языку для IX класса составлена на основе
2015 -> БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет