СөЖ-2 «Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары»



бет1/2
Дата21.10.2023
өлшемі1,96 Mb.
#120195
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
СӨЖ-2 «Қазіргі қазақ тілі лексикасының Туканова А

СӨЖ-2 «Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары»

Мамандық :Филология

Курс:2

Орындаған :Туканова Альбина

Қабылдаған: Нуржанова Ботакөз

Нуртановна

 

 

 


«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті»

Жоспар:

1.Сөздік құрам мен сөздік қордың арақатынасын сызба арқылы мысалдармен негіздеп көрсету.

2. Сөз магиясы ұғымын қалай түсінесіз? Сөз магиясына нелерді жатқызасыз, саралап, талдап, мысалдармен дәйектеңіз

3.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

Сөздік құрам мен сөздік қордың арақатынасын сызба арқылы көрсету.


Сөздік құрам

Сөздік құрам мен сөздік қордың арақатынасы

Сөздік қор

Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Қазақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер,термин сөздер,кәсіби сөздер ,кірме сөздер,диалект сөздер тіліміздегі лексикалық құрамға кіретін сөздепр болып табылады. Лексикалық сөздер құрамына қарай :актив және пассив болып екіге бөлінеді.
1. Актив сөздерге ортақ сөйлейтін яғни,ауызекі сөзін адамдар тек қана түсініп қана қоймай ,әрі олар жиі қолданатын сөздер жатады. Актив сөзге күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады. 2.Пассив сөздерге түсінуін түсінгені мен ,бірақ онша қолдана бермейтін сөздер кіреді.Бұған әр ғылымның өзіне тән тар көлемдегі терминдері , көнерген сөздер , тарихи сөздер ,диалектизидер сөздері жатады. Сөздердің актив және пассив қабаттарға бөлінуінде белгілі дәрежеде шарттылық бар. Бір заманда актив қолданған сөздердің бірқатары келесі бір заманда пассив қабатқа ауысуы ықтимал. Мысалы: жаугершілік заманда жиі қолданылған атой салу, қарамсақ, адырна, кіреуке, дулыға, сауыт, шерік, қол, т.б. сөздер және сол кездегі лексиканың актив қабатында болды. Әлеуметтік құрылысқа байланысты хан, ханзада, ақсүйек, төлеңгіт, жатақ, қарашы, болыс, майыр, онбасы, елубасы, жүзбасы, қарашығын жаңғақ салғы, барымта, шабарман, малай, т.б.

сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасы, олардың бір-бірін үнемі толықтырып, жаңғыртып отыруынан және сөздік қор сөзжасам тәсілдері арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесінің даму бағытын анықтап, әрдайым байланыстырып отырады. Сөздік құрам мен сөздік қор бір-бірін толықтырып жаңғыртып отыруы,тіл дамуының бір кезеңіндегі негізгі сөздік қорға енетін сөздер,оның екінші бір кезеңінде сөздік құрамға ауысады.Мысалы,шидем,киіт кию,әмеңгер,дүре және т.б.сөздер бір кезде халық өмірінде аса қажет ұғымдарды білдіріп,негізгі сөздік қорда болса,жаңа заманда ол ұғымдардың ескіріп қолданылмауына байланысты сөздік құрамға ауысып, оның пассив қабатынан орын алады.

Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса,негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы ,қайнар бұлағы,шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қор оның негізгі шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда ,сөздік қордың сан мөлшері,көлемі әлдеқайда шағын болады.Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді.Сөздік қорының құрамы біркелкі емес.Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп мағыналы сөздер:тау,көл,жер,тас,үй ай,жыл,тас,бас,көз және т.б.Сонымен бірге негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді.Негізгі сөздік қорға тән басты белгі-тұрақтылық .Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп ,барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөзер кіреді.Мысалы,ат ,ер,отыз,оң,теріс және т.б.М.Қашқаридың сөздігінде:мен,сен ,ол,екі,үш,тоғыз,ат,өгіз,қой,ай,күн,түн ,ақ,қызыл,қара,және т.б.сөздер сақталып қалған.2 негізгі белгі ол-оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы.Негізі сөздік қор болмаса,сөздік құрам молайып байымас еді. Әсіресе негізгі сөздік қордағы бір буынды түбір сөздерден қаншама сөз жасалып отырған. Мысалы,бір-біріне жақын екі мағынада қолданылатын «күн»сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы:күндіз,күнеу,күнделік,күнұзақ,күнбұрын,күн көру және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет