СөЖ басқару, оларды орындау кестесі және оларға әдістемелік нұсқаулар



бет1/2
Дата20.02.2023
өлшемі54 Kb.
#69426
түріНұсқаулар
  1   2
Байланысты:
Психология (электив) пәні бойынша СӨЖ орындау кестесі және нұсқаулық


СӨЖ басқару, оларды орындау кестесі және оларға әдістемелік нұсқаулар

Студенттердің өзіндік жұмысы-бұл оқытушының тапсырмалары бойынша оқытудың ерекше түрі, оларды орындау белсенді ойлау, іздеу – зерттеу және талдау қызметін талап етеді.


Студенттердің өзіндік жұмысының әдіснамалық негізін оқыту мақсаты типтік және типтік емес тапсырмаларды шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, яғни нақты жағдайларда студенттерге нақты пәнді білуді көрсету, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды қолдану қажет.
Курсты оқу барысында студенттер әдеби көздермен жұмыс істеуге байланысты іскерлікке ие болады:
- тарихи және қазіргі психологиялық әдебиетте (ғылыми, оқу, әдістемелік, психологиялық энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар) сүйене отырып, ғылыми ақпараттың әр түрлі көздерін пайдалану, кітапханада каталогтар мен анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу; тақырып бойынша әдебиеттерді таңдау, библиография талаптарына сәйкес әдебиеттер тізімін рәсімдеу;
- әдеби дереккөзде ойды бөліп көрсету, жоспар, тезистер, конспект құру, хабарлама, реферат, хабарламалар, презентациялар және т. б. тақырыпқа сәйкес үзінділер жасау.
СӨЖ тиімділігі үшін бірқатар шарттарды орындау қажет:
1. аудиториялық және өзіндік жұмыстың дұрыс үйлесімділігін қамтамасыз ету;
2. студенттің аудиторияда және одан тыс жұмысын әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру;
3. студенттерді ӨЖ процесін шығармашылық процеске айналдыру мақсатында қажетті әдістемелік материалмен қамтамасыз ету;
4. студентті сапалы орындағаны үшін көтермелейтін шаралар мен өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуын және барысын бақылау.

СӨЖ тапсырмалары

Апта

Ең жоғары балл

СӨЖ 1. Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары.
Қазақстандағы психология ғылымының даму тарихына шолу (Қ.Б.Жарықбаев бойынша). Кеңестік психология мен шет елдік психология ғылымының бағыттары (реферат қорғау)
Дуэйн Щульц., Сидни Эллен Щульц. Қазіргі психология тарихы. //Рухани жаңғыру жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық– Астана, 2018

1

2

СӨЖ 2. Ми және психика. Сана күйлері. Сана және бейсаналық. Саналанбайтын психикалық үрдістер. Сана және өзіндік сана. Презентация

2

2

СӨЖ 3. Іс-әрекеттің негізгі теориялары. Психологиядағы іс-әрекет ұғымы.Іс-әрекеттің түрлері мен құрылымы. Іс-әрекет пен белсенділіктің физиологиясы.Іс-әрекеттің негізгі теориялары. Эссе

3

2

СӨЖ 4. Тұлға құрылымы. Мотивация және іс-әрекет. Тұлғаның мотивациялық-қажеттілік аумағы. Мотивацияның психологиялық теориялары. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. Конспект.

4

2

СӨЖ 5. Танымдық процестер жүйесінің жалпы сипаттамасы. Түйсік – таным негізі. Түйсіктердің адам тіршілік әрекетіндегі рөлі. Оқушылардың қабылдауының қалыптасуы мен дамуы. Постер жасау

5

2

СӨЖ 6. Зейін мен ес түрлері, заңдылықтары, механизмдері (жоба қорғау). Зейін мен ес теориялары туралы жоба қорғау

6

2

СӨЖ 7. Ес түрлері, заңдылықтары, механизмдері. Ес теориялары туралы мақала дайындау

7

2

СӨЖ 8. Ойлау мен қиял түрлері және оның физиологиялық негізі. Ойлау ерекшелiктерi мен түрлерiн анықтауға байланысты жүргiзiлген эксперименттiк зерттеулер мен әдiстемелер. Ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, ондағы қиялдың түрлерін сипаттау. “Армансыз адам дәрменсіз” тақырыбында реферат жазыңыз.
Бір фантастикалық туынды оқып келіңіз?

8

2

СӨЖ 9. Сөйлеуді қабылдау. «Сөйлеу қарым-қатынастың құралы ретінде» тақырыбында жоба, слайд дайындау
Эмоциялар мен сезімдердің табиғаты мен мәні, психологиялық теориялары (слайд және жоба қорғау)

9

2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет