Сөж тақырыбы: С. Елубайдың «Ақ боз үй», М. Мағауин «Тазының өлімі» повесінің көркемдік-эстетикалық сипаттарын талдаңыз



бет1/4
Дата29.01.2023
өлшемі22,91 Kb.
#63525
  1   2   3   4

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті


СӨЖ
Тақырыбы: С.Елубайдың «Ақ боз үй», М.Мағауин «Тазының өлімі» повесінің көркемдік-эстетикалық сипаттарын талдаңыз
Орындаған: Қалдарбек М.Б.
Тексерген: Абдикулова Р.М.

2021 – 2022 оқу жылы


С.Елубайдың «Ақ боз үй», М.Мағауин «Тазының өлімі» повесінің көркемдік-эстетикалық сипаттарын талдаңыз
Қазіргі кезеңде этномәдени құндылықтарға құштарлық ішкі және сыртқы ғылым аясында артып отыр. Осы бағдарда, ғалым әрі суреткер Мұхтар Мағауиннің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларына назардың ерекше ауа бастауы кездейсоқтық емес. Мұхтар Мағауиннің бұрын жазғандары да, бүгінгі таңда жазғандарымен қатар қазір де өзекті. «Қазақ эпосының этникалық сипатын» зерттеген ғалым Тынысбек Қоңыратбай бұл мәселе туралы былай дейді: «Тақырыптың маңыздылығы этникалық танымға ерекше мән беріп, ұлттық сананы қалыптастыру, этномәдени құндылықтарды игеру мақсаттарынан туындайды». Этникалық таным бүгінгі таңда көп халықтарда қызыл кітапқа жазылатын сирек құбылысқа айналып бара жатқан кезде, Мағауин шығармалары халықтың этнотанымының мәні іспеттес. Мәселен, осыдан отыз жеті жыл бұрын жазылған «Тазының өлімі» хикаяты туралы осыны айта аламыз. Әдебиеттану ғылымы ұлттық қасиет мәселесін зерттеген кезде осы суреткер шығармашылығына қайта-қайта әлі неше мәрте соғары хақ. Жоғарыда аталған «Тазының өлімі» шығармасында осы ерекшелігі аса айқын көрініс тапқан. «Лашын» атты тазының иесінен айрылған сәтін былай суреттейді: «Кенет тазының санасын найзағай қамшысы осып өткендей болды. Оған ғаламат құпия – осы уаққа дейін өзіне беймәлім боп келген сыр ашылған еді. Бұл сырдың қорқыныштылығы, алапаттығы соншалық, тазы құлағы түрілген, етекке көз тіккен күйі мелшиіп тұрып қалды. Тоқпақ жілікті кеміріп бітетіндей уақыт өткен соң ғана есін жиды. Сол-ақ екен, буын-буыны қалтырап, арқа жүні тікірейіп, төбе құйқасы шымырлап кетті. Тазы шоқиып отыра бере тұмсығын көкке созды. Ауыз еріксіз ашылып, ар жағынан үрейлі үн шықты. Сілтідей тынып тұрған тау-тас күңірене жөнелді. Тазы ұлуын күшейте түсті. Оның көзі алдынан енді қайтып келмес бақытты күндері тізіліп өтіп жатты...».
Суреткердің ғасырлық дәстүрдің тереңінен тартқан бұл шығармасы этникалық сипаттың бірнеше факторын қатар дамытуымен ерекшеленеді. Тазының, сол арқылы аңшының бейнесін дәл береді. Тазының ұлуы иесін жоқтауы. Ол ғасырлар бойы қатар егіз өмір сүрген халыққа етене таныс. Тазының дәл осы жерде ұлуы орынды еді, басқа жағдайда ұлыса «басыңа көріңгір» деген сөз естуші еді иесінен. Кім біледі онда ақылды тазы ұлымайтын да ма еді. Тазы арқылы аңшылық дәстүрді де ерекше суреттейді. Ұлы даладағы дәстүрдің бірі аңшылық болса, екіншіден кең дала осы аңдар мен жануарлардың да мекені еді. Мына жарық дүние үшін олар да қанша шайқасқа түсті десеңізші. Олардың арпалысында да белгілі бір әдіс, «дәстүр» қалыптасқан. Суреткер осы бейнелі суретті дәл бере білген:
«Қасқырды Маңқасқалар мен Бөрбасарларға қарсы қолданатын әдістерінің бірімен ғана жеңу мүмкін екенін аңғарған тазы енді ұрыс әдісін өзгертті. Ретін тауып оңтайлы жер: құлақшеке мен алқымның бірінен қаппақ оймен қатарласа берді. Қашып құтылмасын білген қасқыр бой салып жүгірген жоқ. Итті жазым етіп қана жан сауғалайтынына көзі жеткен. Тазы да қасқырдың от шашқан жанарынан оның ештеңеден тайынбайтынын ұққан». Суреткердің бұл суреттеуі Абайдың «Қансонарда» өлеңіндегі детальдарын еске түсіреді. Әрине онда бүркітшілік. Ал мұнда ит қосу.
Ит жеті қазынаның бірі. «Лашын» ерекше тазы болса, оның иесі әйгілі аңшы еді. Соңғылардың сарқыты болатын. Тазы мен иесін суреттеу арқылы, үлкен бір кезеңнің өткенін суреттесе, «түлкі тымақтардың» орнын басқан «малақайлар» арқылы тегі басқа адамдардың келуін жазушы өткір бере білген. «Малақайлылардың» мінезі де басқалау еді. Тазының асқақ, азапты өлімін, иесі өлімін беру арқылы, одан иесінің ауылдастарының киім киісіндегі өзгерістерді беру арқылы ұлы дала дәстүрінің қайсы факторларына сурекер нүкте қояды: «Осы қабірдің дәл іргесінде қыран тазы Лашынның да қаны төгілген-тін. Бірақ оны ешкім де білмейді. Тазыдан қалған жалғыз белгі – ауыл еркектерінің басындағы түлкі тымақтары да көп ұзамай тозып бітті. Олардың орнына елтірі тымақтар мен арзан малақайлар басты. Өйткені Лашын осы өңірдегі асыл нәсілді ең соңғы тазы еді». Лашын асыл нәсілді болса, иесі текті адам еді.
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарындағы серпілісті кезеңде даралық стилімен көрінген Мұхтар Мағауин болды. Ғалым ретінде, суреткер ретінде биіктен көрінгенін аудармашы П.Косенко өзінің «Адамгершілікті талап еткен әлем» атты мақаласында терең талдап айтқан. Міне, бұл пікірлер, Мұхтар Мағауиннің ар ілімі биігіндегі, этномәдени құдылықтарды тереңінен білетін суреткер екенін көрсетеді. «Тазының өлімі» қазақ прозасының тарихынан орын алған мәңгілік шығармалардың қатарында деп айта аламыз. Автордың повестері кеңестік жүйеде жазылғандықтан да, сол дәуірдің шектеулеріне қарамастан ұлттық идеясын символдық образдардың астарына сыйғызып отырған. Мысалы, «Тазының өліміндегі» тазы ит Лашын, «Көкбалақтағы» домбыра, «Жүйріктегі» Нарқызыл– ұлттық идеяның жүгін арқалап тұрған символ бейнелер.
Суреткер қоғам мен адамның арасындағы қайшылықты, кеңестік жүйедегі ұлттық саясаттың бұрмалануын, қазақхалқының рухани құндылықтарына жасалған шабуылды – бәрін де көркем оймен жеткізе алған. Ол көркемдік шарттылыққа негізделген терең ойлы, реалистік-символикалық образдар арқылы өмір, қоғам, ұлт туралы толғаныс-ойларын батыл айта білген. Бұл образдардың жасалу дәрежесі жазушының интеллектуалдық ізденіс ой -өрісін, философиялық дүниетанымын да танытады.
Повестегі Қазы қарт та - өзгеше мінезді жан. Оны алғаш танысқан шақта-ақ еріксіз ұнатасың. Өлімі де өкінішті. Қазы жанының түкпірінде қордаланған қыжылды ойларын айта алмай кеткен сияқты. Оның ішінде түйінделген көп сыр бар еді. Мүмкін тегеуріні мықты тоталитарлық жүйе де айтқызбаған шығар. Иесі Қазының өлімі – шындығында Лашын тазының өлімі еді. Қазы қадір-леп өткен Тазы бабалардың ата кәсібі болған серіліктің, тірісінде басынан сөз асырмаған Қазы рухының өшуі деп білеміз. 
Автор Қазы образының бойына ұлттық қасиеттерді дарыта алған. Оның лашын итке қарым-қатынасы арқылы ұлттық болмысына үңіледі. Сол ауылдағы ұлттық салт-дәстүрдің соңғы сарқыты Лашын іспеттес. Автор солай деп жазады да. Қаламгер сол қоғамдық кезеңде өшіп бара жатқан, орыстанып бара жатқан ұлттық сананы, тонала бастаған ұлттық рухты, бүліне баста-ған ұлттық мінезді осы бір символдық бейне – тазы Лашынның образы арқылы айта алған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет