Сөж тапсырмалары: «Сауат ашу»



Дата20.03.2023
өлшемі15,38 Kb.
#75613

2 СӨЖ
Тапсырмалары:
1) «Сауат ашу» оқулығының негізгі ерекшеліктері. Құрылымы мен мазмұны («Сауат ашу» оқулығының құрылымын талдау)
«Сауат ашу» пәнінің оқыту аясы.
ҚР жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Сауат ашу» пәнін оқытудың басты мақсаты – оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту; ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», – деп көрсетілген.
«Сауат ашу» пәнінің оқыту аясы:
– қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі,
– қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар;
– балалар көркем әдебиет шығармалары.
«Сауат ашу» пәні білім берудің негізгі бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
«Сауат ашу» пәні оқу бағдарламасының мазмұны: 1. Әліппеге дейінгі кезең: сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу, саусақтарын жазуға даярлау (әр түрлі сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру), сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
2. Әліппе кезеңі: әріптердің баспа және жазба түрлері, бас әріп пен кіші әріп, сөздің дыбыстық-буындық құрылымын модельдеу, сөзді буындап оқу және тұтас сөзбен оқу; сөйлемдерді, мәтіндерді оқу; әріптерді жазу, сөз ішіндегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу; сөз, сөйлем жазу; мәтінмен жұмыс жүргізу (сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау, мәтін құрастыру).
3. Әліппеден кейінгі кезең: сөз, сөйлем, мәтін оқу және жазу; дауысты және дауыссыз дыбыстар, сөз таптары туралы алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгеру (заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер); сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазу, кісі аттары, жер-су атаулары және үй жануарларына қойылатын аттарды бас әріппен жазу.
«Сауат ашу» пәні аптасына 7 сағаттан және оқу жылында 238 сағат оқытылады.
Бірінші жарты жылдықта – 112 сағат, ал екінші жарты жылдықта – 126 сағат.
«Сауат ашу» пәні интеграцияланған мазмұндағы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады:
I жартыжылдықта – «Әліппе» оқулығы;
II жартыжылдықта «Ана тілі» оқулығы.
«Сауат ашу» пәнінің базалық білім мазмұны.
Әліппеге дейінгі кезең (14 сағат): Сөйлеу. Сөйлем. Сөз. Буын. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Сөзді дыбыстық талдау.
Әліппе кезеңі (98 сағат): Әріптердің баспа, жазба түрлері. Бас әріп және кіші әріп. Сөз. Буын. Сөйлем. Мәтін. Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері. Сөзді дыбыстық-буындық талдау. Орфографиялық және пунктуациялық ережелер (бас әріппен жазылатын сөздер, сөйлемнің соңына нүкте қою).
Әліппеден кейінгі кезең (126 сағат): Сөйлеу. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу. Қазақ алфавиті. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Буын. Тасымал. Заттың атын білдіретін сөздер. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Заттың сынын білдіретін сөздер. Заттың санын білдіретін сөздер. Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін. Әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қойылған талаптардың ішіндегі аса күрделісі – 6-7 жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі. 6-7 жасар баланың сауатын ашу, тілін дамыту - олардың физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне негізделе отырып жүзеге асырылатын, баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз етеді
Сауат ашу үш кезеңнен – әліппеге дейінгі, әліппе, әліппеден кейінгі кезеңдерден тұрады.
Әліппеге дейінгі кезеңнің басты міндеті – оқушыларды оқуға және жазуға даярлау, олардың сөздік қоры мен сөйлеуін анықтап, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Мазмұны: сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу, саусақтарын жазуға даярлау (әр түрлі сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру), тілін дамыту.
Дайындық кезеңінде оқушыларға ертегі, әңгіме оқып беріп, өлең жаттатып, сурет салғызып, білуге құмарлығын арттыруға, қағаз, қалам ұстауға машықтандыруға болады. «Әліппе» суреттерін пайдалана отырып, сөйлем, сөйлемнен әңгіме құратуға және сөздерге дыбыстық талдау жасауға машықтандыру керек. Сабақта сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс деген ұғымдарды оқушылар тәжірибе жүзінде меңгеретін болады.
Әліппе кезеңінің басты міндеті – оқушыларды оқу және жазуға үйрету, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру.
Мазмұны: дыбыспен, оның таңбасымен таныстыру, әріптердің баспа және жазба түрлері, бас әріп пен кіші әріп, сөздің дыбыстық-буындық құрылымын модельдеу, сөзді буындап оқу және тұтас сөзбен оқу, сөйлемдерді, мәтіндерді оқу, әріптерді жазу, сөз ішіндегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу, сөз, сөйлем жазу, мәтінмен жұмыс жүргізу (сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау, мәтін құрастыру).
Әліппеден кейінгі кезеңнің басты міндеті – оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет