Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады.
Сөйлеу дегеніміз не?
Сөйлеу
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйле деп атайды.
Сөйлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз.
Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа
білдіре аламыз
Сөйлеу актісі
Сөйлеу актісі
Сөйлеу актісі — белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.
Сөйлесу түрлері
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз
арқылы жүзеге асады.Пікір алысудың нақтылы
мақсаты мен жеке жағдайларына қарай түрлі сөйлеу ерекшеліктерімен көрінеді.Осы айтылғандар тұрғы-
сынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді.Алдымен ол сыртқы және іштей сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.Сыртқы сөйлеу ауызекі және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді.Ауызекі сөйлеу тілдің негізгі түрі болғандықтан сөйлеудің қалған түрлері де соның
төңірегінде құрылады.
Диалог
Мұндай сөз бөгелмей еркін айтылады
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі – диалог сөйлеу.Бұл екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері:
диалогтың қисындық жағы (жоспарлылығы,біртінділігі, дәлелділігі т.б) кемдеу
болады
бұл ылғи да сүйемелдеп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгі – мелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады.Мысалы: «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемде осындай нөмірі бар автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады;
диалог сөз ым-ишарымен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен толықтырылады.
Монолог
монолог сөздің грамма – тикалық құрылысы белгісіз жүйеден ауытқымайды
бұған логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мысалы, баян – дамашы мен лектор өз сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі)
монолог сөз әр кез белгілі жоспарға сәйкес құры-лады.Бұл алдын – ала даярлану қажет.
монолог сөз адамға
әсер ететін мәнерлі сөздің жақтарын (сөзді назына келтіріп айту) көбірек
қажет етеді;
Монолог бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың, мұғалімнің сөздері.Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері:
Сөздер????
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де ) актив және пассив сөздер болады.Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын мән – мағынасын түсінгенімен күн сайын қолданылмайтын сөздер.Мұндай сөздерге, көбінесе, ғылыми – техни – калық атаулар және ескірген сөздер жатады.Актив сөздер мол болуы адам – ның сөйлеу әрекетіне айналысқан кәсібіне байланысты.Егер ересек адамдар – дың актив сөздері орта есеппен 6000-7000-дай болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 актив сөзге жетіп оты- рады.Мысалы, Шекспирдің актив сөзі 12000-дай болған.
Сөйлеу шеберлігі
«Речь слагается из трех элементов: из самого оратора, из предмета, о котором он говорит, и из лица, к которому он обращается; оно-то и есть конечная цель всего»
Сөйлеу тәжірибесінде алдын-ала даярланған жоспардан еш ауытқымай, үтір-нүктесіне дейін айна-қатесіз қайталап шығу кемшілік деп есептеледі. Әрине, жоспарды алдын-ала даярлауды суырыпсалма сөйлеудің бастау көздерінің бірі деп түсіну қажет. Белгілі зерттеуші Н.В. Адфельдт былай дейді: «план сам по себе... не представляет самостоятельной ценности..., если он не завершается живой речью в аудитории. С другой стороны, содержательная импровизация требует предельнотщательной подготовки, хорошего плана-проекта. Качество импровизации оценивается полнотойосуществления плана в процессе непосредственного речевого общения со слушателями».Суырыпсалма сөйлеу, яғни импровизация, сөзді жанды да тартымды етіп, тыңдаушылар назарын ұстап, шешен мен аудитория арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі. Алайда импровизацияғашектен тыс беріліп, ол шешеннің даярлығына негіздел-месе, бұл көп жағдайда шешенді өзініңтақырыбынан алшақтатып,оның сөзінің қисындық, мазмұндық қырларын көмескілендіреді.