СоөЖ-2 Пән: Омыртқалы жануарлардың биологиясы, экологиясы және систематикасы Тақырыбы: «Қосмекенділердің шығу тегі»



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі68,66 Kb.
#87843
  1   2




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану және география институты


6ВО1513-Биология мұғалімдерін даярлау
СОӨЖ-2
Пән: Омыртқалы жануарлардың биологиясы, экологиясы және систематикасы
Тақырыбы: «Қосмекенділердің шығу тегі»

Орындаған:: Кесперова Н.М.


Алматы , 2022-2023


Жоспары:
Кіріспе:

  1. Қосмекенділерге қысқаша сипаттама

Негізгі бөлім:

  1. Қосмекенділердің шығу тегі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Қосмекенділерге қысқаша сипаттама.
Қосмекенділер немесе Амфибиялар (лат. Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы.
Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады.


Қосмекенділердің шығу тегі.
Ертедегі қос мекенділер Гренландияда жоғарғы девон қабатынан анықталған. Әзірше ондай жануарлардың бас сүйегі ғана табылды.

Ал толық скелеті тас көмір мен перм қабаттарынан табылған. Бұл өте ертеде тіршілік еткен амфибилердің тобы — филлоспондилер (Рһуііоsропdуlі) отрядына топтасады. Бұлардың ең ұсақтарының (Вгапсһіоsаигиs) денесінің ұзындығы бірнеше сантиметр ғана болған. Сыртқы бейнесіне қарағанда, олар тритондарға ұқсайды. Ми сауытының басым көпшілігі сүйектенбеген, бірақ оның үстіңгі жағы тері тектес сүйекпен қапталып тұрады. Кейбір түрлерінде рудиментті желбезек қақпақшалары болған. Бас сүйегшің құрылысындағы кейбір элементтеріне қарағанда, бірқатарында личинка кезінде сыртқы желбезегі болғаны байқалады. Филлоспондилер отряды — амфибилердің ертеде тіршілік етіп, кейін құрып біткен, олардан қазіргі замандағы құйрықты және кұйрықсыздар отряды пайда болған болуы керек.


Амфибилердің екінші құрып біткен отряды — лабринтодонттар (LаЬугіпthоdопtіа). Олар тас көмір мен перм қабаттарынан және полезоц мен ерте мезозой дәуірінен белгілі. Бұл алуан түрлі өте көп жануарлардың тобы еді. Ертеде болған түрлерінің ұзындығы 60 сантиметрдей, бірақ көпшілігінің дене мөлшері ірі крокодилдердей болған. Жалпы бейнесі саламандраларға ұқсас, бірақ аяқтары нашар жетілген. Ми сауыты тері тектес сүйекті сауытпен қапталған. Кейбір түрлерінде сүйекті сауыт кұрсағында да болған, ол құрсақ бөлімін жер бетіндегі әр түрлі заттардың әсерінен қорғау қызметін атқарған. Бұл отрядтың ертедегі түрі еогиринус (Еоgигіпиs) тас көмір дәуірінде батпақты жерде тіршілік еткен су жануарлары. Кейін, карбон дәуірінің аяқ кезінде жер бетін мекендейтін аяғы жақсы жетілген түрлері пайда болған. Эволюциялық дамудың нәтижесінде ондай ам-фибилерден бауырымен жорғалаушылардың шығуы мүмкін.
Қос мекенділердің үшінші отряды. Лептоспондилер (Lерtоsропdуlі) карбон мен пермнің ортаңғы және жоғарғы қабатынан белгілі. Бұлар тайыз сулар мен батбақты Мекен еткён, ұсақ жануарлар. Көпшілігінің денесі ұзын, рудиментті аяқтары болған.
Амфибилердің құрып біткен осы үш отряды стегоцефалдар немесе сауытты амфибилер (Stеgосерһаlіа) класс тармағын құрайды.
Стегоцефалдардың арғы тегі сүйекті балықтар болуы сөзсіз. Олардың құрылысының қарапайым (алғашқы скелетінің нашар сүйектенуі) болуымен қатар, желбезекгеріне қосымша қапшық тәрізді өкпесі болған. Сол сияқты суды есуге және жер бетінде жүргенде тірек болатын, келешекте бес саусақты аяқ дамитын жұп органдары да болған. Қауырсын қанатты балықтардың (Асtіпорtегуgіі) мұндай белгілері болмаған. Қос тынысты балықтар (Dірпоі) өкпемен тыныс алғанмен, су түбінде тіршілік етуге бейімделген балықтар тобына жатады. Стегоцефалдарға туыстық жағынан жақынырақ саусақ қанатты балықтар (Сгоssорtегуgіі). Олар өкпемен тыныс алады және аяқтарының скелеті стегоцефалдардың аяқтарының скелетіне ұқсайды. Ертедегі саусақ қанатты балықтар мен стегоцефалдардың бастарынын, сыртқы сүйектерінің орналасуы өте ұқсас болған. Осы кездегі ғылымға белгілі саусақ қанатты балықтар жер бетіндегі омыртқалылардың арғы тегі бола алмайды. Өйткені, бұл саусақ қанаттылар кейінірек уақытта пайда болған. Жер бетіндегі омыртқалылардың тегі полеонтология ғылымы әлі анықтамаған ертеректе тіршілік еткен саусақ қанатты балықтардан пайда болған.
Омыртқалылардң құрлыққа шығуы саусақ қанатты балықтардың оттегі аз су қоймаларында ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделуінің нәтижесі болып есептеледі. Стегоцефалдар пайда болған девон дәуірінің маусымды кезеңдерінде құрғақшылық болу әсерінен, тұщы суларда тіршілік ететін балықтардың тыныс алуы нашарлайды. Тас көмір дәуірі кезінде батпақты жерлерде және су жиектерінде өсімдіктер өте қалың болған, су бетіне өсімдіктердін, молырақ пайда болуы балықтардың суда жүзуін қиындатты. Сонымен қатар олар қосымша өкпе қапшықтары арқылы өкпемен тыныс алуға икемделген. Оған қосымша ол суларының мүлдем құрғап қалуы, олардың тіршілік етуіне қауіпті болған. Егерде балықтар сусыз жермен қозғала алмаған болса, мүлдем қырылған болар еді. Сондықтан мұндай қауіпті жағдайдан өкпемен тыныс алуға икемделген және құрғақ жер мен аяқтары арқылы жылжи алатын су жануарлары ғана тірі қалуы мүмкін. Жүрген сулары құрғап кеткенде екінші бір су орталық-тарына қозғалып баруда денесін тұтасып қаптап жатқан қабыршақтары кедергі келтіретіні сөз жоқ. Сол сияқты денесінің сыртын сауыттың қаптап жатуы терісінің беті арқылы тыныс алуға кедергі болған. Осы екі себептің салдарынан олардың сыртқы сауыты шөжіген болуы мүмкін. Стегоцефалдар жер бетімен сүйретіліп қозғалатындықтан олардың құрсақ бөліміндегі сауыттары бірталайында жойылмаған, ал төбе сауыттары көпшілігінде сақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет