Сопровождению инклюзивного образования методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет17/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#13079
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
 
Ұлыбританиядағы инклюзивтік білім беру осы елде ертедегі тарихы мен 
әдет-ғұрпы бар арнайы білім берумен өзара әрекеттестілікте тіршілік етеді.  
Инклюзивтік  білім  беру  заңнамадада  бекітілгенмен,  арнайы  білім  беру 
48 


мектептері  де  қызметтерін  жалғастыруда  және  ата-аналары  олар  үшін 
оқытудың  осы  түрін  таңдаған  балаларға  арналған  білім  беру  кеңістігінің  бір 
бөлігі  ретінде  қарастырылады.  Алайда  арнайы  білім  беру  мектептерінің 
санының азаюы байқалады. Жағдай бір жерден басқа жерге қарай күрт өзгереді. 
Лондонның Ньюхэм аймағында барлық арнайы мектептер жабылған, ал Англия 
мен  Уэльсте  мектеп  жасындағы  барлық  балалардың  1,2%  ғана  арнайы 
мектептерге  барады,  территориялардың  арасындағы  айырмашылық  0,32  және 
2,6% 
арасында  құбылып  тұрады.  Арнайы  мектептерді  жабу  және  балаларды 
жалпы білім беру мектептеріне ауыстыру туралы шешімді аймақтық білім беру 
басқармасы  (LEA)  қабылдайды,  арнайы  білім  беру  мектептерін  жабу  білім 
беруді либерализациялаудың жалпы үдерісіне ауыр тиеді.  
Ф.  Армстронг  бұл  үдерісті  этнографиялық  кейс-стади  тәсілін  қолдана 
отырып зерттеді; ол арнайы білім беру мектептерінің біреуін жабу және барлық 
оқушыларды  жалпы  білім  мектебіне  көшіру  туралы  шешім  қабылданғаннан 
кейінгі  жергілікті  білім  беру  басқармасының  шенуніктері  мен  мұғалімдерінің 
сабағаттық  және  педагогикалық  мәжілістеріне,  кездесулерге  тікелей  өзі 
қатысып отырды. Автордың пікірінше, бұл үдеріс жаңа менеджерлік тәсілдеме 
мен  инклюзияның  арасындағы  қарама-қайшылықты  ашты,  мектеп  қосымша 
ассигнования  алу  үшін  пайда  әкелуге  және  тиімді  болуға  тиісті  және  өзінің 
табыстылығына дәлелдеме келтіруге міндетті. Бұндай жағдайда оларға «өнімсіз 
оқушыларды  қабылдамауға  немесе  оларды  шошытуға»  қатысты  ойлар  келуі 
әбден  мүмкін  болады.  Педагогтардың  кеңесінің  отырыстарынан  алынған 
жазбаларда  мұғалімдердің  бұзылыстары  бар  балалардың  стандарт  деңгейін 
төмендетіні,  әдеттегі  балаларға  жетісе  алмайтыны,  мұғалімдер  үшін  масыл 
болатындары,  басқа  балалардан  кесе  отырып,  оларға  өздерінің  қосымша 
уақыттарын  бөлу  қажеттіліктері  туралы  айтқандары  көптеп  кезедеседі.  Білім 
беру  басқармасының  шенеуніктері  мен  жалпы  білім  беру  мектептерінің 
әкімшіліктері  өздерінің  дәлелдемелерінде  инклюзияның  мәдени  және 
әлеуметтік  мәнмәтінін  бір  шетте  қалдырып,  мектептің  тек  қаржылық  жағына 
ғана  қатысты  «келісемін»  және  «қарсы»  терминдерін  пайдаланды.  Армстронг 
қарама-қайшылықты инклюзияның үлкен мәдени өзгеріс болғанымен, осындай 
тәсілдемеде  «лайықты»,  «бұзбайтын» және  «ресурстарды  тиімді  пайдалануға» 
сәйкес экономикалық тиімділік терминдерімен ғана қарастырыла бастайтынын 
көріп отыр.  
Инлюзияны  алға  жылжытуға  институттардың  сегрегациялық  жүйесін 
қолдауға  мүдделі  әлеуметтік  топтың  (саясаткерлер,  кәсіпқорлар)  болуы  ғана 
емес,  сондай-ақ  білім  берудің  сегрегациялық  құрылымын  құратын  құндылық, 
қарым-қатынас және практика да қарсы тұрады.  
Сонымен,  Ұлыбританияда  инклюзивтік  білім  беруді  дамытуға  білім  беру 
саясатындағы  либералдық  үдерістердің  әсері  осы  үдеріске  қатысушы 
мұғалімдердің  кәсіптік  тұрғыда  өзін-өзі  тану  мәселесінің  маңыздылығын 
арттырады; соңында мектептің әкімшілігі мен мұғалімдер кез келген білім беру 
саясатының  тікелей  жолбасшысы  болады.  Стандарттарды  көтеру  деңгейіне 
қойылатын  талаптар  мен  білім  берудің  мәдени  өзгерістерінің  адамгершіліктік 
талаптарының  арасында  туындаған  қарама-қайшылық  білім  беруді 
49 


демократиялау үдерісін және оның құрамы ретіндегі әлеуметтік интеграциялау 
үдерісін барынша күрделендіреді [57-60].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет