Техникалық дайындыққа бақылау жасау Техникалық дайындыққа немесе техникалық шеберлікке бақылау жасау дегеннің мәні спортшы не жасай алады және осы уақытка дейін меңгерген қимыл - қозғалыстарын қалай орындай алады дегенге келіп саяды.
Техникалық шеберлікке бақылау жасаудың негізгі екі әдісі бар: көзбен шолып бақылау және аспап аркылы бақылау. Көзбен шолып бакылау жалпы кең тараған әдіс және спорт ойындарында: жекпе - жекте, гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда және спорттың басқа да көптеген түрлерінде негізгі әдістердің бірі болып табылады.
Техникалық шеберлікті көзбен шолып бақылау екі түрлі әдіспен жүргізіледі: спортшының әрекетін тікелей бакылау барысында және видиомагнитофон техникасының көмегімен. Екінші әдіс соңғы кезде кеңінен таралып келеді. Оның себебі мына төменгі жайларға байланысты:
Спортшының кимыл - қозғалысын сол калпында жазып алу.
Видиотехника жүйелі түрде жазып алып отырған жағдайда қимыл -
козғалыстың видиотехникасы қолда болады және олардың динамикадағы
техникасын талдауға болады.
Спортшылардың техникалық шеберлігінің көрсеткіштері Техникалық шеберлікті аспап арқылы бақылау техниканың биомеханикалық сипаттамасын өлшеуге арналған. Тұтастай алғанда уақыт, жылдамдық және қимыл - қозғалыстың жылдамдауы немесе онын жекелеген фазалары, қимыл - қозғалысты орындаған кезде дамитын күш - жігер, дененің немесе оның сегметтерінің жағдайы тіркеліп отырады. Тіркелген көрсеткіштер талданады (графоаналитикалық математика - статистикалық және т.б. талдаулар), талдау нәтижелерін спорттық техниканың тиімділігіне критерий ретінде пайдалануға болады.