Сұрақтар: Қоғамдық сана феномені: формалары, құрылымы, мәні



Дата16.02.2023
өлшемі22,14 Kb.
#68348

ПмНО-23 Нұрлыбай Дариға.


Сұрақтар:
1. Қоғамдық сана феномені: формалары, құрылымы, мәні.
2. ХХІ ғ. Қазақ қоғамындағы қоғамдық сананы жаңғыртудың мәні. 
3. Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық сараптау және заманауи жаһандық өзгерістер мағынасы. 

1 Қоғамдық сана феномені: формалары, құрылымы, мәні.


Қоғамдық сана — қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философияжәне діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, ұлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды.
Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады.Қоғамдық сана мен оның құрылымын горизонтальді түрде қарастыруға болады. Мұнда көптеген формаларын таңдауға болады. Экономикалық саналы өндіріс пен тұтыну процесінде адамдардың қарым-қатынасы мен белсенділігін болжайды. Бұл деңгей адамның күнделікті өмірімен тығыз байланысты. Саяси сананы әлеуметтік психология, сондай-ақ идеология тұрғысынан қарастыруға болады. Бірінші жағдайда ол билік пен мемлекет туралы адамдардың сезімін және өкілдігін болжайды. Екіншісі жүйелі саяси көзқарастарды, теорияларды білдіреді. 
Құқықтық қоғамдық сана мен оның құрылымы - қолданыстағы құқықтық нормаларға қатысты адамдардың пікірлері мен көзқарасы. Ол мемлекеттік және әлеуметтік сыныптардың пайда болуымен туындайды. 
Дінтану - адамның табиғаттан тыс табиғат туралы бейнесі. Мұнда бар шындықты екі еселеу бар. Діни адам үшін нақты және басқа әлем бар. 
Моральдық санасы - қоғамдағы мінез-құлықты анықтайтын белгілі бір принциптердің жиынтығы. Ол қарабайыр қоғамда қалыптасты. Моральды сана-сезіммен, негізінен қоғамдық пікір мен әдетке айналады. Ол адам мен қоғамның өзара әрекеттесуінің негізі болып саналады. 
Эстетикалық сана - адамдардың кемелді және жетілмеген шындық туралы бейнесі. Бұл негізінен өнер арқылы айтылады. 
Ғылыми сана - бұл шындықтың түрлі аспектілерін объективті білу. Ол кез-келген әлеуметтік және табиғи құбылыстармен байланысты болуы мүмкін.

2. ХХІ ғ. Қазақ қоғамындағы қоғамдық сананы жаңғыртудың мәні. 


Қоғамдық сананың өзгеруі мен модернизациялануы әлемнің барлық елдерінің назарында. Қоғамдық сана өзгеріске түсу процесінде жағымды жағына немесе негативті жағымсыз жағына өзгеретіні белгілі. Кезінде австриялық ғалым Карл Реннер «ұлт, мемлекет өзінің дамуында өзі қаласын-қаламасын бәрібір үш кезеңнен немесе үш сатыдан өтеді. Ол: ұлттың оянуы, ұлттың дамуы және ұлттың гүлденуі» деді. Алғашқы сатысы ұлттың оянуы немесе кейінгі сатылары ұлттың дамуы, гүлденуі болсын, олар қоғамдық сананың оянуы, өзгеруі, жаңғыруымен қатар жүреді. Осы тұрғыда біздің бәріміз де «біздің мемлекетіміз, ұлтымыз қай сатыда тұр» деген сұрақты өзімізге қоямыз. Міне, осы кезеңдер аталған факторлардың, яғни, мемлекет пен ұлттың қалыптасу мен өркендеу процесіне іргетас болып қаланады екен. Олай болса, біз ұлт ретінде ояндық па, өткеніміз бен бүгінімізге диагностика жасап, ертеңіміз қалай болады деген сұраққа жауап іздей отырып, болашаққа болжам жасай алдық па?! Біздің келешекке деген бағыт-бағдарымыз айқын ба?!
Міне, осы сұрақ бәрімізді мазалайды. Осы тұрғыда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегі көкейде жүрген түйткіл-сұрақтарға, оның ішіндегі қоғамдық сананың жаңғыруы: қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту мәселесіне жауап берді. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы Президент атап , маңызды «екі процеске қадам жасауға мүмкіндік берді. Олар: саяси реформа мен экономикалық жаңғыру еді. Қалай дегенмен де, ыдыраған Кеңес Одағының қирандысынан шыққан Қазақстан саяси реформалар жасай отырып, экономиканы қалыптастыру, даму жолын ұстанды. Біз бірқатар елдер секілді дүм­пуге әкелген революциялық жолды емес, эволюциялық жолды таңдадық. Сондықтан болар, ішкі шиеленіс, көршілес елдермен қақтығыс бізде болған емес.

3. Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық сараптау және заманауи жаһандық өзгерістер мағынасы. 


Жаһандану міндетті түрде ұлттық мәдениетке, рухани құндылықтарға инвентаризация жасауды мәжбүр етеді (тозығы мен озығын айыру), мысалы келешектің өкілдері өз таңдауын жасағандай, олар Ертөстікті Бетманға, Керқұлатты Кендебайды «өрмекші адамға» баяғыда ауыстырды, үлкендер бізде орнап жатқан компьютерлік, нарықтық базистік қоғамға қондырма тапқанша, болашақ өз қалауын жасап үлгерді. Сондықтан мақсат, жаһандық бәсекелестікте өз рухани құндылықтарымызды сақтау мен дамыту һәм тарату.
Біздің шет мәдениеттік тасқынға қарсы тұрарлық ештеңе қоя алмауымыз, ұлттық енжарлықпен, қосымша қаржылық шарасыздықтан туып отыр, бірақ осы соңғы уәж сенімсіз көрінеді, себебі біреулер «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» сияқты голливудтық рухтағы, ұлттық намыстан жұрдай мультфильмді түсіруге қаржыдан қиналмаған сияқты. Ал соңғы жылдары шыққан «Ер Төстік және айдаһар» фильмі балаларға ешқандай әсер етпей, елеусіз өте шықты.Біз жаңа ақпараттық технологиялар арқылы, заманауи арнайы техникалық әдістермен дайындалған жат ықпалдармен әлі де «кітаби» жолдармен, ауызша үгіт - насихат арқылы қарсы тұрғымыз келеді. Көп жағдайда бұл тиімсіз болып шығып жатады.
Ұлттық мәдени мұралар мен салт – дәстүрлік құндылықтарды заманға сай озық технологияларды қолдану арқылы насихаттау ғана балама дүниетанымдық жүйе ретінде белгілі бір табысқа жеткізуі мүмкін. Қазіргі бала білімі аз болса да ақпаратты көп алады, сондықтан басқа елдер мен мәдениеттер туралы молынан хабардар, Америка мен Жапон мәдениетінің шоқтығы неге олар үшін өз мәдениетінен биік деген, жалаң патриоттық күйіну ештеңе әкелмейді, себебі әңгіме мүлдем басқа нәрседе. Әңгіме біз рухани, тарихи тұрғыдан мол әрі терең мәнді санайтын ұлттық мұраларымыздың өзінің формасы жағынан әлі ескі форматта сақталуында, тіпті жазбаша түрінің өзі модернизациялауды қажет етеді, тіпті оларды жаңа дәуірге бейімдеу үшін мазмұндық тұрғыдан да жаңарту жасау, ревизиялау қажет сияқты. Мысалы, Қобланды батырды, Ер төстікті болмаса Қыз Жібекті қазіргі жас ұрпақ өзінің ата-анасы қабылдағандай сезініп, түсіне алмайды. Себебі бұрынғы ұрпақта оларды түсінетін әлдебір архетиптік негіз болды, қарттар, ескі тұрмыстық артефактар, жылқылар, кең дала, қаймағы бұзылмаған ұлттық, образдық тіл- міне осының бәрі санаға, эмоцияға, қиялға ерекше әсер етті. Қазіргі жастарда оның көбі жоқ, енді ондай атмосфераны тек қана жаңа технология жасай алады. Сондықтан Қобландының заманауи суперменге, ал Ер Төстіктің, Керқұла атты Кендебайдың танымал компьютерлік ойынға айналуы өзімізге байланысты. Ал әлемге өзін көрсетуі ұлттың техникалық, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуымен байланысты. Бұл ешкім таласа алмайтын қағида, сондықтан кез-келген тәуелсіздік алған ел өзінің тәуелсіздігін шынайы егемендікке айналдыру үшін осыларды қатар дамытуға ұмылады. Бірақ онсызда тәуелсіз болу салыстырмалы болып табылатын заманда рухани және мәдени тәуелсіздік қаншалықты дәрежеде екенін анықтау тағы да көңілге қаяу түсіреді және күмән тудырады.
Жоғары экономикалық жетістік, қарыштаған материалдық даму өзімен өзі рухани биіктіктерге жеткізбейді, себебі немістің немесе жапонның озық технологиясының барлық жерде сапасы бірдей, айырмашылығы бағасында, бірақ неміс елінде немесе жапон еліндегі жасалған фильм болмаса басқа да туынды, басқа да қоғамдық құбылыс басқа ұлт үшін құндылық болмауы мүмкін, міне рухани жағынан сақтық туралы осыны айтуға болады. Өз елінде шыққан бренд аталатын қазіргі ұғымның патриотизм, ұлттық құндылық жағынан орны осында. Сондықтан жоғары технологияларды игере отырып оған рухани нақыш беру, материалдық – техникалық құбылысты ұлттық семиосферамен байланыстыру және ұлттық санада бекіту, тәрбиелік аспектіде ұтымды мемлекеттік іс болып табылады. Бізде өкінішке орай символикалар жүйесінде, әсіресе жастар субмәдениетінде шетелдік белгілердің ролі үлкен және оған қарсы қоятын, жастарды баурап алатын ұлттық дискурстегі белгілер, бұқаралық мәдениеттік деңгейдегі «артезаттар» әлі тапшы. Қорыта айтқанда, ұлттық жаңғыруды рухани жағынан дамыту кезек күттірмейтін жұмыс болып табылады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет