Starbucks («Ста́рбакс» деп оқылады) — клиенттеріне кофе сусындарын ұсынып, сатуға бағытталған және де кофеханалар атауы болып келетін американдық компания. Басқарушы компания - Starbucks Corporation болып табылады.
табылады. Starbacks компаниясы 64 елдегі 20,5 мың кофехананың ,оның ішіндегі 12 781 АҚШ-тың,1241 Канаданың ,62 Жапонияның, 976 Ұлыбританияның және 99 Ресейдің кофеханалырың иесі болып табылады.Starbucks эспрессо, капучино, латте макиато және өзге де ыстық және салқын кофе сусындарын, ыстық және салқын сэндвичтерді, бәліштерді, шайнамаларды, стақан мен шыны-аяқтарды да сатумен айналысады. Компанияның штаб-пәтері - Сиэтлде, Вашингтон штатында орналасқан
Тарихы
1971 ж. ағылшын тілінің мұғалімі Джерри Болдуин, тарих пәнінің мұғалімі Зев Сигл және Гордон Боукер атты жазушы 1350 доллардан жинап, тағы 5000-ын қарызға алып, кофе мен оның дәндерін сатуға арналған дүкенді ашады. Ол Сиэтле қаласында, Вашингтон штатында болған болатын. Дүкеннің атауын Германа Мелвиллдің «Моби Дик» атты романындағы персонаж Ахава капитанының бірінші көмекшісінің атымен қояды; логотипінде - сиренаның суреті қойылады. Сорттарды таңдау мен кофенің дәндерін дұрыс қуыруды олар Peet’s Coffee компаниясының басшысы Альфред Питтен үйренеді. Starbucks алғашқы 9 ай бойы дәндерді Peet’s Coffee компаниясынан сатып алып жүреді, кейін серіктестер өздерінің дүкендеріне жаңадан қуыратын пеш орнатып, екінші дүкен ашады. 1981 ж. 5 дүкендей орнатып, кофені қуыратын кішкене фабрика және кофе дәндерін барлар, кафелер, мейрамханаларға тасымалдауға арнайы сату бөлімі жұмыс істейді. 1979 ж. Starbucks иелері Peet’s Coffee компаниясын сатып алады. 1987 ж. Starbucks дүкендері Il Giornale (Starbucks-тың бұрынғы қызметкері) кофейняларының иесі Говард Шульцке 4 млн. доллар шамасында сатылады. Өздерінің кофйеняларын ол Starbucks деп, ал компаниясын «Starbucks Corporation» деп өзгертеді. 1988 ж. компания пошта бойынша сатуды жүзеге асырып, өздерінің өнімдерінің бірінші каталогын жасап, АҚШ-тың әр түрлі штаттарындағы 33 дүкендермен байланыстарын орнатады. 1996 ж. АҚШ-тан тыс ең бірінші кофейня Жапонияда ашылады. 1990 ж. Starbucks әр жұмыс күні жаңа дүкен ашып отырған, осы концепциясын компания 2000 ж.-ға дейін ұстап отырды.