Студенттің педагогикалық сараманға жеке жұмыс жоспары



бет1/5
Дата27.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#87499
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті


Жаратылыстану – география факультеті


«Биология және экология» кафедрасы




СТУДЕНТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ САРАМАНҒА ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

  1. Аты – жөні: Жаңабаева (Куспанова) Асель Анарбековна

  2. Мамандығы, тобы: 6В01516 «Биология ағылшын тілінде», Б/англ-4

  3. Мектеп: №5 жалпы орта білім беретін мектебі

  4. Мектептің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Строитель 8/1



Пән әдіскері: аға оқытушы, магистр Мамышева М. В.

Пән мұғалімі: Дарменбекова А. Н.


Сынып жетекшісі: Дарменбекова А. Н.

Орал, 2023 жыл
ЖҮРГІЗІЛГЕН ОҚУ ІСІ ЖҰМЫСТАРЫ





Айы, күні, жылы

Сабақтың тақырыбы



Өткізілуі туралы белгі

Бағасы

13.02.23

Хуго де Фриздің мутация теориясы. Кенеттен және индуцияланған мутация. Нүктелік, хромосомалық, геномдық, ядролық және цитоплазмалық мутациялар. Модельдеу №1 «Адам хромосомасы жиынтығынан кариограмма»

Өткіздім




14.02.23


Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары.



Өткіздім







16.02.23 20.02.23 21.02.23



Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Тұқымқуалайтын өзгергіштік – эволюция негізі. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар.





Өткіздім






23.02.23 27.02.23



Эволюцияның дәлелдемелері. Салыстырмалы-анатомиялық. Эмбриологиялық. Палеонтологиялық. Биогеографиялық. Биохимиялық



Өткіздім




24.02.23

Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор

Өткіздім




27.02.23


Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық ауруларының алдын алу.

Өткіздім





28.02.23

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері

Өткіздім




02.03.23 06.03.23



Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Түсінік «Соңғы әмбебап жалпы ата тек». Модельдеу №2 «Кладограмма құру». Филогенетикалық картаның әр түрлі формалары.

Өткіздім




03.03.23

Модельдеу №6 «Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру»

Өткіздім




06.03.23

Өнімділікті арттыратын заманауи ауыл шаруашылық технологиялары. Өнімділігі жоғары ауыл шаруашылықты жүргізудің жаңа баламалы жолдары БЖБ №9 «Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» бөлімі бой

Өткіздім




07.03.23

Түр түзілу. Түр түзілудің механизмі.Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі.Түр түзілудегі репродуктивті оқшаулану

Өткіздім




09.03.23 13.03.23



Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез БЖБ №8

Өткіздім




13.03.23

ТЖБ ІІІ-тоқсан

Өткіздім




14.03.23

Тоқсандық жиынтық бағалау-3

Өткіздім




16.03.23

Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар

Өткіздім




17.03.23

Инсулин өндірісі

Өткіздім




27.03.23 28.03.23

Жүйке жасушаларының құрылысы.

Өткіздім




27.03.23

Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысы

Өткіздім





30.03.2303.04.2304.04.23

Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Өткіздім





31.03.23

Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу

Өткіздім





03.04.23

Менструалдық цикл: менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы

Өткіздім





06.04.23


Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешгі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы

Өткіздім





07.04.23

Контрацепция түрлері және олардың қолданылуы мен маңызы.

Өткіздім




10.04.23

Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы, сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары БЖБ №10 «Көбею» бөлімі бойынша

Өткіздім




10.04.23

Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс. БЖБ №9

Өткіздім




11.04.23
13.04.23

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы

Өткіздім




СЫНЫПТАН ЖӘНЕ САБАҚТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ





Күні



Сыныптан тыс (пән бойынша)және машықкердің өзі өткізген немесе қатысқан тәрбие жұмыстарының атауы



Өткізілуі туралы белгі



Бағасы


Тұрақтандыру конференциясы





Қатыстым





23.01.23




Мектеп әкімшілігімен танысу





Қатыстым





23.01.23




Сынып жетекшімен және сыныппен танысу





Қатыстым





23.01.23




Пән мұғалімімен танысу





Қатыстым





24.01.23




Биология кабинетімен танысу





Қатыстым





24.01.23




Күнтізбелік-тақырыптық жоспармен танысу





Қатыстым





18.04.22

«Табиғат және біз»
(тәрбие сағаты)

Өткіздім




22.04.22




Қысқа мерзімді жоспарды бекіту





Өткіздім





22.04.22

Өрт – тілсіз жау
(тәрбие сағаты)

Өткіздім




25.04.22

«Biologists`competition»
(extracurricular)

Өткіздім




28.04.22




Қысқа мерзімді жоспарды бекіту





Өткіздім





29.04.22




1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні


(сыныптан тыс іс шара)

Қатыстым





30.04.22




Қысқа мерзімді жоспарды бекіту





Өткіздім








Сараман кезінде мынадай жұмыстар атқарды

Саны (цифрмен және жазумен)

1

Негізгі мамандық бойынша сабақ өткізді




2

Екінші мамандық бойынша

-

3

Мамандығы бойынша сабаққа қатысты




4

Басқа пәндерден сабаққа қатысты




5

Тәрбие шаралары







Оқу жұмысының қорытындысы

Тәрбие жұмысының қорытындысы

М. Өтемісұлы атындағы БҚУ-дың 4-курс машықкері Жаңабаева (Куспанова) Асель Анарбековна 23.01.2023-06.05.2023 жж. аралығында Орал қаласындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінде биология пәні бойынша педагогикалық сараманнан өтті. Мектеп әкімшілігінің бұйрығы бойынша Асель 10«Б» сыныбына бекітіліп, сараман барысында осы сыныпқа менің жетекшілігіммен барлығы - күнтізбелік сағат көлемінде сабақ жүргізді. Сараман барысында алғашқы бір аптада мұғалім өткізген сабақтарға қатысып, сабақ кезеңдері, құрылымы, жоспарлануы бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, сабақ жоспарын құру, мақсатын айқындау, әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша кеңес алды.
Алғашқы сабағын «-» тақырыбына жоспарлады. Сабақ барысында «Гүлмен тілек» әдісі арқылы үй жұмысын тексеріп, «Мен қандаймын» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашты. «Дұрыс-бұрыс» әдісі арқылы тапсырмалар құрастырып, кері байланыс мақсатында «Тыңдап отырған үштік» әдісін қолданды.
Асель алғаш сабақ бергеннен өзін оқушылардың алдында еркін ұстай алды, дауыс ырғағы қалыпты, оқушылармен сабақ барысында ынтымақтастық, сыйластық атмосферасын орнатты. Оқушыларды сабаққа қызықтырып, жақсы ұйымдастырды. Кейінгі сабақтарында «Миға шабуыл», «Еркін микрофон», «Сәйкестендіру», «Терминдермен жұмыс», «Сұрақ ілмегі» әдістерін ұтымды қолданды. Осы сабақтарының барлығында да оқушылардың топпен де, жекелей де жұмыстанулары арқылы өз беттерімен білім алуларын тиімді ұйымдастырып, сабақ көрнекілігіне ерекше көңіл бөліп, әртүрлі технологиялар мүмкіндігін пайдаланып, табысты әрі үлгілі сабақтар өткізе білді.
Асель сараман кезінде биологиялық білімі жақсы, жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін өз сабағына орай тиімді таңдай білетін, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, ізденгіш машықкер ретінде көзге түсті. Сабақ беру барысында оқушыларды биологиялық тілмен дұрыс сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге үнемі көңіл бөлді.
Машықкер Асель – заман талабына сай озық инновациялық технологиялар мен педагогикалық жаңашылдықты игеруге ұмтылатын және оны тәжірибеге енгізуге өресі жететін, талапты да алғыр, қоғамға берері көп болашақ маман болады деген сенімдемін. Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды, мемлекетіміздің білім беру жүйесінің дамуына үлкен үлес қосады ден сенім білдіремін, үміт артамын.



Жаңабаева (Куспанова) Асель Орал қаласындағы №5 жалпы орта білім беретін мектепте биология пәні бойынша машықтан өту барысында 10«Б» сыныбына машықкер ретінде тағайындалып, өз қызметін жүзеге асыру барысында менің бақылауымда үздіксіз сараманнан өтті. Сараманның алғашқы күні сабақтар аяқтала салысымен олармен кездесу ұйымдастырып, оқушылармен танысып, тез тіл табысып кетті. Сараман уақытында сыныптың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын негізге ала отырып, сабақтарға қатысып отырды. Асель өзін жақсы қырынан көрсете білді. Сараманның алғашқы күнінен бастап оқушылармен қатар мектеп ұжымымен танысып, тез тіл табысып кетті. Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Машықтан өту барысында Асель тек оқушылармен ғана емес, сонымен қатар мектеп ұжымымен де бірігіп жұмыс істей алды.
Асель сабаққа үнемі үлкен дайындықпен келді. Білмегенін білуге асығатын өте ізденімпаз машықкер. Қандай жұмыс болмасын алдымен ой елегінен өткізіп барып кірісуге тырысады.
Сынып оқушылары алдында өзін ұстай білуі, сыныптағы әр түрлі мінезді оқушылардың тілін тауып, олармен тез тіл табысып кетуі, жауапкершілігінің жоғары болуы – бұл машықкердің тынымсыз еңбегі мен өз мамандығын жақсы көретіндігінің көрінісі деп білемін. Асельдің мінезі ашық, ақкөңіл, салмақты, өзіне жүктелген тапсырмаларды тиянақты орындай алады. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдайтынын көрсете алды. Асель оқушылар арасында сыйлы да қарапайым, инабатты, үйренуден, ізденуден жалықпайтын машықкер ретінде көріне білді. Оның бойынан жауапкершілігі мол бағыттағы ұстазды байқауға болады. Әр оқушының жүрегінен орын таба білетін жақсы, білікті ұстаз болады деген үміттемін. Асель алдағы уақытта өзінің мектептен алған тәжірибесімен, тапқырлығымен, үлгілі ұстаз болып, жақсы нәтижелерге жететініне сенемін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет