Экономика салаларында өзен ағынын пайдалану мүмкіндігі
тұрғысынан бар су ресурстары қызығушылық тудырады. Олардың
шамасы су ресурстары мен міндетті ағын шығындарының әртүрлілігі
бойынша айқындалады. Су ресурстары су қоймаларының суы мол
жылдардағы су ағынын суы аз жылдарға қайта бөлуді,
қайтарымды суларды, басқа бассейндерден су ағынын жіберуді, жерасты және
басқа да су көздерін пайдалануды ескере отырып белгіленген.
Міндетті шығындарға: Қытай Халық Республикасындағы
қосымша су тарту, жерасты суларын алу есебінен өзен
ағынына келтірілетін нұқсан, тұйық су айдындарына және шектес елдерге
міндетті су жіберу (экологиялық, санитариялық) жатады.
Мазмұны 1 Су ресурстары
2 Су ресурстарын қорғау
Су ресурстары
Су ресурстарына адам бақылайтын және суаруға, электр энергиясын өндіруге, сумен қамтамасыз етуге, кеме қатынасына және акваөсіруге тікелей пайдалануға болатын жер үсті және жер асты сулары, сондай-ақ өзендер, көлдер, құдықтар, бұлақтар, толқындар, айлақтар және аквамәдениет сулары жатады. Су ресурстары халық шаруашылығын дамыту үшін таптырмас және маңызды табиғи ресурс болып табылады. Дүние жүзінің көптеген бөліктерінде суға деген сұраныс су ресурстарының мүмкіндігінен асып түсті, көптеген аймақтар да су ресурстарын пайдаланудағы теңгерімсіздіктің алдында тұр. Адамдардың суды пайдалануын реттейтін шаралар шеңбері су құқығы деп аталады.
Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді , біздің ойымызша , оны 25% дейін көтеруге болады
Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамсыз етілген елдердің қатарына жатады. Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұрады. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.
Республика территориясындағы гидрологиялық режимнің Қазақстандық типтегі өзендердің су айналымы су қоймаларының өзін -өзі тазартудағы маңызды фактор болып табылады. Көктемдегі су тасқыны өзенді ластаушылардан тазартуға жағдай жасайды, ал судың төмен деңгейі ( тіпті тартылуы) техногенез өнімдерінің аккумуляциясына ықпал жасайды
Тянь-Шань тауларында кездесетін Тянь-Шаньдық типтегі өзендер жоғары емес, жайылған көктемгі- жаздық қар суымен және деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді. Мұндай гидрологиялық режим су қоймаларының техногенез өнімдерінің өзін- өзі тазалауына әсер етеді.
Төменгі және жайылыңқы қөктемгі сулармен және жоғарғы жаздыкүздік сулармен ерекшеленетін алтайлық типтегі өзендер шаруашылыққа пайдалануға және су қоймаларының өзін-өзі тазалауына жағымды ықпал жасайды