Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Мамандықтың бәрі жақсы



бет1/2
Дата18.09.2022
өлшемі20,88 Kb.
#39417
  1   2

МДБО «Дәстүр» балабақшасы

БАЯНДАМА
Тақырыбы: « Сурет бойынша әңгіме құрастыру . Мамандықтың бәрі жақсы.»

Тәрбиеші: Содықова С

Алматы қаласы


2016-2017
« Сурет бойынша әңгіме құрастыру . Мамандықтың бәрі жақсы.»

Әңгімелеу - өз бетімен бір фактыны, оқиғаны айтып бере білу. Бала тақырыпқа байланысты мазмұнын және айтып беру тілдік формасын анықтау қажет. Материалды жүйелеу, ретімен немесе жоспар бойынша айтып беру (тәрбиешінің немесе өзінің) . Бала оның әңгімесі қажет екенін сезінуі маңызды және әңгімелей білу қабілетін қостау қажет. Балаларда өздерінің әңгімелерінен қанағаттану, қуаныш сезімдері болуына жағдай жасау.


Формалары бойынша әңгімелеу суреттеу және сюжетті болады.
Суреттеу - бір заттарға немесе құбылыстарға сипаттама беру. Мұнда нақты түсініктер, бірақ образдың элементтері болу қажет. Ойлары жеткілікті түсінікті, аяқталған. Мысалы тәрбиешінің ортаңғы топтағы ойыншық үйректің сипаттамасы: «Бұл үйрек. Ол сары, мамық. Көздері үлкен қара тиектей. Өзі үлкен және жуан, қанаттары құрттай.».
Суреттеу әңгімелердің – салыстырмалы және түсіндірмелі түрлері болады. Түріне қарай екі түрлі затты салыстырып айтып береді.
Түсіндірмелі әңгімелеуде - бала өз ойын жеткізеді, әрекеттерді көрсете алады. Мысалы бала екінші балаға қандай да болса затты, ойыншықты қалай дұрыс қолдану , қалай ойыншықпен ойнау қажет екенін түсіндіріп береді.
Сюжетті әңгімелеу - бұл бір уақытта болған, кейіпкерлері бар әңгіме. Балаларға сюжетті әңгімелер туралы түсінік беріледі – бірінші кейіпкерлерін атайды, кейде олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріледі, соңынан бірінші оқиғаның қай жерде болғаны туралы артынан 2-3 эпизодтардың арасындағы байланыс, ең соңында аяқталуы жөнінде айтады.
Осындай әңгімелеу кестесін бала бірден ұғып алмайды. Балаларға аяқтау ұсынылады, немесе оқиға болып жатқан орынды сипаттау, немесе екі кейіпкер арасындағы диалог, т.б. Сюжетті әңгімелеу кейіпкері баланың өзіде болуы мүмкін. Мысалы ол өзінің өткен туылған күні туралы айтатын болса, немесе мен қалай бірінші сыныпқа барамын деп ойын айтып бере алады.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.
1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.
2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.
3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.
4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.
5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.
Тәрбиеші-педагогтар,ата-аналар баланың кез-келген уақытта берген жауыбының толық,дауысының анық ,ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек.Күнделікті іс-әрекет сабақ,ойын ,серуен ,бос уақытта баланы ауызша сөйлеу білуге ,сұраққа толық жауып беруге ,сөйлемді дұрыс қарап айтуға өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылығын әңгіме құрауға үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру, отбасында, жолдастарымен қарым-қатынасында,қоршаған ортадағы адамды тыңдай білу,оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығармаларды әңгімелеуде,оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді.
Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.
Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.
Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.
Әңгімелеуге үйрету әдістері
Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.
Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).
Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік). Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.
Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету.
Өмірден («Менің анам», «Наурыз – көктем мерекесі», бақылау бойынша («Көңілді тамшылар»), сурет бойынша (Ә. Қастеевтің «Дала») әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету.

Мамандық - әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды емес пе. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. «Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.


Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар, статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралатын көрінеді. Сонымен бірге, әр мамандықтың ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі - мұғалімдік дер едік. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал жандар – дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған жанның тәнін ғана емес, ішкі жан-дүниесін де емдейді емес пе. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені, білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болу үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыстанайық дегім келеді. Егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз. Мамандық таңдау - деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.
Психологиялық сәт: 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет