Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова



Pdf көрінісі
бет8/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   483
Ақылмандар  сарабы:  мәтінді  белгіленген  сұрақтарға  жауап  ретінде  талдау  және 
бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұған қосымша ақылмандар сарабы белгіленген мәтінге 
қатысты  қолдануға  болатын  тәсілдемеге  қатысты  мәтіннің  мұндай  түрімен  жұмыс  істеуге 
қажетті, ойлаудың мұндай түріне миды дайындауға көмектесуі мүмкін. 
Белсенді  оқытудың  әдіс-тәсілдері  ұстаздардың  жаңаша  ойлай  алатын,  өз  мәселесiн  өзi 
шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, 
балаға  бағытталған  сабақ  процесiн  ұйымдастыра  алуы,  сабағын  белсендi,  оқушымен  тең 
құқылы  дәрежеде  жүргiзуі,  жобаның  философиясын  терең  меңгерген  ұстаздардың 
шәкiрттерiн  өз  пiкiрiн  ашық  айтып,  өзара  шынайы  сұхбат  жүргiзетiн,  рухани  жағынан 
дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасауы болып табылады. 
Оқушылар  білімнің  өмірдегі  маңызын  түсінеді,  теория  мен  тәжірибені  тығыз 
байланыстырады,  пәнге  ынтасын  арттырады.  Оқушылардың  білімге  ынтасының  болуы, 
олардың  сабақтағы  белсенділігінің  артуына  білім  сапасының  жоғарылауына,  білім  алудың 
пайдасын  түсінудің  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Білім  берудің  құрылысын  оқушылар 
мұғалім  берген  мақсаттарды  түсінетіндей,  қабылдайтындай  етіп  құру  керек  және  оқушы 
мұғалім  қойған  мақсатты  белсенді  жүзеге  асырушысы  болуы  тиіс.  Оқушылардың  білімге 
ықыласын,  қызығушылығын  арттырудың  ең  жақсы  жолының  бірі  –  сабақта  ойындарды 
қолдану.  Ойын  арқылы  баланы  ойлата  білу.  Оқу-тәрбие  үдерісінде  мынадай  белсенді 
оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, 
білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады. 
«Борт  журналы»  стратегиясымен  жұмыс  жасау  5-10  минут  мұғалім  бүкіл  аудитория 
бойынша  дәріс  оқиды.  Оқушылар  20  минут  ішінде  өз  «борт  журналдарын»  толтырады 
(түйінді  сөздер,  суреттер,  тәжірибемен  байланыстыра  отырып,  оқушылар  жұпта,  содан  соң 
топта  өз  журналдарының  мазмұнын  талқылайды,  бір-бірінің  сұрақтарына  жауап  береді, 
түсінбеген  жағдайларда    мұғалімнен  кеңес  алады.  Мұғалім  бүкіл  сыныппен  «борт 
журналдарын» талқылайды, жалпы сұрақтарға жауап береді. 


18 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет