Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата03.03.2017
өлшемі4,27 Mb.
#5945
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

6.2. Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы 
Қарастырылатын сұрақтар: 

 
компьютерлік графиканы қолдану аймағы; 

 
қолданбалы бағдарламалық құралдар; 

 
графикалық редактордың (ГР) ортасы; 

 
ГР жұмыс режимдері; 

 
ГР-мен жұмыс жасау бұйрықтары; 

 
графикалық редактордың өндейтін деректері. 
Компьютерлік  графиканы  қолдану  аймағы.  Компьютерлік 
графиканы 
қолдану 
қосымшаларына: 
ғылыми, 
іскерлік, 
конструкторлық,  көрнекілік  (иллюстрациялық),  көркем  және 
жарнамалық графика жатады. 

 
123 
Компьютерлік  графикалық  технологиялар  мына  негізгі  
салаларда қолданылады: 

 
пайдаланушының графикалық интерфейсі; 

 
арнайы  әсерлер  (орысш.  –  спецэффекты),  көзбен  шолу 
әсерлері  (орысш.  –  визуальные  эффекты,  VFX),  цифрлы 
кинематография; 

 
цифрлы теледидар, дүниежүзілік тор,  бейнеконференция; 

 
цифрлы 
фотография 
және 
фотографияларды 
өңдеу 
мүмкіндіктерінің  өсуі; 

 
цифрлы суреттер; 

 
ғылыми және іскерлік деректерді гафика түрінде көрсету; 

 
компьютерлік  ойындар,  виртуалдық  шындық  жүйелері 
(мысалы, ұшақты басқарудың жаттығу құрылғысы); 

 
автоматтандырылған жобалау жүйелері; 

 
компьютерлік томография; 

 
кино және теледидар үшін компьютерлік графика; 

 
лазер графикасы. 
Компьютерлік  графика  —  бұл  оқушылардың  нақтылы  көзбен 
көруін  қажет  ететін  ақпараттық  технологиялар  аймағы.  Сондықтан 
компьютерде  компьютерлік  графиканың  әртүрлі  өнімдерін:  бояулы 
суреттер, схемалар, сызбалар, диаграммалар, анимациялық және үш 
өлшемді графика үлгілерін көрсету өте маңызды. 
Сонымен  қатар,  балалар  жақсы  көретін  компьютерлік 
ойындарында  –  күрделі  графикалық  интерфейстер  болатынына 
оқушылардың  назарын  аударған  жөн.  Компьютерде  үш  өлшемді 
шындық бейнені шығараруға арналған бағдарламада, математикалық 
есептеулер  көп  болады.  Графиканы  бағдарламалау  –  қазіргі  заманғы 
бағдарламалаудың ең күрделі аймағының бірі болып табылады. 
Қолданбалы 
графикалық 
пакеттердің 
болуы, 
пайдаланушылардың қалың тобына компьютерлік графиканы қолдану 
мүмкіндіктерін кеңейткенін айта кету қажет. 
Базалық  курстың  бұл  бөлімінің  теориялық  мазмұнына
компьютердің жадында бейнені ұсыну жатады. Бұл сұрақтарды оқыту 
әдістемесі  осы  құралдың  6.4.1-бөлімінде  талқыланды.  Компьютерлік 
графиканың 
аппараттық  құралдарын 
оқыту 
6.4.2-бөлімінде 
қарастырылды. 
Қолданбалы  бағдарламалық  құралдар.  Графикамен  жұмыс 
жасауға  арналған  көптеген  қолданбалы  бағдарламалар  бар. 
Компьютерлік  графиканың  әр  саласына  арналған  өз  бағдарламасы 
болады. Мысалы, ғылыми деректерді өңдеу үшін Graher бағдарламасы 

 
124 
қолданылады;  инженер-конструкторлар  сызбаларды  дайындау  үшін 
AutoCad пакетін пайдаланады, т.с.с.  
Қандай  болса  да  мамандандырылған  бағыты  жоқ,  «ерікті  сурет 
салуға»  немесе  сканірленген  бейнелерді  редакциялаға  арналған 
қолданбалы  бағдарламаларға  «графикалық  редактор»  деген  атау 
қолданылады. Графикалық ақпаратты ұсынудың  екі  – растрлық және 
векторлық  принципіне  сәйкес  графикалық  редакторлар  –  растрлық 
және векторлық деп бөлінеді.  
Растрлық  графика  –  бейнені  пиксельдердің  (нүктелердің) 
матрицасы түрінде ұсынады. 
Растрлық  графикалық  редакторлар  көбіне  фотосуреттерді 
өңдеу,  ретушь  жасау  үшін  фотосуреттерге  ұқсас  иллюстрацияларды 
және  графикалық  планшеттің  көмегімен  қолмен  сурет  салуға 
ыңғайлы.  
Қарапайым  растрлық  редакторлар  қатарына  PaintBrush  және 
Paint жатады (екіншісі біріншінің даму нәтижесінде пайда болды).  
Растрлық  Adobe  Photoshop  редакторын  кәсіби  дизайнерлер 
қолданады.  Оны  көбінесе  сканірленген  бейнелерді  (фотосуреттерді, 
суреттердің  репродукцияларын)  редакциялау,  коллаж,  көркемөнер 
композицияларды және т.б. жасау үшін пайдаланылады. 
Векторлық  графика  –  геометриялық  қарапайымдарды: 
сызықтарды,  көпбұрыштарды,  шеңберлерді  және  эллипстерді,  Безье 
қисықтарын пайдаланады. 
Векторлық  графикалық  редакторлары  пайдаланушыға  тікелей 
компьютер  экранында  векторлық  бейнелерді  жасауға  және  түзетуге, 
сонымен  қатар,  оларды  әртүрлі  векторлық  форматта  (мысалы:  CDR, 
AI, EPS, WMF немесе SVG) сақтауға мүмкіндік береді.  
Microsoft Windows операциялық жүйесіне бағыталған ең белгілі 
графикалық  редакторлар:  Corel  Draw,  Adobe  Illustrator,  Macromedia 
Free Hand. 
Векторлық  редакторлар  беттерге  белгі  қоюды  жасауға, 
типографиялық  бейнелерді,  логотиптерді,  sharp-edged  artistic 
иллюстацияларын  (мысалы,  мультипликация,  clip  art,  күрделі 
геометриялық 
шаблондар), 
техникалық 
иллюстрациялар, 
диаграммаларды жасауға және блок-схемаларды құруға ыңғайлы. 
Компьютерде  кәсіптік  сурет  салу  үшін  де  векторлық  типті 
редакторлар  қолданылады.  Олардың  ішіндегі  ең  белгілісі  ол 
CorelDraw редакторы. Оның кәсіптік мүмкіндіктері өте мол, сонымен 
қатар,  балалардың  көркемөнер  шығармашылығы  үшін  де  қолдануға 
болатын кәсіби редактор.  

 
125 
Оқу  мақсатына  жету  үшін,  информатика  сабақтарында  Paint 
сияқты  редакторларды  қолдану  жеткілікті.  Растрлық  редактор 
оқушыларға  суреттің  дискреттік  (пиксельдік)  құрылымын  көрнекі 
көрсетуге,  әрбір  жеке  элементінің  масштабтын  ұлғайтып,  суретті 
анығырақ етіп салуға мүмкіндік береді.  
Тағыда  бір  пайдалы  оқыту  элементі  –  түстерді  араластыру 
тәртібін  көрсету  мүмкіндігі.  Ол  үшін  Paint  редакторының  бас 
мәзірінде  мына  пункттер  таңдалады:  Палитра 

  Изменить  палитру 

  Определить  цвет.  Шыққан  «Изменение  палитры»  терезесі 
түстермен  эксперимент  жасаудың  тамаша  құралы  болып  табылады. 
Пайдаланушы  түстің  реңін  (орысш.  –  оттенки),  қарама-қарсылы 
(орысш.  –  контрастность),  ашықтығын  (орысш.  –  яркость
өзгертуіне,  пайда  болған  түстің  құрамын  (қызыл-жасыл-көк  –  ҚЖК
орысш. – КЗС) байқауға болады. Пайдаланушы өзінің жасаған  түсін, 
редактордың палитра тақтасына енгізіп қоюына болады.  
Растрлық сурет салу принципі – суреттің әр жеке пикселін бояу
Растрлық  редакторларға  тән  жағдай  –  онда  қылқалам,  қарындаш
өшіргіш  сияқты  құралдардың  болуы.  Бұл  құралдар  векторлық 
редакторларда 
болмайды. 
Онда 
сурет 
салу 
графикалық 
қарапайымдармен (сызықтармен, доғалармен, эллипстермен және т.б.) 
әртүрлі  әрекеттер  жасау  арқылы  жүзеге  асады.  Суреттің  бұл 
элементтерін  кез  келген  уақытта  өзертуге:  қысуға,  созуға,  аударуға, 
орнын  ауыстыруға,  жоюға  болады.  Растрлық  редакторларда  да 
графикалық  қарапайымдар  қолданылады.  Әйтсе  де,  олардың 
қолдануы, қағазда сурет салған кезде сызғышты лекаланы, циркульді 
т.б.  сызба  құралдарын  қолданғанға  ұқсайды.  Ондай  элементті  бір 
салынған  соң  өзгертуге  болмайды,  сондықтан  оны  тек  қана  өшіру 
керек.  
Алдындағы  бөлімдегі  сияқты,  графикалық  редактормен 
таныстыруды  виртуалды  орындаушының  әдістемелік  схемасы 
бойынша өткізу қажет. 
Графикалық  редактордың  ортасы.  Графикалық  редакторлар 
көпшілігінің  интерфейстері  біркелкі  ұйымдастырылады.  Экранның 
сол  жағында  суреттерді  редакциялау  процесінде  қолданылатын 
саймандардың  кескіндері  бар,  пиктограммалар  жиынынан  тұратын 
саймандар тақтасы орналасады.  
Экранның төменгі жағында палитра тақтасы орналасады, одан 
суретші  қажат  түсті  бояды  таңдайды.  Экранның  қалған  бөлігі  бос  
жұмыс  өрісі  болады.  Жұмыс  өрісінің  үстінде  ГР  жұмыс  режімдерін 
өзгертуге қажет бұйрықтар мәзірі болады.  

 
126 
Жұмыс  режімдері.  ГР  режімін  пайдаланушының  жасайтын 
әрекеттері  және  оның  осы  режімде  редакторға  беретін  бұйрықтары 
анықтайды. 
Суретпен  жұмыс  жасау  режімі  (сурет  салу).  Бұл  режімде 
жұмыс  өрісінде  құралдың  бейнесі  тұрады.  Пайдаланушы  суретті 
кескіндейді, 
оны 
редакциялайды, 
оның 
үзінділерімен 
манипуляциялық әрекеттерді орындайды. 
Сайманды  таңдау  және  икемдеу  режімі.  Нұсқаушы-меңзер 
саймандар  тақтасы  (саймандар  мәзірі)  аймағында  болады.  Бұдан 
басқа,  мәзір  көмегімен,  анықталған  сызықтың  типіне,  еніне,  бояу 
әшекейіне сайманды икемдеуге болады. 
Жұмыс  түстерін  таңдау  режімі.  Меңзер  палитра  тақтасы 
аймағында  болады.  Мұнда  суреттің,  фонның  түстерін  қоюға  болады. 
Кейбір ГР-лар пайдаланушыға палитраны өзгертуге мүмкіндік береді. 
Сыртқы  құрылғылармен  жұмыс  жасау  режімі.  Бұл  режімде 
суретті  дискіге  жазу,  дискіден  оқу,  суретті  баспаға  шығару 
бұйрықтарын  орындауға  болады.  Кәсіби  ДК-де  графикалық 
редакторлар  бейнені  қағаздан  енгізу  үшін  сканермен  жұмыс  жасай 
алады. 
Графикалық  редактордың  бұйрықтар  жүйесі.  Жоғарыда 
аталған 
режімдердің 
әрқайсысында, 
пайдаланушы 
ГР 
бұйрықтарының  анықталған  жиынтығымен  жұмыс  жасауы  мүмкін. 
Олардың  барлығы  графикалық  редактордың  бұйрықтар  жүйесін 
құрайды.  Әртүрлі  ГР-да,  әртүрлі  компьютерлерде  бұйрықтар 
жүйесінде өзгешеліктер болуы мүмкін.  
ГР бұйрықтар жүйесіне мыналар жатады: 

 
 сайманды таңдау бұйрықтары; 

 
 сайманды  икемдеу  бұйрықтары  (сызықтың  ені,  әріптердің 
шрифті); 

 
түстерді таңдау бұйрықтары; 

 
суретті масштабтау бұйрықтары; 

 
алмасу  буфермен  жұмыс  жасау  бұйрықтары  (кесіп  тастау, 
көшіру, қою); 

 
ерекшеленген үзінділермен манипуляциялық әрекеттер жасау 
бұйрықтары (бұру, созу, айналы аудару); 

 
сыртқы құрылғыларға суретті енгізу/ шығару бұйрықтары. 
Келтірілген  тізімнен  шығатын  қорытынды  –  пайдаланушының 
неше  түрлі  әрекетін:  сайманды  таңдау,  түсті  таңдау,  сызықты 
жүргізу,  өшіру  және  т.б.  сәйкес  режімде  орындалатын  бұйрық  деп 
қарастыру қажет.  

 
127 
Бұл  бұйрықтар  жиынынан  редактор  ортасында  жұмыс  жасау 
алгоритмдері  пайда  болады.  Анықталған  әрекеттерді  орындау 
ережелерін,  мұғалім  оқушыларға  алгоритм  түрінде  хабарлауына 
болады.  Paint  редакторын  қолдануға  бағытталған 
осындай 
алгоритмнің мынадай мысалын келтірейік. 
МысалСуреттің үзіндісін жаңа орынға ауыстыру алгоритмі.  
1.
 
 «Произвольное выделение» сайманын таңдау. 
2.
 
 Үзіндіні ерекшелеу. 
2.1. Меңзерді үзіндінің қасына қою. 
2.2. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басу. 
2.3. Ерекшеленетін үзіндіні сызықпен қоршау. 
2.4. Тінтуірдің  батырмасын  босату  (үзіндінің  айналасында  тік 
төртбұрышты пунктирлі контур пайда болады. 
3.  Үзіндіні жаңа орынға апару. 
3.1.Меңзерді 
контурдың  ішіне  қойып,  тінтуірдің 
сол 
батырмасын басу. 
3.2.Үзіндіні жаңа орынға сүйреп апару. 
3.3.Тінтуірдің батырмасын босату. 
Графикалық  редакторда  орындалатын  кейбір  әрекеттерді 
алгоритм  түрінде  сипаттауды,  оқушылардың  өздеріне  тапсыру 
оқытудың тиімді әдісі болып табылады.  
Деректер.  Компьютермен  өңделетін  ақпарат  –  деректер  деп 
аталатынын  еске  түсірейік.  Жасалған  сурет  қорытынды  ақпарат 
болады.  Бірақ,  растрлық  графиканың  ұстанымымен  қарастырғанда 
сурет – түрлі-түсті пиксельдердің жинағы. Демек, ГР үшін деректер – 
әртүрлі  саймандардың  көмегімен,  палитрадан  таңдалған  және 
графикалық  тордың  элементтері  бойынша  тараған  түстер  болып 
табылады. ЭЕМ жадында олар сәйкес екілік кодтармен  ұсынылады. 
Компьютерде 
практикалық 
жұмысты 
ұйымдастыру 
ұсыныстары 
Оқушылардың  басым  көпшілігі  графикалық  редакторында 
сүйсіне  сурет  салады.  Практикалық  тапсырмалар  орындалғанда 
балалардың  сурет  салу  қабілеттерінің  әртүрлі  болатыны  байқалады. 
Мұғалімнің  мақсаты,  сурет  салу  құралы  ретінде  графикалық 
редактордың  барлық  мүмкіндіктерін  ашу  болып  табылады.  Paint 
сияқты  редактордың  ондай  мүмкіндіктері  онша  көп  емес,  сондықтан 
бұл тақырыпқа бөлінген 5-6 сабақтың аймағында олардың бәрін әбден 
ашуға болады. 
Әдетте  «карандаш»  немесе  «кисточка»  саймандардың 
көмегімен  қолмен  салынған  суреттің  сапасы  нашар  болатынын 
оқушыларға түсіндіру керек. Графикалық қарапайымдарды: түзулерді, 

 
128 
доғаларды,  сопақшаларды  және  т.б.  барынша  пайдалану  қажет. 
Қайталанатын  үзінділері  бар  суреттерде  оқушылар  көшірме  жасауды 
үйренуге  тиіс.  Растрлық  редакторларда  суреттің  масштабын  үлкейту 
арқылы  («лупа»  сайманын  пайдаланып)  бөлшектерді  анығырақ  етіп 
салу, суреттерді өңдеудің өте тиімді тәсілі болып табылады.    
6.3.  Сандық  ақпаратты  өңдеу  технологиясы.  Электрондық 
кестелер 
Қарастырылатын сұрақтар: 

 
электондық кестелерді (ЭК) қолдану аймағы; 

 
кестелік процессордың (КП) ортасы; 

 
ЭК құрылымдық объектілері; 

 
ЭК ұяшықтарындағы деректер, оның типтері, құрылымы; 

 
ЭК адрестеу тәсілдері; 

 
КП жұмыс режімдері; 

 
бұйрықтар жүйесі. 
Электондық  кестелерді  (ЭК)  қолдану  аймағы.  Тарихи  ЭК 
пайда  болуы  дербес  компьютерлердің  өрістеу  бастамасымен  тура 
келді. Apple II типті компьютерлері үшін ЭК жұмыс жасауға арналған 
бірінші  бағдарлама  –  VisiCalc  деп  аталған  кестелік  процессор  1979 
жылы жасалды. 1982 жылы  IBM PC үшін әйгілі  кестелік процессоры 
Lotus  1-2-3  пайда  болады.  Lotus  өзінде  ЭК-ң  есептеу  мүмкіндіктерін, 
іскерлік  графиканы  және  реляциялық  ДҚБЖ  қызметтерін  біріктірді. 
Кестелік  процессорлардың  даңқы  тез  өсті.  Осы  сынды  жаңа 
бағдарламалық  өнімдер  пайда  бола  бастады:  Multiplan,  Quattro  Pro, 
SuperCalc және т.б. 
Бүгінгі  таңда  ең  кең  тараған  кестелік  процессорлардың  бірі, 
Microsoft Office пакетіне кіретін MS Excel болып табылады. 
MS  Excel  (XL)  –  электрондық  процессор,  кесте  түрінде 
ұйымдастырылған  ақпаратты  енгізуге,  өңдеуге,  автоматтандырылып 
санауға  арналған  арнайы  бағдарламалық  жүйе.  Құрылымы  күрделі 
кестелерді  құруға,  әдемілеп  өңдеуге,  сонымен  қатар,  жеке 
ұяшықтарда, жолдарда, бағаналарда және матрицаны  есептеу, іріктеу 
мүмкіндігі  мол.  XL  –  өзінің  есептерін  шығыратын  бағдарламалау 
жүйесі.  
Электрондық  кесте  деген  не?  Бұл  бүтін  кешендік  есептерді 
шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың құралы
1. Есептеулерді орындау. Ежелден көптеген есептеулер кестелік 
пішінде  орындалады,  әсіресе  іс-қағаздарын  жүргізу,  толып  жатқан 
есептеу  тізімдемелері  (орысш.  – ведомости),  шығыс  сметалары  және 
т.б.    Бұдан  басқа,  сандық  әдістермен  есептелетін  математикалық 

 
129 
есептердің  бүтін  бір  қатарын  кестелік  пішінде  орындау  ыңғайлы.  ЭК 
ондай  есептеулерді  автоматтандырудың  ыңғайлы  құралы  болып 
табылады. Бұрын, көптеген есептеулерді ЭЕМ-де шешу үшін тек қана 
бағдарлама  құру  қажет  болса,  қазір  оларды  электрондық  кестелерде 
жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды. 
2. 
Математикалық 
модельдеу. 
ЭК-де 
математикалық 
формулаларды 
пайдалану, 
кейбір 
нақты 
жүйенің 
әртүрлі 
параметрлері  арасындағы  өзара  байланыстарын  ұсынуға  мүмкіндік 
береді.  ЭК  негізгі  қасиеті  –  формуладағы  операндалардың  мәндері 
өзгергенде  оны  лезде  қайта  есептеу  мүмкіндігі.  Осы  қасиеттің 
арқасында,  электрондық  кесте  сандық  экспериментті:  параметрлерді 
таңдап  алу,  модельдену  жүйенің  тәртібін  болжау,  тәуелділіктерді 
саралау,  жоспарлау  және  т.с.с.  ұйымдастырудың  ыңғайлы  құралы 
болып табылады.  
3.  Электрондық  кестелерді  деректер  қоры  есебінде  қолдану. 
Әрине,  бұл  аймақта  ДҚБЖ  салыстырғанда,  электрондық  кестелердің 
мүмкіндіктері  әлдеқайда  аз.  Алайда,  онда  реляциялық  ДҚБЖ  тән, 
деректермен  кейбір  манипуляциялық  амалдар  жүзеге  асырылған. 
Олар,  белгіленген  шарт  бойынша  ақпаратты  іздеу  және  іріктеу 
амалдары. 
Сабақтарда  оқушылар  нақты  кестелік  процессорды  игеруге 
тиіс. Курстың ақпараттық технологияларын қарастыратын алдындағы 
тақырыптар  сияқты,  ЭК  оқыту  тәртібі,  виртуалды  орындаушының 
әдістемелік  схемасы  бойынша  орта,  деректер,  жұмыс  режімдері, 
бұйрықтар жүйесі өтуге тиіс. 
Кестелік 
процессордың 
ортасы
Базалық 
курста 
қарастырылатын MS Excel электрондық процессорының стандартты 
терезесінің интерфейсі мына компоненттерден тұрады
1
: 
Тақырып  жолы  –  «Свернуть»,  «Развернуть»,  «Закрыть» 
батырмалары бар терезенің ең жоғарғы жағындағы жол.  
Мәзір  жолы.  Excel-ң  жұмысын  ұйымдастыратын  негізгі 
бұйрықтар  тізімінен  тұрады.  Олардың  әрқайсысы  иерархиялық 
бұйрықтар жүйесін құрайды.  
Пайдаланушы  экранға  өзіне  қажет  саймандар  тақтасын  қою 
мүмкіндігі  бар.  Ол  үшін  –  Вид 

  Панели  инстументов 

  қажет 
саймандар  тақтасының  атауының  қасына    шертіледі.  Әдетте, 
экранда мына саймандар тақталары тұрады: 
Стандартты  саймандар  тақтасы  –  жиі  кезігетін  амалдарды 
орындауға арналған батырмалар орналасқан.  
                                                 
1
 
MS Excel 2003 нұсқасы негізінде қарастырылды. 

 
130 
Форматтау  (пішімдеу)  саймандар  тақтасы  –  ұяшықтардағы 
мәтінді және сандарды пішімдеуге арналған батырмалар орналасқан.  
Формулалар жолы – үш бөлімнен тұрады: сол жағында ағымды 
ұяшықтың  адресі  нұсқалады,  ортасында    –  дайындалған  әрекетті 
қайтару (немесе Esc), жасыл  – енегізу (немесе Enter), fx – Вставка 
функции  қосымшасын  шақыру  батырмасы  орналасады.  Бұл 
батырмамен  көптеген  әртүрлі  функцияларды 
–  қаржылық 
(финансовый),  статистикалық,  математикалық  және  басқаларды 
шақыруға  болады.  Егер  формула  жолы  тақтада  жоқ  болса,  онда:  Вид 

 Строка формул бұйрықтар тізімін орындап қоюға болады. 
Электрондық  кестенің  жұмыс  өрісі  жолдардан  және 
бағаналалардан тұратын матрица түрінде ұсынылады.  
Жолдар  –  жоғарыдан  төмен  қарай  1-ден  бастап  нөмірленеді. 
Бағаналар  –  солдан  оңға  қарай,  алфавит  ретімен,  латын  әріптерімен 
аталады: A, B, … , Z, AA, AB, …, AZ, BA, BB, …, IU, IV.  
Жолдар  мен  бағаналардың  саны  электрондық  кестенің 
нұсқасына байланысты, мысалы, MS Excel 2003-ң әр парағы – 65536 
жолдан, 256 бағаннан тұрады. 
Жағдай жолы – терезенің төменгі жағында орналасқан. Амалды 
орындау  барысы  немесе  таңдалған  бұйрық  туралы  ақпаратты 
бейнелейді. 
Парақтардың жарлықтары – Лист1, Лист2, … 
Айналдыру жолақтары (скроллингтер) – терезенің төменгі және 
оң жағында орналасады. 
ЭК құрылымдық объектілері. Электрондық кесте – 3 өлшемді 
құрылым  болып  табылады.  Оның  негізгі  объектілері:  ұяшық,  парақ
жұмыс  кітабы.  Мұғалімнің  міндеті  оқушыларды  электрондық 
кестенің осы объектілерімен жұмыс жасауға үйрету, білімдерін бекіту, 
дағдыларын қалыптастыру болып табылады.    
Ұяшық  –  кестенің  жеке  элементі,  бағана  мен  жолдың 
қиылысында  орналасады.  Әр  ұяшықтың  өз  адресі  болады,  ол  бағана 
атауы  мен  жол  нөмірі.  Мысалы:  A1,  B7,  C12,  BK43,  AB356  және 
т.с.с.  Ағымды  ұяшықтың  адресі  (координаталары)  формулалар 
жолының  сол  жағындағы  терезеде  пайда  болып  отырады.  Бір 
ұяшықтан екінші ұяшыққа өту үшін меңзерді басқару пернелері және 
TAB пернесі қолданылады немесе басқа ұяшықты шертсе болғаны.  
Ұяшықтың  меңзері  –  маркері  бар  тік  төртбұрыш  рамка
Меңзер тұрған ұяшықты – ағымды ұяшық деп атайды.  
Ұяшықтарға  деректерді  енгізу  үшін  ұяшықты  шертіп,  санды 
немесе  мәтінді  теріп,  міндетті  түрде  Enter-ді  немесе  көрсеткіш 

 
131 
пернелерінің біреуін немесе формулалар  жолындағы жасыл    (ввод) 
батырмасын басу қажет. 
Ұяшықтарды 
пішімдеу. 
Ұяшықтағы 
деректер 
әртүрлі 
пішімдерге  өзгертілуі  мүмкін.  Деректердің  көрсетілуіне  тапсырыс 
беруге болады: 
1)
 
санды неше ондық белгіге дейін дөңгелектеуді;  
2)
 
теріс  сандарды  экранда  қалай  бейнелеуді  (мысалы,  оларды 
жазғанда қызыл түсті немесе алдында «-» белгісін қолдану); 
3)
 
ақшалық  шамалар  болғанда  қандай  валютаның  символын 
қолдануды (мысалы, $ немесе тнг.); 
4)
 
мерзім/уақыт  мәндерімен  жұмыс  жасағанда,  мерзім/уақыт-
тың  (мысалы,  день/месяц/год  немесе  месяц/год)  бейнелену  типін 
таңдау.  
Ұяшықта қажет пішімді қою мысалдарын келтірейік. 
1-мысал:  сандық  пішімді  қою  тәртібі:  керек  ұяшықтарды 
ерекшелеу 

  Формат 

  Ячейки 

  Число 

  Числовой 

  керек 
параметрлерді таңдау (теріс сандарды, ондық таңбалар санын,) 

 ОК
2-мысал: ұзын мәтінді тар ұяшықта орналастыру тәртібі: қажет 
ұяшыққа  меңзерді қою 

  Формат 

  Ячейки 

  Выравнивание 

   
Переносить по словам (қанатша қою) 

 ОК. Осыдан кейін енгізілген 
мәтін ешқашанда ұяшықтың шекарасынан шықпайды. 
Парақ  (Лист)  –  жұмыс  кітабының  немесе  файлдың  (Книга
жеке  құжаты.  Парақ  –  деректерді  енгізуге  арналған  ұяшықтардан 
тұратын аймақ. 
Пайдаланушыға 
ыңғайлы 
болу 
үшін 
ұяшықтар 
тор 
сызықтарымен  бөлінген,  әйтсе  де  баспаға  тор  шықпайды,  сондықтан 
шығару алдында кестені ерекшелеп шекара сызықтарын қою қажет.  
Экранда  бүкіл  электрондық  кесте  (құжат)  көрінбейді,  тек 
оның  азғантай  ғана  бөлігі  тұрады.  Экран  арқылы,  пайдаланушы 
құжатты жылжыта отырып, толық қарап шығу  мүмкіндігі бар. Құжат 
толық  көлемде  жедел  жадыда  сақталып  тұрады.  Электрондық  кесте 
сақталып  тұрған  жадының  негізгі  бөлімінен  басқа  оның  қосымша 
бөлімдері де қолданылады:  

 
кестенің үзінділерінің көшірмелерін сақтайтын буфер; 

 
анықтамалық  ақпаратты  орналастыруға  арналған  жады 
бөлімі. 
Пайдаланушы  өз  қажетіне  сәйкес  қанша  болсын  жаңа 
парақтарды қоса алады, тек жадының көлемі көтерсе болғаны. 
Парақ  қосу  –  Вставка 

  Лист.  Немесе  ағымды  парақтың 
жарлығын оң батырмамен шертіп 

 Добавить 

 Лист 

 ОК. Жаңа 
парақ ағымды парақтың алдына қойылады.  

 
132 
Жұмыс кітабы  бірнеше парақтардан тұрады (Лист1, Лист2, 
Лист3  …).  Бір  құжатты  немесе  файлды  Книга  деп  атайды.  Неше 
файл құрамыз десеңізде ол өз еркіңізде.  
Әдетте  бір  кітаптағы  парақтар  арасындағы  ақпарат  логикалық 
байланыста болады. Жұмыс кітабының мысалы ретінде бір ұжымның 
құжаттар  жиынын  келтіруге  болады  –  бухгалтериялық  формалар, 
налогтар,  кадрлар,  т.б.  Басқаша  айтсақ,  Жұмыс  кітабын  –  бұл 
парақтар тігілген тезтікпе (орысш. – скоросшиватель) деуге болады, 
парақтарды  қосуға,  жоюға,  орындарын  ауыстыруға,  құжаттарды 
өзгертуге және т.б. әрекеттер жасауға болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет