Табиғи өнім күш қуаттың кепілі



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.03.2017
өлшемі6,75 Mb.
#6033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Қазыбек  Асан  қайғыдай  Желмаяға  мініп, 

жерұйықты іздеп жүрген жоқ. Бірақ шайтан арба-

мен Қазақстанды  шарлап, жүрген жолын белгілі 

бір бағытқа арнағысы келеді. Әуелі Алматыға 

велосипедші жолсерігі Сәкен екеуі жол тартады. 

Өзін-өзі  сынамақ  болған  жігітке  қызығы  мен 

қиындығы мол жол жүру процесі ұнап қалады. 

Соңыра суы тартылған Арал теңізінің тағдырына 

алаңдаулы ол, жолын Арал теңізіне бағыштап, 

туған-туысының ордасына шығады. Сол қаладағы  

әкесінің әпкесімен хабарласып, бара жатқанынан ал-

дын ала хабардар етеді. Алайда Аралда асыға күтіп 

отырған апайын енді көруді жазбапты. Қазыбек 

барғанша әпкесі бақиға аттанып кетеді... Сөйтіп, 

Аралға арнаған жол жүру сәттерін  апайының 

құрметіне бағыштайды.  

– 2014 жылы көлік жүргізуші болып жұмыс 

істедім. Жол апатына түсіп, көлік айдаудан қалдым. 

Араға ай салып екінші рет жол апатына түстім. 

Алайда Құдай сақтап, ешқандай жарақат алмадым. 

Есесіне көліктен көңілім қалып, велосипед сатып 

алдым. Әкем әскери қызметкер болғандықтан, 

сонда  жұмыс  жасайтын  сержант  Сәкен  деген 

кісінің  велосипедке  құмар  екенін  білетінмін. 

Сол кісімен сөйлесе келе, велосипедпен Алматы 

қаласына барып қайтуды ойластырдық. Жолға 

азық ретінде құрт, өрік, мейіз, кәмпит, су алдық. 

Таңғы 7-де жолға шықтық. Тұрар Рысқұлов ауда-

нына жеткенде екі сағат мызғып алдық. Ұйықтар 

сәтте жол жиегіне 150 метр қашықтыққа  шатыр 

құрамыз. Жол-жөнекей кафелерден тамақтанғанда 

ұялы телефонымызды қуаттап аламыз. Қордайға 

жетер-жетпес алдымыздан Қордай желі соқты. 

Желге қарсы жүру қиынға соқты. Оның үстіне 

велосипедіміз жай қозғалады, тоқтағанда 5-10 метр 

жүріп барып тоқтайды. Қасымыздан автобус өтсе, 

ұшып кете жаздаймыз. Велосипед трассадан шығып 

та кетеді. Артылған затымыздың өзі 60 келідей. Күні 

бойы жел тұрғандықтан, Бетқайнарға түнгі 10-да 

бардық. Қордайдан асқан соң «Әділет» деген кафеде 

тапшанға ұйықтадық. Жергілікті тұрғындармен 

сөйлестік.  Кафе  иесі:  «К.  Әзірбаев  ауылының 

мұражайына  кіріңдер»-деді.  Мұражай  жабық 

болған соң, алма үзіп жеп, бағында жүріп қайттық. 

Алматыға жеткен соң, велосипедке арналған бірдей 

киімдер алдық, - дейді Қазыбек.

Бір қызығы, велосаяхатшы жігіттің айтуынша, 

кері қайтарда А пунктінен Б пунктіне дейін жүріп 

өткен жолымен қайта жүру керексіз. Себебі, көз 

алдында қайталана беретін көріністер жалықтырып 

жібереді. Ол кейін жұмысқа велосипедпен баруды 

әдетке айналдырады. Ендігі ұзақ жол Аралға түседі. 

Жалғыз адамға жол жүру машақаты екі еселенеді. 

Сондағы кездескен қиындықтарын бүгін күлімсірей 

отырып есіне алған Қазыбек: 

- Бастығым Марат Атышев мырза қаржылай 

көмектесті. Сөйтіп, 15 күнге Аралға  жол тарт-

тым. Бірінші жолы шыққанымда да оңайлықпен 

келісе  қоймаған  ата-анам,  бұл  жолы  жалғыз 

болғандықтан тіпті жібергісі келмеді. Алайда алға 

қойған мақсатымды айтып, көндірдім. Бірінші күні 

Жуалыда қондым. Екінші күні Машатта талдардың 

арасына  түнедім.  Шымкентке  жеттім.  Дендро 

саябаққа барып, ішіне қонғым келді. Түнде ол 

маң қорқынышты дегенді естіп, Шымкенттен 15 

шақырым өтіп, далада соғылған бетон бассейнге 

қондым.  Түнде жауын жауды. Палаткамнан су 

өтіп, үсті-басым малмандай су болды. Мамыр айы 

болғандықтан, әлі күн жылына қоймаған кез. Итқан 

ауылынан кейін Түркістанға жеттім.  Қаланы арала-

дым. Мешітте «жолаушысың» деп бір ақ жаулықты 

ана қолыма ақша ұстатты.  «Ер азығы мен бөрі 

азығы жолда» деген сол шығар... 

Осы тұста жолда жүрген жас саяхатшыдан басы-

нан кешірген түрлі қиындықтардан қандай сабақ 

алғанын білгім келді.

- Жүк көлігіндегі алысқа сапар шегушілерді 

тоқтатып,  қалауымды  сұрап  алған  кездер  де 

болды. Тағы бір қағида - суды бірден ешқашан 

іше алмайсың. Себебі көп мөлшерде ішілген су 

терлетіп жібереді де, адам бойындағы минералды 

құндылықтар шығып кетіп, тіпті әлсіреп қаласың. 

Сол үшін қанша шөл қысса да, жарты сағат сайын 

бір жұтым ғана ішуге тура келеді. Жол-жөнекей 

түрлі  оқиғалар  болды.  Қызылордаға  әне-міне 

жүз қырық шақырым қалған. Осы тұста ығы жоқ 

даланың  суық желі басталды. Жолдағы адамдар 

тоқтап, түрлі көмек ұсынып жатты. Жүру қиынға 

соқты. Бірақ біреудің көлігіне міне кетсем, кімді 

алдағаным? Не болса да соңына дейін шыдауға 

бекіндім. Қалаға 70 шақырым қалғанда тағы да 

көмегін ұсынған кездейсоқ газельден ұстап отыруға 

ғана келістім. Бірақ ұстап отырудың да өз қиындығы 

бар болып шықты.  Қол талып, заттардың ауырлығы 

шаршатты. Қызылордаға жете тоқтадым. Жетінші 

күн.  Желдің  көкесі  енді  басталды.  Суық  жел 

сүйектен өтті. Сол сәт күйінгенім соншалықты, 

велосипедті өртеп, палатканы құрып, ұйықтап 

қалғым келді. Оның үстіне Байқоңырға жеткенше 

желі ұстамайды. Әпкем мен жездем жолда мені 

іздеп шығып, кездестірді. Велосипедті салып, алпыс 

шақырымға көлікпен бардым. Сөйтіп, жол жүріп ба-

рып қуантайын деген апайымның қайтыс болғанын 

естіп, жүрген жолымды апайыма арнадым. Қазір 

заңгермін. Ең үлкен демалысым бір апта ғана. 

Қымбат көлік, зәулім сарай емес, бар ғұмырымды 

саяхатқа арнасам деймін. Егер демеуші табылып 

жатса, ендігі жүру жолымды Абайдың  туған жеріне 

арнағым келеді. 

Сондай-ақ, жолсерігім болған Сәкен Рысқұлов 

екеуміз «ЭКСПО – 2017» жобасына орай   Қазақстан 

бойынша  ерікті  велосипедшілерді  тартып,  17  

велосипедші жолға шықсақ деген ниет бар,- дейді 

саяхатшы Қазыбек.

 

„

Еліміздің үздік велошабандоздары таразға жиналды. 



Жексенбі күні  «достық» алаңында  велоспорттан 

Қазақстанның қысқы чемпионаты басталды.  Байрақты 

бәсекеде бақтарын сынап жатқан  250-ден аса спортшы 

төрт күн бойы  өзара мықтыны анықтайтын болады. 

Қонақтар шашаларына 

шаң жуытпады

Индира ТәЛІпҚЫЗЫ

Ерлер мен әйелдер қатар қатысып 

жатқан жарыс үш кезең, яғни же-

келей,  топтық  және  командалық 

бойынша өтуде.  Ел біріншілігінің 

ашылу салтанатында сөз алған об-

лыс әкімдігі дене шынықтыру және 

спорт  басқармасы  басшысының 

орынбасары Нұржан Жолдасбеков  

спортшыларға сәттілік тіледі.

- Елімізде спорттың барлық түрі 

қарқынды  дамып  келеді.  Соның 

ішінде,  қысқы  спорт  та  назар-

дан тыс қалған емес. Міне, бүгін 

қасиетті Тараз топырағында ұйымдастырылып отырған чемпионат - сөзіміздің нық  

дәлелі. Төрт күнге созылатын турнирде асықтарыңыз алшысынан түсуіне тілектеспін,-

деді Нұржан Жолдасбеков ағынан жарылып.  

Мұнан кейін салмағы басым сайыс та басталып кетті.  Жекелей жарыста әйелдер 

10 айналым, яғни 20  шақырым жолды басып өтсе, ерлер 18 айналым, 40 шақырымды 

еңсеруге бар күш-жігерлерін салды. 

Алғашқы бәсекенің қорытындысы бойынша, нәзік жандылар арасында бірінші орын 

солтүстік қазақстандық Н.Сайфутдиноваға  бұйырды. Жүлделі екінші орын теріскейлік 

спортшы М.Үмітжанованың еншісіне тисе,  Шығыс Қазақстан өңірінің намысын қолдан 

бермеген Н.Совконина үшінші орынды қанағат тұтты.

Ал ерлер арасында да солтүстікқазақстандық велошабандоздар шашаларына шаң 

жұқтырмады.  Теріскейдің тумалары Ж.Бижігітов,  О.Земляков, В.Галеев алтын, күміс, 

қола медальдерді өзара бөлісті. Бұл Солтүстік Қазақстан облысы құрамасының бабында 

екендігін көрсетті.

Алда әлі екі жарыс күтіп тұр. 30 наурыз күні  командалық есепте қай облыстың 

бағы жанатыны белгілі болмақ.  Жамбыл өңірінің намысын қорғап жатқан 8 спортшы 

жанкүйерлерге жеңіс сыйлайды деп сенеміз. 

 

„

тараз қаласының тұрғыны Қазыбек Бүрлібаев          



23 жаста. Ол  Қызылорда облысы, арал қаласында 

туған. Қазыбек велосаяхат жасауды үрдіске 

айналдыруды жөн көріпті. Әзірге саяхатын жаңа 

бастаған жігіт алматы және Қызылорда қалаларына 

ғана барып келді. алдағы уақытта ұлы абайдың 

құрметіне семейге  жол жүруді жоспарлап отыр. Және 

әрбір жүрген жолындағы қызығы мен қиындыққа толы 

күндерінен кітапша жасау ойында бар.

ҚазыБЕк  

аБай ЕлінЕ 

БарМаҚШы

 

„

Бұл күндері Қытайдың Цяньань қаласында азия 



құрлығы мен тынық мұхит аймағы елдерінің боксшылары 

арасында Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі 

өтіп жатыр. дүбірлі додаға 41 мемлекеттен 279 боксшы 

қатысуда. Олардың арасында қазақтың былғары қолғап 

шеберлері де бар. 

Олжас, олжалы оралғайсың! 

Индира БАЙҚОНЫС

Лицензиялық жарысқа Қазақ елінен 

9 боксшы аттанып, оның сегізі ширек 

финалда өнер көрсетті. Ерлер арасында 

52 келі салмақ дәрежесінде ел намысын 

жерлесіміз  Олжас  Сәттібаев  қорғап 

жатыр.  Тараздың  тарланы  алғашқы 

кездесуін сәтті бастап, филиппиндік    

Ролдан Банкалесті 3:0 есебімен ойсы-

рата ұтты. Ал ширек финалда  Корея 

елінің  өкілі  Инку  Киммен  жұдырық 

түйістірген боксшымыз жеңісті жолын 

лайықты түрде жалғастыра білді. Қос 

қарсыласын оңай еңсерген Олжас үшін 

Олимпиада жолдамасы иек астында тұр. 

Төрт  жылдықтың  басты  бәсекесінде 

өнер көрсету - әр спортшының арманы. 

Міне, біздің батыр үшін сол арманның 

ауылы алыс емес. Енді бір ғана қадам 

жасаса  жеткілікті.  «Темірді  қызған 

кезде соқ» демекші, Азияның чемпионы 

Олжас  Сәттібаев  жауапкершілігі  зіл 

батпан жарысқа жол жүрер алдында 

тілшілерге  берген  сұхбаттарында, 

қазір нағыз спорттық бабында екенін, 

Рио  Олимпиадасына  жолдама  алу 

үшін бойындағы бар күш-жігерін сарп 

ететінін айтқан еді. Расында, біздің ба-

тыр бабында. «Астана арландарының» 

азулы боксшыларының біріне айналған  

оғланымыздың осалдық танытқан кезі 

кемде-кем.  Жамбылдық  жампоздың 

ендігі мақсаты - Олимпиадаға жолдама 

алып, Бразилия төрінде атой салу. 

Жалпы, бұл сында жерлестеріміздің 

беталысы  жаман  емес.  64  келіде  сынға 

түсіп жатқан Абылайхан Жүсіпов жарты-

лай финалға жолдама алса, 81 келінің үздігі 

Әділбек Ниязымбетов үш қарсыласын жеңіп, 

өзінің екінші олимпиадасына тағы бір табан 

жақындай түсті. Аса ауыр салмақтағы Иван 

Дычко ә дегеннен бақталастарын састырып 

үлгерсе,  исі қазақ күрзі жұдырықты Жәнібек 

Әлімханұлын Бразилия шаршы алаңынан 

көргісі келеді.  

Өкінішке  қарай,  Олимпиаданың  жол-

дамасына  таласуға  жол  тартқан  үш 

бұрымдымыздың екеуі жарыс жолын ерте 

аяқтады.  Ендігі бар үмітіміз 75 келі салмақта 

қарсыластарына  дес  бермей,  жартылай 

финалға шыққан Дариға Шәкімовада.

Жалпы,бұл лицензиялық турнирде ерлер 

арасында әр салмақта үштікке енген боксшы 

жолдамаға иелік етсе, әйелдер арасында 3 

салмақта 2 жолдамадан таратылмақ. 


12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №13 (1301), 30 наурыз 2016 Жыл  //

алуаН

ХаБарландыру

тараз қаласы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің назарына!

Тараз  қаласы  әкімдігінің  ауыл  шаруашылығы  бөлімі 

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды 

қоспағанда) субсидиялау қағидалары туралы» Қазақстан Респу-

бликасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі 

№ 4-4/305 бұйрығын  басшылыққа ала отырып, 2015 жылы 

тыңайтқыш өндірушіден немесе жеткізушіден арзандатылған 

тыңайтқыштар сатып алуға АШТӨ-ден 2016 жылдың 30-шы 



наурызы мен 30-шы сәуірі аралығында құжаттар қабылдайды.

Құжаттарды қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 

19:00 -ге дейін (үзіліс уақыты: 13:00 - 15:00).

Субсидиялар  келесі  шарттар  сақталған  жағдайда 

төленеді:

1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің ауданның, 

республикалық  маңызы  бар  қаланың  ауыл  шаруашылығы 

бөліміне (бұдан әрі – бөлім) немесе қала басқармасына осы 

Қағидаларға  1-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  толық 

құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға 

өтiнiм (бұдан әрі – өтінім) беруі;

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тыңайтқыштарды 

өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда осы 

Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі 

субсидияларды төлеу туралы өтiнiм (бұдан әрі – төлеу туралы 

өтінім) бере алады. Бұл жағдайда субсидиялар тыңайтқыштарды 

өндірушіге төленеді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тыңайтқыштарды 

сүрі танапқа енгізгенін көрсеткен жағдайда ағымдағы жылғы 

танаптарды  ауыспалы  егісте  орналастыру  карталарының 

(сызбаларының) (АШТӨ растаған) көшірмелерін ұсыну қажет.

2) өтінім берушіде жерді пайдалану және (немесе) жеке 

меншік  құқығында  тиісті  алқаптағы  ауыл  шаруашылығы 

мақсатындағы жер учаскелерінің болуы;

3)  АШТӨ-нің  облыстың  жергілікті  атқарушы  органы 

бекіткен тұқым сатып алу (пайдалану) нормаларына сәйкес 

көлемде  ағымдағы  жылы  және  өткен  жылғы  4  (төртінші)-

тоқсанда  бірінші  көбейтілгеннен  төмен  емес  тұқымдарды 

және (немесе) алғашқы буын будандарын (мақтаның екінші 

көбейтілгеннен  төмен  емес  тұқымын)  сатып  алуы    (осы 

тармақша  бірегей  тұқым  өндірушілерге,  элиталық  тұқым 

өсіруші шаруашылықтарға, тұқым өсіруші шаруашылықтарға, 

ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарына 

және көкөніс пен бақша дақылдарын, көпжылдық дәнді және 

бұршақты шөптер өсірген кездегі тыңайтқыштарға субсидия 

алуға өтінім берген АШТӨ-ге қолданылмайды);

4)  ауыл  шаруашылығы  тауарын  өндіруші  ағымдағы 

жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді немесе егуді 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 

бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты 

түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн оңтайлы 

пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын 

схемасына сай жүзеге асырды.

Субсидияларды есептеу тәртібі:

1. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім 

берген тыңайтқыштардың түрлеріне және көлеміне (өтінімде 

көрсетілген  егістік  алаңына  енгізудің  ғылыми-негізделген 

нормаларын ескере отырып) және облыстың, республикалық 

маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы 

бекіткен тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына 

сүйене отырып есептеледі.

2.  Тыңайтқыштарды  сатушыдан  сатып  алынған 

тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына,литрiне) арналған 

субсидиялар нормалары пайыздық қатынаста:

1) отандық өндіріс тыңайтқыштарын сатып алған кезде 

өткізілген тыңайтқыш құнының 50 %-ына (қоса алғанда) дейін;

2) шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын сатып алған кезде 

алынған тыңайтқыштар құнының 30 %-ына (қоса алғанда) 

дейін құрайды.

Осы  Қағидалардың  4-тармағына  сәйкес  тыңайтқыштар 

тізбесі мен субсидиялар нормалары белгілеген кезде отандық 

және шетелдік өндіріс тыңайтқыштарына арналған субсиди-

ялар мөлшерлері арасындағы айырмашылық Қағидалардың 

осы тармағында белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес 

келуі тиіс.

3.  Ауыл  шаруашылығы  тауарын  өндіруші  құны  субси-

дия  нормасына  есептелген  тыңайтқыштың  құнынан  төмен 

тыңайтқыштарға өтінім немесе төлеу туралы өтінім берген 

жағдайда,  субсидияларды  есептеу  нақты  сатып  алынған 

тыңайтқыштар құнынан жүргізіледі.

Ауыл  шаруашылығы  тауарын  өндіруші  құны  субсидия 

нормасына  есептелген  тыңайтқыштың  құнынан  жоғары 

тыңайтқыштарға өтінім немесе төлеу туралы өтінім берген 

жағдайда, субсидиялар облыстың, республикалық маңызы бар 

қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен 1 

тоннаға (литрге, килограмға) арналған субсидиялар нормасы 

есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленеді.

4. Тыңайтқыштар құнында қосылған құн салығы, қаптау, 

таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) 

пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары ескеріледі.

Субсидиялар төлеу тәртібі:

1.  Бөлiм  (қала  басқармасы)  жылдың  табиғи-климаттық 

жағдайын ескере отырып өтінімдерді немесе төлеу туралы 

өтінімдерді  қабылдау  басталатын  және  аяқталатын  күнді 

белгілейді  және  тиісті  интернет-ресурстарында,  сондай-ақ 

ресми баспа басылымдарында өтінімдерді немесе төлеу туралы 

өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабар-

ландыруды орналастырады.

Бұл ретте өтінімдерді немесе төлеу туралы өтінімдерді 

қабылдау аяқталатын күн тиісті жылғы 10 желтоқсаннан кеш 

болмауы тиіс.

2. Бөлім (қала басқармасы) Ауыл шаруашылығы тауарын 

өндіруші өтінім немесе төлеу туралы өтінім ұсынған сәттен бастап 

екі жұмыс күнi iшiнде олардың осы Қағидалардың 7-тармағында 

көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді.

Өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді қабылдау кезінде 

АШТӨ-ге күні мен уақыты, өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді 

қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

3. Бөлім өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді тексеру 

аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде АШТӨ-ге субси-

диялар берудің шешім болған жағдайда өтінімді немесе төлеу 

туралы өтінімді облыс басқармасына жібереді, теріс шешім 

болған жағдайда – субсидиялар бермеудің себептерін көрсете 

отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша түрде 

хабардар етеді.

Бұл ретте бөлім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ны-

сан бойынша субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, 

субсидия беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы 

тауарын өндірушілердің тізбесін құрып, оны ай сайын есепті ай-

дан кейінгі айдың 5 күніне дейінгі мерзімде облыс басқармасына 

ұсынып отырады.

Мекенжайымыз: Тараз қаласы, «Самал» (7) мөлтек ауданы 

№14 үйдің 1-ші қабаты, №2 «А» пәтер.

Анықтама үшін мына  байланыс телефондары арқылы 

хабарласуларыңызға болады: 31-83-50, 54-56-60.

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫң әКІМДІГІ 

ҚАУЛЫ

 

Тараз қаласы    

№125    

      «25» ақпан  2016 ж.

Сауда қызметін реттеудің мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару тура-

лы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағына, 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі 

Занының 8-бабына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Тараз қаласы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар 

қосымшаға сәйкес белгіленсін.   

 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.М.Сапаралиевке  

жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 

оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі. 



Қала  әкімі                                                                                      Н.Календеров 

Нормативтік-құқықтық акті 2016 жылдың 24 наурызында Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіміліне №2999 болып енгізілді.        

Тараз қаласы әкімдігінің 

2016 жылғы 25 ақпандағы  

№125 қаулысына қосымша 

  

Тараз қаласы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 

арнайы бөлінген орындар



Жылдам дайындалатын тағам өнімдерін сатуға арналған сауда орындары

1

«Аса» мөлтек ауданы, 36 үй (Шостакович көшесі жағы)



2

Рахимов көшесі, 59 үй (Рахимов көшесі жағы)

3

«Жансая» мөлтек ауданы, 11 үй (Саңырақ батыр көшесі жағы)



4

«Жайлау» мөлтек ауданы, 18 үй (Т.Рысқұлов көшесі жағы)

5

«Талас» мөлтек ауданы, 2 үй (С.Сейфуллин көшесі жағы)



6

«Талас» мөлтек ауданы, «Талас» аялдамасының маңы (С.Сейфуллин көшесі жағы)

7

«Мыңбұлақ» мөлтек ауданы, 38 үй (Саңырақ батыр көшесінің жағы)



8

«Қарасу» иіні (Саңырақ батыр көшесінің «Аса» мөлтек ауданы, 40 үйіне қарама-қарсы)

9

«Қаратау» мөлтек ауданы, 29 үй (Т.Рысқұлов көшесі жағы)



10

Жансүгіров көшесі («Жеңіс» саябағының алды Жансүгіров көшесі жағы)



Ұлттық алкогольсыз сусындар (киіз үйден) сатуға арналған сауда орындары

11

«Самал» мөлтек ауданы, 48 үй (Б.Момышұлы көшесі жағы)



12

Абай даңғылы, 103 үй  («Т.Рысқұлов» саябағының алды)

13

Абай даңғылы, 129 үй (Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ғимаратының 



алды)

14

«Аса» мөлтек ауданы,  43 үй (Б.Момышұлы көшесі жағы)



15

«Ақбұлақ» мөлтек ауданы, 41 үй (Т.Рысқұлов көшесі жағы)

16

Жамбыл даңғылы - Сәтбаев көшесі  қиылысы



17

«Салтанат» мөлтек ауданы, 6 үй (Әл-Фараби көшесі жағы)

18

Рысбек батыр – Рахимов көшелерінің қиылысы



19

«Аса» мөлтек ауданы, 40 үй (Б.Момышұлы көшесі жағы)

20

«Самал» мөлтек ауданы, 1 үй (Шостакович көшесі жағы)



21

Төле би даңғылы, 86 үй  (Төле би даңғылы жағы)

22

«Аса» мөлтек ауданы, 1 үй  (Б.Момышұлы көшесі жағы)



23

«Мыңбұлақ» мөлтек ауданы, 2 үй (Б.Момышұлы көшесі жағы) 

24

«Ақбұлақ» мөлтек ауданы, 7 үй (Қ.Тұрысов көшесі жағы)



25

«Самал» мөлтек ауданы, 53 үй (Шостакович көшесі жағы)

26

«Бәйтерек» мөлтек ауданы, 33 үйдің алды



27

«Самал» мөлтек ауданы, 24 үй (С.Сейфуллин көшесі жағы)

28

«Ақбұлақ» мөлтек ауданы, 15 үй (Б.Майлин көшесі жағы)



29

«Аса» мөлтек ауданы, 36 үй (Шостакович көшесі жағы)

30

«Жайлау» мөлтек ауданы, 18 үй (Т.Рысқұлов көшесі жағы)



Бау-бақша және жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін сатуға арналған сауда орындары

31

Абай даңғылы мен Самарқанд көшесінің қиылысы



32

«Қаратау» мөлтек ауданы, 30 үй (Т.Рысқұлов көшесі жағы)

33

Лермонтов көшесі, 63 үйдің алды (Лермонтов көшесі жағы)



34

«Бәйтерек» мөлтек ауданы, 41 үйдің жаны 

35

Пірманов және Байтұрсынов көшелерінің қиылысы 



36

Желтоқсан көшесі, 86 үйге қарама-қарсы  (Желтоқсан көшесі жағы)

37

Ташкент көшесі, 86 үй (Ташкент көшесі жағы)



38

Көшеней көшесі, 68 а  үй (Көшеней көшесі жағы)

39

М. Әуезов көшесі, «Динара» ойын-сауық орталығы (Әуезов көшесі жағы)



40

Ташкент көшесі, 244 үй (Ташкент көшесі жағы)

41

Ниетқалиев –Рысбек батыр көшелерінің қиылысы 



42

Лермонтов көшесі, 40 үй (Лермонтов көшесі жағы)

43

«Бәйтерек»  мөлтек ауданы, 33 үйдің маңы



44

«Аса» мөлтек ауданы, 36 үй (Шостакович көшесі жағы) 

45

«Бәйтерек» мөлтек ауданы, 5 үйдің маңы



46

Әйтиев мен Фазлаев көшелерінің қиылысы

47

Ташкент–Желтоқсан көшелерінің қиылысы



48

Қайназаров көшесі, 4 үйдің жаны (Қайназаров көшесі жағы)

49

«Қаратау» мөлтек ауданы, 41 үй (Т.Рысқұлов көшесі жағы)



50

Лермонтов көшесі, 23 үй (Лермонтов көшесі жағы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет