Тақырыбы : «Ұстазым менің ұстазым!»
Мақсаты:
а) Оқушыларды ұстазды құрметтеуге сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
ә) Танымдық қабілеттерін арттыру. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
б)Ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсете білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, өлеңдер, гүл шоғырлары, шарлар
Сабақтың барысы;
Жұмбақ шешу
Білімнің дәнін тереді
Балаға тәлім береді (Ұстаз)
Білімнің -жолбасшысы,
Шәкірттің –қолбасшысы(Ұстаз)
Оқу-білім бағдары
Заманының бағбаны (Ұстаз)
Ұстаздар-ұлттың тірегі
Ұстаздар-мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тірегі
Құрметті ұстаздар!Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. баршаңыздың отбасыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына қасиетті ұғым жатыр.
Адамды тәрбиелеп , оны азамат етудің өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі –ұлы еңбек.
Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға
Оқушыларды топтарға бөлу.1.Білімділер 2.Алғырлар 3.Тапқырлар
Топтың шарттарымен таныстыру
1.Ұстаздарға арналған өлеңдер
Әр топ өзінің жаттаған өлең жолдарын оқиды.
2.Ұстаздар туралы ғұламалар мен ақын жазушылардың айтқан сөздері.
3.Нақыл сөздер айту.
4.Білгім келеді?
(Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын ұстаздарға қояды.)
1.Армысыздар мұғалімдер әз - жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би-билеп ән де бүгін шырқалар
Ізгілікті өн бойына жинаған
Қалап берген ірге тасын білімнің
Хош келіпсіздер –дүниеге сыйлы ұстаздар!
Кем көрмеймін сізді анамнан
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған
Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген
Бар тіршілік бақыты ұстазбенен
Білім іздеп лапылдап жаңа берем
Мұғалім
Мұғалім ғазиз мұғалім
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін
Хор Ұстазым менің ұстазым
2.Алғырлар тобы
Ардақты менің ұстазым Білгір сөзі ммәнерлі
Әліппені оқытқан Ұстаз болам өнерлі
Білімнің кілтін ашатын Зерттеп терең ғылымды
Кеудеме сырды тоқытқан Зерлеп ерен ілімді
Білімді де зейінді Ұстаз болам білімді
Аяулы мектебім Өсіреді ой сананы
Бас иіп шәкіртіндей құрмет тұтып Өнеге мол өзіңе
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін. Өсиет көп өзінде
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек Көзімнің хошындай
Сыйлайды еңбегіңе алғыс құрмет Көп шәкірттің досындай
Мақтан! Мақтан! Мұғалім армиясы!- Ақ ниетті кең пейіл
Ұстаздарым осындай.
Тапқырлар тобы
Ұстаз білім беріп өсірген Анамдайсыз ,менің асыл ұстазым
Қатемізді әрқашанда кешірген Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым Жылдар бойы тәрбиелеп,аялап
Тәрбиелеп ақылды ғып өсірген Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың
Білімнің кәусар бұлағын Қыр сырын зерттеп заманның
Жүресің құйып санама Ұлылығын айтып бабамның
Біз үшін сенсің мұғалім Өнеге, өріс беретін
Өзгеше тіпті басқадан Әр үйдің бір еркесін
Ол өзін арнап ел үшін
Осынау жүрген жақсы адам
2.Ұлы ғұламалар мен ақын жазушылардың ұстаздар жайлы айтқандарына кезек береміз.
1.Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы,сыр жасырмай ашық айтатын адамы-мұғалім.
(Ғабит Мүсірепов)
2.Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, кмген киміміен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді(Мәлік Ғабдуллин)
3.Жақсы адам ғана басшы бола алады.(Жүсіп Баласағұни)
4.Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.(Серке Қожамқұлов)
5.Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің, адамгаршіліктің жаршысы болуға тиіс.(С. Көбеев)
6.Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол кемел ұстаз. (К. Ушинский)
3.Нақыл сөздер айту.
1.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
2.Жақсы мұраптың атынан су ереді
Жақсы ұстаздың артынан шәкірт ереді
3.Ұстазға қарап шәкірт өседі
4.Қайратсыз ашу-тұл
Тұрлаусыз ғашық тұл
Шәкіртсіз ғалым-тұл
5.Атпаз көрген ат таныр
Ұстаз көрген хат таныр.
6.Ұстаз мәртебесі-ел мерейің
7.Ұстаздан шәкірт озар
Әр топтан оқушылар ардагер ұстаздар апайларға білгісі келетін сұрақтарды қояды?
1.Мамандығың туралы қысқаша айтып беріңіз?
2.Ұстаздық өміріңізден қызықты оқиғалар айтып беріңіз?
3.Шәкірттеріңіз ренжіткен кезі болды ма? т .б
Қорытынды Осымен Ұстазым менің ұстазым атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Ұстаздарға гүл шоқтарын ұсыну.
Тақырыбы: Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
Мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін байқау, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс істей білу.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: топ аттары, сайыс түрлері, қима қағаздар.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық.
Кіріспе сөз. Бүгін біз сендермен «Білікті мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз.
Оқушылар асық арқылы топқа бөлінеді.
1топ Алғырлар
2-топ Білімділер
Әр топ ұрандарын атап, өздерін таныстырады.
I. Қызықты пәндер
1- топ Алғырлар
1. Мәтін нешеге бөлінеді? (3)
2. Адам немен тыныс алады? (ауа)
3. Қойдың төлі? (қозы)
4. 9 - бен 5 - тің көбейтіндісі? (45)
5. Қара алтын деген не? (көмір)
6. Ұлттық аспап не? (Домбыра)
7. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? (3)
8. Қандай тауықтың етін жеуге болмайды? (піспеген)
2 - топ Білімділер
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
2. Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)
3. Ешкінің төлі? (лақ)
4. 8 - бен 7 - нің көбейтіндісі? (56)
5.Тас көмір қайда көп? (Қарағанда)
6. Үш биді ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
7. Есту мүшесі (құлақ)
8. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
ІІ. Мақалдар сайысы.
Жалғасын тап.
1-топ:
1. Білегі күшті бірді жығады,(Білімді күшті мыңды жығады)
2. Ғылым теңіз(білім қайық)
3. Еңбек етпей елге өкпелеме, (Теріңді төкпей жерге өкпелеме)
4. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні кәріп )
2-топ:
1. Білім басы бейнет,(соңы зейнет)
2. Өмір үлкен (мектеп)
3.Жеті жұрттың тілін біл(Жеті түрлі білім біл)
4. Білмесең үндеме(білгенді күндеме)
Мақалмен жауап.
1-топ:
1. Оттан не ыстық? (Отан оттан да ыстық)
2. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)
3. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті)
2 топ:
1. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
2. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
3. Ер қаруы нешеу? (Ер қаруы – бес қару)
Көрермендермен жұмыс.
Көрсетілген суреттерге мақал айту (гүл, қыз, ана, кітап, батыр)
Кім тапқыр?
Мақалды қимылмен, ым - ишарамен түсіндіреді. Топтар табуы керек.
1. Қолы қимылдағанның, аузы қимылдар.
2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
3. Таспен атқанды аспен ат
4. Отан оттан да ыстық
Қорыту.
Мұғалім: Міне «Білімді мыңды жығар» атты сайыстан сайыскерлерімізді анықтайтын кезге жеттік.
Алдағы уақытта тек білімнің биігінен көріне беріңдер деген тілекпен сайыс сабағымызды аяқтаймыз.
Сайысқа қатысқан оқушыларға көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |