Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары



Дата07.01.2022
өлшемі24,28 Kb.
#20951

«САЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК


«БЕКІТЕМІН»

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

___________ Ж.Шагирова

«____» _________2021 ж.



ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Ұстаз - ұлы есім»

Тобы: ЭСв-21

Топ кураторы: Ыдрысова А

Атырау қ. 2021



Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы есім»
Сәлеметсіздер ме,құрметті ұлағатты ұстаздар!

Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңыздың отбасыңызға амандық ,бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.

Ұстаз! Осы бір сөздіңөзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім—мектептің жүрегі»— деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудіңөзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі — ұлы еңбек.

Данышпан да, дана да оқып сенен,


Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Топтарға бөлу

І топ. ІІ топ.



Іскерлік ойын – «ситуациалық сұрақтар»

Интербелсенді тақтадан екі топқа ситуациялық сұрақтар беріледі

І топ

1. Ұстазың «мен үшін барлық оқушылар бірдей» деп айтқанмен, сен оның досыңа саған қарағанда көп көңіл бөлетінін, оны үнемі көтермелейтінін байқайсың.Сенің әрекетің?



2. Мұғалім сыныпта қоғамдық жұшмыстар тапсырған сайын тек сен тағы 4-5 оқушы ғана жұмыстанады, ал қалғандары әдеттегідей бос жүреді. Бұған сенің ызаң келеді. Бұл жағдайда не істейсің.

ІІ топ:


1.Сіздің сыныпқа жаңа сынып жетекші тағайындалды.Сенің ол сынып жетекшіге деген қатынасың қандай болады? Ал бұрыңғы сынып жетекшіңе ше?

2.Сенің жақсы көретін мұғаліміннің сабағы болуы керек, бірақ мұғалім кешігіп жатыр. Сыныптағы оқушылар сабақтан кетіп қалайық дейді.

Бұл жағдайда сен не істер едің.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

Абай


Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,

Өзіне обал арзан дәріс, айласы.

Ұстаз болу бақыт, әрі абырой,

Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.

Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген – шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.

Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар

Ұлылықты ұлықтаған имандар

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің әр шақтарын қиғандар.

Хан бол, мейлің, қара бол,

Дарын бол, мейлің, дара бол

Өтетін бәрі алдынан

Ұстаздар бейне сара жол

Аманат жүгін көтерген,

Ұстаздық оңай іс емес.

Шаршауын шәкірт өтеген,

Ұстаздар осал күш емес.

Қимағандар – ұстаз емес, мұғалім,

Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.

Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,

Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.




Ән: «Ұстазым» 

Орындайтын: Хор

Студенттер кезектесіп айтады:



М -мейірімді, Ұ- ұлағатты, Ғ-ғазиз, А-ақылды, Л- лайықты, І-іскер, М- маман Бұл кім, балалар? Әрине - МҰҒАЛІМ
Жүргізуші:

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет